Ахметова Клара
Нұртуғанқызы
Қызылорда көпсалалы гуманитарлық- техникалық колледжі,Қазақстан
Бүгінгі жаһандану жағдайындағы
өркениеттіліктегі білімнің орны
Әлемдік білім кеңістігіне ену
мақсатында еліміздің білім беру ісінде соңғы жылдары түбірлі
өзгерістер болып жатқаны мәлім. Соның ішінде ең
бастысы, білім стандартының жасалуы, басқа да жүріп
жатқан реформалар күрделі, қиын, қарама-қайшы
белестерді ақырын-ақырын артқа сап, жылжып келеді. Бұл
қасиетті істерде оқытушыға қойылар талап та ерекше.
Мемлекеттік білім саясаты да осы оқытушы арқылы жүзеге
аспақ.
Неміс философы Зиммельдің айтуынша, «Білімді адам – ол өзі білмейтінді қайдан
табуға болатынын білетін
адам». Кез келген кәсіп иесі өз шаруасын тың тәсілмен,
жаңа әдіспен істеуге ұмтылса ғана ешкім жетпеген
табысқа жете алады.
Н.Ә. Назарбаевтың
«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы:
Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20
қадам» атты бағдарламалық мақаласының
мақсатында көрсетілгендей: «Қоғамды жаңа
индустриялық–инновациялық экономика жағдайындағы
өмірге дайындаудан, Қазақстанның үдемелі
экономикалық дамуы мен қоғамдық игіліктермен кең
көлемді қамтамасыз ету арасындағы оңтайлы
тепе–теңдікті табудан, құқық пен
әділеттілік қағидаттарына негізделген әлеуметтік
қатынастарды бекітуден тұрады».
Жаңару қоғамында әлеуметтік
өзгерістер білім берудің дәстүрлі моделінің
дағдарыстарын айқын көрсетті. Білім беруде ауқымды
өзгерістердің өсуіне байланысты тұлғаның
жаңа заман талаптарына көнуі алғы шарт болып отыр. Олар:
- оқушының танымдық әрекетін
қалыптастыруда білімді белсенді түрде игеру;
- жаңа қоғам талаптарының
өзгерістеріне тұлғаның қажеттіліктерін оқу
үрдісі арқылы үйрету;
ҚР Президенті екі маңызды мақсатты
алға қойды – инновациялық үдеріске тікелей
қосылуды қамтамасыз ету және біздің зерттеулерді
халықаралық деңгейге шығару. Соңғы
жылдары, республикада ғылыми–зертханалық және
материалдық база жаңарды, ұлттық ғылыми
зертханалар пайда болды, алдыңғы қатарлы
жоғарғы оқу орындарына, ұлттық жоғары
оқу орындары мәртебесі берілді. Осыған байланысты
жоғары оқу орындарындағы ғылыми
қоғамдастыққа, құрылымдық
бюроға, Жас ғалым–зерттеушілер кеңесіне студенттерді
тарту бойынша жұмыс күшейтілді.
Қазіргі жағдайда Қазақстанның
инновациялық даму жолына түсуі міндетті түрде
инновацияларға, адам капиталына инвестицияларға және өндірістің
тиімділігіне сүйенуі қажет, онсыз динамикалық даму болмайды.
Нарықты экономика ғаламдық
процестерді ескеретін білім жүйесінің модернизациясын және
жоғары сапа дәрежесіндегі мамандарды қажет етеді.
Жаңа
технологияны пайдалану барысында ұйымдастырушы инновацияларды
меңгеру бүкіл білім беру жүйесінің маңызды
факторы болып табылады. Білім беру саласындағы ұйымдастыру
инновациясы дегеніміз бұл:
- оқытушы еңбегін бөлу (мазмұнды, тьюторларды
әзірлеушілерді, оқыту әдістері бойынша мамандарды, оқу
процесінің барысына бақылау жасаушы мамандар және т.б.
бөлу);
- ақпараттық технологиялар бойынша оқытушыларды,
мамандарды және оқу процесін ұйымдастырушыларды
қашықтықтан оқыту курстарын ойластырушы және
ұсынушы топтарға, командаларға біріктіру.
Қазақстанның егемендігін алғаннан бері өткен
уақыты ұзақтығы бойынша нарықтық
қайта құрулардың тиімділігін тек әлеуметтік–
экономикалық тұрғыдан ғана емес, салалық макро
және микро деңгейлерде талдауға жеткілікті. Осы жерде білім
жүйесіне көп көңіл аудару қажет, себебі
оның жағдайы ұлттық экономиканың барлық
салалардағы инновациялық процесстерді жүзеге асыруда
анықтаушы фактор болып табылады.
Ақпараттандыру, жаһандану жағдайындағы
қазіргі білім беруді дамыту мен жетілдіруді түрлі инновацияларды
енгізусіз, жаңаша оқытуға қатысты принципті
бағыттар қатарын қайта қарамайынша елестету
мүмкін емес. Солармен бірге, қазіргі педагогикалық процестің
бүгінде қарқынды даму үстіндегі инновациялық
білім беру жүйелерімен, бірінші кезекте, шығармашылық
қабілетке, шығармашылық рефлексияға,
шығармашылық өзін-өзі дамытуға,
шығармашылық дербестікке, креативтілікке қойылып жатқан
талаптарға сәйкес келуі мәселесінің
қарастырылуына да үлкен мән берілуі керек.Білім беру
саласындағы реформалар бір жағынан әлемдік білім беру
кеңістігіне сай өркендеуге ұмтылса, екінші жағынан
ұлттық болмысты қалыптастыру мақсатында
мәдени-тарихи құндылықтарға сай өзіндік бет
бейнесін сақтауды көздейді. Жас ұрпақтың
ақыл-ойы, рухани дамуының негізі – оқылатын
пәннің мазмұнына, оқу-тәрбие
жұмысының мақсатқа сәйкестігі мен
меңгеретін ғылыми білімдер жүйесінің
шығармашылық сипатына және ұстазының бағыт
бағдар беруіне байланысты.
ХХІ ғасыр қоғам
өмірінің әр түрлі саласында үнемі өзгеріп
отырған маңызды ғаламдық процестермен сипатталады. Ол
білім беру саласына да әсер етіп, оқушылардың
шығармашылық әлеуетін қалыптастырудың жаңа
жолдарын іздестіруді талап етеді. Осыған орай, бүгінгі
ақпараттық қоғам жағдайының
өркениетті, прогресшіл бағытына сай, терең білімді,
өзгермелі жағдайға тез бейімделгіш, өзін-өзі
саналы игеретін, бәсекелестік жағдайда өресі биік,
азаматтық-тұлғалық бет-бейнесі қалыптасқан,
рухани жан дүниесі бай, шығармашыл тұлға
тәрбиелеу қоғамның басты мақсаттарының
біріне айналды. Бұл мақсат-міндеттердің жүзеге асуы
адам бойындағы асыл қасиеттердің көзін ашатын
оқытушының шығармашылық мақсат қоя отырып,
арнайы оқыту процесін жүргізгенде мүмкін болмақ.
ХХІ ғасыр әрбір педагогтың шығармашылық
қызығушылықтарының дамуы, оның өзінің
жеке тұлғалық дамуы деп түсіну қажет. Бұл -
әр оқытушының өзін-өзі жасампаздықпен
қайта құра алуы, қоғамдық талаптар
тұрғысынан өзіне сыни баға бере алуы, айналаны
өзгертуге қатыса алуы. Білім арқылы адамның
интеллектуалдық, рухани күші артып, жеке тұлғасы
қалыптасады.Шығармашылық қызығушылық
әлеуеттің дамуы жаңашылдықтың қажеттілігін
сезіну арқылы, оған деген өзінің сенімдерін
қалыптастыру арқылы көрінеді де, өз білімін, танымын
кеңейтуге негіз болады
Қазіргі
жаһандану жағдайында адами капиталға ерекше
маңызға ие болуда. Олай болатын себебі адами
капитал-инновациялық экономика мен білімді дамытатын негізгі фактор болып отыр. Адами қапиталды
қалыптастыратын негіз білім
болса, білімді беретін педагог кадрдың біліктілігі де маңызға
ие болып отыр.Әлемдік білім
кеңістігінде тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша
жетілдірілген әдіс-тәсілдерін іздестіру, үнемі
жаңалыққа жол ашу бағыттары қарастырылуда.
Сондықтан да қазіргі кезде болып жатқан
тарихи-әлеуметтік өзгерістер, ғылымдағы
жаңалықтар бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне,
оның ішінде мектепке дейінгі білім мен тәрбие, мектепте берілетін
және арнаулы білім беру
ұйымдарында білім мен қалыптасатын тұлғаның
дамуына, тәрбиеленуіне жаңаша көзқараспен қарауды
талап етеді.
Қазақстан
Республикасының Білім және ғылым министрі
Б.Т.Жұмағұлов «Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру
жағдайында педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың сапасын
қамтамасыз ету» тақырыбында Республикалық
семинар-кеңесте сөйлеген сөзінде «сапалы білімге
қолжетімділікті арттыруға бағытталған білім беруде біз
біліктілікті арттыру жүйесіне түбегейлі өзгерістер енгізуіміз
қажет» дей келе үлкен міндеттерді атап өтті.Осы міндеттер
аясында педагог кадрлардың біліктілігін көтерудегі негізгі
міндеттері мыналар болып табылады:
·
ғылым
мен ақпаратты технологиялардың тиісті салаларындағы аса
жаңа жетістіктер, отандық және шетелдік алдыңғы
қатарлы озық тәжірибелер туралы білім алудағы
педагогтардың қажеттілігін қанағаттандыру;
·
ғылыми
зерттеулерді, ғылыми- техникалық және тәжірибелік
жұмыс саласы бойынша білім беру бағдарламаларын, жобаларды,
ұсыныстарды, басқа да құжаттар мен материалдарды
ғылыми сараптау;
·
эксперименттік
жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу, кеңес беру;
·
кадрлардың білімін жетілдіруге және біліктілік сапасын
көтеруге бағытталған оқу- әдістемелік
материалдарын ұйымдастыру және әзірлеу.
Сонымен
қатар егеменді елдің ертеңін баянды ету бағытында жүзеге
асырылып жатқан саяси, әлеуметтік жағдайларды ескере отырып,
дайындалған білім, ғылым саласындағы ресми
құжаттар тәжірибеге енгізіліп, қолданылуда.
Бүгінгі
күні жаһандану жағдайында өркениеттіліктің
өлшемі, тетігі, құндылығы ретінде
шығармашылық сипаттағы білімнің орны үлкен. Оны
өлшем ретінде қабылдауымыздың себебі, кез келген
мемлекеттің рухани да, әлеуметтік-экономикалық дәрежесі
онда өмір сүретін халықтың білім деңгейі мен
меңгерген білім, біліктерін шығармашылықпен қолдана
алуына байланысты. Себебі әлемдегі ғажайып жаңалықтарды
өзі білім, білікті шығармашылық құндылық
ретінде бағалаумен, оны ізгі мақсаттарға сәйкес
қолданып, жаңаны табумен мүмкін болады.
Сондықтан
Егемен еліміздің келешегі жас ұрпақты тәрбиелейтін
педагогтар өзіне жүктелген әлеуметтік міндетті атқару
үшін игерілетін білім мазмұны, білім берудің түрлі
жолдарын бүгінгі талапқа сай жаңартуға ұмтылуы
заңдылық.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы:
Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай
20 қадам» атты бағдарламалық мақаласынан 2.Қазақстан Республикасында
бiлiм берудi дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
Мемлекеттiк бағдарламасы.Астана,2011.
3.
Қамзабекұлы Д. Окытушы мен студенттiң шығармашылык
iзденiсi- әдiстемелiк жұмыстын кiлтi.Астана, 2009,7-12 бб.
4. Басқарушылардың
жаңа буыны қажет. //Егемен Қазақстан, 11
қаңтар, 2007.
5.Сапалы білім
берудегі өзекті мәселелер //12 жылдық білім беру жүйесі
және жаңа педагогикалық технологиялар. –Ақтөбе,
2006. –Б. 75-77.
6.Алдияров Қ.Т.,
Көбенова Ш.И.Оқушылардың білім сапасын қамтамасыз
етудегі ғылыми-педагогикалық қатынас. Ақтөбе,
2006. –69 б.