Қазақстандағы бірұлтты және ұлтаралас некелер тарихының зерттелуі

Сарсенбай Д.А.

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті,

Шымкент, Қазақстан

E-mail: gulotar@rambler.ru

 

Тəуелсіз Қазақстанда неке жəне отбасы жағдайы тарихи-этнографиялық жəне этносоциологиялық зерттеулерді қажет етеді. Отбасы мен неке тағдыры қандай болмасын қоғамдық құрылыспен, ондағы өндірістік қатынаспен тығыз байланыста боладыда, əлеуметтік өзгерістер отбасымен неке сипатына əсер етіп, жаңарып отырады. Қазақстанның болашақта тұрақты дамуы үшін неке жəне отбасы жағдайы тұрақты болуы қажет, сонымен қатар бұл үдеріс қоғамның дамуына əсер етеді. Полиэтникалық құрылым жағдайында этнос дамуы үшін отбасының дамуы ерекше. Қазақстан сияқты көп ұлтты мемлекетте отбасының даму заңдылығын зерттеу отбасының бірұлтты жəне ұлтаралас сияқты түрлері мен типтерін, күнделікті өмірге өз əсерін тигізуін, ұлтаралас некенің аймағын, этникалық құрылымын зерттеу маңызды.

Қазақстандық этнографтар арасында отбасы функциялары заңдылығын зерттеу, басқа əлеуметтік жүйелермен байланысын талдау, отбасы құрылымы мен туысқандық байланыстарға бұл жүйелердің əсерін анықтау, отбасы-некелік қатынаста дəстүрді түсіну үлкен ғылыми қызығушылықты үнемі туғызып келген.

Қазіргі тандағы отбасыларында этникалық ерекшеліктің белгілі мөлшерде сақталуын аңықтауда этнологтар мен этноəлеуметтанушылар отбасы құрылымы мен отбасы-тұрмыстық қатынаста көңіл бөледі. Отбасы төңірегінде буындар арасындағы этномəдени трансмиссия, этникалық бірліктің өңделуі зерттеледі. Сонымен қатар этникалық ерекшелік есебінде неке құрылымы, ішкі отбасылық қатынас, отбасы құрылымы, бала туу динамикасы қаралады.

Ұлтаралас некенізерттеу барысында кең көлемде этнодемографиялық жəне этносоциологиялық үдерістерді айқындауға болады. Ұлтаралас процестер мен этномəдени сипат, оның динамикасын, отбасы-неке қатынасының қазіргі қоғам дамуындағы орнын анықтауға мүмкіндік береді [1].

Осы көрсетілген бірқатар мəселелерді зерттеуде Отандық этнография ғылымының қазіргі табыстары қоғам дамуы мен этнография тарихын зерттеушілерге аса құнды, жаңа деректер беріп отыр.

Бірұлтты жəне ұлтаралас некелерді зерттеу мəселесіне қатысты зерттеулерді тарихнамалық тұрғыдан алғанда шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады:

Бірінші – Отарлық кезеңі – XVIII ғасырдан – 1917 ж. дейін.

Екінші – Кеңес кезеңі – 1917–1991 жж.

Үшінші – Тəуелсіздік кезеңі – 1991 жылдан күні бүгінге дейін.

Бірінші кезең қазақ этнографиясының қалыптасу кезеңімен ұштасады, сонымен қатар қазақ халқы этнографиясы бойынша аса құнды тарихи-этнографиялық деректер жиналғанымен олардың түпкі дені отарлау мақсатымен ұштасып отырды. Қазақ халқының отбасы жəне неке мəселесін көптеген ғалымдардың зерттеуі, біріншіден XVIII ғасырдағы Ресей əкімшілігінің қазақ халқының тарихы, этнографиясы, географиясы, жер астындағы байлықтары жөнінде білу мақсатында болса, екіншіден ғылыми қызығушылықтың тууынан басталды.

XVIII–XX ғасырдың басында Қазақстанның əр аймақтарындағы қазақ қауымының өмірін баяндаған еңбектер жарияланды. Қазан төңкерісіне дейін қазақтардың некелесу мен үйлену салттары жөнінде Ы. Алтынсарин, М.Н. Бекимов, Ш. Уəлиханов, А.А. Диваев, А.Е. Алекторов, Р. Карутц, М.А.Леваневский, А.И. Левшин, Г.И. Спасский қалам тартқан болатын [2]. Олар қазақ қауымы арасындағы құдандаласуға, қызға төленетін қалың малдың құрамы мен мөлшеріне, қалыңдық жасауына кіретін бұйымдарға, неке қию рəсіміне жан-жақты талдау жасаған. Мысалы, А.Е. Алекторов өз еңбегінде отбасындағы қарама-қайшылыққа, ажырасу себептеріне, ажырасу процесіне тоқталған болса, М.Н. Бекимов өз еңбегінде Орал облысы қазақтарындағы үйлену дəстүрі жөнінде баяндаған [3].

XX ғ. Басында Түркістан аймағында қазақтарға этнографиялық тұрғыдан зерттеу жүргізіп, қазан төңкерісіне дейін 130 еңбек жариялаған Ə.А. Диваев болатын. Оның еңбектерінен қазақ өмірінің алуан қыры жайында қызықты деректер, соның ішінде үйлену тойына байланысты əдет-ғұрыптар жөніндегі деректерді табуға болады.  Автор қазақ ауылдарына үнемі барып, этнографиялық мəнді деректерді жинады. Еңбектерінің ішіндегі бізге мəндісі Сырдария облысы қазақтарының некелесу дəстүрі жөніндегі зерттеу жұмысы [4].

Екінші Кеңес кезеңі 1917–1991 жж. қамтиды жəне ол этнографиялық, жалпы тарихи зерттеулерге кеңес идеологиялық қысымымен сипатталады. 1926–1930 жылдар аралығында қазақ отбасымен некесіне байланысты Б.Куфтин, В. Соколовскийдің, А. Штуссер, С.И. Руденко, Ф. Фиельструп, И.Д.Старынкевичтердің шағын еңбектері шықты [5]. Көптеген мақалалар отбасындағы əйел роліне, ішкі отбасылық қатынасқа, отбасындағы міндеттерді бөлудің ескерілуіне, қалың мал алудың қарапайым халық үшін ауырлығына арналды.

Ал, қазақстандық ғалым Х. А. Арғынбаевтың пікірінше әр қоғамдық формациядағы әлеуметтік өзгерістер отбасы мен некелік өмір сипатына да әсер ете отырып,  өзгереді және жаңарады деп тұжырымдалады [6]. Жоғарыда айтылып отырған бұл жағдайлар отбасы мен неке өміріндегі  мәселенің, оның дамуындағы тарихының үлкен қоғамдық мәселелер екендігін айқындай түсетіні анық. Мұны зерттеу ісіндегі ғылым алдындағы аса жауапты, өте қажетті, әлеуметтік мәні бар үлкен мәселенің бірі болып есептелінеді.

Отбасындағы ерлі-зайыптының бірлігі, ынтымақтастығы мен сүйіспеншілігі, татулығы мен өмірге деген жаңа және қызығушылық көзқараспен қарауы, бір-біріне жылы сезімі мен қамқорлығы, ата-анаға деген ізеттілігі, олардың өзара адамгершілік қарым-қатынастарын байытады.

Жоғарыда атап өткендей мұндай үйелмендік өмір балаларға өнеге көрсететін, қуаныш пен шаттықа бөлейтін ұстамды, берік, бірлікті, баянды, бақытты әлеуметтік отбасына айналуы тиіс. Қазақ халқында қазіргі кезеңнің өзінде де балаларды болашақ үйелмендік өмірге яғни болашаққа нық сеніммен қарауға, өзіне деген болашағына деген сенімділікпен қарауға даярлау — ана мен әкенің тікелей борышы болып есептелінеді [7].

Біз зерттеп отырған мəселенің діни жəне дүниетанымым бағытын 1990 жж. Р.М. Мұстафина, А.К. Султангалиева, Г.М. Сыздықова, Н.Ж. Шаханов жазған болатын. Бұл еңбектер де мұсылмандық тəртіптің қалыптасуы мен таралуына тарихи-этнографиялық талдау жасалған. Неке жəне отбасы, отбасылық əдет-ғұрыптар мен ішкі отбасылық қатынасты зертеуде Д.Б.Ескекбаев 1984–1991 жж. Орынбор облысынан жиналған этнографиялық материалдарды талдай отырып, осы өңірдегі қазақтарға тоқталады. Орал аумағындағы қазақ жəне башқұрт этностарына тоқталып, екеуінің неке жəне отбасы дəстүріндегі ұқсастыққа, тілдік ортақтыққа көңіл бөледі [8].

1998ж. Ш.Уəлиханов атындағы Тарих жəне этнология институты ұйымдастыруымен бүкіл Республика облыстары бойынша фронталды этномəдени кешенді зерттеулер өтті. Нəтижесінде қазақ этнографиясының түрлі салаларымен қатар бірұлтты жəне ұлтаралас некелер мəселесі зерттелді. Орта Азиядағы қазақтардың отбасы мен некесін зерттеуде Б.К. Қалшабаеваның үлесі зор. Автор 2000–2002 жж. ел арасынан жинаған мəліметтерге сүйене отырып, Қарақалпақстандағы қазақтардың қыз ұзату, келін түсіру дəстүріндегі ерекшеліктерге тоқталады. 2003 ж. Ж.Т. Ерназаровтың қазақ отбасы дəстүрлеріндегі символикалық мəні туралы еңбегі жарық көрді [9].

2005 ж. Ш.Ш. Уəлиханов атындағы Тарих, археология жəне этнология институты «Қазақ халқының дəстүрлері мен əдет-ғұрыптары» атты этнографиялық мақалалар жинағының бірінші томын шығарды [35]. Мақалалар аймақтық ерекшеліктерге байланысты Қазақстанды толық қамтыды. Мəселен: С. Əжіғали мен Н. Байғабатова Жетісу қазақтары, М. Ибраев Сарыарқа қазақтарының салт-дəстүр ерекшелігіне тоқталса, Ү. Қыдыралин Батыс Қазақстан, А. Құдайбергенова мен Қ. Бекбалақ Оңтүстік Қазақстан қазақтарының əдет-ғұрпындағы ерекшелігін талдады.

2006 ж. Ш.Ш. Уəлиханов атындағы Тарих, археология жəне этнология институты «Қазақ халқының дəстүрлері мен əдет-ғұрыптары» атты этнографиялық мақалалар жинағының екінші томын шығарды [10]. Еңбекте Кеңес дəуіріне дейінгі авторлар мен зерттеушілердің отбасылық қазақ салт-дəстүрлері туралы еңбектері жарияланды. Бұл кітап бірінші томның сабақтас жалғасы болып табылады.

Əсіресе, біз үшін үйлену салттарына байланысты тарауы құнды болып есептелінеді. З.А. Жаназарованың монографиясы «Современная семья в Казахстане и ее проблемы» деп аталады. Отбасының теориялық-методологиялық мəселелеріне арналған. Онда қазіргі некеге отыру мақсаттары, неке тұрақтылығына əсер ететін факторлар, ажырасу себептері, қазіргі отбасылар түрлерін толық қамтыған [11].

Бұл еңбек біз зерттеп отырған мəселеге əлеуметтік тұрғыдан жауап береді. Монографияның үшінші бөлімі қазіргі Қазақстандағы отбасылық мəселелерге арналған. Республика халқының, қала жəне ауыл тұрғындарының ұлттық құрамы мен əлеуметтік дамуындағы түрлі мəсəлелерді жете түсіну үшін отандық тарихшы-демографтардың нақтылы зерттеулеріне үлкен мəн беру керек. Қазіргі кезеңдегі əлеуметтік жəне этнодемографиялық процестерді зерттеумен айналысып жүрген ғалымдардың арасынан Ф.Н. Базанова, М.Б.Тəтімов, О.И. Исмагулов, М.Х. Асылбеков, В.В. Козина, Ə.Б. Галиев, А.Н. Алексеенко жəне т.б. ғылыми ізденістерін ерекше атап өткен жөн. Қазіргі таңда Қазақстандағы бірұлтты жəне ұлтаралас некелерді зерттеу мəселесі жас ғалымдар іздеңістерінде жалғасын табуда [12].

Салт-дәстүр, ұлтаралас некеге отыру, ішкі отбасылық қатынас, ажырасқан отбасылардағы балалардың жағдайын қарастыруда ел арасынан жинаған этнографиялық және этносоциологиялық материалдар кең қамтылды. Ұлтаралас некеге отыру объективті және субъективті факторларға байланысты түсіндіріледі. Біріншіден, республикамыздың тарихи, этномәдени дамуының нәтижесі. Бұл жылдар, ғасырлар бойғы Қазақстан халқының көпұлтты мемлекетке айналуы. Ол түрлі этникалық, антропологиялық, мәдени-тұрмыстық көрсеткіштерді бойына сіңрген көптеген этностардың араласу орталығына айналды. Ұлтаралық қатынасты дамыту үшін мемлекет ұлттар арасындағы бірлікті нығайтты. Бұл шығу тегі, діні, мәдениеті жақын этностардың (шығыссловян халықтары орыс, украин, белорус немесе түркі тілдес халықтардың арасындағы қазақ, өзбек, татар, ұйғыр арасындағы) ұлтаралас отбасын құруына  әкелді. Этномәдени көрсеткіштері қарама-қайшы европалық этноспен түркі этносынан құралған отбасылардың тұрақты неке құруы қиын. Себебі, жұбайлардың отбасылық тәрбиесі, мәдени құндылықтары екі бөлек. Керісінше, туысқан этностармен құрған ұлтаралас отбасының тұрақты болуы әбден мүмкін. Екіншіден, саны жағынан аз этностардың неке құруда өз этносының өкілінен екінші жұбын таңдаудағы шектеулік. Кеңестік саясат негізінде күшпен Қазақстанға көшірілген басқа ұлт өкілдері  саны аз болғандықтан басқа ұлт өкілдерімен некеге отырады. Үшіншіден, махаббат, рухани қажеттілік сияқты субъективті факторлардың болуы.

Қазақстанның бүгінгі таңда өзгермелі, даму шаралары үстіндегі әлеуметтік жағдайында отбасының даму процесін бақылап отыру және жас ұрпақты отбасылық өмірге деген жағымды көзқарастарын туындатуды ескере отырып жүзеге асыру өте маңызды шарттардың бірі болып есептелінеді. Жастарға болашақтағы отбасының не екенін, оның қандай түрлері болатындығын, жас отбасының қандай әлеуметтік қызмет атқаратынын, сол қызмет тарихи процессте, қалыпты жағдайларда қалай өзгеріп отыратынын және отбасы мәселелерінің даму болашағы қандай екенін білмей, болашақ отбасы иелерін даярлауда тиімді ықпал етуге болмайды.

 

Әдебиеттер:

1.     Қазақстан Ұлттық энциклопедия. Алматы, 2005. Т.7. 144-147 бб.

2.     Алекторов А.Е. Қазақтардың некеге тұруымен үйлену салттары//Қазақ халқының дəстүрлерімен əдет-ғұрыптары. Ш.Ш.Уəлиханов атындағы тарих жəне этнология институты. Алматы, 2006. – Т. 2. 18 - 24 бб.

3.     Бекимов М.Н. Қазақтардың үйлену дəстүрі: Орал, 1991ж. 125-132 бб.

4.     Диваев Ә.А. Сырдария облысы қазақтарының үйлену рәсімі туралы бірнеше сөз // Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. – Алматы: Арыс, 2006. – Т. 2. – 202-208 бб.

5.     Кисляков Н.А. Очерки по истории семьи и брака у народов Средней Азии и Казахстана. Л.: Наука, 1969. – С.48-54

6.     Арғынбаев Х.А. Қазақ отбасы. – Алматы: Қайнар, 1996. – 288 б.

7.     Қалиев С., Оразаев М., Смайылова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлері: оқу құралы. - Алматы: Рауан, 1994. - 220 б. 

8.     Шаханова Н.Ж.Символические аспекты традиционной свадебной трапезы казахов // Этнографическое изучение знаковых средств культуры. – Л.: Наука, 1989. С.– 297

9.     Ерназаров Ж. Семейная обрядность казахов: символ и ритуал. – А., 2003.    С.99-105

10. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институты «Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары»  атты этнографиялық конференция// Алматы – 2006. –Т.2 , 48-52 бб.

11. Жаназарова З.Ж. Современная семья в Казахстане и ее проблемы. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – С.257 - 264

12. Оңтүстік Қазақстандағы ұлтаралас отбасы тұрақтылығына әсер ететін факторлар // ҚазҰУ Хабаршысы. – Тарих сериясы. – 2003. – № 1 (28). – 151-159 бб.