Педагогические науки/5. Современные методы преподавания

 

ӘӨЖ 378.147:51

Иманжанова К.Т1., Абельдина Ж.К.2

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қаласы1

С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ, Астана қаласы2

Білімгерлерді ғылыми-зерттеу жұмысына белсендендіру тәсілі

 

Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына бағыттау, олардың шығармашылық белсенділігін дамыту -  мамандар даярлаудағы негізгі мақсат болып табылады. Ғылыми-зерттеу жұмысы болашақ мамандардың жоғары оқу орындарында алған білімін, дағдысын жүзеге асыруға дайындығын қалыптастыруға, ғылыми әдістемені, зерттеу тәжірибесін меңгеруге көмектеседі. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен дамытудың негізгі мақсаты жоғары кәсіби білімі бар мамандар даярлаудың деңгейін көтеру, талантты жастарды анықтау, университеттің педагогикалық кадрларын толықтыру болып есептелінеді. 

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі міндеттері:

-    ғылыми қызметке талабы бар студенттерді анықтау;

-    ғылыми-әдістемелік зерттеулер тәжірибесінде шығармашылығын дамытуға қолайлы жағдай жасау;

-    жан-жақты дамуына, өзін-өзі бағалауының қалыптасуына, өзіндік жұмыс дағдысын және шығармашылық ұжымда жұмыс істеуге, ғылыми-зерттеу әдістемесін меңгеруге көмектесу;

-    ғылым мен техниканың түрлі саласында қолданбалы, іргелі, іздену, әдістемелік және педагогикалық ғылыми зерттеулер жүргізуге студенттердің қатысуын қамтамасыз ету;

-    педагогикалық және ғылыми кадрларын толықтыру үшін қабілетті, дарынды және талантты жастарды тиімді іріктеуді қамтамасыз ету;

-    ғылым мен техниканың түрлі саласындағы ғылыми-техникалық мәселелерді шешуге арналған әлеуетін біріктіру.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыттары:

-    пәндік жарыс пен сайыс ұйымдастыру және жүргізу;

-    студенттердің ғылыми үйірмелерінің жұмысына;

-    түрлі деңгейдегі ғылыми-техникалық баяндама дайындау және қатысу;

-    республикалық және халықаралық конференцияға  қатысу; 

-    студенттер жұмысымен республикалық конкурсқа қатысу; 

-    ғылыми мақала мен тезис дайындау және жариялау;

-    курс жұмысы мен диплом жобасы сайысын ұйымдастыру және өткізу, қатысу;

-    мемлекеттік бюджеттік және шаруашылық келісім бойынша жұмысқа тарту;

Арнайы ғылыми-зерттеу зертханасында өткізілетін зерттеуге тікелей қатысуы, ұйымдастыру типі және іс-шаралар жүйесімен қамтамасыз етіледі де, үш топқа бөлінеді: оқу үрдісімен қатар жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмысы; оқу мерзімінен тыс уақытта орындалатын ғылыми-зерттеу жұмысы;  ғылыми, ғылыми-техникалық жалпы ұйымдастыру шаралары, оның ішінде СҒЗЖ жүйесін дамытуды ынталандыратын жарыс, ғылыми конференция, семинар, ғылыми еңбегінің нәтижелілігін және тиімділігін анықтайтын іс-шаралар.

Оқу үрдісімен қатар жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмысы өндірістік, тәжірибелік, зертханалық жұмыстарды, ғылыми зерттеу сипаттағы курстық және бітіру біліктілік жұмыстың орындалуын қарастырады.

Оқу мерзімінен тыс уақытта орындалатын ғылыми-зерттеу жұмысының формасы: ғылыми семинардағы, конференциядағы жұмысы; топпен немесе жеке қатысуы; студенттік ғылыми қоғамда, конструкторлық, жоба, технологиялық зертханада және үйірмеде, ғылыми-техникалық зертхана орталығында және т.с.

Ғылыми-зерттеу жұмысының үдемелі формасы: арнайы бағытталған  өндірістік тәжірибе кезеңінде ұйымдастырылатын студенттік шығармашылық топтар, жұмыстар; курстық және бітіру жұмысын өндіріске енгізу мақсатындағы шығармашылық топтар; ғылыми үйірмелер. Онда студенттер отандық шетелдік арнайы әдебиеттер бойынша аңдатпалар  мен рефераттар жасайды. Сынақ жүргізу дағдысын және алынған нәтижелерді өңдеуді меңгереді. Үйірме отырысында, кафедраның ғылыми семинарда пайдаланатын көрнекі құралдар, зертханалық құрылғылар және оқытудың техникалық құралдарын жобалайды және дайындайды [1].

Қазіргі уақытта кафедрада 5 үйірме жұмыс істейді. Ғылыми-зерттеу жұмысын белсенді және жүйелі жүргізіп жүрген студент, студенттік ғылыми қоғамдастыққа (СҒҚ) бірігеді.

Студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін белсендендіруде ұйымдастыру-жаппай іс-шаралардың ролі маңызды:

-    жылсайынғы өткізілетін студенттік ғылыми-практикалық конференцияда баяндама жасауы;

-    ғылыми шығармашылық көрмесі; 

-    студентті ең жақсы ғылыми-зерттеу жұмысы сыйлығын алуға ұсынуы;

-    ғылыми зерттеудің есебінің нәтижелі аяқталған кезеңіннің сәтті болуы;

-    баяндамасының нәтижесін талқылағаннан кейін орындалған жұмыстың жан-жақты бағасын, жетістіктері мен кемшіліктерін айқындайтын ғылыми жетекшінің болуы;

         Мадақтау мен ынталандырудың негізгі формасы:

-    ғылыми жұмыстарды орындау үрдісінде, пәндік, курстық жұмыстар және тәжірибелік бағалау кезінде алынған нәтижелер бойынша есебі;

-    үлгерімдері жоғары студенттерді мемлекеттік және атаулы шәкіртақыларға және түрлі мекемелер мен қорлар ұсынатын шәкіртақылар алуға ұсынуы;

-    ең жақсы студенттер жұмысын жеңімпаздарды марапаттайтын сайыстарға, көрмелерге және өзге де ұйымдастыру-жаппай іс-шараларға ұсынуы;

-    студенттердің түрлі отандық және шетелдік ғылыми форумдарда қатысу үшін іссапарға жіберуі;

-    ғылыми-зерттеу жұмысына жеткен табысы үшін студентті құрмет грамотасымен, дипломмен, бағалы сыйлықпен марапатталуы;

-    университетте студентті ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастыру жұмыстарына тарту бойынша жұмыстар жүргізілуі;

-    студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға тартуда және СҒЗЖ ұйымдастырудағы оң өзгерістерді атап өту қажет.

Білімді жас ғалымдар кемел келешегіміздің кепілі екені белгілі. Жаңа Қазақстанды жарқын болашаққа жетелейтін де білімді жастар деп білеміз [2]. Жоғарыда айтылған, мақсат пен шараларды іске асыру үшін "-бөлшектің жүрген жолының ұзындығын анықтау" атты ғылыми-зерттеу жұмысын жариялауға болады. Жұмыстың мақсаты: -бөлшектердің зат арқылы өту қисығын алу, -бөлшектердің энергиясын және жүрген жолының орташа ұзындығын анықтау. Оған керекті құрал-жабдық: электронды басқару және индикация блогы және өзара кабелмен жалғанған детектрлеу блогы; арнайы MacroFlesh бағдарламасымен құрастырылған виртуалды зертханалық жұмыстың көрсетілімін ұсынуға болады.

Электронды блог төмендегідей басқару батырмаларынан (кнопки) тұрады:

              -     «Сеть» - 220 В есептегіш қорек кернеуін қосуды жүзеге асыратын батырма (құралдың артқы панелінде орналасқан);

              -     «Пуск» - бір мезетте таймерді қосады және өлшенетін импульстарды санайды;

              -     «Стоп» - бір мезетте оларды тоқтататын батырма;

              -     «Сброс» - көрсеткіштерді нөлге теңестіреді;

              -     «Время, сек» - қажетті өлшеу уақытын орнататын батырма;

              -     «Кол. частиц» (бөлшектер мөлшері) индикаторы – тіркелген бөлшектер санын көрсетеді;

              -     «сек» индикаторы – ағымдағы өлшеу уақытын көрсетеді;

         -               30-60 секунд қондырғыны қыздыру керек;

         -               Өлшеу уақытын 4 минутқа қойылады;

         -               -көз бен детектор арасындағы қашықтықты минималь мәніне қойылады;

 

  

1 сурет- MacroFlesh бағдарламасымен құрастырылған виртуалды зертханалық жұмыстың көрсетілімі

-    6-7 қашықтық үшін өлшеулер жүргізу керек;

-    Уақытты 8 минутқа қойып, барлық өлшеулерді қайталау қажет

-    «Сеть» батырмасын басып, қондырғыны сөндіру қажет;

-    Денелік бұрыштағы түзетулерді есептеу керек;

-    N(x) графигін тұрғызу керек;

-     тәуелділігін тұрғызу керек;

-    -ді тауып, -ні бағалау керек. Бұл тек қана бір зерттеу жұмысының нәтижесі.

Қазіргі уақытта СҒЗЖ-нің түрлі формаларымен студенттердің  80%-ы қамтылған. Біздің университетіміздегі оң үрдістер бұдан әрі де дами беретініне сенімдіміз. 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1                         О. Мұсабеков, Иманжанова К.Т.  Физика пәні мұғалімінің эксперименттік даярлығы /мақала/. Международный научно-педагогический журнал ВШ Казахстана «Поиск» №2, 2007г.  262-268 стр.

2                         Абельдина Ж.К., Молдумарова Ж.К. Виртуальное образовательное пространство, как обучающая среда интернет портала для дистанционного обучения. “World of Science”, Education, Engineering, Social Sciences and Humanities. № 2, 2012 г., Турция, г. Кемер, с. 48-49.