Педагогические  науки/4.Стратегические направления реформирования системы образования.

 

Х. Ертай "ӘЖ-32қ" тобының  студенті

С.Хауия құқықтану ғылымының оқытушысы

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, Қазақстан

 

Әлеуметтік мемлекеттің білім беру жүйесіндегі реформалар:

Қазақстан Республикасы

 

Тәуелсіздік алған  алғашқы күннен-ақ Қазақстан білікті мамандар даярлау мен білім саласын әлемдік стандарттарға сай реформалау мәселесіне баса назар аударды. Тәуелсіздікті баянды етуде білімнің маңыздылығын жоғары бағалап, экономикалық және қаржылық қиындықтарға қарамастан осы салаға барынша қолдау көрсетті. “Ертеңін ойламаған ел азады” дейді халық даналығы. Барын бағалап отыратын, ұрпағына үмітке сай білім беріп, тәрбиелейтін ел озады. Ел көңілін аударған  “Интеллектуалды ұлт – 2020” ұлттық бағдарламасының басты мақсаты да осы – қазақстандықтардың жаңа буынын тәрбиелеу, сөйтіп бүгінгі ғаламдық дамудың арқа сүйейтін негізгі байлығы – бәсекелестікке қабілетті адам капиталын қалыптастыруға негізделген[1]. Білімі қаншалықты жоғары мемлекеттің бүгінгі әлемдік қауымдастықта бәсекелестікке қабілеттілігі соншалықты биік болмақ. Осы жағдайда ерте бастан өркениетті мемлекеттерде интеллектуалдық бәсекелестік жүріп жатқаны даусыз. Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің ендігі бір міндеті – жастардың білім алып қана қоймай, алған білімін үздіксіз дамытып, оны бойына сіңіріп, тәрбиелі, әдепті, бір сөзбен айтқанда, интеллектуалды-үйлесімді болуын қамтамасыз ету. Жаңа көзқарас ұлтты ойлануға, ойлауға үйрету арқылы қалыптан тыс көкжиекке көз жіберуге тәрбиелеу, білімді өз бетінше зерделеу, технологиялар мен инновациялардағы жаңалықтарды жүзеге асыра білу бейімділігімен бағаланады. Жастарымызды осындай мақсатта тәрбиелеуге біздің зор мүмкіндігіміз бар екендігіне дау жоқ. Міне, бүгінгі  интеллектуалдық мектептерге қойылатын талаптар осыларға негізделген. Ағымдағы ғасыр адамзат баласының алдына шешімі күрделі әрі іргелі мәселелерді қойып отыр. Әлем жаһандану дәуіріне қадам басумен бірге тұтастану, бірігу, кірігу үдерісіне батыл бет бұруда. Соны ерте түсінген әлем елдері мен олардың білім жүйелері жаһандану үдерісіне үн қосып, бұдан әрі дамудың жаңа стратегиялары мен жобаларын ұсынуда. Мұны Мемлекет басшысы біліп, көріп, сол күрделі қиын кезеңнен елімізді қайткенде аман алып шығудың қамын ойластырып жүргені жалпақ жаһанға аян. Кез келген білімнің айқын мақсат-мүддесі болады. Біздің қазіргі жағдайымыздағы оның негізгі мақсаты – елдік сана мен мемлекетшілдік рухты қалыптастыру, ұлтсыздықпен күресу, Тәуелсіздікті баянды ету болуы керек. Жақында ғана Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Мемлекеттік бағдарламадағы барлық балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету, 12 жылдық білім беру моделін енгізу, техникалық және кәсіптік білімнің экономика талаптарымен өзара байланысы, кәсіптік стандарттар әзірлеу, жоғары білімнің сапасын арттыру мәселелері көрініс табуы өте қуанарлық жағдай.

Қазақстанның білім саласындағы жетістіктері талассыз екені анық. ЮНЕСКО мәліметтері бойынша 2009, 2010 жылдары Республикамыз білім дамуының ең жоғарғы индексі (ИРО) бойынша Жапония, Норвегия, Германиялармен қатар әлемнің үздік төрттігіне енген еді. ИРО мынандай өлшемдер бойынша анықталады: бастауыш білім берумен қамтамасыз ету, ересектердің сауаттылығының деңгейі, гендерлік индекс, 5 сыныпқа дейін оқушылар үлесі. TIMSS зерттеулерінің нәтижесі көрсеткендей оқушыларымыз 4 сыныптың математикасы бойынша әлемнің бестігіне кірді. (Сингапур, Гонконг, Қытай Тэйбеясы, Жапониядан кейін). Осы жетістіктер 2010 жылғы шілдеде Астанада өткен 51-ші Халықаралық математика олимпиадасында айқын көрініс тапты. Бұл осы олимпиадаға қатысу бойынша тарихымыздағы ең үлкен нәтиже екенін атап өтуге болады. Жаратылыстану пәні бойынша 11 орынды иелендік[2].

Жалпы есеп бойынша Қазақстан алдыңғы жетістіктен көрінді. Қазақстан оқушыларының осындай жарқын нәтижесі халықаралық көрсеткіштерімізді елеулі түрде жоғарылатты.

Әлемдік деңгейде бұндай жетістіктерге жетуімізге Білім саласын қаржыландыруды арттыру тенденциясы үлкен рөл атқарғаны айқын. 2000 жылы – білім саласына 103,1 млрд.теңге, 2002 – жылы 118,9 млрд.теңге, 2004 жылы – 195,6 млрд. теңге, 2006 жылы – 331,5 млрд.теңге, 2007 жылы – 480,7 млрд.теңге немесе ЖІӨ 3,7 пайызы, 2008 жылы – 641,1 млрд.теңге немесе ЖІӨ 4 пайызы, 2009 жылы бұл көрсеткіш 746 млрд.теңге немесе ЖІӨ 4 пайызын құрады. Ал 2010 жылғы білім саласына жұмсалған қаржы 797 млрд.теңгеге жетті. 2007 – 2010 жылдарда Қазақстанда мектепке дейінгі мекемелер саны 3004-тен 5192-ге дейін артты.

Білім беруді басқаруға қалың жұртшылықты тарту арқылы білім беруді басқарудың жүйесі жетілдірілетін болады. Қоғамның білім беруді басқарудың түрлі деңгейіне қатысуы қамқоршылық кеңестер түрінде жүзеге асырылады. Корпоративті басқару принциптері жоғары оқу орындарына енгізілді. Білім жүйесіндегі ұстаздық тәрбиесі және олардың мәртебесін көтеру жағдайы да осы бағдарламаларда кеңінен қарастырылған. Атап айтар болсақ, бұдан кейін педагог мәртебесін көтеру мақсатында педагог қызметкерлерді мемлекеттік қолдау және олардың еңбегін ынталандыру күшейтілмек. 2015 жылға қарай педагогтердің орташа жалақысы экономикадағы орташа жалақы деңгейіне дейін жетеді, ваучерлік қаржыландыру принципі бойынша педагогтердің барлығы біліктілігін арттырудан өтеді.

Жалпы алғанда 2010-2011 оқу жылының басында мектептердің 98 пайызы интернетке қосылды, прогресс ауылдық мектептердің 97 пайызына жетті[3].

2020 жылға қарай үш ауысымдық, апаттық жағдайдағы мектептер толығымен жойылады, оқушылар орнына жетіспеушілігі барынша азаяды. Бағдарлама екі кезеңде іске асырылады. Біріншісі – 2010-2015 жылдар, екіншісі 2011-2020 жылдар. Білім беру жүйесін басқару бұл іске негізінен қоғамды тарту арқылы жетілдіретін болады. Білім беруші қоғамдық басқару қамқоршылар кеңесі арқылы іске асырылады. Корпоративтік басқару қағидасы ЖОО-ларға ендірілетін болады. Әрбір ұстаз білімдік ИКТ қолдану сұрақтары бойынша біліктілігін көтеру апталық курстар өтеді. Мектепке дейінгі және үйрету сферасында қалалық және ауылдық жерде мектепке дейінгі оқу және үйретумен толық қамтылады. Бұл мақсатқа жету үшін мектепке дейінгі ұйымдардың баламалық – жекеменшік, отбасылық, ведомстволық, мемлекеттік жүйесі дамымақ. Оқу бағдарламалары жаңартылатын, жоғары білікті мамандар дайындалатын болады, ата-аналарға арналған кеңес беру пункттері құрылады. «Назарбаев – зияткерлік мектептер» жүйесі дамиды, инклюзивтік білім беру жүйесі, кәсіби мектептер жүйесі дамиды. МКШ даму стратегиясы жасалатын болады (ресурстық орталықтар-тіректік мектептер, қашықтан оқыту).

Кәсіби және техникалық білім беру сферасында Ұлттық және салалық біліктілік шеңберлер негізінде мамандар дайындау құрылымы тәртіпке келтіріледі. Кәсіби стандарттар талабына сәйкес мемлекеттік ТКБ жаңартылатын болады, арнайы пәндер бойынша типтік оқулық бағдарламалар жасалады, бірнеше біліктілік алу үшін модульдік бағдарлама жасалады. Оқушылардың тәжірибелік машығын дамыту үшін оқу жоспарында кәсіби тәжірибенің үлесі көбейтіледі. Бұл үшін жұмыс берушілермен әріптестік есебінен тәжірибе базасы кеңейтіледі.

Қазақстандық жоғарғы білім жүйесі бәсекелестікке жарамды болады. Ұлттық аккредитациялық органдар Аккредитациялықты агенттіліктің регистріне кіреді (сапа кепілдігінің европалық агенттіктер реестрі). Білім мен ғылымның интеграциясы қамтамасыз етіледі, зияткерлік меншік өнімдерін коммерциялау үшін қажетті жағдайлар жасалады, европалық жоғарғы білім аймағына интеграциялау қамтамасыз етіледі – Болонья үдерісі шеңберінде білім беру, ұсыну параметрлері орындалады.

Тәуелсіз Қазақстанның білім саласындағы жарқын жетістіктерінің бірегейі – «Назарбаев Университеті» 2015 жылдан бастап жоғары кәсіби мамандар мен жас ғалымдарды оқытып шығарады.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барлық азаматтарға сапалы білімнің қолжетімділігін арттыруға жағдай жасау арқылы білім жүйесінің серпінді дамуына ықпалын тигізеді.

Осындай бүгінгі заман талабына лайық мемлекеттік бағдарлама халықаралық өлшемдер мен ел үміті үрдісінен шығып отыр. Тәуелсіздік тірегіне айналар жаңа буын күштерін тәрбиелеу мақсатындағы бағдарлама толық іске асса, еліміздің ертеңі нұрлы, болашағы даңғыл болады деп сенеміз. Өйткені, бәсекеге қабілетті білім бәрін жеңеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.       "Қазақ үні" республикалық қоғамыдық-саяси апталық порталы, "Білімді ел-білікті ел" Д.Елдесов- http://www.qazaquni.kz/5978.html.

2.       Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  жолдауы  «Жаңа  онжылдық    жаңа  экономикалық  өрлеу, Қазақстанның жаңа мүмкіншіліктері» 29 қаңтар 2010 жыл-dis.podelise.ru/text/index-101677.html?page=240.

3.       Ғаламтор беті- 45minut.kz/Bilim_bolimi_Aktobe_obl_2012.doc.