Алтаева С.
№141 орта
мектеп, Қызылорда қаласы
ДЕВИАНТТЫ БАЛАЛАР МЕН АТА – АНАЛАР АРАСЫНДАҒЫ
ҚАРЫМҚАТЫНАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТ АРҚЫЛЫ ЗЕРТТЕУ
Психология
ғылымында негізгі зерттеу әдістерінің бірі – эксперимент.
Эксперимент – жаңаны табу, шындыққа негізделген,
эксперименттік жұмыс, сонымен қатар шығармашылықты талап
етеді. Эксперимент дипломдық жұмыстың ең жауапты
бөлімі болып табылады.
Ол адамнан тек
білім мен дағдыны ғана емес,
сонымен қатар экспериментке қабілеттілікті
білдіреді. Кез-келген ең
жақсы деген түпкі
ойды экспериментті ұқыпсыз өткізумен бұзуға
болады. Эксперимент кезіндегі
зерттеуші мен сыналушының
өзара бірлескен іс-әрекеті – эксперименттік қарым-қатынас
болады. Эксперименттік қарым-қатынас жасауда мына төмендегі
ұсыныстарды есте ұстағаны жөн:
- Зерттеуші
мен сыналушы арасындағы екі жақты жағымды
қарым-қатынас орнату;
-
Сыналушының өзіне деген сенімділігін арттыру, өзін-өзі
бағалауға, өзін-өзі ұстай білуге тәрбиелеу;
- Сыналушыны ең маңыздысы жеке
тұлға ретінде қарау;
- Сыналушының өзін-өзі
басқаруы (қаржы, іс-әрекет т.б.);
-
Сыналушының табиғатына сәйкестендіріп, өмірде
өзіндік орнын табуға, әрі таңдауға
бағыт-бағдар беру.
Біздің
зерттеуімізге Қызылорда қаласының №141 орта
мектебінің оқушылары қатысқан болатын.
К. Роджерс,
Р. Даймондтың құрастырған әлеуметтік-психологиялық
бейімделу шкаласы өз мінез-құлқына жауап бере алатын,
өз дамуының субъектісі бола алатын тұлғалық
концепциядан шығады. Әлеуметтік-психологиялық бейімделудің
деңгейі тұлғаның психологиялық мінездемесімен
және мінез-құлық ерекшелігімен тығыз байланысты
болғандықтан, бейімделуді, әдістеменің авторлары,
әлеуметтік ортаның талаптары мен тұлғалық
тенденциялардың арасындағы келісімділік деп түсіндіреді.
Яғни өзін, айналадағы шындықты шынайы бағалай
алу, жеке тұлғалық белсенділік, иілгіштік, әлеуметтік
құзіреттілік.
Бұл
әдістеме арқылы девиантты балалардың әлеуметтік
ортаға бейімделе алу ерекшелігін анықтай алдық: өзін
қабылдау немесе өзін қабылдамау, басқаларды
қабылдау немесе басқалармен конфликтте болу, эмоционалды комфорт
немесе эмоционалды дискомфорт, ішкі бақылауды күту немесе
сыртқы бақылауды күту, доминанттылық немесе
басқаларға тәуелді болу, қиын мәселелерден
қашу т.б. Тесттің қорытындысы бойынша жауап берген
оқушылардың тек өте жоғары деген көрсеткіштері
қарастырылды. Оны кесте бойынша талдап көрейік:
Кесте №1
|
Бейімделгіш пен бейімделе
алмаушылықты анықтайтын факторлар |
«Өте жоғары» деген
көрсеткіш бойынша оқушылар саны |
|
1 Өзін
қабылдау |
4
- 14,29% |
|
2 Өзін
қабылдамау |
9 - 32,14% |
|
3 Басқаларды
қабылдау |
5 - 17,86% |
|
4 Басқалармен
конфликтте болу |
15 - 53,57% |
|
5 Эмоционалды комфорт |
7 - 25% |
|
6 Эмоционалды дискомфорт |
17 - 60,71% |
|
7 Ішкі бақылауды
күту |
5 - 17,86% |
|
8 Сыртқы бақылауды
күту |
10 - 35,71% |
|
9 Доминанттылық |
10 - 35,71% |
|
10 Басқаларға
тәуелді болу |
3
- 10,79% |
|
11 Қиын
мәселелерден қашу |
8 - 28,57% |
|
|
|
Сурет Әлеуметтік-психологиялық
бейімделу шкаласы
К. Роджерс,
Р. Даймондтың құрастырған әлеуметтік-психологиялық
бейімделу шкаласы бойынша көріп тұрғанымыздай, балалардың
көпшілігі 60,71% эмоционалды
дискомфортты сезінеді. Бұл дискомфорт ішкі үрейден,
түсініспеушіліктен, ішкі дағдарыстан т.б. болуы мүмкін.
Яғни агрессияның негізігі себебі эмоционалды дискомфорттың
әсерінен деп тұжырым жасауға болады.
Екінші орында яғни 53,57% басқалармен конфликтте болу факторы.
Сондықтан да бұл балалардың көп пайызы жағдайды
компромисс түрінде емес, конфликт арқылы шешетіні көрініп
тұр. Ал Басс Дарки әдістеме көрсеткішімен
сәйкестендіретін болсақ, балалардың көпшілігі
конфликтті физикалық агрессия арқылы көрсететіні анық
болды.
Үшінші
мен төртінші орында доминанттылық пен сыртқы бақылауды күту. Сыртқы контрольді
күту дегеніміз өмірлік міндеттерді шешуде пассивтілік
көрсету, сыртқы көмеккті қажет ету. Оның жалпы
пайыздық көрсеткіші 35,71%.
Қорыта
айтқанда девиантты балалар мен ата – аналар арасындағы
қарымқатынас ерекшеліктерін эксперимент арқылы зерттеу
баланың жан-жақты дамуы үшін жағымды отбасылық
микроклиматты қалыптастыруға, бала тәрбиесі аясында
ата-аналық құзіреттіліктің деңгейін
көтеруге, ата-аналардың балалармен конструктивті өзара
қарым-қатынастық дағдыларды қалыптастыруы мен
пайдалана алуына, ата-аналық рөлдерде адекватты өзіндік
бағалауды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Әдебиет:
1.
Акажанова А.Т. Девиантология. Алматы, 2008. – 142с.
2.
Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М., 1968. 420с.
3.
Устименко С.Ф. Межличностные
отношения трудных подростков // Вопр.психологии. -1984. -№1. - С. 27-33.
4.
Волкова Е.Скажем «Нет!»
агрессии / / Психологическая газета. 2003. N5, -С 6.
5.
Анн Л. Психологический
тренинг с подростками. СПб., 2003. – 288с.
6.
Буянов М.И. Ребенок из неблогополуной семьи: Записки детского психиатра: Кн. Для учителей и родителей. –
М.: Просвещение, 1991. – 234с.
7.
Әбдіқадырова А.А. «Мектептегі психология» атты журнал 2009 (3).
– 51б.
8.
Целуйко В.М. Психология неблагополучной семьи. – М.: ВЛАДОС _ ПРЕСС, 2006.- 271с.
9.
Казымбетова Д.К. Девиантное поведение молодежи как обьект социологического исследования. Алматы, 1999.
– 250с.