Педагогические науки/5.Современные методы преподавания.

 

Кадирова Х.Б.

т.ғ.к. Исмаилов Х.Б.

Х. Әлімжан атындағы 85-жалпы орта мектебі, Қазақстан

М. Әуэзов атындағы ОҚМУ, Қазақстан

Заманауи мектептің химия сабақтарында

ақпараттық-коммуникациялық

технологияларды қолдану әдістемесі

 

 

Қазіргі заманның даму деңгейі оның ақпараттандыру үрдісімен, яғни негізгі бағыттарының бірі – білім беру жүйесінің ақпараттандыруымен сипатталады.

Заманауи әлемде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану деңгейі келесі мысалдарда айқын көрінеді:

-         үлкен көлемді ақпараттарды сығылған түрде сақтап, оны тарату;

-         қолданушымен ақпараттық ресурс арасында жылдам және кері байланыс;

-         қолданушының архивтелген деректер банкіне кіру мүмкіндігі;

-         қоршаған ортада нақты кезедесетін не «виртуалды» әлемде бар деп есептелетін объекттер не үрдістер, құбылыстар туралы оқу ақпаратын визуальды және «виртуалды» компьютерлік бейнелеу;

-         ақпараттық-есептеу іс-әрекеттерді автоматтандыру, сонымен бірге тәжірибелерді не оның жеке элементтерін бірнеше рет қайталау мүмкіндігімен оқу іс-әрекетінің нәтижелерін өңдеу;

-         оқу іс-әрекетін басқару және үйретілетін материалдың оқушыларға қолжетімділік нәтижелерін қадағалау.

Химия пәнін үйрету барысында компьютерді қолдану жеке ғылым ретінде қалыптасуына себеб болады. Мысалы, химиялық үрдістер және құбылыстарды үйренуде  қарастырылатын оқу материалын модельдеу және компьютермен байланыстыру маңызды болып табылады. Үрдістер және құбылыстарды компьютерде модельдеу - мектеп зертханасында көрсетуге қиын не ыңғайсыз құбылыс және тәжірибелерді үйренуде табылмас құрал болып есептеледі.

Химия сабақтарында компьютерлік модельдерді қолдану үйретілетін объекттердің заңдылықтарын және өзара байланыстарын терең қарастыруға, нәтижеде оқу материалын сәтті меңгеруге мүмкіндік береді. Оқушылар компьютердің мүмкіндіктерін дұрыс пайдаланған кезде құбылыстарды зерттеп, нәтижелерді салыстырып және талдап, қорытынды шығара алады. 

Химияны үйренуде компьютерді қолдану түрлі бағыттарда - химиялық, химия-физикалық және химия-биологиялық тәжірибелер жүргізуге жағдай жасайды. Химия сабақтарында компьютерді қолданудың тағы бір пайдалы ерекшелігі – оқушылардың ғылымға болған ынтасы күшейеді, сана сезімі және өзін-өзі тануға қызығушылық қалыптасады және оқуға дейін көзқарасы өзгереді.            

Білім беруде компьютерлік технологияларды қолданудың келесі бағыты орта мектептгегі химия курсында бағдарламалық қамтамасызтандыру болып табылады. Химияны үйретуде оқу мақсатындағы бағдарламалық-компьютерлік құралдардың құрылымы және мазмұны, біріншіден, сабақтың мақсаттарымен, мазмұнымен, сонымен бірге, меңгеруге ұсынылатын оқу материалының реттілігімен анықталады.

Жоғарыда келтірілген ақпараттарға сәйкес, химия пәнін үйренуде компьютерді қолдану үшін қолданылатын барлық бағдарламалық құралдарды келесі топтарға бөлуге болады:

-         химияның мектеп курсының нақты тақырыптары бойынша анықтамалық материал;

-         виртуальды модельдеу;

-         үйретілетін материалды тәжірибемен толықтыру;

-         есептік мысалдарды шешу;

-         тексеру материалдарын қадағалау және бағалау.

Сабақтарға компьютерлік модельдеуді қосу тәжірибелік жұмыстарды жүргізуде оның тиімділігін арттырады, оның қолданылу облысын тәжірибелерді «виртуалды» әлемде жүргізу есебіне кеңейтеді.

Нақты сабақтың мақсат және мәселелеріне байланысты түрлі бағдарламалар қолданылуы мүмкін. Қолданылатын барлық бағдарламалық құралдар пайдалы және тиімді болуы үшін үйретілетін курсқа сәйкес келуі, қажетті көрнекілі материалдармен қамтамасыз етілген болуы, қолдануға оңай және түсінікті болуы, балаларда жалпы оқу-тәжірибелік дағдыларын қалыптастастыра алуы керек.

Химияы сабағында тәжірибе өткізілуіне байланысты басқа пәндерден ерекшеленеді. Компьютерді қолдану тікелей бақылауға болмайтын, сәйкесінше балаларға түсініксіз болатын үрдістерді «визуалды» түрде бейнелеуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, практикалық жұмыстарды ұйымдастыруда да компьютер мұғалімнің ажырамас көмекшісіне айналуы мүмкін. Әріне, тәжірибелерді зертханаларда өткізудің санаспайтын артықшылықтары бар, бірақ ұлы заттарды (бензол, галогендер және т.б.) үйренуде «виртуалды» әлем химиялық тәжірибелерді оқушының денсаулығына қауіп келтірмей орындауға мүмкіндік береді. Сондықтан, компьютерлік технологияларды қолдану химия курсының тәжірибелерін толықтырады.

Қоғам дамуының заманауи кезеңінде химияны үйретуде ақпараттық технологиялардың басқа технологиялардан және әдістемелерден бірнеше артықшылықтары бар. Олар:

-         үрдістерді, соның ішінде, нақты әлемдегі көрінбейтін объекттерді көрнекілі визуальды түрде бейнелеу;

-         оқу және материалды меңгеру үрдісін жекелендіріп, оны модификациялау;

-         нақты бағдарламада тәжірибелерді имитациялық түрді жүргізу.

Кейбір химиялық үрдістерде анимацияларды қолдану балалардың көрнекілі және тұлғалық ой жүргізу қабілетін қалыптасуына қызмет етеді. Химия сабақтарында компьютерлік модельдерді қолдану химияны үйрену үрдісін көрнекілі және қарқынды түрді іске асыруға мүмкіндік береді.

Химия пәнін үйрету қоршаған әлемнің екі тобын бейнелеуге негізделген: микроәлем және макроәлем модельдері. Микроәлем модельдері бұл объекттердің және ондағы өзгерістердің құрылымын корпускулярлық не атомдық-молекулярлық білімдер деңгейінде көрнекілі түрде ашады. Микроәлем объекттерін оқушылар химия сабақтарында алғашқы сабақтардан бастап біле бастайды. Осы себебті мұндай объекттерді модельдеу, мысалы, атомдардың құрылымы, органикалық және органикалық емес заттардағы химиялық байланыстардың түрлері, электролитикалық диссоциация, химиялық реакция механизмдерін үйрену, стереохимиялық бейнелеулер және басқада сұрақтарды үйренуде қолданылады. Мұндай бағдарламалық құралдарды химия сабақтарында қолдану мұғалімге ұсынатын материалының дыбыспен, түспен және қозғалыспен әрлеп, қауіпті тәжірибелерді демонстрация түрінде көрсетуге мүмкіндік береді.

Информатика сабақтарында оқушылар Power Point бағдарламасын үйренеді, осы себебті олар химия курсының нақты материалы бойынша презентация құра алады (слайд түріндегі мини-оқулық). Мысалы, 11-сыныптың химия курсында биоактивті қосылыстарды үйренуде «Витаминдер», «Ферменттер», «Гормондар», «Дәрі-дәрмектер» тақырыптары бойынша презентациялар аса пайдалы әдістемелік материал болып табылады.

Лекцияларда слайд-фильмдерді (Power-Point) қолдану дәстүрлі әдістермен салыстырғанда ақпараттың қозғалымын, көрнекілігін қамтамасыз етеді. Слайдтарда сабақта үйренілетін материалдың реті бойынша қажетті формулалар, реакция теңдеулері және химиялық тәжірибелердің сұлбалары орналасуы мүмкін. Меңгеруге қиындау және тақырып бойынша маңызды мәселелерді бекіту және қайталау үшін соңғы слайдта бақылау сұрақтары орналасады.

Танымдық белсенділігі жоғары оқушылар Интернет желісін қолданып, қажетті сұрақтарға жауап ала алады. Олар жеке түрде ақпараттармен танысып, сабақтарға қосымша материал дайындайды.

Теориялық сабақтардан басқа, компьютер алған білімдерді бекітуде де тиімді болады. Пайдалы тәсілдердің бірі – білім беру тесттері. Оқушылар өзіне ыңғайлы жылдамдықпен жұмыс істеуге және қайталауға тиіс болған сұрақтарға көңіл бөлуге мүмкіндік алады. Оқытушы болса, көмек қажет болған оқушылармен жеке кеңестер өткізеді. 

Егер информатика сабақтарында компьютерді қолдану білім беру үрдісінің мақсаты болса, басқа сабақтарда ол оқудың мақсаттарына жету құралы болып табылады. Бұл құрал оқу үрдісін толықтырып, оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.

Сабақтарда компьютерді қолдану мақсатқа бағытталған болуы керек. Ақпараттық технологияларға тек олар білім беру үрдісінің басқа әдістерге қарағанда жоғары деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндік бергенде ғана жүгіну қажет.

 

Әдебиет

 

1 Чернобельская Г.М. Методика обучения химии в средней школе. - М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2000. - 336 с.

2 Дуняшев В.С., Власова Е.А., Яшкичев В.И. Основные принципы использования компьютеров при обучении химии. – М.: Химия, 2006. – 248с.

3 Береснева Е.В. Современные технологии обучения химии. Учебное пособие, М., 2004.