А.М. Рустемова

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің 2 курс магистранты

Қазақ, орыс және ағылшын халықтарының тілдік санасындағы мәдениаралық құндылықтарының ерекшеліктері

 «Every language is a temple in which the soul of those who speak it is enshrined»  said Oliver Wendell Holmes.

Оливер Уендел Холмстың «әрбір тіл – осы тілде сөйлейтін адамдардың жан дүниесі сақталатын ғибадатхана іспеттес, – деген тұжырымы тілдің адам өміріне ғана емес, сонымен қатар оның мәдениетін айқындайтын негізгі қорған екендігін нақтылай түседі. Әрбір ұлт өкілі үшін өзінің мәдениетін сақтауы, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізуі, сол ұлт тілінің ең маңызды қызметі. Дәл осы қызмет сол ұлт өкілі тұлғасының қалыптасуына, ұлттық мінезінің, ұлтаралық қатынасының, ұлттық, халықтық қатынастарының қалыптасуында  маңызды, шешуші рөл атқарады [5].

Тіл халықтың мәдениетін толыққанды сақтай отырып, келер ұрпаққа жеткізуші құрал. Ол тілдік санада сақталып, көрініс тауып отырады. Ресей ғалымы Н.В Уфимцеваның  пікірі бойынша, «тілдік сана әлеуметтік таным, лексика, сөз тіркесі, фразеологизм, мәтін, бейнелеу сияқты тілдік құралдардың  жиынтығынан, бірлігінен тұрады. Тілдік сана өзге ұлттардың мәдениетін, қызметін танудың дереккөзі ретінде қарастылады, әрі өз мәдениетін тану құралы ретінде қызмет етеді» [6].

«Қоршаған ортаны тану барысында адам өмірден өзіне керек бөліктерді, яғни не нәрсенің керек⁄керек еместігін, не нәрсенің маңызды⁄маңызды емес екендігін, белгілі бір нәрсесіз өмірін елестете алу⁄алмайтынын немесе мүлде керек емес екендігін шешеді. Осының нәтижесінде ол өзінің  өмірге деген өзіндік құнды көзқарасын қалыптастыра отырып, айналадағы заттар мен құбылыстардың мағыналылығы мен маңызын айқындайды, әрі өміріндегі мағыналық және маңыздылық заңдылықтарына сай бағалайды. Әрбір зат, құбылыс немесе идея өзінше бағаланады, осыған сәйкес оның белгілі бір құндылықтары айқындалады. Бұл қоғамға деген  көзқарастың қалыптасуына, маңыздылығына, мағынасына негізделеді» [4, 45-46 бб.].

Тілдік құндылық – мәдениет құндылығы. Әрбір халық құндылықты өздігінше түсінеді. Қазіргі заман тілі құндылықты жаңа қырынан сараптауға мүмкіндік береді. Кеңестік кезең кезінде қазақтардың және орыстардың тілдік санасында маңызды орын алған жайттар бүгінгі күні кейінгі орынға түсіп, маңыздылығы/өзектілігі мен мағыналылығына сай басқа құбылыстар басымдылық танытып, қазіргі таңда жаңаша сипат алуда. Құндылықтың адам өмірінде алатын орны оның мәдениетінің көрінісі. Адам өміріне әсер ететін құндылық, басымдылық, мағына мәдениетпен ұштасады. Кез келген ұлт өкіліне жататын тұлға өзінің мәдениетіне тән ерекшеліктерді толық танып біле алмайды. Әрбір ұлт өкілі өз мәдениетінің ерекшеліктерін тану үшін басқа ұлттың мәдениетімен қақтығысқанда, қарым-қатынасқа түскенде ғана өзінің халықтық менталитетіне сай айшықтары айқындалады. Осы сәтте мәдени түсініспеушілік, мазасыздық, әлсіздік немесе дағдарыс туындайды. Түсініспеушілікті жою үшін тілдің мүмкіндіктеріне толық тоқталып, шынайылық пен сөйлеу мәдениетін, басқа тілдермен байланысын, мәдени маңызын, қазақ, орыс, ағылшын халықтарының тілдік ассоциациясына назар аудартады.

Мақалада қазақ, орыс этностар тіліндегі мәдениаралық тілдік бірліктерді жинау, оларды сұрыптау, салыстыру, ассоциативті салғастырмалы талдау секілді әдіс-тәсілдер қолданылды.

Нәтижелері: Салғастырмалы талдау жасау үшін Н.В. Уфимцеваның 2010 жылы Қазақ ұлттық университетінің  филология факультетінде оқыған дәрісінде оның ассоциативтік сөздігінің материалдары пайдаланылды.

1-кесте. Орыс халқының тілдік санасындағы мәдени құндылықтарының ассоциативтік сөздік негізінде айқындалған көрінісі

Ассоциат

Стимул

саны.

 

Ассоциат

Стимул

саны

 

Ассоциат

 

Стимул

саны

 

1

человек (адам)

1404

26

стол (үстел)

369

51.5

страх (қорқыныш)

287

2

дом (үй)

864

27

парень(жігіт)

368

51.5

умный (ақылды)

287

3

жизнь (өмір)

711

28

дорога (жол)

361

53

долго  (ұзақ)

286

4

плохо (жаман)

691

29

мир (әлем)

360

54.5

далеко (алыс)

285

5

большой (үлкен)

684

30

говорить (сөйлеу)

355

54.5

сильный (күшті)

285

6

хорошо (жақсы)

677

32.5

Есть (тамақтану)

354

56

город (қала)

284

7

нет (жоқ

667

32.5

дерево (тал)

354

57

зеленый (жасыл)

283

8

деньги (ақша)

587

32.5

время (уақыт)

354

58

черный (қара)

282

9.5

друг (дос)

565

34

жить (өмір сүру)

350

59

боль (ауру)

281

9.5

дурак (ақымақ)

565

35

думать (ойлау)

349

60

всегда (әрқашан)

278

12.5

лес (орман)

438

36

я (мен)

347

61

море (мұхит)

277

12.5

 мужчина (ер кісі)

438

37.5

разговор (әңгіме)

344

62

муж (күйеу)

272

12.5

хороший (жақсы)

438

37.5

свет (жарық)

344

63

счастье (бақыт)

270

14

день (күн)

436

39

мой (менің)

338

64

солнце(күн)

267

15

много (көп)

429

40

Красный (қызыл)

330

65

собака (ит)

266

16

любовь (махаббат)

428

41

машина (көлік)

323

66

кино (кино)

265

17

работа (жұмыс)

426

42.5

женщина (әйел)

321

67

ум (ақыл)

261

18

вода (су)

420

42.5

книга (кітап)

321

68

маленький

(кішкентай)

260

19

ребенок ( сәби)

413

44

грязь (батпақ)

318

69

сделать (істеу)

259

21.5

радость (қуаныш)

404

46.5

идти (жүру)

308

71.5

очень (өте)

258

21.5

все (барлық)

404

46.5

старый (ескі)

308

71.5

предмет (зат)

258

22

дело (жұмыс, іс)

390

46.5

мальчик (ұл бала)

308

71.5

он (ол)

258

23.5

плохой (жаман)

378

48

белый (ақ)

304

73

 война (соғыс)

251

23.5

смерть(өлім)

378

49

девушка (қыз)

302

74

ночь (түн)

250

25

быстро (жылдам)

371

50

мужик  (ер кісі)

301

75

земля (жер)

247

 

Жоғарыдағы кестеде орыс мәдениетінің тілдік санасы бейнеленген.

Ø  бірінші қатарда қолданылу жиілігі мен стимул саны көрсетілген;

Ø  екінші қатарда берілген стимул саны;

Ø  үшінші қатарда  әрбір стимулға берілген ассоциация саны. 

 1-кестедегі талдаудан байқағанымыз: орыс халқының танымында адам стимулы маңызды орын алатынын аңғарамыз. Көрсеткіште оның саны – 1404. Орыс халқының санасында адам факторы ең жоғарғы көрсеткішті иеленген. Сонымен қатар жиілігі жоғары стимулдар қатарына дом, очаг, семья жататындығын айқындадық. Жизнь стимулы орыс ұлтының өмір деген құндылықты бағалау дәрежесі көрсетілген. Біздің ойымызша, орыс халқының адамдары өмірді сүйеді және әрбір күн олар үшін қымбат, әрі соңғы күніндей өмір сүріп тұрғандай тіршілік етеді.

2-кесте. Ағылшын халқының тілдік санасындағы мәдени құндылықтарының ассоциативтік сөздік негізінде бейнеленген көрінісі

Ранг

Ассо­циат

Стимул саны

Ранг

Ассо­циат

Стимул саны

Ранг

Ассо­циат

Стимул саны

1

me

1087

26

nice

483

51

dead

371

2

man

1071

27

red

477

52

ship

369

3

good

881

28

now

461

53

music

363

4

sex

847

29

hard

451

54

noise

360

5

no

805

30

white

450

55

cold

352

6

money

750

31

woman

445

56.5

women

351

7

yes

743

32

bed

432

56.5

you

351

8

nothing     713

 

33

school

431

58

men

345

9

work

686

34

help

427

59

happy

340

10

food

676

35

pain

426

60

drink

339

11

water

669

36

sea

425

61

head

337

12

people

664

37

dog

419

62

hair

336

13

time

630

38

never

415

63

great

333

14

life

629

39

of

413

64

tree

332

15

love

622

40

old

402

65

church

331

16

bad

615

41

book

401

66

fear

330

17

girl

581

42

paper

399

67

boy

328

18

up

565

43

down

398

68

horse

326

19

car

550

44

green

395

69

it

322

20

black

549

45

in

388

70.5

war

321

21

what

545

46

person

387

70.5

word

321

22

house

539

47

fir

37

72

fool

316

23

out

535

48

to

37

73

friend

311

24

death

518

49

rubbish       

374

74

fat

309

25

home

501

50

light

373

75

fun

306

 

Кез келген халықтың этномәдени құндылықтары жеке тұлғаның өмірінде қандай рөл атқарса, қоғамдағы рөлі де орасан зор екендігі даусыз. Қоғамдағы әрбір тұлға арасында ақпараттар алмасады, сұрыпталады, қоршаған ортамен байланыс туындайды, эмоция, сезім, қарым-қатынастың түрлі жолдары қалыптасады. [1]

«Адам санасында бір уақытта әрқилы мазмұндағы түрлі әрекеттер мен құндылықтар көрініс табады. Олар санада бір-бірімен байланыста жүйелі түрде белгілі бір тәртіппен орналасады. Әрбір құндылықтың мәдени ортадағы алатын орны ерекше, онда адамның табиғатпен, қоғаммен, ортамен байланысы бейнеленеді. Қоршаған ортаның құндылықтарын бағалай отырып, әр ұлт өкілі өзінің көне мәдениетіне, шежірелеріне, жәдігерлеріне, әдет-ғұрпына ерекше мән бере отырып, соның негізінде өз ұлтының негізгі құндылықтар жүйесін қалыптастыра отырып, оны өмірінің нұсқаулығы ретінде қолдануы қажет. Осыған орай әр мәдениеттің өзіндік құндылық жүйесі қалыптасады. Осы жүйеде мәдениеттің тылсым қырлары ашылып, ерекшеліктері айқындалады» [3, 46-47 бб.]

Жоғарыда көрсетілген кестеде басымдылық танытқан me, man ассоциациялары ағылшын азаматтарының ұлттық менталитетін көрсетеді. Ағылшындардың өмірлік ұстанымы туралы А.П. Садохиннің ойы осы стимулға мысал бола алады. Ол былай дейді: «Жаңа замандағы ағылшын азаматтары өз-өзін басқаруды адам бойындағы байлық деп түсінеді. «Өз-өзіңді қолға алу» тіркесі олардың ұраны іспеттес. Адам қаншалықты өзіне берік болса, соншалықты құрметті болады. Қуанышта да, қайғыда да, жеңістер⁄жеңілістерде де өзін-өзі ұстай білу керек. Сырт көзге, қолдан келсе, іштей де сабырлық сақтай білу керек» [3, 46 б.].

Қазақ халқының тілдік санасындағы мәдени құндылықтарын анықтау үшін ассоциациялық сараптама әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінің студенттері арасында өтті. Бұл жұмыс 100 сауалнамаға жауап берушінің қатысуымен жүргізілді. Жүргізілген сараптама нәтижесі

3-кесте. Қазақ халқының тілдік санасындағы мәдени құндылықтарының ассоциативтік сөздік негізінде бейнеленген көрінісі

Ассоциат

 

Стимул саны

1

Бесбармақ

25

2

Атамекен

21

3

Ақша

21

4

Жұмыс

19

5

Еріншек

19

6

Домбыра

19

7

Көшпенділер

19

8

Шай

17

9

Қонақжай

16

10

Бала

15

11

Батыр

13

12

Жылқы

8

13

Қымыз

7

14

Мал

3

15

Кең дала

1

Жасалған зерттеу нәтижесін нақты деп айта алмаймыз. Себебі, бұл жасалып отырған сараптама алғашқы және оған қатысушылардың саны да жеткілікті емес. Дегенмен жасалған кішігірім ассоциациялық эксперименттен  жалпы қазақ халқының тілдік сана туралы түсінігін көре аламыз. Үшінші кестеде көрсетілгендей қазақтардың тілдік санасындағы бірінші орында тұрған  ұлттық тағам  бесбармақ. Шынында да бұл ұлттық тағам қазақтардың мәдениетінің феномені. Мысалға келтірілген ассоциат қазақтардың мәдениетінен көрініс береді. Қазақтың ұлттық бесбармақ тағамы әрқашан дастарханның көркін келтіріп тұрады. Қонақ күткенде, мейрамдарда құрметпен жасалатын  бұл тағамның түрін Қазақстанда болған кез келген мейман біледі. Кез келген отбасында бұл ұлттық тағам құрметті қонақтарға жасалады және дәстүрге деген құрметті көрсетеді. Бесбармақ – еттен жасалатын тағам. Ол жылқы етінен, сиыр етінен немесе қой етінен жасалады. Қойдың етінен жасалатын болса, ет бір жарым сағат қайнайды, ал сиырдың немесе жылқының етінен жасалса, екі немесе үш сағат қайнайды. Етті жайманан немесе кеспе-нанмен ұсынылады. Сорпасына айран қатып ішеді. Қатысушылардың бесбармақты стимул ретінде таңдауы бекер емес. Әрбір қазаққа бесбармақтың ұлттық ерекше құны бар.

Қорыта айтқанда ұсынылған ассоциативті сөздіктер мен ассоциативті эксперименттер тілдік сананы зерттеуге, мәдени құндылықтарды бағалауға көмектеседі. Бұл жүргізілген сараптама нәтижесі ретінде айтарымыз ассоциациялық сөздік жасау лингвист ғалымдардың міндеті болып отыр. Бұл сөздік түрлерін кез келген мәдени, кәсіби ортада, мәдениаралық қарым-қатынаста түрлі мәдениет иелерінің ортасында қолдануға пайдасы мол тиері сөзсіз. Сөздікті жасау бүгінгі қазақ тіліне өте қажет. Қазақ тілінде жүргізілген сараптама аталған зерттеудің кеңеюінің алғашқы көрінісі ретінде айта отырып, болашақта электронды ассоциациативті сөздік жасау жоспарда бар.

 

Әдебиетттер тізімі

1.   Kiss G., Armstrong C., Milroy R., Piper J. An associative thesaurus of English. Edinburg: University of Edinburg, MRC Speech and Communication Unit, 1972.

2.   Klukchon K., Strodbeck F. Variation in Value Orientation. –N.Y., 1961.

3.   Садохин А.П. Межкультурная коммуникация: Учебное пособие. – М. 2006.

4.   Русский ассоциативный словарь. Прямой словарь от стимула к реакций. Ассоциативный тезаурус современного русского языка. Часть I,II (Ю.Н. Караулов, Ю.А. Сорокин, Е.Ф. Тарасов, Н.В. Уфимцева). – М., 1994. – 224 с.

5.   http://psycholing.narod.ru/jaz-soz2004.htm

6.    www.gumer.info/bibliothek-Buks/Linguist/Ter/-13.php