Утепова А. Қ.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университеті, Қазақстан
ҰЛТЖАНДЫЛЫҚ
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ БАСТАУЫ
Шыны керек, кеңестiк кезеңде қазақ ұлты
туралы қоғамда қым-қиғаш пiкiр күшпен
қалыптастырылды. Ал қазақ болса – ежелден-ақ өз
жерi мен елiнде ру-тайпа болып қалыптасқан байырғы
халықтың, қала бердi ұлттың бiрi. Соған
орай тiлi мен мәдениетi дамыған. Оған көне тарих
куә болар айғақтар толып жатыр. Мәселен қашанда
ақиқаттан аттамайтын, арабтың орта ғасырлық
жиһанкездерi: Ахмед ибн Фадлан, Әл-Маруазилер қыпшақ
даласындағы найман, керей, жалайыр, арғын руларында болып,
жақын танысқанда олардың өзiн-өзi «қазақ»
деп атайтынын сөз етедi және осы жағдаятты соңына
жазып, қалдырып кеткен. Олардың пайымдауы бойынша, әр
тайпаның атам заманнан берi қалыптасқан қыстауы мен
жазғы жайлауы болған. Оларға ешкiм де қол
сұға алмапты. Бәрiн де қазақтар қызғыштай
қорғаған. Мiне, сол дәстүрдiң тамтығы
ғасырдан ғасырға жалғасып, бiздiң
заманымызға дейiн жеттi. Сондай қайсарлық пен
қажырлылықтың арқасында сақталып
қалған Қазақ елi – жерiнiң көлемi
жөнiнен әлемде тоғызыншы орында. Мiне, осыны
қазақтың әрi ұлтжандылығы, әрi
ұлылығы дер едiм.
Ал
енді осындай мінез , тәрбие қасиет қазіргі заманда бар
ма?Бұл әсіресе бала тәрбиесіне бесігінен назар аударып,
біршама зерттеулер мен еңбекті қажет етеді.Педагогикадағы
ғылыми тұжырымдарға қарасақ, адам
баласының дамуы тәрбие
ісінің проблемалары.
Тәрбиенің
негізгі мақсаты жеке адамды
қалыптастыру және оның жан-жақты толыққанды
дамуын қамтамасыз ету. Ал бұл міндеттердің табысты шешімін
беру жеке адамның дамуы қалай өтетіні және оның
қалыптасуына қандай жағдаяттар ықпал ететінін білумен
байланысты.
Педагогика үшін мәнді мәселенің
6ipi "жеке адам" түсінігінің өзін айқындап
алу. Шынында да тәрбие аясы "жеке адам" нені білдіреді?
Бұл түсініктің "адам" түсінігімен
арақатынасы қандай? Бұл сұрақтардың жауабын
генетикалық тұрғыдан берген жөн.
Ең алдымен ескертетін жәйт: адамның
дамуында 6ip-6ipiне байланысты екі өзек байқалады, оның 6ipi
-биологиялық екіншісі - әлеуметтік. Осы бағыттар
адамның дүниеге келген күнінен бастап оның дамуы мен
қалыптасуында көрініс бере бастайды. Адам туылғанда тек биологиялық тіршілік иесі болып
танылады, жеке тұлғалыққа жету әлі ерте.
Биологиялық нышандар мен қасиеттердің дамуы адамның,
өмір бойы мүшелік пiciп жетілуі және қалыптасуы
процесінің сипатын көрсетіп отырады. Адамның
биологиялық кемелдену және өзгеру процесі, оның
дамуының жастық сатылары мен мінез-құлығында
көрініп, осыдан балалық жасөспірімділік, ересектік және
қариялық табиғи бітістерін ажыратамыз.
Бірақ адамның табиғи дамуы көпсанды
әрі сан алуан әлеуметтік салалар
мен қасиеттерді қабылдауымен тығыз байланыста 6ipгe дамып
барады, бұл адамды қоғамдық тіршілік иесі ретінде
сипаттайды. Мысалы, нәрестенің жақын адамдарды танып,
күлімсіреуі, кейін тілге келуі
жүру қабілетін игеруі, үйдегі және көпшілік
арасындағы қалыптары, еңбектеуі және т.б. Өсе
келе ол білім игереді, моральдық қалыптар мен ерекшеліктерді
орындайды, әртүрлі жұмыс iстeyгe ептіліктер мен
дағдыларды қалып-тастырады және олардың барлығы
да өмір барысында адамда пайда болып, дамып отырады.
Сонымен, адам баласы тұлға ретінде өмір
сүру барысында өзінің қоғамдық мәнін
сипаттайтын көптеген әлеуметтік сапалар мен қасиеттерді
қалыптастырады әрі дамытады. Mінe осыдан, ол ғылымда биоәлеуметтік тұлға,
субъект, яғни тарихи-қоғамдық қызмет пен таным
иесі деп танылады. Демек, "адам"
түсінігі осыдан биологиялық және әлеуметтік
(қоғамдық) сапа мен қасиеттердің бірлігін
білдіреді.
Ал "жеке адам"
түсінігін алатын болсақ, ол тек қана әлеуметтік сапа мен қасиеттерді игерген
тұлғаны танумен байланысты. Бұл тұлға
қоғамдық тіршілік иесі сипатында көрініп, тіл игepyi,
санасы, әртүрлі әдеттерімен ерекшелінеді. Жеке адамдық
касиетке ие болу, оның табиғи, биологиялық болмысына емес,
коғамдық қасиеттерге тікелей байланысты. Сонымен "жеке адам" дегеніміз адамның коғамдық сипатын танытып, оның өмір
барысында өзінe топтаған әлеуметтік сапалар мен қасиеттер жиынтығын білдіреді.
Жеке адамдық сапалар өмір барысында
қалыптасқандықтан, олар біреулерде айқын
көрініп, басқаларда
күңгірттеу болады. Олай болса, жеке адамдық дәреже
деңгейін қалай білеміз және оның өлшемдері
қaндай деген сұрақтар туындайтыны сөзсіз.
С. Л. Рубинштейннің зерттеуі бойынша жеке адам өз қылығы мен іс-әрекетін саналы
басқаруға мүмкіндік беретін психикалық даму
деңгейімен сипатталады, яғни өз әрекетін ойластыра
біліп, жауапкершілікті сезіну қабілетінің 6олуы: өз бетінше
дербес іс-әрекетін жасай бiлyi - жеке адамның мәнді
белгілері. Белгілі философ-ғалым В.
П. Тугаринов жеке адамның сапалық, көрсет-кіштері
ретінде төмендегілерді атайды:
1) саналылық;
2) жауапкершілік;
3) еркіндік;
4) жеке басының қадірі;
5) даралық;
осыларға және
қоғамдық, белсенділік пен бекіген саяси-идеялық
бағытты қосады.
Жеке адамдықтың критерийлерін (өлшемін)
белгілеумен В. П. Тугаринов бұл түсінікті адамның
жастық әpi психикалық кемелденуімен байланыстырады. Егер жеке
адам өз сапа және
ic-әрекетін қоғамдық прогресс бағытымен ойластыра
алса, өз бойына игерген сапа мен қасиеттерді неғұрлым
айқын көрсете алса, өз іс-әрекетіне ерекше
жасампаздық сипат бере алса, оның құндылығы арта
түседі. Бұл тұрғыдан "адам" және
"жеке адам" түсіктерінің сипаттамасы "даралық"
түсінігімен толықтырылады.
Даралық 6ip адамның екіншісіне ұқсамайтын,
өзіндік ерекшелігі мен өзгешелігін сипаттайды. Даралық
әдетте, мінез бен темпераменттің айрықша бітістері
(салмақты, сабырлы), шығармашылық ic-әрекет және
қа6ілетінің ерекшеліктерінің (ойлап тапқыш.
ұқыпты, өзіндік көріністерімен бөлектенеді.
Аталғандар сияқты
мұғалімнің де даралық белгілері оның терең
білімдарлығында, педагогикалық ой-өрісінде, балаларға
жайлылығы мен еңбектегі жасампаздығында танылуы мүмкін.
Даралық түсінігі 6ip адамды екіншіден айырып, oғaн
өзіндік қайталанбас сән беретін жалпылық және
жалқылық қасиеттерді білдіреді.
Адамның қоғамдық тіршілік иесі
сипатының толықтығы үшін "индивид" түсінігін де білген жөн. Бұл
латын сөзі қазақша "жекелік" дегенді білдіреді.
Түсінік ретінде одан адамзат тегінің әp6ip бөлек
өкілін, оның сапа-
қасиеттеріне қатысынан. Бұл тұрғыдан
әрбір ақыл-есі дұрыс
адам "индивид" бола алады. "Жеке адам"
түсінігінің және онымен байланысты ғылыми
категориялардың мәні міне осындай.
Ал жеке адамдық
сапалар адамның өмір барысында дамуы және қалыптасуынан
педагогика үшін "даму" және "қалыптасу"
категорияларының мәнін ашып беру өз алдына маңызды.
Сонымен бұл түсініктер нені білдіреді?
Даму - бұл жеке адам сапалары мен қасиеттеріндегі
сандық өзгерістер жүйесі. Адамның туған
күннен бастап дене құрылымы мен әртүрлі
мүшелері ұлғаяды. Ол сөйлей бастайды, сөздік
қоры молая түседі; көптеген
әлеуметтік-тұрмыстық және рухани ептіліктер мен
еңбектік дағды және әдеттерді игереді. Бірақ адамның
жеке адам болып дамуындағы басты белгі, ондағы сапалық
өзгерістер. Оны мына мысалдардан түсінуге болады: тілдік
қызметтің жіктелуі
адамның танымдық кабілетін арттырады, сезімдік аймағын
кеңейтеді. Танымдық қызмет барысында абстракт ойлау, логикалық
ес дамиды, өмірге деген көзқарас пен наным-сенімдер
орнығады. Еліктеушілік мінез-құлық 6ipтe-6ipтe белсенді
- жасампаз, шығармашылық ауысады,
өз қылық-әрекетін басқара алу мен өзіндік
билік қабілеті көркейеді.
Бұл өзгерістердің бәрінен адамның анатомиялық-физиологиялық
кемелденуіндегі, жүйке жүйесі мен психикасының және
танымдық пен шығармашылық іс-әрекетінің
жетілуіндегі, дүниетанымдық, имандылық, қоғамдық-саяси
көзқарастары мен нанымдарындағы бip-бipiнe кipiгe
байланысқан сандық және сапалық өзгерістер
үрдісін білеміз.
Қалыптасу
түсінігіне келетін болсақ, ол жеке адам дамуының,
нәтижесі ретінде оның кемелденуі мен тұрақты сапалар
мен қасиеттерді иемденуін білдіреді. Мінеки, бұл адам
баласының даму процесі курделі, бірте бірте қалыптасып,
дамитын құбылыс.Бұдан
келіп түсетін сұрақ, ал тәрбие үрдісі қалай
болмақ, қазақ даласы тәрбиеге мән беріп,
ғылыми тұрғыда түсінік беріп откенді жөн
көрдім.
Тәрбие
заңдылықтары туралы mүcінік
К. Д. Ушинский ескерткендей, тәрбие
заңдылық-тарын ғылыми тұрғыдан тану өтe
қажет. Ce6e6i, оның айтуынша, педагогикалық ережелерді
қара дүрсін жаттау eш6ip пайда бермейді. Сол ережелерді туындататын
ғылыми негіздерді зерттеу міндетті ic. Ұлы педагогтың
кеңеci: басқарылуы қажет
болған психикалық құбылыстардың заңдарын
ашып, өз ic-әрекетіңді сол заңдарға және оларды
қолданатын
жағдайларға орайластырған жөн. Тәрбиенің
астарлы терең заңдылықтарын білместен, оны жетілдіруге
ұмтылудың өзі бос әрекет, өмір шындығы
заңдылықтары мен жеке адамның дамуы және кемелденуіндегі
қайшылықтарды тану ғана белгілі 6ip дәуір
тәрбиесіндегі күнделікті шараларды іске асырудың және
сол процссті ғылыми тұрғыдан басқарудың
теориялық-әдіснамалық негізін бере алады.
Сонымен,
тәрбие
заңдылықтары
деген не? Бұл
түпкілікті әрі орындалуы
жеке адам дамуы мен қалыптасуында тиімді нәтижеге жеткізетін тәрбиелік процесті
орнықты, қайталап отыратын қажетті
байланыстар. Мұндай
заңдылықтарды біле отырып, тәрбие жұмыстарын алдын-ала
болжауға және ол іске терең мазмұндық, әpi әдістемелік
мән-бағдар беруге болады.
Қорыта келгенде көздеген мақсат
та, ойлаған ойларымыз да бір ел, бір тағдыр демекші,
ұйыған отбасымыздай мемлекетіміздің жастары беделді,
патриотты, ұлтжанды болып өсуіне, тәрбиеленуіне сенімдімін.Бұл
ғылыми тұрғыда қарастырылған ой, тұжырым
әрине көптеген мәселелерге көз жүгіртіп
қоймай әлі де қомақты еңбекті қажет етеді. Қазақ елінің болашағы жарқын ,
ұлтжанды , өнегелі ұлт екендігі жоғарыда айтып
өткендей ғасырдан ғасырға жалғасын табады деген
оймен, жастарға жалынды рух, қайсарлы жүрек, отты, жігерлі
мінез қанымен келіп, одан әрі осындай педагогикалық
тәрбие үрдісімен шыңдалса нұр үстіне нұр
болар. Мiне, осыны
қазақтың әрi ұлтжанды, әрі ұлы
қайсар болашағы мол халық деп білем.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі:
1. №16 (978)түркістан газеті. 25 сәуір 2013 жыл
2. Auelbaev. S.SH. Introduction of credit
technology of training in the Kazakhstan... [Text]
/ S.SH. Auelbaev, G.E. Amalbekova // Методология кредитной
технологии
обучения: практика, проблемы
и
перспективы
развития: Материалы
Международной
научно-практической
конференции.- Тараз: Тараз университеті, 2011.- P.63-66
3. Абдазиева, Г.М. «Өзін – өзі тану» пәні – адамзаттың рухани жан дүниесін ашудың алтын кілті [Электрондық ресурс]. том2: Мәтін / Г.М. Абдазиева.- Қызылорда: Қорқыт
Ата
атындағы
ҚМУ, 2011.- 3б. // «Сапалы
білім
беру - Қазақстанның
индустрияландырылуының
және
инновациялық
дамуының
негізі» атты
республикалық
ғылыми-тәжірибелік
конференцияның
мақалалар
жинағы (2011 жылғы 13 мамыр).- 2011
4. Бүтіншінов, Ж.Т. Ұлтжандылықты қалыптастырудың табиғи-биологиялық негіздері [Электрондық
ресурс]. №2: научное
издание / Ж.Т. Бүтіншінов.- 2009.- 222-225б. // Білім = Образование.- 2009.-№2.
5. Даришева, Т.М. Жоғары оқу орында студент - жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеудің маңызы [Электрондық
ресурс]: Т.М. Даришева / Т.М. Даришева // М. Өтемисов
атындағы
БҚМУ
Хабаршы.- 2011.-№1(41) - С.68-74
6. Асылбекова, М. П Халық педагогикасы негізінде балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру [Электрондық
ресурс]: 20080428 : автореферат
дис.... пед. ғылым. канд.: 13.00.01: 13.00.01 / М. П.
Асылбекова; Еуразия
ұлттық
ун-ті.- Қарағанды:
ЕҰУ басп., 2008.- 24 б
7. Абдукаримова, Г.Т. Педагогика мен психологияның ұлттық құндылықтары [Электрондық
ресурс]. том2: Мәтін / Г.Т. Абдукаримова.- Қызылорда: Қорқыт
Ата
атындағы
ҚМУ, 2011.- 2б. // «Сапалы
білім
беру - Қазақстанның
индустрияландырылуының
және
инновациялық
дамуының
негізі» атты
республикалық
ғылыми-тәжірибелік
конференцияның
мақалалар
жинағы (2011 жылғы 13 мамыр).- 2011.
8. Асылбекова, Ж.О. Ұлттық тәрбиедегі ұлттық құндылық мәселесі [Электрондық
ресурс]: мәтін / Ж.О. Асылбекова.- Қызылорда: Ақарман-медиа
ЖШС, 2011.- 13-16б. // "Ақмешіт" гуманитарлық-техникалық
институтының
хабаршысы.
![]()