Жұмаш Гаухар

Халықаралық құқық 2-курс

87071922944

 

 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САНКЦИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесімен енгізілетін экономикалық санкциялардың тиімділігі мәселесі, оларды қолдану мөлшерінің өсуі салдарынан халықаралық санкциялар тақырыбына арналған жұмыстарда басым орын алады.

Қазіргі таңда байқалып отырған жағымсыз тенденция санкциялық режимдерді  жоғары бағаламаудан туындап отыр, және осыған байланысты халықаралық санкция құралы тиімділігі күдік тудырып отыр [2].

Экономикалық санкциялар көбінесе Қауіпсіздік Кеңес қарарларының санкциялық нормаларының мемлекеттермен тиісті түрде орындалмауы және, өз кезегінде, санкция бойынша Қауіпсіздік Кеңестің тиісті комитеттері тарапынан режимдердің сақталуына бақылау мен ұйымдасқан қадағалаудың жеткіліксіздігі себепті оларды енгізу мақсатына жетпейді. Мемлекеттердің экономикалық санкцияларды жүзеге асыруға қатысудан толық немесе жартылай бас тартуы санкциялық режимді барлығын қамтушы және үйлестіруші сипатынан айырады, ал бұл оның тиімділігін елеулі түрде төмендетеді. Қауіпсіздік Кеңестің шешімдері мәжбүрлеу шараларын қолдануды жүктеуі мүмкін, бірақ іс жүзінде мұндай шаралар әрқашан тиімсіз болмақ, егер халықаралық құқықтың субъектілері оларды адал орындамаса.

Экономикалық санкциялардың «дәрменсіздігіне» сонымен қатар санкциялардың мақсаттарына қатысты айқындылықтың және жеке мемлекеттердің стратегиялық мүдделерінің болмауы себеп болуы мүмкін.

Айрықша өткір тұрған мәселе болып санкцияның объектісі ретінде ресми түрде жарияланбаған елдің қарапайым халқына «жалғаспалы нұқсан» келтіру табылады («гуманитарлық аспект») және осыдан сөзсіз шығатын экономикалық, әлеуметтік және адамның өзге де құқықтарының бұзылуы: «санкцияның жазықсыз халыққа немесе үшінші тарапқа жағымсыз әсер ету қаупі Ұйымның екі түрлі мандатына тән ішкі кернеуді - халықаралық бейбітшілікті сақтау және адамға қажеттілігін қорғауды қамтамасыз етуді ерекше айқындайды».

Санкция объектісімен экономикалық қатынастардың үзілуі салдарынан тап болатын үшінші мемлекеттердің «арнайы экономикалық мәселелер» адекватты шешімдерін таппай келеді.

Экономикалық санкциялардың тиімділігін арттыру санкциялық режимдерді енгізу, жүзеге асыру және аяқталу үдерісін реформалаусыз мүмкін емес. Бұл жағдай ең жоғарғы деңгейде танылады.Сонымен, экономикалық санкцияларды жетілдіру қажеттілігі «халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қазіргі және болашақ қауіптерге жедел және әсерлі әрекет етуді қамтамасыз ету үшін; Қауіпсіздік Кеңестің резолюцияларын орындауды және қарапайым халық пен өзге де әсер тиген мемлекеттер үшін санкциялардың жағымсыз салдарын мейлінше қысқартуды санкциялар қарсы бағытталған мемлекеттерге мәжбүрлеу мүмкіндіктерінің мейлінше көп болуы үшін» БҰҰ мыңжылдық саммитімен талқылануы үшін бастапқы мәселелердің Ресми тізімінде көрініс тапты.

БҰҰ және оның мекемелерінің аясында жүргізілетін экономикалық санкцияларды жүзеге асырудың күрделі мәселелерін есепсіз талқылаулар, және артынша мандаты БҰҰ санкцияларының тиімділігін арттыру жолдарына қатысты жалпы сипаттағы ұсыныстарды дайындауды қарастыратын, санкцияларға қатысты жалпы мәселелер бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің бейресми Жұмысшы тобының құрылуы Ұйымның санкциялық режимдерді жетілдіру бойынша тәжірибелік қадамдарға дайындығын көрсетті.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының Жазбахатына сәйкес Жұмысшы топ санкциямен байланысты барлық жиналған тәжірибені қолдануы тиіс, әсіресе жеке негізде тиісті эксперттерді тыңдауы тиіс [3].

Санкциялардың тиімділігін арттыру мақсатында Топ келесідей сұрақтарды барлық қырынан зерттеу үшін бөлді:

-         санкция бойынша комитеттер жұмыстарының әдістері және комитеттердің күштерін координациялау;

-         БҰҰ Хатшылығының мүмкіндіктері;

-         БҰҰ жүйесі аясында координация және аймақтық және басқа халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық;

-         санкция бойынша резолюциялардың тұжырымдамасы;

-         жағдайға талдау жүргізуге дейін және одан кейін дайындалатын баяндамалар, сонымен қатар санкциялар режимдерін үздіксіз бағалау;

-         санкциялардың сақталуын қамтамасыз ету және бақылау;

-         санкциялардың күтпеген зардаптары;

-         гуманитарлық түсініктер бойынша айырулар;

-         мақсатты санкциялар;

-         мүше мемлекеттерге санкцияларды жүзеге асыру ісінде көмек көрсету [5].

Жұмысшы топ аясында Қауіпсіздік Кеңеспен енгізілетін санкциялардың тиімділігін арттыру мүмкіншілігі жолдарын анықтау әрекеті жасалған «Төрағаның тұжырымдары Жобасы» атты құжат жобасымен жұмыс басталды.

Жұмысшы топтың құрылуы сәтінен бастап аталған құжат Қауіпсіздік Кеңеспен енгізілетін санкциялардың тиімділігін арттырудың ең жақсы жолдарына қатысты топ мүшелері арасындағы келісімге жету ұмтылысында бірнеше рет мұқият тексерілді.

«Төрағаның тұжырымдары Жобасы»  құжатпен жұмыстың аяталуына топ мүшелері арасындағы аса шектеулі көлемдегі мәселелерге, әсіресе санкциялардың ұзақтығы мен әрекет ету мерзіміне қатысты келіспеушіліктер кедергі келтірді. «Төрағаның тұжырымдары Жобасының» соңғы нұсқасы Жұмысшы топпен өз мандатын жүзеге асыру үдерісінде өңделген 65 ұсыныстан тұрады [4].

Соңғы жылдар тәжірибесін талдай отырып, жоғарыда аталған Жоба тұжырымдарында белгіленген және Жұмысшы топ қызметі үдерісінде тұжырымдалған ұсыныстардың көбісі Қауіпсіздік Кеңестің экономикалық санкциялар режимдерін әзірлеу, енгізу және жүзеге асыру бойынша қызметін едәуір өзгертті деп сенімділікпен қорытынды шығаруға болады. Келесілерді атап өтуге болады.

Экономикалық санкциялар режимдерін енгізуге рұқсат беретін Қауіпсіздік Кеңесімен қабылданатын қарарлар санкцияларды өзгерту немесе алу үшін санкция объектісімен орындалуы тиіс шарттарды анық ескертетін тұжырымдамалардан тұрады.

Экономикалық санкциялар режимдерінің мазмұны мен жүзеге асыру тәртібі жағдайлардың өзгеруін, әсіресе жағымсыз гуманитарлық зардаптардың және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер сипатының өзгеруін есепке ала отырып түзетіледі.

Қауіпсіздік Кеңесі экономикалық санкциялардың мүмкін болатын гуманитарлық зардаптарын бағалау үшін, оларды мейлінше қысқарту мақсатында шаралар қабылдайды [6].

 

Әдебиеттер тізімі:

1.     www.un.orgБҰҰ ресми сайты;

2.     Лукашук И.И. Право международной ответственности / И.И.Лукашук. - М.: Волтерс Клувер, 2004. - 432 с.

3.     БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының Жазбасы, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Жұмысшы тобын құру, S/2000/319, 17.04.2000

http://daccess-dds-ny.un.org/doc/UNDOC/GEN/N00/395/04/PDF/N0039504.pdf?OpenElement;

4.     БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарлары

http://www.un.org/ru/sc/documents/resolutions/index.shtml

5.     Бас хатшының Ұйым жұмысы туралы баяндамасы, A/55/1, 30.08.2000

http://www.un.org/russian/documen/sgreport/a-55-1/ch1-2.htm;

6.     Қауіпсіздік Кеңесінің санкцияға қатысты жалпы мәселелер бойынша бейресми Жұмысшы топ Төрағасының хаты, S/2004/979, 17.12.2004

http://daccess-dds-ny.un.org/doc/UNDOC/GEN/N04/655/67/PDF/N0465567.pdf?OpenElement;