Рустемова Актолкын
Представительство АО «Сэнко» в г.Алматы, Казахстан
Жапон тіліндегі сөйлеуге қатысты пайдаланылатын еліктеуіштер
Еліктеу сөз табына жататын сөздер адамды қоршаған
табиғат құбылыстарының және айналадағы
заттардың қозғалуынан шыққан дыбыстарға
еліктеуден немесе адамның түрлі жағдайға байланысты
әрекетіне, қозғалысына қатысты
көріністердің, сонымен бірге желдің гуілі, жапырақтың
сыбдыры, найзағайдың жарқылдауы, күннің
күркіреуі, өзеннің сылдырап ағуы, заттардың
құлап түсуі, домалауы, соқтығысуларына еліктеуден
пайда болған мән-мағынаны білдіретін ұғым
атаулары, сол сөздердің жиыны.
Еліктеу сөздер тобына жататын сөздерді жапон тілінде
«гисейго» немесе «ономатопе» деп атайды. «Ономатопе» мағынасы
жағынан өз ішінде «гионго» жне «гитайго» деп екіге бөлінеді.
«Гионгоның» қазақ тіліндегі баламасы дыбыс еліктеуіштері
болса, «гитайгоның» аудармасы бейнелеуіштер болады.
Сөйлеуге,
айғайлауға, ұрысуға қатысты пайдаланылатын жапон
тіліндегі еліктеуіш сөздерді - өзара қатты айғайлау, ұрысу, ақырын
сөйлеу деп үш топқа бөліп қарастырсақ
болады.
Қатты
айғайлаған дауысты жапон тілінде төмендегідей «гионголармен»
береді:
ぎゃーぎゃー бір нәрсеге қатысты
өзінің қарсылығын, яки көңілі
толмағандығын білдіріп, өзінің талаптарын қойып,
қатты дауыстап сөйлеу, айғайлау
「今に持って行くから、ギャーギャー騒がねで」
ぴーちくぱーちく қатты
дауыстап, айғайлап ұрысу
「その大切な時間にピーチクパーチク騒がれては何も出来ない歯しない」
わいわい
қатты дауыстап жылау, айғайлау
「母親がだらしのない、大きな声でワイワイと泣きかけたが」
Бұлардың
қазақ тіліндегі баламасы ретінде «баж-баж» деген дыбыс бейнелеуiш
келеді.
Өткір,
жіңішке дауыспен ұрысуды білдіретін жапон тіліндегі
гионголарға мыналар жатады:
きゃんきゃん айғайлап ұрысқан дауыс. Кенеттен ұрыса
жөнелген өткір дауыс
「あれめがキャンキャン言ふのが聞こえるやうだけれど」
きんきん металл сияқты, кенеттен шыққан, шұғыл,
өткір дауыс не дыбыс
「キンキン声」、「金の棒みたいなものをキンキンならしては」、「声は、キンキン鳴らして、一向、凄味がないが、こういう目に生まれて始めて遇った駒子は」
Қазақ
тілінде бұлардың баламасы «шаңқ-шаңқ»,
«шіңк-шіңк» болып табылады.
Ақырын
ғана сыбырлап сөйлеуді білдіретін гионголар жапон тілінде аз емес:
こそこそ
айналадағы адамдарға естіртпей, сыбырлап сөйлеу
「やほがピシピシ応対していると、父が出て来てその子とコソコソ囁きごとをする」
ひそひそ адамдарға
естіртпеc үшін, тығылып, ақырын, сыбырлап сөйлеу
「ヒソヒソ声」、「めしたきが出入の車夫とひばしを挟んでヒソヒソ何か話していた」
ぼそっ
ақырын ғана, бір ауыз сөз айту, сыбырлау
「「ここにいるよ」と、二階を見上げて、ボソッとした口調で云った」
ぼそぼそ
әлсіз шыққан дауспен ақырын сөйлесу,
әңгімелесу
「ボソボソ二人のうわさをして居る声がする」
Қазақ
тілінде бұл еліктеуіштерді «сыбыр-сыбыр» деп аударуға болады.
Сөйлеуге
қатысты басқа гионголар да жоқ емес:
ぐじぐじ ренішін, яки ұнатпағандығын анықтап естіртпей
сөйлеу, бұрқылдау, қазақ тілінде
«бұрқ-бұрқ», «күбір-күбір»
「其跡を、グヂグヂと仰られてお帰りなされた」
ぐちぐち сөйлесе
де өзінің ойын анық айта алмай,
мыңғыр-мыңғыр ету
「何かグチグチ言おうものなら置き撃ち殺されてしまいますよ」
ふがふがтістерінің
толық болмағандығы себебiнен, сөйлеген кезде аузынан,
яки мұрнынан демнің, дыбыстың шығып кетіп,
түсініксіз сөйлеуi
「すると彼女がフガフガ声でいった」
れろれろ
тілі жаңадан шыққан баланың былдыр-былдыр сөйлеуі
「たるるよたれの糸の長日 青やきのみとり子おもふレロレロに」
Қорытындылай
келе, сөйлеуге қатысты қолданылатын жапон тіліндегі 13
гионгоға қазақ тілінде 8 сәйкестік табылды, дегенмен
онын ішінде 3-і еліктеуіш сөз болса, 5-і бейнелеуіш сөздер.
Мұндағы еліктеуіштер «сыбыр», «шаңқ-шаңқ»,
«шіңк-щіңк» болса, бейнелеуіштер «күбір-күбір»,
«баж-баж»,
«мыңғыр-мыңғыр»,
«бұрқ-бұрқ», «былдыр-былдыр» болып табылады.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1. 小野正弘「擬音語擬態語4500 日本語オノマトペ辞典」小学館2007
2. デジタル大辞泉、逆引き検索対応、小学館
3. 丹野 眞智俊 「Onomatopoeia(擬音語擬態語)に関する音韻分節」Kobe Shinwa
Women's uiversity, NII-Electronic Library Service
4.
藤沼貴 和露辞典 研究社 2000
5.
Ш.Сарыбаева. Қазақ тіліндегі еліктеуіш
сөздер. – Алматы, 1960