Инаятулла М.

Нұр-мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Қазақстан

Қыдырбаев Қ.А.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан

ӘЛ-ХАЛИЛ ИБН АХМАДТЫҢ «ӘЛ-АЙН» ЕҢБЕГІНДЕГІ

ДЫБЫСТАРДЫҢ ЖАСАЛУ ОРНЫ

 

Әл-Халил ибн Ахмад әл-Фараһиди «хаиз» (حيز), «мәдраж» (مدرج), «махраж» (مخرج) сөздерін алғаш қолданған. Әл-Айн кітабының кіріспесінде әл-Халил: «في العربية تسعة وعشرونَ حَرْفا: منها خمسة وعشرونَ حَرْفاً صِحَاحا لها أحياز ومدارج، وأربعة أحرف جُوْف وهي: الواو والياء والألف اللَّينَة والهمزة، وسُمِّيَتْ جوفاً لأنها تَخْرُجُ من الجوف فلا تَقَعُ في مدرجة من مدارِج الَّلسان، ولا من مدارِج الحَلْق، ولا من مدرِج اللهاة، إنَّما هي هاوية في الهواء فلم يكن لها حَيز تُنسب إليه إلا الجَوْفَ.», – деген [1, 52 б.], [2, 44 б.].  «Махраж» (مخرج) сөзі алдыңғы екі сөзге қарағанда азырақ қолданылған. Бұл сөзді жоғарыдағы мәтінде «тахружу» (تخرجُ) деп етістікпен қолданған, сондай-ақ осы кіріспеде: «وأمَّا مَخْرَج الجيم والقافِ والكافِ فمن بين عُقدة اللَّسان وبين اللَّهاة في أقصى الفَم
وأما مَخْرَجُ العَيْنِ والحاء والهاء والخاء والغين فَالْحَلْقُ.
», деген [1, 58 б.].

Әл-Халил ибн Ахмад «хаиз» (حيز) термині арқылы бірнеше дыбыс жасалатын орынды білдірген тәрізді. Оған автордың «الطاء والدال والتاء في حيز واحد», – деген сөзі дәлел [1, 57 б.]. Ал «мәдраж» (مدرج) термині арқылы дыбыстың басталар орнын, яғни іштен шыққан фонациялық ауаның кедергіге ұшырау жолының басталған орнын білдірген. Сондықтан ол «жуф» (جوف) дыбыстарға: «فلا تَقَعُ في مدرجة من مدارِج الَّلسان، ولا من مدارِج الحَلْق، ولا من مدرِج اللهاة، إنَّما هي هاوية في الهواء»,деген. «Махраж» (مخرج) термині арқылы өкпеден шыққан ауаның нақты кедергіге ұшыраған жерін білдірген. Оны автордың «وثلاثة شفوية: ف ب م، مخرجها من بين الشَّفَتيْن» [1, 51 б.] дегенінен байқаймыз.

Әл-Халилдің шәкірті Сибауәйһи де осы терминдерді қолданды. Алайда ол «махраж» (مخرج) сөзіне (терминіне) көбірек арқа сүйеді, сонымен қатар осы сөзге синоним ретінде «маудиғ» (مَوْضِع) [3, 433 б.], [3, 434-436 б.], [3, 464 б.], [3, 486 б.], [3, 453 б.], [3, 461 б.], [3, 479 б.] терминін қолданысқа енгізді. Ибн Яғиш  «махраж» (مخرج) терминіне: «(Жасалатын) дыбыстың аяқталатын жері» [4, 125 б.] деп түсіндірме берген.

Қазіргі фонетист ғалымдар да «махраж» (مخرج) терминіне бірнеше түсінік берген. Олардың айтқан түсініктемелері ортағасырлық ғалымдардың айтқан түсініктемелеріне өте жақын, тіпті бір деуге болады. Кей ғалымдар: «المَخْرج أو المُخْرَج هو الموضع من الفم ونواحيه الذي يَخرج أو يُخْرج منه الحرف», яғни «махраж» (مَخرج) немесе «мухраж» (مُخرج) дегеніміз дыбыс шығатын (жасалатын) ауыз және оның қуысындағы орын» [5, 11 б.], деп түсініктеме берген.

Демек, «махраж» (مَخرج) – арасынан фонациялық ауа өту үшін екі дыбыстау мүшенің түйісіп, дыбыс жасалатын орын.

Қазіргі ғалымдар әл-Халил қолданған осы «махраж» (مَخرج) терминінің орнына жүретін өзге термин тапқан емес. Мухаммад әс-Сағран: «Ортағасырлық арабтардың «махраж әл-харф» (مخرج الحرف) деп атағанын қазіргі еуропа ғалымдары «мадиғ ән-нутқ» (موضع النطق) деп жүр» [6, 181 б.], – деген.

Ол дыбыстардың жасалу орнын анықтау әдісін үйреткенде аузын әлифпен «ا» деп ашып: «ابْ، اتْ، احْ، اعْ، اغْ» [1, 7 б.] деп дыбыстап түсіндірген. Ол дыбыстардың жасалу орнын харакатсыз позициясында, яғни сукунделген жағдайда анықтаған. Өйткені әртүрлі харакаттар дыбыстардың жасалу орнын әртүрлі дәрежеде ауытқытуы мүмкін. Ибн Жинни бұл әдісті: «Егер дыбыстың өз әуенін білгің келсе, оны харакатсыз, сукунмен дыбыстау керек. Өйткені харакаттар дыбысты өз жасалу орнынан ауытқытып жібереді. Сондай-ақ, алдынан харакаты кәсралы «һамзату-л-уаслды» жазу керек. Өйткені сукунмен сөз бастау мүмкін емес. Сонымен, اِكْ، اِقْ، اِحْ деп өзге де дыбыстарды осылай айтып шығасың» [7, 6-7 б.], деген.

Демек, әл-Халил ибн Ахмад дыбыстардың жасалу орнын «махраж» (مَخرج) деп атаған және оны анықтау әдісін ойлап тапқан алғашқы ғалым.

Әл-Халил ибн Ахмад көмей мен ерін аралығындағы дыбыстау мүшелерін анықтап, араб тіліндегі жиырма тоғыз дыбыстың жасалу орындарын нақтылады. Дауысты дыбыстарды дауыссыз дыбыстардан ажыратып,  дауыссыз дыбыстарды «сихах» (صحاح), дауысты дыбыстарды «жуф» (جوف) деп атады. Әл-Халил: «في العربية تسعة وعشرونَ حَرْفا: منها خمسة وعشرونَ حَرْفاً صِحَاحا لها أحياز ومدارج، وأربعة أحرف جُوْف وهي: الواو والياء والألف اللَّينَة والهمزة، وسُمِّيَتْ جوفاً لأنها تَخْرُجُ من الجوف فلا تَقَعُ في مدرجة من مدارِج الَّلسان، ولا من مدارِج الحَلْق، ولا من مدرِج اللهاة، إنَّما هي هاوية في الهواء فلم يكن لها حَيز تُنسب إليه إلا الجَوْفَ» [1, 58 б.], дейді.

        Әл-Халил дыбыстардың жасалу орнын көмейден бастап: «فأقصي الحروف كلها العين ثم الحاء ولولا بَحَّة في الحاء لأَشْبَهَت العْيَن لقُرْب مَخْرَجها من العَيْن، ثم الهاء ولولا هَتَّة في الهاءِ، وقال مَّرة "ههّة" لأَشْبَهَت الحاء لُقْرب مَخْرَج الهاء من الحاء، فهذه ثلاثة أحرف في حَيِّز واحد بعضُها أرفع من بعض ثم الخاءُ والغَيْن في حيِّز واحد كلَّهُنَّ حلقية», яғни «Көмейдің ең тереңінен айн (ع) дыбысы, сосын ха (ح) дыбысы жасалады. Егер ха (ح) дыбысының аздап қырылы болмаса, жасалу орны айн (ع) дыбысына жақын болғандықтан ол айн (ع) дыбысына ұқсас дыбысталар еді. Содан кейін һә (ه) дыбысы жасалады. Егер һә (ه) дыбысында жұмсақтық болмағанда, жасалу орны ха (ح) дыбысына жақын болғандықтан ол ха (ح) дыбысына ұқсас дыбысталар еді. Осы үш дыбыс бірінен бірі азын-аулақ ілгері не кейін орналасқанын елемегенде жасалу орны бір болып табылады. Сосын ха (خ) және ғайн (غ) дыбыстары бір жерде жасалады. Бұл дыбыстардың барлығы көмей дыбыстары» [1, 57-58 б.], – дейді. Тағы бір жерде: «فالعين والحاء والخاء والغَيْن حَلْقيّة، لأن مبدأها من الحَلْق», яғни «айн (ع), ха (ح), һә (ه), ха (خ), ғайн (غ) дыбыстары көмейлік дыбыстар, өйткені бұл дыбыстардың жасалуы осы көмейден басталады» [1, 58 б.], [8, 17 б.] – дейді.

Демек Әл-Халилдің пікірінше көмей дыбыстарының (حروف الحلق) реті мынадай: ع، ح، هـ، خ، غ.

Ал Сибауәйһи көмейдің өзін көмей түбі (أقصاه), көмей ортасы (وسطه) және көмей үсті (أدناه) деп үшке бөліп қарастырады. Ол: «көмейдің үш жерінде дыбыстар жасалады. Көмей түбінен (أقصاه) һамза (ء), һә (ه), әлиф (ا) дыбыстары, көмей ортасынан (وسطه) айн (ع), ха (ح) дыбыстары, көмей үстінен (أدناه) ғайн (غ), ха (خ) дыбыстары жасалады» [3, 433 б.], – дейді.

Һамзаға байланысты Сибауәйһи ұстазы әл-Халилге еліктеп: «Һамзаның жасалу орны көмейдің төменгі бөлігі» [3, 433 б.], – деген.

Әл-Халил сөздігін һамзамен бастамаған себебі бірінші тарауда айтқанымыздай, былай түсіндіреді: «Һамза (ء) дыбысымен бастамаған себебім бұл дыбыс бірде түсіп қалады енді бірде өзгеріске ұшырайды. Әлифпен (ا) бастамаған себебім, өйткені бұл етістіктер мен есімдердің басында көбінесе қосымша дыбыс болып келеді. Һә (ه) дыбысымен  бастамаған себебім, бұл дыбыс анық естілмейтін үнсіз дауыссыз дыбыс. Сондықтан одан кейінгі жасалу орнына көтерілдім. Ол жерде айн (ع), ха (ح) дыбыстары жасалады. Еңбегімнің (атауы) жақсы болу үшін сөздікті айн (ع) дыбысынан бастауды дұрыс көрдім» [9, 90 б.].

Бұл мысал әл-Халилдің һамзадан бастамауға сылтау болған негізгі дәлел болып табылады. Ал лабороториялық зертханаға жүгінген қазіргі фонетист ғалымдардың бір тобы һамза (ء) дыбысынының жасалу орнын көмей түбі (أقصى الحلق),  енді бір тобы желбезектік (الحنجريّ) деп көрсетуі [10, 23 б.] олардың пікірі әл-Халил мен Сибауәйһидің пікірімен астасып жатыр деуге болады.

Әл-Халилдің «وأما الهمزة فمخرجها من أقصى الحلق», яғни «һамза (ء) дыбысының жасалу орны көмейдің түбінде» деуі арқылы һамзаның (ء) жасалу орнын алғаш рет анықтағанын көреміз. Сибауәйһи және одан кейінгі өзге де ғалымдар жұмыстарында әл-Халилдің пікірін негізге алған.

  Әл-Халил: «في العربية تسعة وعشرونَ حَرْفا: منها خمسة وعشرونَ حَرْفاً صِحَاحا لها أحياز ومدارج، وأربعة أحرف جُوْف وهي: الواو والياء والألف اللَّينَة والهمزة، وسُمِّيَتْ جوفاً لأنها تَخْرُجُ من الجوف فلا تَقَعُ في مدرجة من مدارِج الَّلسان، ولا من مدارِج الحَلْق، ولا من مدرِج اللهاة، إنَّما هي هاوية في الهواء فلم يكن لها حَيز تُنسب إليه إلا الجَوْفَ» [1, 57-58 б.], деп, әлифті (ا) «жуф» (جوف) дыбыс деп атаған және «الألف اللينة ووالواو والياء هوائية أي أنها في الهواء» [1, 57-58 б.] деп, әлифті (ا) «лин» (لين), яғни «жұмсақ», уау (و) мен йайды (ي) «ауалық» (هوائية) дыбыс деген.

Бұдан Әл-Халил әлифтің (ا) жасалу орнын дыбыстау мүшелерінің ешқасысына да жатқызбағаны байқалады. Ол осылайша әлифтің негізгі ерекшелігін көрсете білген, яғни әлиф (ا) дыбыстау кезінде фонациялық ауаның еркін өтетіндігімен ерекшеленеді. Әл-Халил мұнда әлифтің (ا) жасалу орнын һамзаның (ء) жасалу орнымен бір деп санайтын Сибауәйһиге қарағанда әлифке (ا) нақты сипаттама берген. Өйткені әл-Халилдің пікірі «әлиф көмей дыбысы емес, оны айтқандағы фонациялық ауаның жүру жолы ауыз қуысының барлық жеріне тән» деген қазіргі зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен де астасып жатыр. Сибауәйһидің әлифті көмей дыбыстарының құрамына жатқызуын Ибраһим Әнис: «Әлиф сөзі арқылы сол кездері онша таныла қоймаған «һамза» сөзін (терминін) түсіндіргісі келген» [11, 115 б.], – деп ақтауғa тырысады.

Біз Ибрашим Әнистің бұл пікірімен келіспейміз. Сибауәйһи «әлиф» сөзін һамзаны түсіндіру үшін қолданбаған. Егер Сибауәйһи «әлиф» сөзін һамзаны түсіндіру мақсатында қолданса, ол араб дыбыстарының санын жиырма сегіз (28) деп алар еді. Сондай-ақ, Сибауәйһи әлиф (ا) пен һамзаның (ء) арасын бірыңғай мәнді жалғаулық (حرف العطف) мәнінде қолданылатын «уа» (و) арқылы бөлген [3, 102 б.].

Һә (ه) дыбысын қазіргі ғалымдардың бір тобы көмей түбінде (أقصى الحلق) жасалады десе, енді бір ғалымдар дауыс желбезегінде (الحنجرة) жасалатынын айтады [10, 23 б.], [6, 179 б.].

Айн (ع) және ха (ح) дыбыстарын қазіргі ғалымдардың кейбірі көмей ортасы (وسط الحلق) дыбыстары десе, кей ғалымдар көмей дыбыстары (الحلقي) дейді [11, 88 б.], [6, 178 б.], [, 121 б.].

Ғайн (غ) және ха (خ) дыбыстарын кей ғалымдар көмей үсті (أدنى الحلق) дыбыстары десе, екінші бір ғалымдар таңдай (арты) дыбыстарына (النطعية) жатқызады [11, 87-88 б.], [13, 318 б.], [14, 53 б.].

        Әл-Халилдің пікірінше көмей дыбыстарынан кейін тілшік (اللهوية) қаф (ق) және кәф (ك) дыбыстары келеді. Кәф (ك) дыбысының жасалу орны қаф (ق) дыбысының жасалу орнына қарағанда ілгерірек орналасқан [1, 58 б.]. Яғни оның (кәф (ك) дыбысының) жасалу орны ауыз қуысына жақын. Әл-Халил тағы бір жерде: «Қаф (ق) және кәф (ك) дыбыстары тілшік (اللهوية) дыбыстар. Өткені ол екі дыбыстың жасалар орны тілшіктен басталады» [1, 58 б.], – деген. Ал Сибауәйһи бұл екі дыбыстың жасалу орнын: «Тіл түбі мен жоғарғы таңдайдың (الحنك الأعلى) түйіскен жерінен қаф (ق) дыбысы және қаф (ق) дыбысының жасалу орнынан сәл ілгеріректен кәф (ك) дыбысы жасалады» [3, 433 б.], – деп белгілеген.

        Сибауейһидің жоғарғы таңдай (الحنك الأعلى) деген термині қазіргі фонетист ғалымдардың жұмсақ таңдай (الحنك اللين) деген терминіне сәйкес келеді [15, 54 б.]. Бұл жерде де Сибауәйһи қаф (ق) және кәф (ك) дыбыстарының жасалу орнын белгілеуде ұстазы әл-Халилмен санасқанын байқаймыз.

Қаф (ق) және кәф (ك) дыбыстарынан кейін жим (ج), шин (ش), дад (ض) дыбыстары келеді. Әл-Халил: «жим (ج), шин (ش), дад (ض) дыбыстары таңдай (شجرية) дыбыстары. Өйткені бұл дыбыстардың  жасалу орны таңдайдан басталады [1, 58 б.]» , деп, бұл дыбыстардың жасалу орындарын көрсеткен.

Таңдай (الشجرية) дыбыстарынан кейін әл-Халил сад (ص), син (س), зәй (ز) дыбыстарының жасалу орындарын белгілейді. Оларды тіл алды (الأسلية) дыбыстары деп атайды [1, 58 б.]. Өйткені бұл дыбыстар тіл алдында жасалады.

Тіл алды (الأسلية) дыбыстарынан кейін таңдай алды (النطعية) дыбыстары келеді. Ол: «Та (ط), дәл (د), тә (ت) дыбыстарының жасалу орны бір. Бұл дыбыстар таңдай алды (النطعية) дыбыстары» [1, 58 б.], деп жасалу орындарын нақтылайды.

Әл-Халил таңдай алды (النطعية) дыбыстарынан кейін дыбыстардың жасалу орындарындағы реті бойынша қызыл иек (اللثوية) дыбыстарына тоқталады. Олар за (ط), зәл (ذ), сә (ث) дыбыстары. Бұл дыбыстардың жасалу орнының басталар жері қызыл иек (لثوية) за (ط), зәл (ذ), сә (ث) дыбыстары деп атаған [1, 58 б.].

Бұл дыбыстардан кейін ра (ر), ләм (ل), нун (ن) дыбыстарының жасалу орындарын: «ра (ر), ләм (ل), нун (ن) дыбыстары тіл ұшы (الذلقية) дыбыстары. Өйткені бұл дыбыстардың жасалу орны тіл ұшынан (الذلقية) басталады», деп түсіндіреді [1, 58 б.].

Тіл ұшы (الذلقية) дыбыстарынан кейін әл-Халил фә (ف), бә (ب), мим (م) дыбыстарына көшеді. Бұл дыбыстар туралы: «фә (ف), бә (ب), мим (م) дыбыстары еріндік (الشفوية) дыбыстар. Өйткені бұл дыбыстар ерінде жасалады» [1, 58 б.], – деген.  

Бұл мәселеде де Сибауейһидің пікірі әл-Халиллің пікіріне сәйкес келеді деуге болады. Алайда Сибауейһи: «Астыңғы ерін мен үстіңгі тістің ұштарынан фә (ف) дыбысы, екі ерін арасынан бә (ب), мим (م), уау (و) дыбыстары жасалады» [3, 433 б.], – деп, фә (ف) дыбысының жасалу орнын нақтылай түседі.

Ерін (الشفوية) дыбыстарының құрамына қосқан уау (و) дыбысын әл-Халил білмеді емес, керісінше ол бұл дыбыстың жасалу орнын Сибауейһиге қарағанда дәл анықтаған. Әл-Халил: «Үш дыбыс ерін (الشفوية) дыбыстары. Олар: фә (ف), бә (ب), мим (م) дыбыстары. Жасалу орындары екі ерін арасы», дей келе: «уау (و) дыбысы ауаның екі ерін арасынан үздіксіз өту арқылы жасалады» [16, 51 б.], деп уау (و) дыбысының жасалу орнын нақтылап көрсеткен.

Әл-Халил cосын жуф (جوف) дыбыстарға өтеді. Ол: «Араб тілінде жиырма тоғыз дыбыс бар. Оның жиырма бесі сихах (صحاح) дыбыстар. Олардың өздеріне тән жасалу орындары бар. Төрт дыбыс қуыс (جوف) дыбыс. Өйткені олар ауыз қуысында жасалады. Бұл дыбыстар: уау (و), йай (ي), әлиф ләина (ا), һамза (ء) дыбыстары. Қуыс дыбыстары деп аталған себебі бұл дыбыстар тілде де, көмейде де, тілшікте де кедергіге ұшырамай, ауыз қуысынан өткен фонациялық ауаның қарқынынан пайда балады, яғни бұл дыбыстар ауалық (هوائية) дыбыстар» [1, 57-58 б.], – деп қуыс (جوف) дыбыстардың қалай жасалатынын түсіндіреді.

Әл-Халилдің осы сөзі арқылы бұл дыбыстардың өздеріне ғана тән ерекшеліктерін анықтап бергенін көреміз. Ол ерекшелігі бұл дыбыстарды дыбыстау кезіндегі ауаның үлкен кедергіге ұшырамай еркін өтуі.

Сонымен араб тілі дыбыстарына алғаш классификация жасаған әл-Халил ибн Ахмад әл-Фараһиди дауыссыз дыбыстарды жасалу орнына қарай сегіз топқа бөліп, әлиф (ا), уау (و), йай (ي) және һамза (ء) дыбыстарын ешқандай кедергіге ұшырамайтындықтан «ауалық» дыбыстар деп тоғызыншы топқа жатқызды. Мына төмендегі әл-Халил жасаған классификация:

1)       حلقية  көмейлік дыбыстар: ع, ح, ه, خ, غ;

2)       لهوية  тілшік дыбыстары: ق, ك;

3)       شجرية таңдай дыбыстары: ج, ش, ض;

4)       أسلية тіл алды дыбыстары: ص, س, ز;

5)       نطعية таңдай алды дыбыстары: ط, ت, د;

6)       لثوية қызыл иек дыбыстары: ظ, ذ, ث;

7)       ذلقية тіл ұшы дыбыстары: ر, ل, ن;

8)       شفوية еріндік дыбыстар: ف, ب, م;

9)       هوائية ауалық дыбыстар: ي, و, ا, ء .

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. الخليل بن أحمد. العين. تحقيق: مهدي المخزومي وإبراهيم السامرائي. ج1. – بيروت: مؤسسة الأعلمي للمطبوعات، 1988م.

2. أبو منصور محمد بن أحمد الأزهري. تهذيب اللغة. تحقيق: عبد السلام هارون ج1. – مصر، 1964م.

3. سيبويه. الكتاب. تحقيق وشرح: عبد السلام محمد هارون. ج4. – القاهرة: دار القلم، 1966 م.

4. موفق الدين يعيش بن علي بن يعيش. شرح المفصل. – القاهرة: مكتبة المنتهى. ج10.

5. برجستراسر. التطور النحوي للغة العربية. أخرجه رمضان عبد التواب. – القاهرة: مكتبة الخانجي، 1994م.

6. محمود السعران. علم اللغة. – بيروت: دار النهضة العربية.

7. ابن جني. سر صناعة الإعراب. تحقيق: حسن هنداوي. ج1. – دمشق: دار القلم، 1985م.

8. ابن منظور. لسان العرب. تحقيق: عبد الله علي الكبير وآخرون. ج1. – القاهرة: دار المعارف.

9. جلال الدين السيوطي. المزهر في علوم اللغة وأنواعها. شرح: محمد أحمد جاد المولي وآخرون. ج1. – بيروت: دار الجيل.

10. جان كانتينو. دروس في علم أصوات العربية. نقله إلى العربية: صالح القرمادي. – تونس: مكتبة مركز الدراسات والبحوث، 1966م.

11. إبراهيم أنيس. الأصوات اللغوية. – القاهرة: مكتبة الأنجلو مصرية، 1987م.

12. كمال بشر. الأصوات العربية. – القاهرة: مكتبة الشباب.

13. أحمد مختار عمر. دراسة الصوت اللغوي. – القاهرة: عالم الكتب، 1991م.

14. رمضان عبد التواب. المدخل إلى علم اللغة. – القاهرة: مكتبة الخانجي، 1996م.

15. محمد حلمي هليل. اللغويات التطبيقية ومعجمها // مجلة اللسان العربي، العدد 22.

16. أبو منصور محمد بن أحمد الأزهري. تهذيب اللغة. تحقيق: عبد السلام هارون ج1. – مصر، 1964م.