Абдыбаева Г.М.
М.Х.Дулати
атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
ОЙЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТІ РЕТТЕУДЕГІ
РӨЛІ
Оқушылардың ақыл – ой
белсенділігінін өрістету олардың тұлға ретінде
жетілуінің маңызды бұлағы болып табылады.
Оқушылардың ақыл – ой әрекетін жетілдіруде логика -
әдістемелік білімдердің орны ерекше. Сондықтан
оқушыларды ғылыми таным әдістері, логикалық ойлауды
операциялары және тәсілдерімен таныстырудың жолдарын
анықтауды қажет етеді. Бұл мәселелердің
маңыздылығы мен оны шешудің қажеттігіне Д.В.Вилькеев,
П.Я.гальперин, П.И.Пидкасистый т.б. ерекше мән берді. Алайда бұл
мәселе дидактьикада ерекше талданып, тиісті шешеімін таба
қойған жоқ. В.А.крутецкий оқушылардың ойлауды
қабілетін дамыту екі
категорияға байланысты болатыны атап көрсетті:
жинақталған білімдер қоры және білім алуға
қажетті ойлауды операцияларын меңгеру. Ойлауды операцияларына жататындар: анализ және
синтез, индукция және дедукция тб.
Б.М.Теплов еңбегінде ойлаудыдың интеллектуальдық
ерекшелігін практикалық міндеттерді шешуде іс-әрекетте
көрінетіне тоқталды. Л.С.Выготский «Ойлауды және
сөйлеу» еңбегінде сөйлеудегі ойлаудыдың
генетикалық түбірін, ойлауды және сөйлеу ерекшелігін,
онтогенездегі сөз және ой қатысын, іштей сөйлеу сипатын
ашты. Ал А.Н.Леонтьев ойлаудыды
зерттеуде, фундаментальды мәселелерді зерттеуді, жалпы
психологиялық іс-әрекет теориясымен байланыстырып
қарастыруды. С.Л.Рубинштейн еңбегінде ойлауды процесі бойынша
зерттеу принципін қалыптастыра
отырып, оның заңдылықтарын бөліп және ойлауды
операцияларының негізгі бірлігін көрсетті. П.Я.Гальперин
нақты экспериментальды зерттеу жағдайы, жолдары мен
бағыттарының қалыптасуына тоқталды. Дж.Брунер
еңбегінде ойлаудыдың даму кезеңдері оның түрлерін
(көрнекі қимылды, көрнекі бейнелі ойлауды ) жағдайын
танымдық іс-әрекетте қалыптастырып талдау жасады.
Л.С.Выготский «Ойлауды және сөйлеу»
еңбегінде сөйлеудегі ойлаудыдың генетикалық
түбірін, ойлауды және сөйлеу ерекшелігін, онтогенездегі
сөз және ой қатысын, іштей сөйлеу сипатын ашты. Осы
соңғы бірнеше он жылдық ішінде кибернетика, информатика,
алгоритімдік тілдердің жоғарғы деңгейі және
матиматикалық жоспарлау идеяларының негізінде жаңа,
информациялық – кибернетиканың теория құруға
мүмкіндік пайда болды.
Совет психологтары мектеп оқушыларында
математикалық, грамматикалық, географиялық және
басқа ұғымдардың қалыптасу процесертін егжей
тегжелі зерттеді. Тиісті білімді қалыптастыру үшін ақыл – ой
қызметінің әдістері және осы әдістерді
үйретудің тәсілдері анықталды. Сондай – ақ
оқыту процесінде білімдердің қалыптасуының негізгі
кезеңдері де анықталды [15].
Балаға ақыл – ой тәрбиесін беруде ертеден келе
жатқан қазақ халқының ауыз - әдебиеті,
мақал – мәтелдер, жаңылтпаштар, шешендік сөздер,
нақыл - өсиеттер, жұмбақтар болып табылады.
Осылардың барлығы баланы тапқырлыққа, шешендікке,
өнерге, ойлаудыға, қиялдауға, ойын, тілін
дамытуға, тілін жаттықтыруға үйрететін
этнопедагогикалық туындылар.
Ойлауды теориясы
нақтырақ тоқталсақ:
ойлауды процессінің мағанасын түсіндіретін теорияларды 2
үлкен топқа бөлуге болады [16].
Бірінші топқа адамның
интеллектуалды қабілетінің туа біткеннен пайда болатынын,
өмір жолында өзгермейтіндігін жатқызамыз.
Екінші
топқа адамның ес қабілеті негізінен өмір бойында дамуы,
жетілуі жатады.Баланың ойлаудыы мен сөйлеу әрекетінде
оның дұрыс қалыптаспаған себептері әртүрлі,
баланың сөйлеуі мен ойлаудыын нәтижелі тәрбиелеу
үшін оны білу маңызды. Жиі кездесетін себептердің
алғашқысы – олардың сыртқы құбылыстарды тез
қабылдауы. Ол біріншіден, қиын әрі қызық емес,
жүйке-бұлшықет жүйесіне және көру мен есту
аппаратарына ұзақ упқыт күш түсіретін бірсарынды
жұмысты орындағанда туады. Әсерлердің, күшті
эмоциялық толғаныстардың тым көп болуы,
тынығудың жеткіліксіздігі ми қыртысының нерв
қызметінің күшті тежелуін туғызады. Жүйке
жасушалары сезімталдығынан айырылып, жаңа реакцияларға жауап
беруін тоқтатады. Егер мұндай шаршаудың басталу жиілігі мен
күші артса, әдеттегі демалғанға басылмайды,
мұның өзі қажудың басталғанын
көрсетеді. Ойы бөлініп, сөздерді байланыстыра алмайды.
Екіншіден, ата-аналар тарапынан балалардың күн тәртібіне
жеткілікті мән берілмейді. Олар баларына көп уақыт теледидар
көруге, қабылдап-түсінуге ауыр хабарларды көруге
рұқсат береді.
Нәтижесінде баланың ұйқысы қанбай,
оқу процесінде материалды қабылдауға және онымен
жұмыс істеуге, әрине зейінін шоғырландыра алмайды. Осыдан
сөйлеу мәнері, сөздік қоры төмендейді, ойы
шашаыраңқы болады [16].
Осында баланың тыныс алу жолында аденоидтердің /өскін/
шығуы болуы мүмкін. Бұл өскіндер мұрынмен тыныс
алуға кедергі жасайды, осыдан барып миды қанмен қамтамасыз
ету жүйесіндегі оттегі азаяды және оның қалыпты
жұмыс істеуі бұзылады. Олар аузымен тыныс алады,
көздерінің оты келіп, көмескіленеді. Балалар сыныпта
отырғанымен өздерінің құрдастары істеп
жатқан жұмысқа іс жүзінде қатыспайды. Бұл
ауруды емдетпеген жағдайда аденоидтылық баланың үнемі
ұйқышыл болуына және алаңдығыш болуына,
ақыл-ойының төмендеуіне
себеп болады.
Үшінші себеп – оқу материалының ақыл-ойды
дамытуға бағытталмауы. Оқушының ақыл-ой
белсенділігі практикалық әрекеттерден қолдау табатын
сөйлеу әрекетінің негізі болып табылады. Егер оқу
процесінде белсенді ойлануды талап ететін тапсырмалар болмаса
мұғалім оқушыларға қаншалықты зейінді
болуын қадағаласа да оқушылар өз тұрақтандыра алмайды.
Төртінші себебі – балаға
дұрыс тәрбие бере алмау нәтижесінен тууы да мүмкін.
Ата-аналар балаларға көп кітапшалар мен ойыншықтарды шектен
тыс көп сатып әперіп, ерте жасынан театр, музей, көрмеге жиі
апаратын болса бала үнемі жаңа бір әсер ауысуына
дағдыланып қалады. Олардың әрқайсысы жайлы
ойланбай жатып үлкендер күн
аралатып жаңа тітіркендіруші құбылыс немесе объектіні
көрсете берсе, бала қоршаған ортамен шала таныс болады.
Оның зейіні де құмбылмалы (ауыспалы) бола да
нәтижесінде әрбір жаңа әсерге алаңдауға
дағды қалыптасады.
Бесінші себеп – бала ойының бөлінгіштігі. Мысалы, оқу процесі кезінде кеше
көрген киноның әсерімен, сол фильм туралы ойлап отырады.
Бұл фактілер селсоқ, темпераменті флегматик типтес оқушыларда
жиі кездеседі. Ондай оқушы кездейсоқ қойылған
сұраққа біліп тұрса да бірден жауап қайтармайды,
ол жаңа материалдың мазмұнын ауыстару үшін үзіліс
қажет.
Ойлауды
адамның өмір тәжірибесі мен практикалық
іс-әрекеттері нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім
процессінің шеңберінен әлдеқайда асып түседі.
Адамның ойы тілмен, анық сөйлеумен тығыз байланысты
және ойлауды тілдік материал арқылы өзінің
шындығы мен ақиқаттығын бейнелей алады [17].
Адамның
ойы әрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Ой – сыртқы дүниені
бейнелеудің ең жоғары формасы, сөз – ойды басқа
адамдарға жеткізетін құрал. Ойдың сөз
арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бұрынғы
жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алады, ойды
өмірді одан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланады [5,
206].
Л.С.Выготский
және Ж.Пиаже ойлауды
қабілетінің дамуына бірнеше тұжырым жасаған. Олар,
ойлаудыдың ең маңызды дамуы – жаңа мінез-құлық мүмкіндігіне
итермелейтін және интеллектуалды іс-әрекеттің
жоғарғы формасына әкелетін
жинақталған түсінікті меңгеруінің негізін
түсіндірген.
Л.С.Выготский түсінікті жинақтау
қызметі интеллектуалды
өзгерістерге байланыстылығын:
«... түсініп ойлану - іс-әрекетті түсіну,
басқаларды түсіну және өзін түсіну »- деген.
Адамның
ойлауды әрекеті тікелей сезімдік таным процесстерімен ғана емес
тілмен де, сөйлеумен де тығыз байланысты. Сөйлеу, дыбысты тіл нәтижесінде нәрселер мен
құбылыстардың мәнді, тұрақты белгілерін ой
арқылы бейнелей алады. Мұнда тіл-адам ойының заттық
қабыршағы болып табылады. Адам ойы әрбір нәрсенің
сипаты мен қасиеттерін сөз арқылы ажыратып көрсете
алады. Осыдан заттар мен құбылыстарды әртарапты танып білуге
мүмкіндік туады.
Шетел психологтарының ішінен Дж. Брунер
Выготскийдің осы пікірін жақтады. В.В.Давыдов Париж қаласында
ұйымдастырлған ХХІ халықаралық психологтар
конгресіндегі баяндамасында Пиаженің оқыту ақыл – ойдың
дамуына әсер етпейді дейтін қағидасы қазір дәстүр
болып келген оқыту жүйесіне тікелей
қатысы бар, оқытудың бұл түрі баланың ой -
өрісін алға қарай дамыта алмайды, - дейді. Осыны айта келіп
қазіргі оқыту тәсілдері баланың ақыл – ойын
дамыта алмайтыны дидактиканың мынадай: «оқыту баланың
оқу үлгеріміне тең болуы қажет» дейтін принципінен де
белгілі: егер оқыту баланың сабақ үлгеріміне шақ
келсе, ол осыған қиналмайды: ой - өрісті дамытатын
қиыншылық. Егер оқу материалы балаға жеңіл
түссе, не шақ келсе, осының өзі баланың ой -
өрісін дамыта алмайды. Баланың ой - өрісін онан әрі
дамыту үшін оқытудың айласын мүлде өзгерту
қажет. Бұл жөнініде Д.Эльконин: «Оқыту баланың
ақыл – ойын дамыту құралы» -
деді.
В.В.Давыдов ақыл – ой деп
оқушылардың тиісті мәселелерді шешуде жалпы амал
қолдана білуін айтатын болса, М.Коул мұны бала бір үйренген
тәсілін өзге, бұған қатысы жоқ
жағдайға қолдана білу деп түсінеді. Бірақ
осының екеуі де баланың ой - өрісіне жатады.