Г.М.Сраилова
Абай атыындағы
ҚазҰПУ, Алматы, Қазақстан.
Қазақ, орыс және неміс тілдеріндегі мақал-мәтелдердің үндестігі.
Әр халықтың
өзінің тілі, діні, әдебиеті, ауыз әдебиеті сияқты
өз тілінің ерекшеліктері болады. Адамның
ойын жарыққа шығаратын күшті құрал тіл. Ал
тіл адамдар түсінетін құрал болып қана табылмай,
сонымен бірге атадан балаға мирас болып келе жатқан өмір тәжерибесін,
өнер-білімін жеткізуші құрал. Өзіміздің рухани
байлығымыз тіл арқылы жасалады, жеткізіледі.
Ауыз әдебиетінде
халықтың ғасырлық арманы, жақсы өмірді,
әділеттілікті аңсаған мүрат мақсаттары
бейнеленген. Халық ауыз әдебиеті, әр түрлі жанрда
дамыған. Осы халық ауыз әдебиетінің сегіз түрі
бар:
Тұрмыс
– салт жырлары
Мақал
мәтелдер
Жұмбақтар
Ертегілер
Эпостық
жырлар
Айтыс
өлеңдері
Тарихи
жырлар
Шешендік
сөздер
Мақаланың басты мәселелерине тоқталатын
болсақ: жас ұрпаққа шетел тілін жан-жақты
меңгерту, балалардың
сөздік қорын байыту, шетел тіліндегі
мақал-мәтелдерді қолдануға дағдыландыру,
күнделікті қолданысқа енгізу
және
тәрбиелік маңыздылығын түсіндіру болып табылады
Әл-Фараби
айтқандай- «Тәрбиесіз берілген
білім – адамзаттың қас жауы». Халық
қашан да өскелең ұрпақты тәрбиелеудің
мәнін, оның қиындығы мен қуанышын, одан
шығатын нәтижені біліп отырған. Осы тұрғыдан
алғанда, ауыз әдебиетіндегі шағын
жанрлардың бірі – мақал-мәтелдер баланың
ой-өрісін, дүниетанымын, қиялын, тілін дамытуда,
тәлім-тәрбиесінде терең мән жатыр. Сонау ықылым
заманнан, сан ғасырлар бойы халықтың өзiмен бiрге
жасалып, екшелiп, ұрпақтан ұрпаққа мұра
болып қалып жатқан ауыз әдебиетiнiң бай саласының
бiрi – мақал-мәтелдер. “Мақал-мәтел – сөз
мәйегі”, “Мақал – сөздің мұнарасы”, - деп,
қазақ халқы ауыз әдебиетінің асыл жанрына аса
құнды баға берген.
Шын мәнісінде
халық шығармасы – ауыз әдебиетінің қай
үлгісі болсын, оқушыларды күреске, кемтарлықтан сары
уайымнан аулақ, қиыншылықты жеңіп шығып,
жақсы өмір жасауға үндейді. Дүниетанымдық
элементтерді өз бойына мол дарытқаны да, дүниені
көркемдік әдіспен бейнелеуде күрделі жанрлық ерекшелігі
мен дараланатыны да және философиялық мазмұнның
тереңдігі жағынан шағын жанрлардың ішіндегі
шоқтығы биігі де – мақалдар мен мәтелдер. Мақал -
мәтелдер - ғасырлар
шежіресі, ауыз әдебиетінің бір түрі. Онда халық тарихы,
оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл- өнегесі мол көрініс тапқан. Мақал-мәтелдер
дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді.
Мұнда өмірдің сан - алуан
құбылыстарына баға
беріліп, үлкен түйін жасалады, халықтың ғасырлар
бойғы тәжірибесі қорытылады.
Қазіргі кезде шетел тілінің
қажеттілігі күннен күнге артып келеді. Ол
қоғамдық-экономикалық, ғылыми-техникалық
және жалпы мәдени алға басуында қозғаушы
айғақ болып отыр. Бұл айғақ шетел тілдерін
оқытудың дәрежесін жоғарлатуда. ЮНЕСКО ХХІ
ғасырды полилингвизм ғасыры деп атады. Біздің болашақ
ұрпағымыз тек өз ана тілін меңгеріп қана
қоймай, сонымен қатар бірнеше шетел тілін меңгеруі хақ.
Ал шетел тілін жан-жақты меңгертуде оқыту-тәрбие
процесін қызықты, ыңғайлы және ұтымды
қылу үшін, үш тілдегі
мақал-мәтелдерді (қазақ, орыс, неміс) қолдануды
ұсынамыз.
Басқа тiлдегi
мақал-мәтелдердi бiлiп, түсiну – бұл тiлдi жақсы
меңгеруiне көмектесiп қана қоймай, сонымен қатар
басқа халықтың ой-бейнесiн және
мiнез-құлқын түсiнуiне көп үлес
қосады, дәнекер болады. Мақал-мәтел, нақыл
сөздер тілімізді байыта түсетін халықтың асыл
қоры. Оның жұртшылық үшін пайдасы мен рөлі
зор. Шетел тiлін
меңгертуде сол тiлдердегi нақыл сөздердi,
мақал-мәтелдердi үйретiп, жаттатқызу арқылы
оқушының практикалық дағдыларын қалыптастыру
әдiсi белгiлi нәтижелердi көрсеттi.
Олай болса неміс тілі
сабақтарында неміс
халқының мақал-мәтелдерiн қазақша
және орысшаға аударып, оларды мағынасы сәйкес, тiптi
мағынасы бiрдей қазақ және орыс
мақал-мәтелдерiмен салыстыру арқылы неміс тiлiн
меңгерту тиімді нәтиже берері қақ.
Қай елдiң
мақал-мәтелдерiн алмасақ та, барлығының ең
басты ерекшелiгi – тәрбиелiк маңыздылығы. Неміс тiлiндегi
мақал-мәтелдердi үйрету негiзiнде бiз балаларды тек неміс халқының көп
ғасырлық өмiрлiк тәжiрибесiмен, әлеуметтiк,
этикалық және эстетикалық көзқарастары мен
дүниетанымымен таныстырып қана қоймай, ең бастысы сол
нақыл сөздер мен мақал-мәтелдердiң
тәрбиелiк мәнiн түсiндiрiп, сөздiк қорын
байытамыз.
Неміс
тiлiнен қазақшаға аударуда қиыншылықтар
кездесетiнi де сөзсiз. Аударманы жасаған кезде басқа
тiлдiң көмегi арқылы белгiлi бiр тiлдегi мазмұнды
мүмкiндiгiнше дәл жеткiзу,
неміс тiлiндегi мақалды немесе мәтелдi түсiнiп, оны өз
туған тiлiнде түсiндiруге және керiсiнше жасау iскерлiгiне ие
болу мiндетi қойылады. Үш тiлдегi
мақал-мәтелдердегi немесе нақыл сөздердегi
мағыналық ұқсастықтары мен айырмашылықтарын
ұғыну неміс тiлiн үйренуiне елеулi көмек
көрсетедi.
Қазақ,
орыс, неміс тілдеріндегі
мақал-мәтелдер жан-жақты қарастырылып талданды.
Мәселен:
1.
Неміс, қазақ, орыс тілдеріндегі мақал-мәтелдер жеке
тақырыптар бойынша сараланды;
а)
Адам және оның қасиеті;
ә)
Еңбек және кәсіп;
б)
Ғылым-білім. т.б.
2.
Мақал-мәтелдер мағыналарына қарай сараланды;
а)
Мақал-мәтелдердің үш (қазақ,
орыс, неміс) тілде сөздік
баламасының әр түрлі мағыналарының бірдей болуы;
ә)
Мақал-мәтелдердің үш (қазақ,
орыс, неміс) тілде сөздік
баламасының дәл келуі;
Мыcалы:
Білім
– қуат.
Знание
– сила.
Wissen
ist Macht.
Бұл
мәтелде үш тілдегі сөздік баламасы және де мағынасы
дәл келіп тұр. Бұл синонимикалық мәтелдер, яғни
аудару барысында тiкелей аудару арқылы аударылған, мағыналары
да, сөздерi де бiрдей. Бұндай ұқсас синонимикалық
мақал-мәтелдердi шетел тiл меңгеруде қолдану өте қолайлы.
Екінші мысал:
Бір
қарын майды бір құмалақ шірітеді.
Паршивая
овца всё стадо портит.
Ein
faules Ei verdirbt den ganzen Brei.
Ал
бұл мәтелде үш тілдегі сөздік
баламасы әр түрлі, бірақ мағынасы бір.
Адам
және оның қасиеті
Человек и его качество
Der
Mensch und seine Eigenschaften
1)
Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа.
Сколько
стран, столько обычаев.
Andere
Länder, andere Sitten.
2) Жылтырағанның бәрі алтын емес.
Наружность
обманчива.
Die
Säuerten Äpfel haben die schönsten
Bäckchen.
Еңбек
пен кәсіп
Труд и профессия
Die Arbeit
und der Beruf
1)
Iске уақыт, ермекке сағат.
Делу
время, потехе час.
Еrst
die Arbeit, dann das Spiel.
2)
Еңбек түбі – қуаныш.
Конец
– делу венец.
Ende
gut, alles gut.
3)
Қыс арбаңды сайла, жаз шанаңды сайла.
Любишь
кататься, люби и саночки возить.
Willst
du genieβen, so laβ dich die Mühe.
4) Тамшы тама берсе тас жарады.
Капля
камень точит.
Viele
Streiche fällen die Eiche.
Ғылым
мен білім
Знания и наука
Das
Wissen und die Wissenschaft
1)
Бiлiм – қуат.
Знание
– сила.
Wissen
ist Macht.
2)
Өмір бойы үйрен.
Век
живи – век учись.
Man
lernt, so lange man lebt.
3)
Ақылды көндім десе, ақымақ жеңдім дейді.
Дурак
считает себя умным, а умный признаёт глупцом.
Der
Dummkopf lehrt, der Gescheide lernt.
4)
Көргеніңді көңілге түй.
Учись
на чужих ошибках.
Andere
Fehler sind gute Lehrer.
Денсаулық
туралы
Здоровье
Die
Gesundheit
1)
Денсаулық – зор байлық.
Здоровье
дороже богатства.
Gesundheit
ist der gröβte Reichtum.
2) Демі бардың емі бар.
Чем
ушибся, тем и лечись.
Dem
Gesunden heilen alle Wunden.
3)
Тазалық бар жерде денсаулық бар.
Чистота
– залог здоровья.
Reinlichkeit
ist halbes Leben.
Достық
туралы
Дружба
Die Freundschaft
1)
Досыңды қиналғанда бір сына,
Қуанғанда
бір сына.
Друзья
познаются в беде.
Der
Freund erkennt man in der Not.
2)
Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын.
Не
имей сто рублей, а имей сто друзей.
Freunde
sind über Silber und Gold.
3) Жаңа дос жаныңда жүргенде, ескі дос
есіңде жүрсін.
Старый
друг лучше новых двух.
Ein
alter Freund ist zwei neue wert.
4)
Ақымақ достан ақылды дұшпан артық.
Лучше
явный враг, чем фальшивый друг.
Erlicher
Feind ist besser als falscher Freund.
Бұл бейнелiк нақыл сөздер мен
мақал-мәтелдердi қолдану барысында, оқушылар
халық даналығының мағынасына тереңiрек
үңiлiп түсiнедi. Мақал-мәтелдердiң
мәнерлi формасы оларды тез есте сақтауға мүмкiндiк
бередi, бұл неміс тiлiндегi
мақал-мәтелдерiнде кездесетiн грамматикалық
құрылыстарды өңдеуге көмектеседi.
Мағыналары бiр үш фразаны үш
тiлде салыстыру қандай болса да тақырыпта әңгiме
жүргiзуге мүмкiндiгiн бередi. Бұл қысқа
нақыл сөздердiң терең мағынасы оқушылардың
ой өрiсiн кеңейтiп, дамытып қана қоймай,
өзiнiң тәрбиелiк маңыздылығымен құнды
болып табылады. Мақал мен мәтелдердiң мағыналық
кең диапазонына байланысты оларды оқушылар және студенттермен
жұмыс iстеуде ғана емес, сонымен бiрге тiлдi өз бетiмен меңгеруге
бел байлаған адамдарға да қолдануға болады.
Әдебиеттер
1.М.Әлімбаев.
Халық-ғажап тәлімгер.-А., 1994.
2.Ж.Дәуренбеков.
Қазақ мақал- мәтелдері.-А.,2001.
3.Deutsche
Sprichwörter für Ausländer.-Leipzig, Verlag
Enzyklopädie,1988