Халықаралық қылмыспен күресудегі юрисдикцияның рөлі.

    Қазіргі таңдағы мемлекеттер арасындағы қатынастардың нығаюы халықаралық қатынастардың көпсалалығымен және оның жиілігімен сипатталады. Соған байланысты осындай қатынастардың құқықтық реттеуі  тиімділігінің деңгейін арнайы халықаралық келісімдер құру арқылы жоғарылатуда қызығушылық арта түсуде. Бұл келісімдер жеке құқықтық трансшекаралық қатынастармен қатар жария құқықтық қатынастарды реттейді және елдердің құқықтық заңнамасындағы қылмыстық бұзушылықтарды реттейді.

    Осыған байланысты халықаралық құқықтың юрисдикция деген категориясының рөлі мен маңызы артады. Юрисдикция мәселесі халықаралық және ішкі мемлекеттік құқық әрекет ету аумағы концепциясына жатады және теория мен халықаралық қатынастар тәжірибесіне де аса маңызды болып табылады.

     Юрисдикция ұғымы рим құқығын қайнар көз ретінде қарастырады. Jurisdicto ұғымы jus dicere ден құралады, яғни нақты бір дауға байланысты «құқық болып табылатын сойлеу немесе айту». Уақыт өткен сайын юрисдикцияның ұғымы мен құрамы өзгерсе де, мағынасы сол күйінде қалған. Әсіресе жалпы құқықтың құқықтық отбасына жататын мемлекеттер юрисдикцияны көбінесе сот органдарына қолдана қарастырған. Юрисдикцияға Оксфорддық заңи сөздік келесі анықтаманы берген: «юрисдикция істерді шешу және қарастыру немесе сәйкес қаулыларды қабылдауда соттың билігін білдіреді». Роман германдық құқықтық отбасына жататын мемлекеттерде юрисдикция ұғымының орнына көбінесе әрекет аумағындағы, істің ведомствоға, сотқа жататындығы және мемлекеттің сәйкес органдарының терминдер қолданылады. Бізді қызықтыратын терминология өзінің аса ерекшелігімен  ерекшеленетінін атап айтамыз: «jurisdiction» ағылшын термині  «competence» француз термині сияқты көп мағынасы бар.

    Неміс заңи сөздігінде «Gerichtsbarkeit» (ведомстволық істің сотқа жататыны)термині және «zustandigkeit» (істің сотқа жататындығы) термині бар. Құқықтық көмек туралы халықаралық шарттарды жиі «компетенция» термині қолданылады.

     Юрисдикция ұғымының көп мағыналығын ескере отырып  халықаралық қылмыстық құқық юрисдикцияға байланысты өз ұғымдарын құрастырып жатыр. Көбінесе әлемдік қауымдастықтың маңызды мақсаты халықаралық және ішкі мемлекеттік істерде құқықтың маңыздылығын орнату болып табылатынын ескереді. Құқықтың маңыздылығын орнатуға бөлек жеке тұлғалар жиі  кедергі болады, сондай ақ кейде мемлекеттер адамгершіліксіз және қатігез қылмыс жасау арқылы кедергі болады. Халықаралық қылмыстық құқықтың тарихи аспектілерін қарастыратын ғалымдар халықаралық қылмыстық әділдікті ортағасырлық Петер фон Хагенбахты Брайсбахта қатігез басқарушы болғаны үшін өлім жазасын беріп соттаған кезден бастап қарастырады. Бірақ Версаль шарты қазіргі жағдайларда халықаралық әділдікті орнату бойынша бірінші тәжірибе болып табылады[1]. Халықаралық трибунал орындайтын кайзер бойынша сот процессінің мүмкіншілігін 227 бап қарастырған, бірақ бұл процесс Нидерланддықтардың кайзерді қайтармауына байланысты жасалмады[2]. Бұл саладағы ең үлкен жетістік  болып Лондонда 1945 жылы 8 тамызда Халықаралық Әскери Трибуналы Жарғысының қабылдануы табылды[3]. Бұл жарғы тек қана бір сот процессіне байланысты қолданылды. Ол 1945 жылы қарашада басталып 1946 жылы 1қазанда аяқталған ұлтшылдық режимдегі жиырма үш «басты әскери қылмыскерді» соттағанда болды. Токиолық  Әскери Трибунал жапондық әскери қылмыскерлердің істерін Нюрнберг Жарғысының үлгісі бойынша құрастырылған Жарғыға сәйкес қарастырған. Ұлтшыл және жапондық әскери қылмыскерлердің  көбі, сондай ақ солардың дем берушілері қылмыс жасалған елдердің ұлттық соттары алдында немесе жеңген одақтастардан  құрылған әскери трибуналдар алдында сотқа тартылған. Нюрнбергте  1946 жылдан 1948 жылға дейін болған Германияда солардың арасында ең негізгісі. Соттық қарастырулар американдық әскери соттармен  Бақылау Кеңесінің №10 Заңына сәйкес орындалған[4].

        1993 жылы мамыр айында новаторлық деуге болатын және Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының  VII тарауының  жайына сүйенген Қауіпсіздік Кеңесі өз шешімімен 1991 жылдан бастап бұрынғы Югославияда жасалған қылмыстарды қарастыру үшін  ad hoc халықаралық трибуналын құрған.[5] 1994 жылы қарашада тура сондай қадам Руандаға байланысты да жасалды.[6]

Соттық органның дүниежүзілік қоғамдастықпен құрылған және де халықаралық қоғамдастықтың қамкөңілдікті шақыратын сондай-ақ ең маңызды құқықбұзушылық деңгейінде қылмыстық юрисдикцияны орната алатын Халықаралық қылмыстық сот (ХҚС) құрылып, бұл халықаралық құқықтық тәртібінің орнатылуына XX ғасырдың аяғында – XXI ғасырдың басында ерекше мәні бар күн болып саналады.

Арнайы және Даярлайтын комиттер шеңберінде ең маңызды талқыланатын сұрақтардың бірі, ХҚС ­– ты ұлттық соттық органды толықтырушы орган ретінде мойындау. Сотты құру сұрағы бойынша өзінің баяндамасында, Арнайы комитет халықаралық құқықтық комиссиясының қылмыстық ісін жүргізудегі соттың  ұлттық соттық органдарды алмастыру аужайына кірмейтіндігі туралы  атап өтті, алайда Соттың юрисдикциясы шетте қалмау керек.

Көп жағдайда, «юрисдикция» ұғымы мемлекетпен байланысты болып жатады, бірақ оның мемлекетке тікелей қатысы болмауы мүмкін, ал кейбір жағдайда, оның мемлекетке тіптен қатысы болмауы мүмкін. Мемлекет ішіндегі ортада «юрисдикция» ұғымы, әдетте, сот органдарының қызметі негізінде, яғни олардың кез-келген іс категориясын (шешім шығаруды қоса) қарастыру барысындағы уәкілеттілігін білдіреді. Сонымен қатар, мемлекет юрисдикциясын мемлекеттің құқық нормасын белгілеу мен орындау, мемлекттің өз билігін шығару құқығы, мемлекеттің басқа да субъектілер әрекетіне қатысты біліктілігі, және құқықтық билік деп анықтайды.[7]

     Мемлекет юрисдикциясы, мемлекеттік егемендіктің көрінісі ретінде халықаралық қатынастарда қолданылатын ұғым. Сондықтан, оны халықаралық-құқықтық құбылыс ретінде қарастыруға барлық негізге ие. Мемлекет юрисдикцияларының олардың егемендігінің көрінісі ретінде ұштасуы олардың өзара қатынасында іс жүзіндегі сипаттағы мәселелер тудырады[8]. Мұндай мәселелер қылмыс және басқа да құқық бұзушылықпен күрес саласында да бар.

       К. Хакапаа, фин ғалымы және дипломаты, юрисдикция ұғымын, халықаралық құқық негізінде жазбаша үкім жасап шығару, сот шешімін шығару немесе әкімшілдік жол арқылы жазбаша үкім орындалуын қамтамасыз ету негізінде мемлекеттің басқа субъекттер жүріс-тұрысына сондай-ақ, олардың мүліктерінің статусына әсер ететін біліктілігі ретінде қарастырады. Юрисдикцияның мұндай анықтамасы табиғаты жағынан, азаматтық, әкімшілдік немесе қылмыстық болып табылатын кез-келген әрекетті (сондай-ақ, әрекетсіздікті) қамтиды [9].

       А.И. Зябкиннің пікірі бойынша, халықаралық құқықтағы юрисдикция, бұл мемлекеттер мен олардың органдарының заң (нормативтік акт) шығару, халықаралық келісімдерде көрсетілген салаларда актілердің қолданылуы және оны      ету кезіндегі қызметтерінің шегі деп қарайды. Бұл тұрғыда, мемлекеттер «белгіленген актілердің орындалуын қамтамасыз етуіне жауапты мемлекеттік органдардың ортасын анықтайды» [10].

      Қазіргі таңда мемлекет юрисдикциясының келесі классификациясы кең етек жаюда.

      Бірінші, мұндай юрисдикцияны заңнамалық немеcе үкімдік (prescriptive jurisdiction) және атқарушылық (enforcement jurisdiction) деп екіге бөледі, басқа сөзбен айтқанда, мемлекет орнататын юрисдикция және мемлекет жүзеге асыратын юрисдикция.

       Екінші, қандай принциптерге негізделсе, соған байланысты юрисдикция келесідей бөлінеді, яғни аумақтық принцип, жеке активті принцип, жеке пассивті принцип, қорғаныс сияқты принциптерге байланысты юрисдикция және универсалды (әмбебап) юрисдикция.

      Үшінші, қай салада мемлекет юрисдикциясы орнатылады және жүзеге асырылуына байланысты оны қылмыстық, азаматтық және әкімшілдік деп бөледі.

      Төртінші, көлеміне байланысты, юрисдикцияны толық (заңнамалық және атқарушылық юрисдикцияны қамтиды) және шектеулі деп бөлуге болады.

Бесінші, материалды және процессуалды юрисдикцияны бөліп қарастыруға болады.

     Алтыншы, кеңістік критериясы бойынша юрисдикцияны территориалды және экстерриториалды деп бөледі, мұнда мемлекет аумағындағы немесе оның аумағынан тыс жердегі юрисдикцияға байланысты [11].

     Халықаралық құқықта аумақтық және жеке (ұлттық) юрисдикцияларды қарастырады. Аумақтық түсінігінде белгілі бір аумақтағы мемлекеттің юрисдикциясы түсініледі.  Халықаралық құқық доктринасында айтылғандай, юрисдикция тек мемлекет территориясына ғана емес, сонымен қатар мемлекетке қатысы бар жылжымалы объекттерге – теңіз және әуе, қатысты қарастырылады. Сондай-ақ, аумақтық принцип, басым жағдайда, мемлекет юрисдикциясының негізі ретінде халықаралық құқыққа сәйкес мемлекет аумағына жақын жатқан аймақтарға қатысты – континенталды шельф,  экономикалық зона (яғни, юрисдикцияның квазитерриториалдылығының негізі ретінде), қолданылады.

      Жеке(ұлттық) юрисдикция мемлекет азаматтарының мемлекеттің аумағынан тыс жерде, әдетте, шет елдер аумағында, шет елдің теңіз және әуе кемелерінде жасалған қылмыстарға таралады.

     Халықаралық келісімдерде аталмыш юрисдикция принципі өз юрисдикциясын орнатқан мемлекеттің аумағында тұрып жатқан басқа мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлға жасаған қылмысқа қатысты орнатылған юрисдикция деп анықталады. Мемлекеттер арасындағы юрисдикцияны қолдану барысында бәсекелестік пайда болған жағдайда, бұл сұрақ тиісті халықаралық келісім-шарттар немесе халықаралық құқықтық әдет-ғұрыптар арқылы шешіледі.

     Бұл түсінік Қазақстан Республикасының Конституциясында және басқа да нормативтік-құқықтық актілерде көрсетілген. Юрисдикция мемлекеттік билік болғандықтан, ол мемлекеттік егемендіктің көрінісі болып табылады.

Бүгінгі күні юрисдикция мәселелерінің тәжірибелік мәнге ие болып келеді, және мемлекеттің де оған назары артуда. Бірқатар елдерде мұндай мәселелерге арнайы заңдар жасалған, мысалы, Юрисдикциялық кодекске австриялық Кіріспе Заңы арналған. Еуропаның кейбір мемлекеттерінің тәжірибесін қорытындылай келе қылмыстық юрисдикция мәселелеріне қатысты келесі ережелерді атауға болады: бірінші – аумақтық егемендік принципі жалпыға танылған халықаралық құқық нормасының бірі болып табылады. Мемлекеттердің аумақтық қолсұқпаушылығы шет ел мемлекеттерінің іс-әрекеттері мемлекеттің егемендік аумағына оның келісімісіз немесе халықаралық құқықтың өзге құқығынсыз енуіне жол бермейді; екінші – жалпы халықаралық құқық бойынша мемлекет өз аумағында екінші бір мемлекеттің егемендік әрекеттерінің күш көрсету негізіндегі немесе оның жүзеге асуына көмек көрсетуі немесе мойынсынуы міндетті емес; үшінші – аумақтық егемендік дипломатиялық немесе консулдық иммунитет немесе халықаралық ұйым иммунитеті арқылы барлық тұлғаларға және мемлекет аумағының барлық мүлкіне қатысты қолданылады; төртінші – белгілеу юрисдикциясы аз шектелді, ал бағындыру юрисдикциясы мемлекет егемендігінің әрекетімен шектеледі; бесінші – мемлекеттік егемендіктің құндылықтарды ұлттық құқықтық жүйе арқылы қорғау мақсатында шет елдегі өз азаматтарына қатысты мемлекеттің әрекеттерін күшпен жүзеге асыру қабылданады, әсіресе, өз аумағында мүлкілерін конфискациялау; алтыншы – шет елде жүрген тұлға жасалған әрекеттері үшін сол мемлекеттің белгіленген құқығымен жазаға алынбайды, немесе бұл құқық тыйым салған іс-шараларды қабылдамаған жағдайда; жетінші – құқықтық тәртіп, халықаралық құқық немесе мемлекеттің процессуалдық жүйесімен танылған екінші мемлекетпен қатынасы бар мемлекет соттарының қарамағына қарасты барлық заңдық шаралар іске асқанда ғана ішкі юрисдикция қолданылады.

     Жалпы, мемлекет халықаралық қылмыс юрисдикциясы идеясына қатынасы ұстамды. Мұны Халықаралық қылмыстық сот Жарғысының жобасын талқылағанда байқауға болатын. Оны жасау барысында Сот юрисдикциясының көлемі жөнінде түрлі ұсыныстар жасалған болатын. Сонымен, Халықаралық сот юрисдикциясының үш нұсқасы ұсынылған болатын: 1) ерекше Сот юрисдикциясы; 2) ұлттық Сот және Соттың параллелді юрисдикциясы; 3) ұлттық сот үкімін қайта қараудағы мәселелерімен шектелген Сот юрисдикциясы. Алайда, Жарлықтың преамбуласында көрсетілгендей, тиесілі соттық процедуралар жоқ немесе тиімсіз деп танылған жағдайларда Халықаралық қылмыстық сот, қылмыстық заңның ұлттық жүйесін толықтыруға міндеттелген. Дегенмен, 1949 ж. Женева конвенциясы және 1977 ж. I Қосымша протоколға сай, әскери қылмыстарға қатысты Халықаралық қылмыс сотын ерекше юрисдикциямен қамтамасыз ету мемлекеттің ұлттық сотының  универсалды юрисдикцияны жүзеге асыруынан бас тартуын талап етеді. Мемлекеттің ұлттық сотын әскери қылмыс жасаған тұлғаларды жауапкершілікке тарту мүмкіншіліктерінен жою қайшы салдарға алып келуі мүмкін еді. Біріншіден, бұл, әскери қылмыспен күрес әдістерінің қызмет ету жүйесін әлсірету мүмкін (жалпы, әскери қылмыс жөніндегі істер ұлттық қылмыс сотымен қаралатын және де қаралып келеді). Екіншіден, Халықаралық қылмыс соты жазалаудың жеңілірек сипаттағы істерімен толып кететін еді, бірақ Халықаралық қылмыс соты тек ауыр халықаралық қылмыстарға қатысты юрисдикцияны жүзеге асыруға арналған.

    Халықаралық қылмыс соты ауыр халықаралық қылмыстарға қатысты юрисдикцияға ие бола алама деген сұраққа жауапты Жарлық жобасының 20-бабы бере алады. Аталған бап, Сот юрисдикциясының қарамағына кіретін қылмыстарды атай келе, әскери қылмыстарға қатысты екі бөлімді бөліп көрсетеді: біріншісі, қарулы қақтығыстарда болатын заң мен дәстүрлерді бұзатын үлкен бұзушылықтар, екіншісі, «Қосымшамада аталған, келісімдер негізінде немесе орындау кезіндегі халықаралық қауымдастықтың үрейін тудыратын ауыр қылмыс болып саналатын» қылмыстарды атайды. Аталған Қосымша ең алдымен 1949 ж. 12-тамыз, соғыс құрбандарын қорғау жөніндегі Женева Конвенциясының (I, II, II, IV Конвенцияның 50, 51, 130, 147 бб.) төрт ірі қателіктеріне  және 8 маусым 1977ж. Қосымша протоколға (85б.) сүйенеді.

   Халықаралық келісімдерде мемлекет юрисдикциясы қылмыстық юрисдикциясынан ерекше болып келеді, мұнда мемлекет аумағында, континентальды шельф, ашық теңіздерде теңіз кемелерінің бортында жасалған құқық бұзушылық, және басқа да халықаралық құқықпен танылған жағдайларды қамтиды.

      Жалпы, қылмыс және басқа да құқық бұзушылықтармен күреске байланысты маңызды мәселелер үкім мен атқарушылық юрисдикцияларының таралу қатынасы,  тұлғалары мен объектілеріне қатысты юрисдикцияның таралуы мен жүзеге асырылу сипаттамасының өзарабайланысы болып табылады. Сондай-ақ, аталған күрес жүзеге асырылатын кеңістік тәртібі мен халықаралық-құқықтық статусы, объекттердің құқықтық статусы, тұлғалардың қандайда- бір мемлекеттің азаматы болып табылуын ескеру қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1. Robert К. Woetzel. The Nuremberg Trials in International Law, London: Stevens & Sons, 1962, at pp. 19—20.

2. Treaty of Peace between the Allied and Associated Powers and Germany ("Treaty of Versailles"), 1919 T.S. 4.

3. Agreement for the Prosecution and Punishment of Major War Criminals of the European Axis, and Establishing the Charter of the International Military Tribunal (I. M. Т.), (1951) 82 U.N.T.S. 279.

4. Закон №10 Контрольного совета. Наказание лиц, виновных в совершении военных преступлений, преступлений против мира и против человечности, 20 декабря 1945 г., Official Gazette Control Council for Germany. Patrick Brode, Casual Slaughters and Accidental Judgements, Canadian War Crimes Prosecutions, 1944—1948, Toronto: University of Toronto Press, 1997.

5. Statute of the international Criminal Court for the former Yugoslavia, S.C. Res. 827, Annex

6. Statute of the international Criminal Tribunal for Rwanda, S.A. Res. 955, Annex.

7. См.: Черниченко О.С. Международно-правовые аспекты юрисдикции государства: Автореф. дис. канд. юрид. наук. М, 2003. С. 14.

8. См.: Черниченко О.С. Международно-правовые аспекты юрисдикции государства. С. 3.

9. См.: Хакапаа К. Загрязнение морской среды и международное право: Пер. с англ. В.А. Киселева. М: Прогресс, 1986. С. 145.

10.  См.: Зябкий А.И. Несанкционированное вещание из открытого моря и международно-правовые средства его пресечения: Дис. канд. юрид. наук. Л: ЛГУ, 1985. С. 121.

11. См.: Черниченко О.С. Международно-правовые аспекты юрисдикции государства. С. 10-11.