Имамбекова Г.С , Рахымбаева А.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНДА  ҚИЫНДЫҒЫ  БАР ОҚУШЫЛАРДЫҢ  ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ  СИПАТТАМА

 

 

Психологиялық - педагогикалық зерттеулерде бала мінез – құлығының ауытқу мәселесі түбегейлі зерттелініп сипат алғанымен, қалыпты дамыған бала мінез – құлқының жағымсыз түрлерінің туындау себептері ғылымда өз денгейінде зерттелінбеуде. Л.С.Славина « Дети с аффективным поведением » атты еңбегінде кіші мектеп жасындағы балалардың аффективті мінез-құлқына психологиялық талдау жасады. Мұндай балалардың мінез-құлқына келесі қасиеттер  тән: өкпелегіштік, бұзықтық, бірбеткейлік, дөрекілік. Олар басқа балалармен үнемі ұрсысып, керісіп, ескертулерге тез ренжіп қалады. Автор мұндай мінез-құлық оның ұжымындағы дұрыс құрылмаған өзара қарым-қатынастардың салдарынан пайда болады деген қорытындыға келеді[1].

А.Д.Савченко өзінің бала қылығы және олардың себептері туралы деген мақаласында жағымсыз іс-қылықтар өзінен-өзі туындамайды, олар арам ниеттің нәтижесі, ал оның тамыры дұрыс құрылмаған тәрбиеде, себептері үлкендердің жаман өнегесінен, дұрыс үлгі бола алмауында деп атап өтеді [2].

В.Д.Шадриков негативті мінез-құлық ерекшеліктері дұрыс құрылмаған тәрбиенің нәтижелі болуы мүмкін дейді. Автордың пікірінше бала бетінен қақпайтын ортада өссе, өз дегенін істесе, әрекеттері мен талап-тілектеріне шек келтірмесе, онда оларда өз мінез- құлықтарын еркінше басқару және ережелер мен мөлшерлерге бағыну қабілеттіліктері қалыптаспайтын болады[3] .

Ю.К Бабанский, Р.В Овчарова және А.И Шужебаева ғалымдардың пікірлері бойынша ,тәрбиедегі ауытқушылық отбасында көрініс береді және оның себептері отбасы құрылымында болады, сондай-ақ ата-ананың балаға қарым-қатынасынан туындайтынын айта келіп осы бағыттағы тәрбиенің мынадай негізгі параметрін бөліп көрсетеді:түсінбеушілік,қабыл алмау,тоталитарлық сәйкессіздігі,балалармен қарым-қатынасындағы икемсіздігі,балаға қараудағы бір қалыпсыздығы,ата-аналардың өзара қатынасындағы келіспеушіліктері  [4,5,6].

        Отбасы жағдайындағы осындай мәселелерді ескерген авторлар  бала мінез-құлқының бұзылуына, олардың  «тууына» себепші болатындығын көрсетіп, егер ата-аналар өздерінің жеке проблемаларын дер кезінде шешіп отырса , бала психологиясының бұзылуына жол берілмейді деп санайды.

Сонымен, Р.В.Овчарова және басқа да ғалымдардың зерттеулерімен келісе отырып, бала мінез-құлқы қиындығының себептерін жалпы мынадай топтарға жатқызуға болады .

1. Әлеуметтік-педагогикалық қараусыз қалу, бұл арада  бала өзінің тәрбиесіздігінің нәтижесінде  өзін дұрыс көрсете алмайды, онда қажетті білім, іскерлік, дағды және жағымсыз мінез-құлық стереотипі қалыс қалады.

2. Терең психикалық дискомфорт бұл отбасы өзара қатынасының сәтсіздігінен, яғни отбасындағы психологиялық жағдайдың терістігі, топтағы құрбы-құрдастарымен өзара қатынасының жараспауы, балаға ата-ана, тәрбиеші, оқытушы тарапынан әділетсіз қатынас жасалуы салдарынан көрінеді.

3. Жас дағдарысы, мінез акцентуациясы және басқа да себептерге байланысты психикалық және дене күшінің саулығы мен дамуының ауытқу күйі.

4. Өз ойын білдіруде парасатты белсенділік танытудан, пайдалы әрекет түрімен шұғылданудан қалыс қалу.

5. Қараусыздық, қоршаған ортаның теріс ықпалын және оның негізінде әлеуметтік-психологиялық дезадаптацияның дамуы.

Осы аталған себептердің қатарында әсіресе баланың әлеуметтік-психологиялық қараусыздығы, оларға қоршаған ортаның немқұрайды қатынасы басты орын алады, нәтижесінде шет қалу, өзінің қажет еместігі, қорғансыздығы сияқты сезімдер туындайды. Сондықтан өскелең ұрпақ тәрбиесіне әрқашан жауапкершілікпен қарау керек.

Қиын балаларды, олардың әлеуметтік ауытқуларын тәрбиелеу мәселелеріне арналған еңбектерде агрессивті мінез-құлық мәселесі ең негізгілердің бірі болып табылады. Көптеген авторлардың пайымдауларынша, агрессивтілік балалардың қоғам өмірі жағдайларына бейімделуін күрделендіруі және жасөспірімдердің жат мінез-құлықтарының қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Агрессивті мінез-құлық айналасындағылардың жауапты реакциясын тудырады, ал бұл жағдай агрессияның күшеюіне әкеліп соғады. Осылайша, баланың, жеткіншектердің агрессивті мінез-құлықтарын зерттеу өте маңызды және де ол күштеп әрекет жасау, сияқты көріністерден байқалады [7].  

Тұлға дамуында және балалар мен жеткіншектер мінез-құлықтары ауытқуларының алдын алуда оларды психологиялық иммунизациялау қажет, яғни мінез-құлықтың психогигиеналық дағдыларына, дұрыс таңдау жасай білуге үйрету. Бұл мәселелерді шешу үшін әлеуметтік-психологиялық жағдайлар жасауға бағытталған келеңсіз әсерлерді жоятын мектептік саясат жасау қажет. Олар келесі бағыттырдан тұруы мүмкін:

      1) Балалар және жеткіншектер арасында мінез-құлық ауытқулары формаларының әртүрлі типтерінің таралуын көрсету, сонымен қатар білім беру және тәрбиелеуде оқушылар мен ата-аналар қажеттіліктерін зерттеу;

      2) ата-аналар, оқушылар пікірлерін зерттеу, талдау жасау және солардың негізінде тұлға дамуындағы ауытқулардың алдын-алу және түзету бағдарламаларын құру;

     3)тұлға дамуында және оқушылар мінез-құлықтарындағы ауытқулардың алдын-алу және түзету әдістерін, психотехникалық әдіс-тәсілдерді игерген педагогикалық кадрлерді даярлау;

     4) мектепте психологиялық-педагогикалық жағдай жасау [8].  

Жеткіншек дұрыс таңдау жасай білуі үшін, оны эмоцияларын ұстай білуге, стрестік, қобалжу, қақтығыс жағдайларынан шыға білуге үйрету қажет. Бірмезгілде дұрыс таңдау жасауға және пайда болған мәселелерді әлеуметтік позитивті құралдармен шешуге мүмкіндік беретін құндылықтарды қалыптастыра отырып, сынауға, өзіндік қорғануға, басқалардың қысымдарына қарсылық көрсету, зиянды әдеттерге қарсы тұру іскерліктеріне үйрету қажет.

Тұлға дамуында және балалармен жеткіншектер мінез-құлықтарындағы ауытқулардың алдын-алу бойынша жұмыстар келесі негізде жүргізілген жағдайда ғана эффективті болады: табысты оқу іс-әрекеті, оқушыларды қанағаттандыратын  өзара қарым-қатынас жүйесінің эмоционалды жағымдылығы, психологиялық қорғаныс [9].

Психологиялық қорғаныс әлеуметтік қорғалуымен тікелей байланысты:оқушының өз міндеттері мен құқықтарын білуі; мұғалімдер және оқу-тәрбие процесінің басқа да субъектілерінің белгіленген құқықтарды сақтауы; кез-келген белгі бойынша қандай да бір дискриминацияны болдырмайтын іс-әркеттер; оқушылардың психологиялық және әлеуметтік теңдігі.

Бұл талаптардың орындалуы барлық топтармен және жеткіншектер топтарымен оқу-тәрбие жұмысын жүргізуге мүмкіндік береді. Бағалау пікірімен қандай да бір пікірлерді ерекшелеуге болмайды.

Жалпы жоғарыда аталған талаптар мен жағдайларды сақтай отырып жеткіншектерге көрсетілетін көмек тұлға дамуын, оның негізгі құрылымдарының және іс-әрекет көріністерінің, мінез-құлықтарын тепе-тең үйлесімді дамуды қамтамасыз етеді .

 

Пайдаланған әдебитеттер:

1.     Славина Л.С. « Дети с аффективным поведением » Воспитание трудного ребенка /Под ред. М.И.Рожкова М., «Владос» 2001

2.     Савченко А.Д. Вопросы психологии. 1992. № 3

3.     Шадриков В.Д. Происхождение человечности. М., 2001

4.     Бабанский Ю.К., Победоносцев Г.А. Комплексный подход к воспитанию школьников. М., 1980

5.     Овчарова Р.В. Практическая психология образования. М., 2003

6.     Шужебаева А.И. Психолого-педагогические исследования трудностей в общении детей в условиях семейного воспитания. - Алматы., 2001

7.     Заваденко Н.Н. Как понять ребенка: дети с гиперактивностью и дефицитом внимания. Москва.: Школа-Пресс-1. 2001

8.      Рогов  Е.И.    Настольная книга практического психолога.- М, 2003

9.     Подростковая судебная психиатрия /Под ред В.А Гурьевой М., 1998