Жұмабекова
К., Шолпанбекұлы Ш.
Қызылорда қаласы,
Қазақстан
АГРЕССИЯНЫ АНЫҚТАУДАҒЫ
ЖҮЙЕЛІ ӘДІСТЕМЕЛЕР
Көп
жағадайда адамның агрессивті мінез-құлықтарын
анықтау қиын да қауіпті. Зерттеушілер бақылау
арқылы адамның агрессивті мінез-құлқын
түсіндіруге тырысты. Мысалы, зерттеуші бар, кафе, мейрамхана, би кешінде
адамдардың агрессивті мінез-құлқын (мысалы,
ыдыс-аяқ сындыру, айқайлау) бақылайды. Осыған
жақын тағы бір әдіс сұрақ қою, бұл
адамдардың қандай жағдайда, қандай жиілікте, неге
байланысты агрессиялық мінез-құлық көрсетуін
анықтайды. Зерттеудің бұл экпериментальді емес түрінде
зерттеуші әр түрлі зиян келтіруші мінез-құлықпен
тікелей қарым-қатынаста болудан сақтайды. Бұл
әдістемелер агрессияны зерттеуде көбінесе пайдалы болды.
Агрессиялық мінез-құлықты
сұрақ әдісі көмегі арқылы анықтау. Біз жоғарыды айтқандай агрессияны
анықтаудың ең тіке жолы осындай мінез-құлық
туралы сұрау. Зерттеулерге сүйенсек алкоголь мен агрессиялық
мінез-құлық арасында байланыс бар. Оны анықтау
үшін мынандай зерттеу жүргізсек болады. Мысалы, зерттелінушіні
алкоголь пайдаланғанда және пайдаланбағанда сұрақ
жүргізіп нәтижесін салыстыру. Оның таныстары да ол туралы,
яғни, алкоголь пайдаланғандағы мінез-құлықы
мен пайдаланбағандағы мінез-құлықы туралы айтып
беруі мүмкін.
Алкогольдің
адамның агресситі мінез-құлық туралы көптеген
мәліметтерді архив зерттеулерінен қарастыруға болады. Мысалы,
автоинспекциялық мәліметтер, тәртіп бұзушылық,
неке бұзушылық, т.б. Архив зерттеулеріне сүйенсек агрессияті
мінез-құлық ыстық күндері басым болады. Өйткені,
температура жоғары болған кезде адамдарға шөлдеу,
яғни, сусынға деген сұраныс басым болады. Соның ішінде
спиртті ішімдіктерге. Осында ыстық күндері салқын
күндерге қарағанда көптеген тәртіп
бұзушылық іс-әрекет туралы мәліметтер
құқық қорғау органдарына келіп
түседі. Зерттеу кезінде зерттелінушіге қойылатын
сұрақнамадағы сұрақтар тізімі астарланып берілуі
керек. Өйткені, зерттелінуші өзінің агрессиясын анықтау
керек екенін сезсе, ұялып жалған жауап беруі мүмкін.
Вербальді
информация жинаудың тағы бір түрі - басқаларлың
бағалауы – бұл арқылы бізді кімнің ареситивтілігі
қызықтырады, сол туралы адамдардан мәлімет алу. Бұл
әдіс көбінесе балалардың агрессивтілігін зерттеуде
қолданылады. Бағалау кезінде зерттеулінушінің мінез-құлқымен жақсы
таныс адамдармен жүргізіледі. Мысалы, ата-анасымен, достарымен,
сыныптастарымен, мұғалімдерімен. Бағалаудың
нәтижелілігі зерттелінушіге қарағанда айналасындағылар
объективті болуы мүмкін.
Проективті әдістер. Біз жоғарыда
айтқандай зерттелініуші өзінің агрессиялық
мінез-құлықы туралы мәлімет алынып жатқаны туралы
білмеуі тиіс, өйткені, жасырын жауап беруі мүмкін. Төменде
біз агрессиялық мінез-құлықты зерттеуге арналған
проективті әдістерге тоқталамыз. Бұл әдістер
зерттелінушіге агресиялық мінез-құлықын зерттеуге
арналған екенін білдірмеуге болады. Проективті әдістерді
қолданғанда біз агрессиялық мінез-құлық
туралы жанама түрде сұраймыз.
Проективті
әдістердің ішіндегі ең көп қолданатын екі
түрі – Тақырыптық апперцепция тесті (ТАТ) және
Роршахтың сия дақтары тесті. Бұл әдістер зерттеу
кезінде де, клиникалық контекст кезінде де, мінез-құлық
пен мотивтің әр түрлі формаларын анықтау кезінде де
қоланылады. Тақырыптық апперцепция тесті бірнеше сурет
сериясынан тұрады.
Зерттелінушіге
осы суреттерді пайдалана отырып, оқиғалар айтып немесе жазып беруі
керек. Ал, Роршах тесті бойынша зерттеуші зерттелінушіге бірнеше карточкалар
көрсетеді және олардың неге ұқсайтындығын,
нені есіне түсіретіні туралы айтып беруін ұсынады. Ашу-ызаны
өлшеудің көптеген жүйесі бар. Соның ішінде
Елизардың алты категориялылық жауабын ұсынамыз:
жағымсыз эмоция мен әсерлер; агрессиялық
мінез-құлық барысында қолданатын заттар; ашу,
агрессиялық мінез-құлықты сипаттау; агрессия мен ашуға
символикалық ассоциация; екі ойлылық пен амвиваленттілік;
ашу-ызаға қатыссыз нейтральді жауаптар. Мысалы, адам сия
дақтарынан аңдардың шабылуын көріп тұрса, онда ол
агрессивті мінез-құлық болып саналады. Егер қару
көріп тұрса, онда да агрессивті мінез-құлық болып
саналады.
Розенцвейктің
фрустрацияны анықтауға арналған суретті тесті жартылай
проективті күнделікті болатын фрустрациялық жағдайды
анықтауға арналған. Зерттелінушіге фрустрациялық
жағдайға тап болған адамдардың суретін көрсетеді.
Зерттелінуші сол кезде не айтантыны туралы жазады.
Агрессияны бақылау. Енді бақылау
барысында қолднылатын әдістемелер жайында айтамыз. Бақылау
жағдайға байланысты “Поляда”, яғни, шынайы
мінез-құлықты бақылау немесе лабораторияда пайдаланады.
Алкогольдің агрессивті мінез-құлыққа
қатысын анықтауда бақылау әдісін жүргізуге
болады. Мысалы, шынайы жағдайға байланысты бір алкогольдің
агрессияға қатысын кафе, барларға барып бақылаймыз. Ал,
лабораториялық жағдайда біз адамдардың ішімдік пайдалану
арқылы біреуге зиян келтіру жағдайын туындату арқылы
бақылаймыз.
Ересектерде
тікелей физикалық агрессия сирек байқалады. Сол себепті біз
агрессияның көрініс беруін әлеуметтік тұрғыда
анықтаймыз. Мысалы, автомобиль сигналдарының берілуі арқылы.
Бақылауларға сүйенсек автомобилистер интенсивті
қозғалыс кезінде тітіркенущілік жиі байқалады: олар жиі
айқайлап, жестикуляция көрсетеді, бір-біріне немесе белгісіз
түрде сигнал береді. Мысалы, зерттеушінің ассистенті
бағдаршамның жасыл көзі жансада, орнынан 15 секундтай
қозғалмайды. Осы сәтте автомобилистердің реакциясы
бақыланады. Зерттеушілердің бірі автомобиль сигналдарын
магнитафонға жазып отырады, ал екінші зерттеуші арнайы бланкіге
көрсетілген мінез-құлық формаларын белгілеп отырады.
Мысалы, вербальді комментарийлер, мимика, жесттер. Осы жағдайға
байланысты жоғарғы курс студенттерінен сұрақнама жүргізеді
(18 қыз бала, 18 ер бала). Бағдаршамның жасыл көзі
жанғанда 15 секунд орнынан қозғалмаған кезде,
реакциялары қандай болатыны туралы сұрау жүргізілді. 67%-і
басқа жүргізушінің асықпауына ашулы келетінін айтады;
62%-і осы кезде дыбыстық сигнал беретінін айтады; 41%-і сигналды
өзінің ашу-ызасын басқа жүргізушіге көрсету
үшін ғана беретінін айтты; Олардың айтуы бойынша
өздеріне дыбыстық сигналдарды жағымсыз қабылдайтынын
айтты. Сұрақтың қорытындысы бойынша айтсақ,
берілген автомобильдік сигналдар басқа жүргізушіге зиян келтіру
мақсатында қолданады (мысалы, мазасыздандыру, өзінен
шығару). Осыған орай, барлық автомобильдік сигналдарды
агрессивті мінез-құлық көрсетеді деп айтуға болмайды.
Жүргізушілер көбінесе қауіп-қатерден сақтану
немесе өзінің келе жатқанын ескерту үшін сигналдар
береді.
Харис
және оның әріптестері мінез-құлықтың
салыстырмалы сирек түрін бақылауды зерттеді. Зерттеушілер
дүкендерде, супермаркет, мейрамхана, әуежай, т.б. үлкен
ғимарат орындарында агрессияның көріну түрлерін
зерттеді. Мысалы, эксперименттерінің бір түрінде зерттеушінің
көмекшілері адамдардың сыртынан қақтығысып
қалады. Зерттеулінушілердің күтпеген, жағымсыз
іс-әрекетке мына категориялар бойынша классификацияланады: сыпайы,
көңіл аудармаушылық, қаншалық агрессивтілік
(мысалы, қысқа протест немесе көзқарас) және
жоғарғы агресстивтілік (мысалы, ұзақ айтылған
сөгіс немесе іс-әрекетпен жауап қайыру).
Басқа
зерттеулерде зерттеушінің көмекшілері дүкендерде, мейрамхана,
банктерде кезекте тұрғандардың алдына барып тұрады. Кей
жағдайларда көмекшілер “кешіріңіз” дейді, кейде мүлдем
ешнәрсе айтпайды. Кейін адамдардың вербальды, вербальды емес
реакциялары жазылып алынады. Вербальды реакциялар сыпайы, көңіл
аудармаушылық, қаншалықты агрессивтілік (“мұнда мен тұрғанмын”
деген сияқты ескерулер) және қатты агрессивтілік
(балағаттау мен қорқыту) классификация бойынша
қаралады. Вербальді емес реакциялар жай күлкі, қарапайым
көзқарастар, қауіпті көрсететін жесттер, итермелеу
болып классификацияланады.
Лабораториялық бақылау. Лабораториялық
бақылау кезінде зерттеуші зеттелінушінің
мінез-құлқындағы барлық өзгерістерді
аппараттардың көмегімен толық бақылап отыруына болады.
Агрессиялық мінез-құлық лабороториялық
жағдайда зерттеудің әр түрлі әдістері болады.
Солардың ішіндегі ең 4 негізгі категориялар бар.
1.
“Ойын” арқылы;
2.
Басқаларға вербальды түрде шабуыл;
3.
“Қауіпсіз”, тірі ағзаға зиян келтірмейтін шабуыл;
4.
“Зиян
келтіруі мүмкін” шабуылдар.
Біз төменде осы
категорияларға тоқталамыз.
1.
Агрессияны “ойын” арқылы өлшеу
Лабораторияларда
агрессиялық мінез-құлық (әсіресе, балаларда)
өлшеудің қауіпсіз түрі. Бұл процедура келесі
этаптардан тұрады:
а)
Агрессиялық мінез-құлықты демонстрация түрінде
көрсетіп, олардың агрессивті мінез-құлық
көрсетуіне итермелейді.
ә)
Кейін оларға тірі емес заттарды теуіп, шымшуға мүкіндік
береді.
б) Агрессия
“құрбанына” қарсы агрессивті мінез-құлық
көрсетудің жиілігімен өлшенеді.
Агрессивті
мінез-құлық көрсетілуі, жиілігі зерттеушінің
немесе арнайы қойылған камера арқылы жазылып отырады.
Бұл процедуралар көбінесе қандай жағдайда адамдар
агрессивтік мінез-құлықты тез үйренеді соны зерттеуге
арналған. Бандура және оның әріптестерінің
жасаған “Бобо қуыршағы” әдістемесі кезінде осы
процедураларды кеңінен пайдалануға болады. Зерттеулердің
бірінде зерттеушінің көмекшілері қуыршақпен ойнайды.
Қуыршақтың үстіне отырып мұрнын теседі, басынан
ұрады, балғамен төбелейді, “мұрнын бұз”,
“аяғынан шалып қал”, “ айналдырып төбеге лақтырып
жібер” деген сөздерді айтады. Бұл іс-әрекеттерді балалар
бақылап отырады, бақылап болған соң балаларды
осыған ұқсас ойыншықтары бар бөлмеге кіргізеді.
Оларға ойыншықтармен ойнауына арнайы уақыт (10-20 минут)
беріледі. Зерттеуші балалардың әрекеттерін толық
бақылап отырады. Зерттеу кезіндегі негізгі сұрақ: балалар
әрекетті үйреніп, сол әрекетті қайталауы мүмкін
бе? Таңданарлық ешнәрсе жоқ зерттелінушілердің
көбісі сол іс-әрекетті үйреніп, дәл солай
қайталайды. Бандураның айтуы бойынша: “Зиян келтіретін
мінез-құлықтар көбінесе үйрену барысында
меңгеріліп, кейін жүзеге асады”.