Алихан
Б.С.
Ғылым
мен инновация – ТМД қызметінің басым бағыттары ретінде
Әлемнің
көптеген индустриалды дамыған мемлекеттерінің
өнеркәсіптік өндіріс саласындағы инновациялық
технологияларды кеңінен игеруі, олардың экономикалық дамуы
мен халықтың өмір сүру деңгейін
көтеруіндегі маңызды бағыты болып табылады.
Ғылыми-техникалық
прогресстің тереңдей дамуында уақыттың маңызы
өте зор. Бұл фирмалар мен корпорацияларды, тіптен тұтастай
мемлекеттерді ғылыми-техникалық жетістіктер мен тәжірибелік
қызметті қолдануды, инновациялық процесстерді
үдетуді жалдамдату үшін
ғылыми зерттеулер мен жұмыстарға кететін
шығындарға қыруар қаржы жұмсауға
мәжбүрлейді. Бұл
қызметті тереңдете түсу бір жағынан, ғылыми-техникалық
мамандануға, екінші жағынан ғылыми-техникалық
және инновациялық қызметтің жетістіктерімен
алмасуға жол ашады. Инновациялық процесстердің
алғашқы сатыларында ғылыми-техникалық ақпаратпен
алмасу орын алса, кейіннен ғылыми-техникалық өніммен
(технологиялармен) алмасу жүзеге асады.
Сонымен қатар, ұлттық нарық кең
ауқымды инновациялық жобаларды жүзеге асыруда таршылық
танытқандықтан, фирмалар өз өнертабыстары мен
жаңалықтарын шетелдерге таратуға көңіл
бөлуде. Халықаралық ғылыми-техникалық
ынтымақтастық интеграциялық процесстердің ажырамас
бөлігіне айналды. Жай ғана ғылыми-техникалық
өніммен алмасудан басталып, оның аясында қазіргі кезде
инновациялық қорларды біріктіру, тарату, халықаралық инновациялық механизмдерді
қалыптастыру сияқты қызметтер жүзеге асырылуда.
Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығының қалыптасу кезеңінде, оның
жоғарғы органдарымен қабылданған
құжаттардың ешқайсысында, мысалы, 1993 жылғы 14-
мамырдағы ТМД-ны одан әрі күшейту
құжаттардың жобаларын дайындау бағдарламасы
жөніндегі Шешімде де, 1993 жылғы
24-қыркүйектегі Экономикалық Кеңес
құру жөніндегі Шартта да инновациялық қызмет
туралы айтылмаған.
Ең алғаш рет
инновациялық қызметті дамыту мәселесі ТМД-ның
МБК-нің 1994 жылғы 21-қазандағы «ТМД-ның интеграциялық
дамуының басты бағыттары» Меморандумы жөніндегі Шешімінде
және ТМД-ның интеграциялық дамуының болашақ
жоспарында көрініс тапты[1].
Сонымен қатар,
мемлекеттер
ғылыми-технологиялық саладағы инновациялық
қызметті бірлесіп мемлекеттік қолдау қажеттілігін тани
отырып, 1998 жылы 11-қыркүйекте,
Мәскеу қаласында ғылыми-технологиялық саладағы
мемлекетаралық инновациялық бағдарламалар мен жобаларды
құру және олардың мәртебесі жөніндегі Келісімге
қол қойды[2]. Осы Келісіммен инновациялық
бағдарламалар мен жобаларды құру және оларды
жүзеге асыру, олардың мақсаттары мен міндеттері,
бағдарламаны жүзеге асыру механизмі, оларды қаржыландыру
мәселелері қарастырылады.
2001 жылдың
маусымында Минскте Экономикалық кеңес ТМД мүше-мемлекеттерінің 2005
жылға дейінгі Мемлекетаралық инновациялық саясатының
Концепциясын қабылдады. 2002 жылы 28-маусымда осы Концепцияны
жүзеге асыруға бағытталған, инновациялық
саясаттың
нормативтік-құқықтық, экономиканың
инновациялық белсенділігін күшейту мәселелерін,
инновациялық қызметті жандандырудың қаржы және
экономикалық механизмдерін қамтитын 37 пунктен тұратын Кешенді
Жоспар қабылданды. Концепцияны жасау барысында, оның авторлары ТМД
мүше-мемлекеттерінің экономикасының басым және
әлсіз бағыттарын, инновациялық қызметтің дамуының
әлемдік үрдістерін ескерген болатын.
Концепцияны ережелерін жүзеге
асыру ТМД мүше-мемлекеттерінің
ииновациялық әлеуетінің көтерілуі
өнеркәсіптің
салалық және құрылымдық дамуына,
жұмыс орындарының күшеюіне,
өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға
көмектеседі.
ТМД мүше-мемлекеттерінің инновациялық
әлеуетін білімді игеру, тарату және білмге сұраныс
әлеуеттері құрайды.
ТМД-ның Атқарушы
комитетімен жүргізілген мемлекетаралық және
үкіметаралық бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру
барысы жөніндегі
аналитикалық жазбаларға сәйкес,
бағдарламалардың көпшілігі ғылыми-техникалық
прогрессті тереңдетуге, маңызды әлеуеттік-экономикалық
мәселелерді шешуге, мемлекеттердің ортақ мүдделерін
білдіретін салаларды дамытуға
бағытталған. Дегенмен, кейбір, мысалы, Аграрлық
нарықтың қолданбалы және фундаменталды ғылыми
мәселелері жөніндегі ғылыми-техникалық
ынтымақтастық Бағдарламасы және осы сияқты
басқа да бағдарламалар
қаржыландыру көздерінің анықталмауы себебінен,
жүзеге аспай қалуда.
Мемлекет басшыларының
кеңесі 2005 жылғы
3-маусымдағы отырысында Достастық аясындағы басым
бағыттағы бағдарламаларды бекітті. Кеңес,
сондай-ақ, мемлекетаралық бағдарламалардың
көбісі, олардың аясында, онымен сәйкес жасалынатын
ұлттық бағдарламалар арқылы жүзеге асатынын ескерді.
Дегенмен, жекелеген мәселелерді бағдарламалау арқылы шешетін
интеграцияның бұл бағытының мүмкіндіктерін
мемлекеттер дұрыс пайдаланбауда.
2006 жылдың 11-16
қыркүйегі аралығында ТМД мүше-мемлекеттерінің
«Мемлекетаралық инновациялық даму және инновациялық
ынтымақтастық: жағдайы, мәселелері, болашағы»
атты форум болып өтті. Форум қатысушылары Достастық
мемлекеттерінің инновациялық даму Бағдарламасын жасау
сияқты инновациялық дамумен байланысты мәселелерді
қарастырды. 2006 жылдың 5–6
қазанында ТМД-ның инновациялық дамуын одан әрі
жалғасытыруды көздейтін ғылыми-тәжірибелік
Конференциясы болып өтті.
2008 жылдың 23-мамырындағы Үкімет басшыларының
кеңесінде Белорусь Республикасының Премьер-министрі С. С. Сидорский Мемлекет
Басшыларының кеңесінде қаралуы тиіс Бағдарлама
ұсынды. Бұл Бағдарламаның бір бөлімі
инновациялық даму мәселелеріне арналған болатын. ТМД
мемлекеттерінің экономикасының ғылыми-техникалық
дамуын жүйелік және тұрақты дамытуды қамтамасыз
ететін және ұлттық қорларды біріктіретін бірегей
инновациялық кеңістік құру көзделген. Осы
мақсатта:
- әлемдік
экономикадағы мемлекеттердің бәсекегеқабілеттіліктерін
қамтамасыз ететін ұлттық инновациялық технологияларды
жасау мен енгізу саласында интеграцияның бағыттарын анықтау;
- мемлекетаралық инновациялық
қызметті мемлекетаралық қолдаудың тікелей және
қосымша құралдары мен әдістерін келісу;
- «ғылым-техника-инновация»
циклындағы ынтымақтастықты үйлестіретін бірегей органды
құру жөніндегі ұсынысты дайындау, оның нысаны мен
қызмет ету аясын анықтау;
- 2020
жылға дейінгі Мемлекетаралық инновациялық
ынтымақтастық бағдарламасының жобасын дайындау
ұсынылды.
2008 жылдың 20-маусымында ТМД-ның Экономикалық
кеңесі осы ТМД-ның 2020 жылға
дейінгі Мемлекетаралық инновациялық ынтымақтастық
бағдарламасының жобасын мақұлдады. 2020 жылға дейінгі ТМД
мүше-мемлекеттерінің Мемлекетаралық инновациялық
ынтымақтастығының мақсатты бағдарламасы – осы саладағы
мүше-мемлекеттердің еріктерінің келісілген көрінісі
болып табылады. Дайындық сатысында Белорусь Республикасының
ғылым мен технология жөніндегі Мемлекеттік комитетінің
өкілдері, Украинаның Экономика Министрлігі және
атқарушы билігінің әр түрлі органдары,
Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей,
Тәжікстан Республикасының
ғылыми-зерттеу ұйымдары қатысты.
Бағдарламаны дәлелелдеу
жобасында ТМД мүше-мемлекеттерінің экономикалық саясатын
инновациялық негізде өзгертуге ұмтылысы әлемдік
қоғамдастыққа жылжудағы ең басты
қадам екендігі атап өтілген.
Біріншіден, инновациялық
даму жаңа ұлттық технологиялық жүйелерді
құру мен жаңа тауарлар жасау мен оларды нарыққа
шығару нәтижесіндегі әр мемлекеттің біліктілігін
арттыруды көздейді. Сондықтан да, ұлттық
инновациялық маманданудың тереңдеуі, ТМД мүше-мемлекеттерінің
осы саладағы ынтымақтасуының қажеттілігін тудырады.
Екіншіден, қазіргі
жағдайда жаңа тауар ойлап шығару, тек, қолданбалы
зерттеулердің дамуының негізінде ғана мүмкін болып
табылады. Көптеген қолданбалы зерттеулерге тән
айтарлықтай шығындарды, жоғарғы тәуекел мен екі
ұшты коммерциялық нәтижені ескере отырып,
мемлекеттердің күштері мен қорларын, интеллектуалдық
және қаржы капиталын біріктіруі, қымбат зерттеу
жұмыстарын қайталамауы, жоғарғы коммерциялық
әсері бар технологиялардың дифузиясын жеделдетуі ТМД мүше-мемлекеттерінің
инновациялық қызметтеріндегі жетістікке жеткізер факторлар болып табылады.
Үшіншіден,
технологиялық жаңа өнімнің түрлерінің көбеюі осы өнімдердің
нарықтағы өтімділігін де күшейтеді. Осыған
байланысты, инновациялық өнімдер саудасына ортақ ережелер
қалыптастыру және оған ортақ сауда кеңістігін
құру ТМД мүше-мемлекеттерінің
инновациялық қызметтеріндегі жетістікке жеткізер шарттар
болып табылады.
Кез-келген
инновациялық жоба оны инвестициялауды, қаржыландыруын
ұйымдастыруды қажет етеді. Жоба ауқымды болған сайын,
оның жүзеге асыру үшін үлкен соммадағы инвестиция
қажет, сонымен қатар, тәуекел де жоғары болып,
тараптардың мүдделерін ескеру де қиындай түседі,
қаржыландыруды ұйымдастыруға да үлкен көңіл
бөлінеді.
2009 жылы
20-қарашада ТМД-ның Мемлекет басшыларының кеңесі ТМД
мүше-мемлекеттерінің инновация саласындағы ұзақ
мерзімді ынтымақтастығының негізгі бағыттарын бекітті.
2009 жылдың 11-қыркүйегінде Экономикалық кеңес
бұл бағыттарды мақұлдады.
Инновациялық-технологиялық
ынтымақтастықтың басты бағыттары ТМД
мүше-мемлекеттерінің 2020 жылға дейінгі Мемлекетаралық
инновациялық ынтымақтастығының мақсатты
бағдарламасын дайындауға негіз болды[3].
Оларды жүзеге
асыру инновациялық процесс қатысушыларын жаңа
технологияларға көшулерін қамтамасыз етеді, сондай-ақ,
қазіргі ғылыми-техникалық базада ұлттық
экономиканы модернизациялауға мүмкіндік береді.
ТМД
мүше-мемлекеттерінің экономикалық әлеуетін
жақсарту және ұлттық мүдделерін
қорғауды қамтамасыз ету үшін, әр мемлекет
өзінің әлемдік шаруашылық жүйесіндегі орны мен рөлін
анықтауы тиіс.
Бұл,
әрине, инновациялық даму жолы арқылы жүзеге асады.
Бірақ, бұл АҚШ, ЕО, Жапония және кейінгі кезде
Қытайдың тәжірибесінен анық көрінгенімен де, ТМД
мүше-мемлекеттерінде осы салада уақыт факторы аз ескеріліп,
стратегиялық жоспарлау деңгейі төменгі жағдайда болып,
новацияларды енгізуге қаржы бөлу ұмтылысының
жоқтығынан салғырттық байқалуда. Бұл тек
мемлекеттік құрылымдарға ғана емес, орталық
және аймақтық деңгейдегі бизнеске де тән. ТМД-да
жалпы, инновацияға тауар өндірісіне жұмсалатын
шығынның 4,9 %-ы ғана бөлінеді.
ТМД-ның
Мемлекетаралық статистикалық комитетінің мәліметтеріне
орай, ТМД мүше-мемлекеттерінің экспортының басым
бөлігін мұнай, газ, қара және түсті металл, кен
және т.б. төменгі деңгейде өңделген шикізат
өнімдері құрайды.
ТМД мүше-мемлекеттерінің
әлемнің дамыған мемлекеттерінен жалпы жоғарғы
технологиялық өнімдерді экспорттау жөнінен қалып
қоюы әлі қысқармады. Көбінесе, бұл ТМД-да
шығарылған жоғарғы технологиялық тауарлар
(бағдарламалық және техникалық құралдар, жаңа
материалдар, биотехнология, ақпараттық қорлар,
қызметтер және т.б.) ішкі және сыртқы нарықта да,
көбінесе, бәсекеге қабілетсіз күйінде қалуда.
Соңғы 15 жылда экономикасы дамыған
мемлекеттерде ғылыми-зерттеулер мен ашуларға кеткен шығында
ЖІӨ-нің 2,5–3 % -ын құраса, ТМД
мүше-мемлекеттерінде бұл көрсеткіш ЖІӨ-нің
0,4–0,5 % -ын құрайды.
Құрылымдық
проблемалар мен инновациялық қаржыландырудың
жоқтығы ТМД мүше-мемлекеттерінің бәсекеге
қабілеттіліктеріне теріс әсерін тигізуде. Әлемнің
бәсекеге қабілетті мемлекеттерінің рейтингісінде 134
мемлекеттің ішінен 2011–2012 жылдар аралығында Әзірбайжан
Республикасы - 69-шы, Армения - 97-ші, Қазақстан Республикасы -
66-шы, Молдова Республикасы - 95-ші, Ресей Федерациясы - 51-ші, Украина - 72-ші
орынды иеленеді.
Технологиялық
құрылғылардың ескіруі мен тозуы экономикалық
өсуді тежеуші фактор ретінде болып қана қоймай,
сондай-ақ, экономикалық қауіпсіздіктің деңгейін
төмендетіп, техногендік сипаттағы төтенше
жағдайлардың болу ықтималдығын жоғарылатады. Ал,
ТМД мүше-мемлекеттеріндегі негізгі қорлардың тозуы экономика
секторында 65 %-ды құрайды. Жаңа
құрылғылардың үлесі азаюда. Ең алдымен
бұл машина жасау мен металл өңдеуге қатысты болып
табылады. бұл проблеманы шешу үшін әр жыл сайын
инвестицияның көлемін 25 %-ға арттырып отыру керек.
Мемлекетаралық
инновациялық дамудың міндеттерін орындау үшін ТМД
мүше-мемлекеттерінің экономикасының келесідей
артықшылықтарын пайдалану қажет:
-
Табиғи
қорларының байлығы, дамыған минералды-шикізат базасы
мен транстпорттық инфрақұрылым;
-
Қорғаныс
және онымен байланысты өндірістің азаматтық
салаларындағы елеулі технологиялық әлеуеті;
-
Ішкі нарықта
және бірқатар дамыған мемлекеттердің нарығында
өтімділікке ие бола алатын, жаппай арзан өнім
шығарудағы өндірістік қуатының резерві;
-
ғылыми-техникалық
әлеуетінің және жоғары квалификацияланған
ғылыми мамандарының елеулілігі;
Сонымен қатар,
мемлекетаралық инновациялық қызметтің дамуына теріс
әсерін тигізетін факторларды да атап өткен жөн:
-
Өнеркәсіптің
жекелеген салаларының технологиялық артта қалушылығы;
-
Олардың
өнімдерінің бәсекеге қабілеттіліктерінің
төмендігі;
-
Нарықтың
жылдам өзгеретін шарттарына икемделетін шағын инновациялық
кәсіпорындар саласының дамымауы;
-
Салалық
инновациялық инфрақұрылымның жоқтығы;
-
Инновациялық
қызметтің нормативтік-құқықтық
базасының жетілмегендігі;
-
Интеллектуалдық
меншік құқығы қорғау деңгейінің
төмендігі;
Осылайша, жеке
мемлекеттің экономикалық әлеуетін инновациялық
үлгілердің негізінде дамыту үшін, көптеген материалдар,
еңбек және қаржы шығындары, сондай-ақ,
ұзақ уақыт қажет. Сондықтан да, ТМД аясында тек,
жеке мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар тұтастай
ТМД-ның экономикасын тиімді дамытуға мүмкіндік беретін
ауқымды инновациялық жобаларды жүзеге асыруға
болады.
ТМД-ның
Экономикалық даму Стратегиясына сәйкес, 2020 жылға дейін
инновациялық ынтымақтастықтың екі деңгейі
қарастырылған: біріншісі - 2012–2015 жылдар аралығын,
екіншісі - 2016–2020 жылдар
аралығын қамтиды.
Бірінші кезеңде
ғылыми-техникалық және инновация салаларындағы
ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың басты
бағыттарының, ғылыми-техникалық және
инновациялық қызметінің белсенділігін, қаржы және
материалдық қорлардың шоғырлануын қамтамасыз
ететін, мемлекетаралық инновациялық
ынтымақтастықтың мақсатты
бағдарламаларының, мемлекетаралық салалық
ғылыми-техникалық бағдарламаларының негізінде
мемлекетаралық инновациялық кеңістікті қалыптастыру
арқылы, ТМД мүше-мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық
дамуын жылдамдату көзделеді.
Екінші кезеңде
экономиканың ғылыми салаларын дамытуға және
сақтауға, әлемнің жоғарғы
технологиялық өнімдер нарығында ТМД
мүше-мемлекеттерінің 2020 жылға дейінгі жетекші позициясын
қамтамасыз ету үшін олардың ғылыми-техникалық
және білім әлеуетін жүзеге асыруға көмектесетін
аймақтық нано- және пикоиндучтриялық нарықты қалыптастыруды көздейді.
Атом энергетикасы,
энергия мен шикізаттың альтернативті түрлерін қолдануға
және жоғарғы технологиялық транспорттық
жүйелерді дамытуға бағытталған жаңа
инфрақұрылымдық жобаларды жасау көзделеді.
Мемлекетаралық
инновациялық кеңісітік ТМД-ның әрбір
мүше-мемлекетіне олардың ғылыми-технологиялық
және инновациялық әлеуетін қолдануға,
ғылыми-технологиялық және инновациялық өнімдер нарығына
қол жеткізуге, сондай-ақ, Достастық мемлекеттерінің
ортақ жоғарғы технологиялық тауарлар мен
қызметтер нарығын қалыптастыруына мүмкіндік береді.
ТМД
мүше-мемлекеттерінің инновация саласындағы ұзақ
мерзімді ынтымақтастықтарының негізгі бағыттарына келесілерді
жатқызамыз:
1.
ТМД
мүше-мемекеттерінің ынтымақтастығы мен
әлемнің интеллектуалдық өнімдер нарығына
қатысуына қолайлы жағдайлар туғызу; Ол үшін
ынтымақтастытың халықаралық
нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру,
Достастықтың мемлекетаралық инновациялық
кеңістігіне құқықтық негіздер
қалыптастыру, ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудың
озық стандарттары мен методологиясына қол жеткізу, оларды
қайталауды болдырмау, қолда бар қорлар мен
инфрақұрылымды тиімді қолдану қажет.
2.
ТМД
мүше-мемлекеттерінде өндірілген
ғылыми өнімдердің әлемдік нарыққа
шығаруға қолдау көрсетуді қамтамасыз
ететіндіктен, экономиканың мемлекеттік
және жеке секторының шет елдік серіктестерімен ара-қатынасын
ұйымдастыру. Сонымен қатар, шет ел фирмалары мен
инвесторларының технология, ғылыми тауарлар мен
қызметтердің әлемдік нарығында ТМД
мүше-мемлекеттерінің технология жасаушыларын қаржыландыруын
ынталандыру мәселелерін шешу қажет.
3.
Әлемдік
деңгейге сәйкес келетін нарықтық экономикадағы
инновациялық ынтымақтастықтың мемлекетаралық
инфрақұрылымын қалыптастыру. Ол үшін ғылым,
технология, инновация салаларындағы ортақ кәсіпорындар,
консорциумдар жіне т.б. интеграциялық құрылымдарды бірігіп
ұйымдастыру үшін, ТМД мүше-мемлекеттерінде аккредиттелген шет
ел фирмаларымен байланыстарды жандандыру қажет.
4.
Ғылыми сектор
мен инновациялық технологиялар саласына инвесторларды көптеп
тартуға қолайлы жағдайлар жасау.
5.
Мемлекетаралық
инновациялық жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру
механизмдерін қалыптастыру.
6.
Инновациялық
процесстерді білікті басқара білетін, нақты мемлекетаралық
инновациялық бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыратын
мамандардың жеткілікті санымен қамтамасыз ететін, мамандарды
дайындау және қайта дайындаудың мемлекетаралық
жүйесін құру.
7.
Қазіргі
заманғы әлемдік нарықтағы ұлттық
бизнестің бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын
аймақтық инновациялық саясатты дамыту.
8.
Ұзақ
мерзімді бағдарламалар мен жекелеген жобаларды қаржыландыру
механизмдерін жасау арқылы ғылыми-техникалық және
инновациялық ынтымақтастық үшін қолайлы
жағдайларды қамтамасыз ету. Бұл ең алдымен сараптама
мен ғылыми және инновациялық жобаларды конкурстық
негізде іріктеу жүйесін
құру арқылы жүзеге асырылады[4].
Осы негізгі
бағыттардың жүзеге асуы ТМД-ның әр
мүше-мемлекетінің ұлттық экономикасының
әлемдік бәсекеге қабілеттілігін, ТМД-да ғылыми
бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтерді өндірудің
тиімділігін арттыруын, табиғи, шикізат және инвестициялық
қорларды орынды және тиімді қолдануды, ТМД
мүше-мемлекеттерінің халқының өмір сүру
деңгейлерін арттыруды қамтамасыз етуі тиіс.
Жалпы, ғылым,
ғылыми-техникалық прогресс, инновациялық даму интернационалды,
бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар болып табылады.
бұл жағдайды ТМД мүше-мемлекеттерінің ғылым
академияларының басшылары 1993 жылы 23-қыркүйекте Киев
қаласында Ғылым академиясының Халықаралық
ассоциациясын (МААН) құру
жөніндегі Келісімге қол қою арқылы дәлелдеді.
Достастық мемлекеттерінен басқа, бұл Келісімге Вьетнам,
Словакия, Чехия Республикаларының ғылым академияларының
президенттері де қол қойды.
ҒАХА
орталығында, ол қалыптасқан кезден бастап, ТМД
мемлекеттерінің ғалымдарының арасындағы байланысты
қалпына келтіру және тереңдету, ғылыми әлеуетті
дамыту және сақтау, қолданбалы ғылымдарға
көмек көрсету және қолдау,ғылым мен
білімнің интеграциясына, ғылыми мамандарды дайындауға,
Достастық мүше-мемлекеттерінің
әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ғылымның
үлесін ұлғайтуға көңіл бөлініп
келеді.
Достастық
аясындағы ғылыми және экономикалық байланыстарды
күшейту мақсатында ұлттық академиялар ТМД
аясындағы бірқатар мемлекетаралық келісімдерді дайындау мен
қабылдауға өз үлестерін қосты.
ҒАХА ғалымдарымен
ТМД мүше-мемлекеттерінің территориясында орналасқан бірегей
ғылыми кешендердің негізінде халықаралық
ғылыми-зерттеу орталықтарын құру туралы ұсыныс
жасалды. Мұндай орталықтарды құру ұлттық
ғылым академиясының, мүдделі тарптардың мемлекеттік
атқарушы билік органдарының қатысуымен 1998 жылғы
Халықаралық ғылыми-зерттеу орталықтарын
құру және олардың мәртебесі жөніндегі
Конвенцияның негізінде дайындалатыны атап өтілген.
Сонымен
қатар, ТМД мемлекеттерінің
осы саланы дамытуға деген ұмтылыстарын 2010 жылды
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ғылым мен инновация
жылы деп жариялауы да айқындай түседі.
Сондай-ақ,
қолданбалы ғылым саласындағы ынтымақтастық
жөніндегі Кеңес құру, ТМД-ның
ғылыми-технологиялық және инновациялық
ынтымақтастығының салалық органдарының
тәжірибелік жұмысын бастау жоспарлануда.
Қазіргі кезде
неғұрлым ғылым мен техниканың дамуына, жаңа
технологиялардың өндіріске енуі мен сол арқылы әлемдік
нарықта бәсекеге қабілетті өнім шығаруға,
мемлекеттердің инновациялық дамуына көп көңіл
бөлінсе, соғұрлым ол мемлекеттің экономикалық
дамуы мен дамыған мемлекеттер қатарына қосылуына септігін
тигізетінін жоғарыда келтірілген дәлелдерден байқап
білуімізге болады.
ТМД аясында ғылым мен техника, инновация
салаларындағы ынтымақтастығының дәлелі ретінде
болатын Келісімдер, Шарттар, Конвенциялар мен Бағдарламалар, Жобалар,
жалпы, осы саладағы өткізілген және жоспарланған
шаралар, ТМД мүше-мемлекеттерінің бұл салаға көп
мән беріп, дамытуға, ынтымақтастықты тереңдетуге
деген ұмтылыстарының
көрінісі болып табылады.
ТМД
мүше-мемлекеттерінің ғылым, техника, технологияны дамытуда
әлемнің жетекші мемлекеттерінің деңгейіне жетуіне тежеу
болып отырған кемшіліктерді ескере отырып, осы саладағы ортақ
қорлар мен қаржыларды біріктіре отырып, мемлекеттердің
жұмыла, қызығушылықпен әрекет етуі жоғарғы деңгейдегі
ынтымақтастыққа қол жеткізулеріне жол ашары анық.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі:
[1] Гордейчик А.И. Снапковский В.Е. О нынешнем
состоянии СНГ и перспективах его развития. – М., 2000. – c.24.
[2] Соглашения о формировании и
статусе межгосударственных инновационных программ и проектов
внаучно-технологической сфере от 11 сентября 1998 г.//Бюллетень международных
договоров. – 2000. -№6. – c.23.
[3] Решение СГП о разработке
Межгосуларственной целевой прграммы инновационного сотрудничества государств-участников СНГ на
период до 2020 года от 14 ноября 2008 года.
[4] http://www.cis.minsk.by/page.php?id=15056
[1] Гордейчик А.И. Снапковский В.Е. О нынешнем состоянии СНГ и перспективах его развития. – М., 2000. – c.24.
[2] Соглашения о формировании и статусе межгосударственных инновационных программ и проектов внаучно-технологической сфере от 11 сентября 1998 г.//Бюллетень международных договоров. – 2000. -№6. – c.23.
[3] Соглашения о формировании и статусе межгосударственных инновационных программ и проектов внаучно-технологической сфере от 11 сентября 1998 г.//Бюллетень международных договоров. – 2000. -№6. – c.23.
[4] Соглашения о формировании и статусе межгосударственных инновационных программ и проектов внаучно-технологической сфере от 11 сентября 1998 г.//Бюллетень международных договоров. – 2000. -№6. – c.23.