магистрант Ж.Б. Ашимова., б.ғ.к., доцент А.Т Байкенжеева

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ЖҮЙЕЛІ БІЛІМ БЕРУДЕ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕННІҢ МАҢЫЗЫ

Біздің еліміз халықаралық білім кеңістігімен кірігу мақсатында білім саласына күрделі өзгерістер енгізуде. Басты міндеттерінің бірі - білім сапасын әлемдік деңгейге көтеру, ол үшін оқушылардың өз іс-әрекетін ұйымдастыра білу және білімін жетілдіру қабілеттерін дамыту. Қазіргі оқыту жүйесі  оқушы мен оқытушы арасында жаңа байланыс қалыптастырып, оқушылардың әр оқу пәні бойынша жеке дайындығына көп уақыт бөліп, оқу үдерісіне белсенді түрде қатысуын талап етеді. Мұғалім қажетті оқу материалдарын іздеп тауып, оны саралап іс жүзінде пайдалана білуге бағыттаушы маман ретінде оқу үдерісін басқарады. Сондықтан жоғары оқу орындарында қолданысқа енген пәннің оқу-әдістемелік кешендері мектептің оқу пәндеріне де енгізілуі керек. Бұл жүйелі білім беру мұғалімнің сабаққа дайындығын нығайта түседі, ал оқушыларға  оқу материалдарын игеру үшін жан-жақты изденуге итермелейді. Мұнда оқу-әдістемелік кешеннің мазмұны, құрылымы дұрыс құрастырылуы шарт.

Оқу-әдістемелік кешеннің атқаратын қызметі:

 білім мазмұнының сапасын қамтамасыз ету;

 әдістемелік жүйе ретінде біртұтас білім беру;

 оқыту үрдісінің психологиялық заңдылықтарына орай, оқыту формасы мен әдістерін, оқу қызметін ұйымдастыру;

 оқыту құралы ретінде оған қатысатын субьектілердің өзара әрекеттесуін іске асыру.

Пәннің оқу-әдістемелік кешеніне қойылатын талаптар

оқу-әдістемелік кешен пәнді әдістемелік жағынан қамтамасыз ететін негізгі құжаттардың бірі болып табылады.

Оқу-әдістемелік кешен мазмұны мен құрылымы[1,2]:

- титул парағы;

 - пән бойынша типтік бағдарлама (пән үшін негізгі компонент)

 - пәннің күнтізделік жоспары;

 - пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі;

- пән бойынша оқулықтармен және оқу құралдарымен қамтамасыз ету картасы;

 - дәрістік кешендер: дәріс тезистері, таратпа және көрнекілік материалдар, қолданылатын әдебиеттер тізімі;

 - сарамандық  (тәжірибелік) сабақтар жоспары;

-  зертханалық жұмыс, графиктік есептеулерді орындау, типтік есептеулер бойынша әдістемелік нұсқаулар мен ұсынымдар;

 - оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі үшін материалдар: үй тапсырмасы текстерін басу, әрбір тақырып бойынша өзін-өзі бақылау материалдары, еңбек сыйымдылығы мен әдебиеттері көрсетілген ағымдағы жұмыс түрлерін орындау бойынша тапсырмалар, рефераттар мен басқадай үй тапсырмалары;

 

1-сурет Биологиядан оқу-әдістемелік кешен жобасы

 

- Оқушылардың  оқу жетістігін бағалау және бақылау материалдары (жазбаша бақылау тапсырмалары, тестік тапсырмалар, өзіндік дайындалу үшін сұрақтар тізімі, емтихан билеттері және т.б.);

 - Пәннің мазмұнына сай оқу сабағының бағдарламалық және мультимедиялық ілеспемен берілуі (бейне-дәрістер, слайдтар, юниталар, электрондық оқу құралдары, т.б.);

 - Мамандандырылған  кабинет және зертханалар тізімі.

- Тәжірибелік сабақтарға дайындық үшін материалдар (тапсырмалар, есептер, жаттығулар жинағы және т.б.).

Пәнді әдістемемен қамтамасыз ету картасында оқу-әдістемелік құжаттардың атауы (оқулықтар, оқу құралдары, оқу-әдістемелік құралдар, әдістемелік нұсқаулар, әдістемелік ұсынымдар),

ҚР БҒМ бұйрығы негізінде бекітілген және енгізілген, мамандық бойынша Республикалық оқу-әдістемелік бірлестігімен (кеңесімен) жасалған типтік бағдарлама заңды күшке ие.

Әдістемелік нұсқауларда зертханалық жұмыстарға қажетті келтірулер:

 - зертханалық жұмыстар нөмірі мен атауы;

 - жұмыстың мақсаты мен мазмұны;

 - қажетті материалдар мен жабдықтар, қондырғылар, өлшем құралдары (сызбалар немесе сипаттамалар келтіру);

 - зертханалық жұмыстарды орындау барысындағы қажетті техника қауіпсіздігі ережелері;

 - зертханалық жұмыстарға жүргізу әдістемесі;

 - тәжірибе (өлшем) нәтижелерін рәсімдеу, нәтижелерін өңдеу;

 - бақылау сұрақтары, жаттығулар мен есептер;

 - беттері көрсетілген қолданылатын әдебиеттер тізімі;

 - зертханалық жұмысқа есеп беруге қойылатын талаптар;

Емтихан материалдарының құрамына тиісті:

 - қорытынды бақылау түрі сұрақтарының тізімі;

Үй тапсырмаларын орындаудағы әдістемелік материалдарда есептер, тесттер, өзіндік дайындық үшін жаттығулар, есептерді (жаттығуларды) шешу және тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік ұсынымдар, баяндамалар, рефераттар, эсселер мен конспектілерге дайындалу және басқаларға тапсырмалар мен бақылау сұрақтарын келтіру керек,

Пәнді оқып үйрену бойынша әдістемелік нұсқауларда курстың қысқаша мазмұнымен нақты тарауды оқып үйренуде неге назар аудару керектігін, курс тақырыптарының арасындағы өзара байланысты көрсету, ұғынуға қиын тиетін заңдылықтарды, теорияларды, теоремаларды және т.б. түсіндіру, негізгі, қосымша және басқадай әдебиеттер тізімімен басқа көздерінің нұсқаулары көрсетілген. Әр бөлімде әдебиеттердің бетін көрсетілген сілтеме жасау қажет. Оқушы түсінікті болу үшін әдістемелік нұсқаудың баяндалу стилі еркін болу керек.

Әдістемелік нұсқаулар (бақылау жұмыстарына, зертханалық жұмыстарға), үй тапсырмаларын орындауға және тәжірибелік сабақтарға дайындалу үшін әдістемелік материалдар, кезекті бақылау жұмысы материалдары жыл сайын сабақ басталғанға дейін қарастырылып (өзгерістер немесе өзгеріссіз), биология бірлестігі отырысында қайта бекітіледі. Өзгерістер болған жағдайда олар өзгерістер мен толықтырулар парағы арқылы енгізуге болады.

 Оқу жұмыс бағдарламасында өзгерістер болып жатса, қорытынды бақылау жұмысы материалдарына да өзгеріс енгізіледі, онда емтихан билеттері немесе тест тапсырмаларын қайта басып шығарылып, мектептің директорының қолы қойдырылады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Источник: Коротков Э.М. Развитие менеджмент-образования: технологии и методическое обеспечение // Профессиональный учебник, 2006. №4.

2. Воронов В. Формы представления знаний студента // Высшее образование в России № 4, 1999. с. 58-61.