Бахадырова М.Е.

№45 Ақорда мектеп гимназиясы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы

 

ТІЗБЕКТЕЛГЕН  САБАҚТАР  ТОПТАМАСЫНА 

«ОҚЫТУ   МЕН ОҚУДАҒЫ  ЖАҢА  ТӘСІЛДЕР» 

МОДУЛІНІҢ  ҚОЛДАНЫЛҒАНЫ  ЖАЙЛЫ

 

 

  Мен Қызылорда облыстық педагогтердің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасынан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өз ойын ашық айта алатын, саналы, сыни көзқарасы қалыптасқан сандық құзырлылық танытатын  оқушы ретінде қалыптасуын қамтитынын білдім.  Қыркүйек айының 10-ы мен қазанның аралығында  сабақтың ең алғашқы кезеңінде  топқа  бөліну әдісін үйрендім және мынадай тақырыптарда қажетті мәліметтер алдым: «Оқудағы қиындықтарды жеңу», «Оқушыларға оқуда кездесетін қиыншылықтарды жоюға көмектесу», «Өзін-өзі реттеу тұжырымдамасының жоспары» (Өзін-өзі реттеу моделінің негіздемесі), Қалай оқыту керек? «Оқып білу стратегиясы, оқып білу әдісі», «Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды қалай оқыту керек», АКТ-ны қалай қолдана білу керек? «ООҚД - оқуға орнықты қызығушылықты дамыту бағдарламасы үш негізігі қағидасы» «Дербес оқушыларды тәрбиелеу үшін маршрут карталарын қолдану» тақырыптарында теориялықщ және практикалық тәжірибе жасадық. Осы тақырыптардан өткенімнен не түсінгендігім жайында айтар болсам, мұғалімдік қызметімде өзімде оқушыларға дәріс беруде түрлі қиындықтар көп кездеседі. Атап айтқанда, сыныпта сабаққа мүлдем назар аудармай өзімен-өзі тек уақыт өткізіп кететін оқушылар бар. Енді осы курстан алған әдіс-тәсілдерім аркылы сол қиындықтық жол жеңуді тапқандаймын. Ең әуелі топқа бөлу әдісі. Топқа бөлу, оқушыларды бірлесе отырып өзара іс-әрекет арқылы оқуға, бір-бірін тыңдауға, сыйластыққа, бір-біріне көмек жасауға үйретеді және сыныпта өз өзімен отыратын оқушылардың да қызығушылығын оятады.

  Оқушьшарға оқуда кездесетін қиыншылықтарды жоюға көмектесу үшін колданатын бірнеше стратегиялары бар екендігі айтылды. Ол үшін мүғалімнің арнайы білімі болу керектігін білдім. Өзін-өзі реттеу тұжырымдамасының жоспарымен таныстым. Онда тоққа  арналағн нұсқаулар, түйінді сұраулар, өзін-өзі реттеу моделінің негіздемесін жасаған, оны зерттеушілердің негіздемесімен (эмоциялық, когнитивті, әлеуметтік, ынталандырушылық) салыстырдым және өз бетімен дамытуды тексеру парағымен жұмыс жасадым.Сыньптағы оқып-білу үдерістеріне көбірек көңіл бөлу үшін мен «маршрут картасын» енгізу қолайлы екенін Рейчел Футоның маршрут картасын қалай пайдаланғанын оқу арқылы түсіндім.Ойлау сипаты және даму үрдісі,  жеке мақұлдаулар туралы және ойлау дағдыларының деңгейлері - ойлау үшбұрышымен жұмыс жасадық (1956 жылы Блум әзірледі). Біз әдетте білім сосын бағалауды ғана қолданып соның төңірегінде калыптасқанбыз. Сонда білім, түсіну, талдау, жинақтау, бағалау арасында түсіну, қолдану, талдау, жинақтау калып қойып отыр. Осындай жағдайларды болдырмау үшін өзімнің сабақта қолданатын әдіс-тәсілім және негізгі қағидам деп түсіндім.

Өзімнің қызметім, оқушыларым және олармен өзара әрекеттестігіңіз туралы өзіңізге койғыңыз келген сұрақгардың тізімін жасау үшін сұрақтардың сұлбасын жасадым,  Мұны серіктесіммен талқыладым.

  Сонымен қатар Мектеп жасана дейінгі балалардың өзіндік реттелуі: Зерттеудің алғы шарттары туралы Л. Выготскийдің ЖАДА туралы идеясы, Флейбелдің метатану үлгісімен таныстым. Мұнан соң яғни аптаның соңғы сабағы АКТ - ны сабақ беруде пайдалану демалыс және қарым-қатынас үшін АКТ-ны сенімді және сыни тұрғыдан пайдаланушыға айналатынын, интернет желісінде бірлескен жұмысқа қатысу үшін аса қажет нәрсе екенін түсіндім. Осындай дағдылар негізінде АКТ туралы білім, олардан ақпаратты алу, бағалау, сақтау, өндіру, ұсыну, алмасу үшін қолдану міндетті түрде қажет екендігін түсіндім.Диалогтық оқыту сабақ беруде және оқытуда тілдің басты рөлін зерттеуде, сондай-ақ зерттеу нәтижелері контексінде сыныптағы оқушылармен араласуды дамытуға арналған заманауи тәсілдерді түсініп, дамытуға қолдау көрсетеді. Мерсер мен Литлтон (2007 ж.) өз жұмысында сыныптағы диалог оқушылардың зияткерлік дамуына және олардың білім деңгейіне ықпал ете алатынын көрсетті. Зерттеуде өзімен жасты оқушылармен бірлесе жасаған жұмыстары сияқты, үлкендермен интерактивті араласуы да балалардың оқужәне олардың когнитивті дамуына мүмкіндік беретіндігі атап өтілді.

Выготский когнитивті даму әлеуметтік өзара әрекет үдерісінде пайда болатын оқушылар ретінде кіші жастағы балаларды ұсынады; өзге сөздермен айтқанда, оқушыларды басқа қабілеттірек балалармен араласу және қоршаған орта, мәдениетпен өзара әрекеттесу жолымен ересек адамның ойлану тәсілін оқыту кезінде.  Бұдан әрі, Выготский оқушылардың өздерінің «Жақын арадағы даму аймағында»  (ЖАДА) оқыған кезде когнитивті даму жақсарады деп нақтылайды. ЖАДА-нда оқушыны дамытатын дағдылар мен қабілеттіліктерді; оқушы әлі де өз бетінше орындай алмайтын тапсырмалар ауқымын анықтайды. Осындай тапсырмаларды орындау үшін оқушыларға үлкендердің немесе оларды жаңаша оқытуға нақты бір мерзімге дейін көмек көрсетіп қолдау бере алатын барынша құзіретті тұлғалардың көмегі қажет. Осындай қолдау түрі қарым-қатынасты жасауды кірістіреді және Выготский бұл жолы сөзді оқудың ең басты құралы ретінде қарастырады. Осылайша, оқыту үдерісінде әлеуметтік қызығушылықты қолдаудағы мұғалімнің рөлі оқушының білімін дамыту үшін шешуші болып табылады. Оқушылар басқа аса білікті оқушылармен /олардың рөлінде сыныптастары немесе мұғалімдер болуы мүмкін/ диалог мүмкіндігі бар жағдайда оңай білім алады. Талқыланатын идеялар оқушының осы кездегі түсінігінің бір бөлігі болып табылмайтын, бірақ оның ЖАДА-на кіретін жағдайда оқыту жемісті болады. Барнс оқушылар мұғалімді енжар тыңдау арқылы ғана емес, ауызекі сөйлеу, талқылау және дәйектер келтіру арқылыда білім алатынын дәлелдеді.

Бізде сыныпта әңгімелесуге болмайды деген түсінік қалыптасқан. Сыныптағы әңгімелесуді бақылау энергиясы мол оқушыларды бақылаудың бір тәсілі болып табылады. Біздер, мұғалімдер үшін әңгімелесу өз кәсібіміздің басты құралы болып табылады, алайда біз оқушылармен өзара әрекет жасауда осы құралды  әңгімені пайдаланғандай (немесе одан да маңыздысы, олар қалай пайдаланатыны) ең жақсы тәсілмен толыққанды пайдаланбауымыз мүмкін.

Қазіргі таңда сыныптағы оқушылардың бірлескен әңгімелесуі, көп пайда әкелетінін көрсететін көптеген дәлелдемелер бар, себебі ол:

·                        оқушыларға тақырыпты өзінің түсінгені бойынша айтуға;

·                        оқушылардың басқа адамдарда әр түрлі идеялар болатынын түсінуіне;

·                        оқушылардың өз идеяларын дәйектеуге;

·                        мұғалімдерге өзінің оқыту үдерісінде «оқушыларының қай кезеңде екендігін» түсінуіне мүмкіндік бере отырып көмек береді.

Сыныптағы талқылаулардың көпшілігіне тән нәрсе – мұғалім әңгіменің тақырыбын, мақсатқа сайлылықты және оқушылардың айтқанының дұрыстығын және оқушылар қашан және қалай айтатынын басқарады. Көптеген сыныптардағы оқушылар әңгімелесуге құқылы. Мысалға, кейбір оқушылар мұғалімге «Бұл қызықты көзқарас тұрғысы» деу құқығына ие емес. Зерттеуде мұғалім әңгімені бақылауға алған, маңызды сұрақтар берген, оқушылардың жауаптарын қайталаған және оларды мақтаған кезде сыныптағы әңгіме жүргізу тәртібі оқушылардың ойлану деңгейін көтермейтіні және олардың сөйлеу дағдыларын дамытпайтыны айтылады

Диалог барысында қатысушы-оқушылар (сонымен қатар олардың мұғалімдері де) келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және  Мерсер (2000 ж) сипаттағандай білімді бірлесіп алу немесе «пікір алмасу»  барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады.

Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың білім алуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш түрі бар.

Әңгіме-дебат/ойталас талқылау барысында:

1. Ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімдерінде қалады; 

2. Ресурстарды біріктіруге бағытталған аздаған талпыныс жасалады;

3. Қарым-қатынас көбіне «Иә, бұл солай» - «Жоқ, олай емес!» деген бағытта жүзеге асады.

4. Орта бірлесуден гөрі, көбіне бәсекелестікке бағытталған болады.

Шоғырландырылған әңгіме/ талқылау барысында байқалатын жайлар:

1. Айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әрқайсысы механикалық түрде келісім беруі;

2. Әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілгенімен, алайда  оған қатысушылардың өзгелер ұсынған қандай да болсын  идеяларды төзімділікпен қарастыруы;.

3. Идея қайталанады және жасалады, бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді.

Зерттеушілік әңгіме/талқылау жүргізілу үстінде:

1. Әркім тақырыпқа сай мәлімет ұсынады;

2. Әркімнің идеясы назар аударуға лайық бағаланғанымен,  бірақ мұқият бағалау жүрі;

3. Қатысушылар бір-біріне сұрақтар қояды;

4. Қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді, осылайша әңгімеде дәлелдеме  «көрінеді»;

5. Топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады (олар келісімге  жетуі де, жетпеуі де мүмкін, ең бастысы –  келісімге ұмтылу).

Тиімді сабақ беру және оқыту интерактивті әңгімемен бекітіледі. Бірлескен топтық жұмыс барысында оқушылар білім ала, түсіністікке жете, сондай-ақ олар алған тапсырмаларды қарастыру және бағалауда маңызы мен сұрақтарды тұжырымдай, нұсқаларды қарастырып, өзінің жеке оқуы үшін жауапкершілік пен елігу сезімін дамыта алады. Оқушылар тиісті түрде топтарға бөлінген кезде, олар сұрақты, талқылауларды, негіздеулерді, ойлауды, сұрақтар қою және жорамалдауды зерттеу үшін тілді жиі пайдаланады. Оқушылар топтағы жұмыс мақсатын түсінуге және бірлескен жұмыстың артықшылықтарын бағалауы тиіс. Олар топтағы жұмыс ережесін білуге және дамытуға,  жеке және ұжымдық жауапкершілікті сезінуге тиіс. Мұғалімдер жауап реакциясының әртүрлі түрлерін анықтайтын тапсырмалардың бірнеше түрін білуге, сондай-ақ әрбір жеке мақсат үшін топтық ұйымдастыру түрін іріктеуге тиіс. Бәрінен бұрын, мұғалімдер сыныпта оқушылармен интерактивті тілдесу арқылы тиімді әңгіме үлгісін жасай алатын, оқыту үшін зерттеуге және өзара ынтымақтастыққа ықпал ететін жағдай жасауға міндетті.

          Біз осы тұрғыда оқушының сабақты меңгеруін топта талқылап, талдау жасаймыз. 7-«А» сыныбында «Өсімдіктер мен Жануарлар» тақырыбында  оқушылар топтарда жұмыс жасап, дерек қоры ретінде өздерінің топ мүшелерін жазумен байланыстырды. Маған оқушылардың өз көзқарастарын диалогты оқытуда дәлелдеуге, уәждерін сенімді жеткізуге жұмыс жасағандары, тақырыпты ашуда,суреттерді сабақ барысында  жасап  қорғағандары ұнады. Бұл оқушылардың  бағдарламаларын жетік меңгергенін, және топпен жұмыс  жасағандығын көрсетті.

Осы ретте диалог оқыту  тұрғысынан ойлау әдісі арқылы бағалау сабағымда оқушылар арасында:

· белсенді шығармашылықты ойлауға ;

·    мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға, бір-біріне құрметпен қарауға, бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынас жасауға;

·    өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;

·    достарының ойын тыңдап, мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуге ;

·    өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға негізі  қаланды.

    Диалогты  оқытуда   ойлау әдісі мен тәжірибемдегі бағалауда пайдаланған сабақтарды дәстүрлі сабақтармен салыстырғанда, білім сапасына да оңды өзгерістер әкелгендігін байқадым.

  Жалпы диалогты бағалауда оқытудың келесі қадамындағы ұсыныстар:

· Оқушылар күні бұрын берілген тапсырма мен сабақ үстінде берілген тапсырмалармен қосымша ізденіп, өз бетімен дайындалу;.

· Оқушы ой қиялының дамуына, пікір айтуына  еркіндік берілу;

· Өз өміріне , қоршаған ортаға сын көзбен қарауды үйрену;

· Өзгенің пікірін тыңдап, оған өз көзқарасын қоса білуге үйрену;

· Шыншылдық, әділдікке дағдылану;

· Өзгенің пікірімен санасу;

· Әр түрлі шығармашылық жұмыстарға дағдылану;

· Өз пікірін қорғай дәлелдей алу;

· Топпен жұмыс істеуге үйрену;

· Өзінің жан дүниесін тәрбиелеп, «меңін» қалыптастыру.                       

Қорыта келгенде, қазіргі кездегі мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшаңдықты, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті, өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қана қоймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу қабілеттілігін қажет етеді. Сондықтан оқушының әрбір жұмысын  диалог оқыту талқылап, баға беру арқылы алға жетелеу қажет деп ойлаймын.