Минасипова А.Р.
М.Х.Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік университеті, Қазақстан
КӘМЕЛЕТКЕ
ТОЛМАҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕРДЕГІ АГРЕССИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қоғамдағы
әлеуметтік-психологиялық өзгерістер, белсенді
тұлғаны қалыптастыруға деген талаптардың
жоғарлауы, іс-әрекет пен мінез-құлықтың
нақты субъектісіне қатысты агрессия мәселесні маңызда
әлеуметтік қажеттілік ретінде зерттеуді қажет етеді.
Агрессивті мінез-құлық адам өмірінде көп орын
алады, жас ерекшеліктеріне қарамастан барлық адам баласында
көп кездесетін құбылыстардың бірі. Агрессия
ұғымын көптеген зерттеушілер тұлғаның
қасиеті және мінез-құлықтың ерекше формасы
деп анықтайды. Мінез-құлықтың агрессивті әртүрлі
формалары жарамды болсын, мейлі әлеуметтік жарамсыз болсын индивидтермен
өзара әрекетте қалыптасады. Көптеген балалардың
проблемді жағдайға тап келуінің басты себебі коммуникация мен
қарым-қатынастағы базалық әлеуметтік
ептіліктердің жеткіліксіздігімен байланысты. Өзінің
әлеуметтік үйрену теориясында А.Бандура агрессивті
мінез-құлықты талдаудың үш кезеңін
бөліп көрсетті:
1) әрекеттерді
меңгеру тәсілдері;
2) олардың
көрінуіне себеп болатын факторлар;
3) солар
бекітілетін жағдайлар.
Сонымен
қатар мұндағы тағы бір маңызды жағдай кері
байланысты алу мүмкіндігі, қоршағандардың ойын
интерпретациялау. Ситуациялық факторлар үлкен рөл
атқарған сайын әлеуметтік сипаттағы агрессивті
мінез-құлыққа үйрену процесі де
соғұрлұм үлкен мәнге ие болады.
Әлеуметтік
үйренудің когнитивті-бихевиористтік концепциясы
тұрғысынан (А.Бандура) әлеуметтену процесі индивид өмір
сүретін қоғам мен сонда қабылданған
әдеттегі жауап реакцияларының дамуымен байланысты.
Когнитивті-бихевиористтік концепция шеңберінде жеткіншектердегі
агрессияны әлеуметтік үйренудің нәтижесі деп
қарастыруға болады. Агрессиялы мінез-құлықты
бекіту мен даму негізін ата-аналар баланы алғашқы жылдарда
қалай тәрбиелегеніне және кейінгі кеш кезеңдерде , атап
айтқанда, жеткіншек кезеңіне байланысты іздестіру керек.
Агрессивті
мінез-құлықтың қалыптасуына әсер ететін
шартсыз факторлардың бірі – жанұядағы қатынас.
Көптеген шет елдік зерттеулер көрсеткендей агрессивті
балалардың ата-налары физикалық жазаларды қолдануға
бейім болған және бір-бірімен келісушілік болмаған,
балаларға жек көрушілік қатынаспен және эмоциялық
суықтықпен қараған. Балалардағы агрессивтілікті
зерттей келе үш вариантын сипаттайды:
1.
Ата-анасының біреуі агрессивті
болғандықтан және агрессивтілік және
қылмыстық тенденцияны туындататын күрделі конфликттер
себебінен бала агрессивті болады.
2.
Ата-анасының ешқайсысы агрессивті болмайды.
Ата-аналары агрессивті емес, балаларын қатал жазалаушы және
жанұялық конфликт аз болған, бірақ балалар
физикалық жазалауға ұшырайды.
3.
Баланың агрессивті мінез-құлқына
шектен тыс қамқоршылық жанұяның ішінде
бекітіледі. Тек осының салдарынан бала нақты сол агрессивті
мінез-құлықтың жағымсыз жақтарының
басымдылығын таразылауға үйренеді. Сонымен қатар
ата-ана жағынан агресситвті мінез-құлықтың шектен
тыс болуы да зиян болады. Бала міндетті түрде өзінің ашу
ызасын ішіне жинауға мәжбүр болған жағдайда
оның агрессивті сезімдері соғұрлым күшейе түседі.
Қатал жазалау жаңа фрустрацияларға әкеледі. Яғни
сол жағдайлардан шығар жол таппаған кезде жаңа
агрессивті сезімдерге әкеледі. Егер бұл қайталанатын болса,
негативті шиеленісті іздеу ретінде қарастырылатын
мінез-құлықтың моделі қалыптасады. Жасырын
агрессивтілік болған жағдайда балада мазасыздану және
жайсыздық (дискомфорт) пайда болады. Агрессивті
мінез-құлыққа анасының және
әкесінің ашуын көтере алмаған жағдайда және
фрустрацияға жауап бере алмаған кезде балада мазасыздану
жоғарылай бастайды. Агрессивтілік туралы Сирстің ойы
қисық сызықты түрде көрсетілген болатын.
Бұл тұжырымды И.Г.Морозова да (1993) ұстанады. Оның
пікірінше, просоциалды өмірлік бағдары бар жағымды
жанұяда өскен балаларға ашық түрде
өзінің агрессивтілігін қанағаттандыруға шек
қойған жағдайда ,яғни асоциалды жеткіншектерге
тән сана астындағы кешендерді қанағаттандырудағы
агрессивті садисттік фантазиялау негізіндегі стереотиптегі формаға
айналуы мүмкін.
Әлеуметтенудің
тиімді және мінез-құлықтың агресситвті
формаларының қалыптасуын ескертудің маңызды шарты
үйір болу мотивациясы, балалар сол арқылы қоршағандар
оның ішінде, әсіресе өз ата-аналарының қолдауын,
назар салуын, қызығуларын тілейтін әрекеттерге үйір болады.
Содан кейін екінші бекіту ретінде үйір болу баланың
әлеуметтік талаптар мен шектеулерге бейімделуін шарттандырады.
Осыған байланысты агрессияның дамуының маңызды шарты
тек әлеуметтік үйрену ғана емес, ата-ана махаббатының
болмауы немесе олар жақтан үнемі жазалаудың болуына
байланысты туындайтын фрустрация да жатады. Жасөспірімдердегі
агрессияның көріну формалары мен
әлеуметтік-психологиялық факторлары да маңызды
сұрақтардың бірі, көптеген зерттеулердің
көрсеткіштері бойынша, агрессивтіліктің көрінуі индивидуымның
өмірлік тәжірибесіне байланысты. Агрессивтіліктің
көрінуі бұл белгілі бір кедергілерге немесе түсірген
ауыртпашылыққа байланысты болатын жауап мүмкіншілігі.
Мәнді мақсатына жету жолында кедергілер пайда болған кезде
индивидум, фрустрацияны қаншалықты бастан өткерсе,
нақты мақсатқа жету талпынысы да соншалықты
жоғары болады. Фрустрация агрессивті мінез-құлық
үшін күшті мотивациялық жүйені қалыптастыра
отырып, агрессивті сезімдерге әкеледі.
Бұл теорияда
агрессивті тұлғалық диспозициялардың
қалыптасуындағы бірінші орынды әлеуметтік
қоршағандар алады, алайда фрейдизмде бірінші дәрежелі
мәнді беретін психобиологиялық конституциялы ерекшеліктердің
белгілі бір рөлдері жоққа шығарылмайды.
Соңғы кездері дамып келе жатқан агрессивті мінез-құлықты
түсіндіруге тырысатын, индивидуалды және
әлеуметтік-психологиялық ықпалдарды синтездеуге деген
талпыныстарды көрсететін “ықтиярсыз күштер” теориясын
айтуға болады. Бұл теорияда агресия барлық басқа тәсілдер тауысқанда
қажетті, тілейтін жағдайға жетудің құралы
деп түсіндіріледі. Алайда осы жалпы теорияларда импульсивті,
психопатологиялық, агрессиялар жеке сипатқа ие
болғандықтан не агрессияның көрінуін, не
фрустрацияға тән сипаттмаларын түсіндіре алмайды.
Қазіргі жаңа психологиялық бағыттарда агрессия
мәселесі өте аз зерттелінуде, алайда соған қармастан
оған көптеген теориялық және эксперименттік зерттеулер
арналды (С.НЕникополов, 1976, Л.П.Колчина, 1976, Т.Н.Курбатова, 1996,
Л.М.Семенюк, 1991, А.И.Фурманов, 1996, С.М.Шурухт, 1996, және т.б.).
Бұл жұмыстарда Ресейдің әртүрлі мекенді елдерінде
тұратын адамдардағы агрессияна жыныстарына, жастарына, білімдеріне,
кәсіптеріне, ұлтына, мәдениетіне қатысты зерттейді.
А.К.Осницкийдің (1994) зерттеулері көрсеткендей, балалар агрессиялы
мінез-құлық модельдері жайлы білімдерді үш түрлі
ақпарат көздерінен алады екен. Отбасы бір уақытта агрессиялы
мінез-құлық моделін көрсетеді және оның
бекітілуін қамтамасыз етеді. Агрессиялы
мінез-құлықтың ықтималдылығы олардың
өз үйлерінде агрессиялық әрекетпен тікелей кездескен жағдаймен байланысты
анықталады. Агрессияның көрінуі құрбыларымен
өзара әрекетте де кездеседі. Сондай-ақ балалар агрессиялық
реакцияға тек реалды мысалдарда ғана емес,
бұқаралық ақпараттар арқылы да үйренеді.
Агрессивті
мінез-құлық формасына аутоагресия (төменгі
өзіндік бағалау және өзін қабылдамау) жатады,
ендеше аутоагрессия патерндерін жасөспірімдер үшін
тағайындауға болады, атап айтқанда, аутоагрессиялы
патерндердің харектерологиялық субблоктары (интроверсия, педантизм,
депрессия, невротизм, демонстрациялық), өзіндік бағалау
субблоктары (жалпы өзіндік бағалау, парсиалды өзіндік
бағалау, тәуелсіздік, автономия), интерактивті субблоктар
(әлеуметтік адаптацияның сәтттілігі-сәтсіздігі),
әлеуметтік-перцептивті субблоктар (басқа адамдарды қабылдау).
Ғылыми
қызығушылықты өткір туғызатын
тақырыптардың бірі балар мен жасөспірімдердегі аутоагрессиялы патерндердің
интерактивті субблоктары және әлеуметтік-перцептивті субблоктар
мәселесі. Аутоагресия тұлғаның сәтті
әлеуметтік адаптациясына қабілеттілік немесе қабілетсіздік
және микросоциумдағы тұлға аралық өзара
әрекеттіің сәттілігімен- сәтсіздігімен байланысты.
Аутоагрессияның деңгейлері тұлғаның көпшіл,
жатырқамау сапасымен теріс, ал тұйықтық сапасымен
оң корреляцияланатыны белгілі. Тұлғаның аутоагрессия
патерндерінің әлеуметтік-перцептивті субблоктары басқа
адамдарды қабылдаумен байланысты. Кәмелетке толмаған
жасөспірімдердің аутоагрессия деңгейі басқаларды
қабылдаудың негативизациясымен байланысты емес, керісінше,
“басқаларды” позитивті қабылдауымен корреляцияланады.
Аутоагрессияның деңгейінің өсуімен байланысты басқаларды
позитивті қабылдаудың күшті тенденциясы жасөспірімдерде
мұғалімдермен, өз ата-аналарымен қатынастарында
көп байқалады. Аутоагрессияның деңгейі “басқалар
мені қалай” деген түсінікпен (екі жақты рефлекция) ғана
теріс байланысты болады. Субъектінің аутоагрессиясы жоғары
болған сайын ол туралы басқалардың бағалаулары жайлы
түсініктер соғұрлым негативті бола түседі.
Әлеуметтік-перцептивті
субблоктар тұлғаның аутоагрессивті патерндерінің
өзіндік бағалау субблок ерекшеліктерімен тура байланысты болатынын
айтып кетуге болады. Аутоагресия агрессиның басқа шкалаларымен корреляцияланбайды,
ендеше аутоагрессия мәселесә агресия психологиясының ішкі
жалпы мәселесі болып табылады. Субъктінің өзін
қабылдамау феномені аутоагрессиялы тұлғаның негізгі
сипаттамасы деген ойды тұжырымдауға боады.
Кәмелетке
толмаған жасөспірімдердегі агрессия мәселесіндегі тағы
бір маңызды сұрақ агрессивті реакцияларының
жасөспрімнің өзіндік бағалауымен корреляциялану
мәселесі. Өзіндік бағалау жоғары болған сайын жалпы
агрессия көрсеткіштері де соғұрлым жоғарылай береді.
Мұндай өзара байланыс инструменталды агрессияға да,
жауласқан агрессияға да тән болады. Өзіндік
бағалау жоғарылаған сайын физикалық агрессияның
көрінуге деген бейімділік те жоғарылайды (А.А.Реан, 1997).
Парциалды өзіндік бағалау, яғни лидерлікке қабілетті
өзіндік бағалау, өзінің “физикалық Менін”
бағалауға бейімділік негативизм сияқты агрессия формасымен
корреляцияланады. Кейбір зерттеулер көрсеткендей агрессивті
жасөспірімдерде экстрималды өзіндік бағалау – не шамадан тыс
жоғарғы не төменгі өзіндік бағалау көп
байқалады (Н.Б.ТРофимова). Жасөспірімдердің агрессиясын
түсіну үшін тек өзіндік бағалауды ғана емес,
сондай-ақ өзіндік бағалау мен сыртқы
бағалаудың (референтті тұлғалар, мысалы мұғалімдері,
құрбылары) ара қатынасын талдау керек. Егер де өзіндік
бағалау сыртқы әлеуметтік кеңістікте қажетті
сүйеніш таппаса, егерде жасөспірімді
қоршағандардың бағалауы оның өзіндік
бағалауынан төмен болса, онда агрессияны фрустрация деп
қарастырылуы керек. Алайда агрессияның фрустрациялық
теориясын жақтаушылар бұл
жағдайға мүлдем қарсы болып, агрессия міндетті
түрде туындайды деп көрсетеді. Шынында да жасөспірімдердегі
өзіндік бағалау социумның сыртқы бағалауымен
конфликтіде болады, оларға агрессияның жоғарғы
деңгейлері тән болады (ашуланшақтық, физикалық
агрессия және реніш).
Кәмелетке
толмаған жасөспірімдердің агрессиясындағы тағы
бір мәселе бір мәнді жағдай – олардың
фантазиясындағы озбырлық, зорлық-зомбылықтың
генезисі, мазмұнды компоненттері, мінез-құлыққа
әсері жайлы мәселелерді талдау. Физикалық, психикалық
және рухани дамудың үйлесімсіздігі жасөспірімнің
қиялында із қалдырады және “Мен-концепциясы” мен жаңа
құндылықтарда қалыптасады. Сонымен қатар,
жасөспірім кезеңіндегі агрессия екі аспектіде - өзіндік
бекіту құралы және интроспекция ретінде жүзеге асады.
Адамда агрессиялы мінез-құлықпен байланысты
әртүрлі екі мотивациялық бағыт бар, яғни
агрессияға және оны тоқтату қатысты бағыттар.
Агрессиялы бағытта индивид қоршағандарлың
әрекетін өзіне қауіп тудырады деп бағалап, оған
өз агрессиясын қлоданады. Ал агрессияны басуға деген
бағытта индивид өз іс-әрекетін қажетті емес, ұят
болады деп бағалауға бейім болу ниетінен тұрады.
Жасөспірім жасындағы балаларда ауытқушы
мінез-құлықтың түрліше типтері тән келеді.
Ауытқушы мінез-құлық әлеуметтік нормалардың
ауытқуынан, агрессиялық немесе еліктеуші
бағыттылықтың туындауынан қалыптасатын әлеуметтік
жағымсыз мінез-құлық типі ретінде көрінеді.
Жасөспірім жастағы балаларда ішкі және сыртқы конфликт
күшейеді, мәселен, жоғары қобалжу,
күмәнданғыштық, түрлі
қорқыныштарға бейімділік,
мінез-құлықтағы қатыгездік, агрессиялық
ерекшеліктердің туындауына әкелуі мүмкін. Жеке
даралықты қалыптастыратын әртүрлі
қызығулардың жоқтығы, бос уақыттың
молдығы делинквентті мінез-ұүлықты дамытудың
негізгі шарты, агрессиялы мінез-құлқын зерттеудің
жүйелік негіздері агрессиялы мінез-құлықтың мотивтерінің
бірі болып табылатын жағымсыз мінез-құлықтың
сипатын көрсетеді. Жасөспірімдердің агрессиялы
мінез-құлықтарының мотивтеріне кино мен
теледидирдың әсерін жатқызуға болады. Осыған
байланысты агрессиялы әсердің 4 түрлі мәселелері
қозғалады: меңгеру эффектісі, яғни коммуникация
арқылы қалыптасқан агрессияның туындауын не
күштейді? эмоциялық салдар мәселесі; катарсис мәселесі,
агрессины бақылау катарсис туғыза ма? Жағдай немесе шарттар
мәселесі, жәбірленуді бақылау агрессияны жоғарлата ма
әлде төмендете ме? Эксперименттік зертеулер көрсеткендей,
жасөспірімдер ақпараттық құралдар арқылы
агрессиялы мінез-құлықтың жаңа түрлерін
меңгереді: “қабілеттендіруші”, “катарсис”, “қоздырушы”
модельдер.
Агрессивтіліктің феноменін және
тұлғаның агресивтілігін зерттеу көптеген
методологиялық бағыттарымен байланысты. Қазіргі уақытта
субъективті қатынас аймағындағы деструктивті бағыттар
агрессивтілікті, яғни агрессивтіліктің жасөспірімдерде көрінуін
олардың өз мақсатын тарату үшін белгілі бір
тәсілдерді қолдану дайындығына негізделіп, делинквентті
мінез-құлық түрінде, яғни әлсіздерді
және өзінен кіші балаларды келемеждеу мен
құрбы-құрдастарымен төбелес түрінде
көрінеді деп түсіндіреді (В.ВКовалев, 1979, 1995; А.Е.Личко, 1983,
Б.М.Алмазов, Р.Т.Илешева, 1990). Криминалды бағыттағы
кәмелетке толмаған жасөспірімдердің топтасуына
жәбірлік көрсетуде агрессия өзіндік мақсатқа
қолдану тәсілі түрінде қлодануы мүмкін
(И.П.Баликатов, 1993).
Сонымен
кәмелетке толмаған жасөспірімдердің жасына тән
заңдылық агрессия деңгейінің өсуімен байланысты
болады. Егер балада өзінің агрессивті импульсивті әрекеттерін
қадағалауды үйренбесе, ол жеткіншек жасында басым болып
жасөспірімдік кезеңде де өз жалғасын табады.
Пайдаланған
әдебиеттер:
1.Джаманбалаева
Ш.Е. “Социология девиантного поведения”- А.,1999.5-20с.
2.Абілханова
Ә. “Девиантты мінез-құлық адиктивті
мінез-құлықтың спецификасы ретінде”. Педагогика
журналы.2005ж.15-17б.
3.Степанов В.Г.
“Психология трудного школьника”- М.,1998. 226-227с.
4.Бейсебаева
С.Б. “Жастардың девиантты мінез-құлқының дамуына
әсер ететін факторлар”. ҚазҰУ хабаршысы. Заң сериясы, №3(28).2003,132-134б.