Шарипбекова
Г.А., Джумаханова А.Т., Калиева Л.
№47 орта мектеп, Тараз қ.,
Қазақстан
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қоғамдағы қазіргі кезде қайта
құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық
бағдарлар, қоғамның ашықтағы, оның
жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге
қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің
жетекші елдерінің көпшілігі оларды білім беру жүйесі мен мақсатын, мазмұны мен
технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды.
Білім берудің қазіргі кездегі негізгі мақсаты білім алып,
білік пен жетістікке қол жеткізу ғана емес, олардың негізінде
дербес, әлеуметтік және кәсіби бағдарлы –
ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану.
Бұл міндеттерді шешу үшін білім беру орындары, мұғалімдер
мен оқытушылар күнделікті ізденіс арқылы барлық
жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық
қарым-қатынас жасаулары керек. Оқыту түрлерін,
әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді
тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірулері
қажет.
Әрбір
жеке адамға тұлға ретінде қарап, оның өзіне
тән санасы, еркі өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті,
білімі мен тәрбиесі бар екенін ескере отырып, танымдық
белсенділігін арттыру – олардың жеке басылық қасиеттерін
дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға мүмкіндік
жасау болып табылады. Дамудың
барлық кезеңінде баланың ортаға дағдылануы
және мінез құлқының сапалы үлгілерін
меңгеруі, жеке басының психикалық қасиеттері
қалыптаса бастайды. Адамның психикасы тіршіліктің барлық кезеңінде үздіксіз дамиды. Кеңес психологтарының
(А.Н. Леонтьев, Л.С.
Выготский, С.Л. Рубинштейн) теорияларына сәйкес баланың
психикалық дамуы әлеуметтік ситуациямен анықталады,
бұған оның қоғамдағы орны, үлкендер
және құрбыларымен қарым-қатынас жүйесі,
шығармашылық қабілеті, танымдық белсенділігі жатады. Оқыту мен дамыту
арасында тығыз байланыс бар екенін педагогика, психология ғылымдары
жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл
мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы
оқытудың ролін, алар орнын анықтаған көрнекті
психолог Л.С.Выготский. Ол дамуды оқытумен теңестірді.
«...
Баланың танымдық процестерін дамыту психология
ғылымының маңызды және өзекті мәселесі...» - деген
көзқарастарды Л.С. Выготский, В.В.Давыдов, В.А.Крутецкий, Я.А.
Пономарев. С.Л. Рубинштейн. Д.Б.Эльконин т.б. болды. Танымдық процестер жаңа материалдарды
меңгерудің мәнді алғы шарты және
шығармашылыққа өтуде алынған білім мен
өзіндік дамудан өтетінін дәлелдеген.
Баланың ішкі позициясының екінші жағы
оның білім мен іскерлікті игеру процестерінде ортақ дұрыс қарым-қатынасына
байланысты. Бір кездерде шын мәнінде ойын кезінде өзі
қалаған адам болуы үшін, оқытудың қажет
екендігі туралы, оның мектепке дейін-ақ бойы үйрене бастайды.
Ол кезде бала келешекте қажет болатын білімдердің нақтылы
құрамын әрине
сезбейді. Оның білімге деген пайдақорлық, прагматикалық
көз қарасы әлі болмайды. Ол жалпы білімге, қоғамдық
мәнді және құнды деп ойлайтын білімдерге
ұмтылады. Баланың айналысындағыларды білуге
құмарлығы, теориялық ықыласы осыдан
көрінеді.
Оқушылардың
пәнге деген ықыласы артып, қабілеті байқалса қызыға бастаса, онда пәнді
меңгеруге деген құштарлық тереңдей түседі.
Қазіргі кезеңде сабақтың мазмұны мен оны
түсіндірудің негізгі әдістері оқушылардың
өз беттерінше танымдық іс-әрекеттерін
дамытатындай, әрбір нақты материалды жүйелі
меңгеретіндей етіп құрылғаны жөн. Осы
мәселелердің бәрі оқушылардың жеке жасы мен жеке
басының дара ерекшеліктері мінез-құлқын білуді
қажет етеді.
Бастауыш
сынып оқушылары – баланың сезімдік тәжірибесінің орасан
зор молайып, ретке келу, қабылдау мен ойлаудың адамға
тән формаларын игеру, қиялдың күшті даму, ырықты
зейін мен мағыналы естің бастамалары қалыптасу кезеңі
болып саналады. Оқушылардың танымдық іс-әрекеті тек
білімге, оқуға ғана бағытталмай, үлкендердің,
өзімен бірге жүретін достарының ерекшелігін тануға,
мәдениеттік өрісін кеңейтуге жолдайды. Бала мектепке
барған кезеңде үлкен психикалық өзгерістерге
ұшырасады. Біріншіден ол оқушы атанып «Мен» дәрежесіне
көтерілсе, екіншіден өмірге басқаша көзқарас
танытады. Өз бетімен шешім қабылдап, тұжырым жасайды,
өзіндік бағалау қасиет пайда болады. Осыған орай,
танымдық іс-әрекетінің мотивациялық өрісі де
өзгереді.
Баланың
пәнге, оқуға деген қызығушылығын арттыру
мақсатында сабақ арасында кейбір психологиялық
ойын-жаттығуларды қолдануға болады. Бастапқы міндет - ойын барысында балалар арасында танымдық
белсенділігін, психикалық процестерді дамыту,
қарым-қатынастарын кеңейтіп, балалардың достығына
қолдау көрсету. Оқу іс-әрекетінде танымдық белсенділігі
маңызды рөл атқарады, оқытудың нәтижелілігі
оқушылардың психикалық процестерінің (түйсігі,
қабылдау т.б.)дамуына ықпал ететін жағдайлардың
дұрыс ұйымдастырылуымен тығыз байланысты. Солардың
ішінде олардың балаға жағымды әсер етіп, оның
саналы әрект жасауда орны ерекше, өйткені ол баланың
жаңа материалды қабылдап, ой қорытып, өз ойын
нақты жеткізуге қалыпты деңгейде болуына көмектеседі
және педагогикалық үрдістің нәтижелі болуына
жетелейді.
Балалардың
ойлауды дамыту қабілетін анықтауда «Ойлау» тақырыбында тренинг
– сабақ, «Сөйлемді аяқта», «Паравоз» ойыны, ал ес пен зейінді дамытуда «Кім
көп көріп, есінде сақтайды?», «Фигураны есте
сақта» жаттығулары жүргізілді. Олай болса балалар ойын барысында дамиды. Адамның жан
дүниесі, түйсік, ой-қызметі қимыл арқылы
көрініс табады. Ойында баланың танымдық белсенділігі артып,
оның барлық рухани әрекеттеріне қозғау салады.
Мысалы: қазақ тілі сабағында “Сөйлемдегі
сөздердің байланысы” тақырыбын қорытындылағанда «Сөйлемдегі
сөздердің орнын ауыстыру» жаттығулары пайдаланылады.
«Үш және төрт буын» жаттығуы
Мақсаты:
зейінді, ойлау жылдамдығын дамыту.
Барысы: Балалар шеңбер құрып
отырады. Жүргізуші кенеттен допты бір буынды сөз айтып біреуге
лақтырады. Допты қағып алған бала сөзді
өзгертіп, оны қайта біреуге жібереді:
Егер доп қызыл болса-2 буынды (үй-үйлер)
Егер доп көк болса-3 буынды (
үй-үйшіктер)
«Қалып кеткен
сөзді қайта құру» ойыны.
Мақсаты: есте сақтау көлемін
ұлғайту. Бір-бірімен мағынасы ұқсас емес 5-7
сөз қатары оқылады, мысалы:
шекер-оқ-жәшік-балық-би-алмұрт. Содан соң сөз қатары толық
оқылмайды, бір сөз қалдырылады. Балалар осы
қалған сөзді тауып,
орнына қою керек. Үшінші рет басқа сөз
қалдырылады. Төртінші кезде балардан барлық
қатардағы сөздерді орындарына қою тапсырылады,
яғни орын тәртібін сақтамай-ақ қоюға
болады.
«Айтылған ойды басқа сөзбен
әңгімеле»
әдістемелік жаттығуында хабарлы сөйлемге
оқушылардың біреуі бір сөйлемді айтады, ал қалған
оқушылар айтылған сөздерді қолданбай, сол ойды
басқа сөйлеммен айтып жеткізуі қажет. Мынадай сөйлем
айтылсын:
«Биылғы
жаз өте ыстық болды».
а. “Тамыз
айларының аяғына дейін күн қатты ыстық болды”.
ә. “Маусым да, шілде де
біздің елде Африкадағыдай болды”.
Мектеп
оқушыларының оқу-тәрбие процестерінде ақыл–ой
іс-әрекетін талаптарға байланысты жүйелі түрде
қалыптастырып, дамытатын негізгі мекеме болса, мұғалім – оны дамытушы тұлға. Біз оқу
жылының соңында осындай психологиялық дамыту жұмыстарынан
кейін 3 сынып оқушыларының танымдық белсенділігі мен қабілеттерін
анықтау мақсатымен «Кіші мектеп жасындағы
оқушылардың ақыл–ой дамуының деңгейін
анықтау (З.Ф.Замбициявич ұсынған) тесті алынды. Тесттің
нәтижесі төмендегі кестеде көрсетілгендей танымдық
белсенділіктің дамуына сабақ барысында ойын-жаттығуларды
қолдану тиімді болатыны анықталды.


Оқу ситуацияларында балалар жұмысы
түрлі типті іс-әркеттерден құралады. Олардың
арасынан оқу әрекеттері ерекше орын алады. Солар арқылы
оқушылар міндеттерді шешудің
жалпы әдістерінің үлгілерін және оларды қолдану шарттарын
анықтаудың жалпы тәсілдерін қайта жаңғыртып
игереді. Олардың құрамы біртекті емес. Кейбір оқу кез-келген іс-әрекеттеріне
оқу материалдарын игеру, екіншілеріне берілген оқу
материалының көлемінде жұмыс істеу, үшіншілеріне
жекелеген кейбір үлгілерді қайта жаңғырту тән.
Мысалы, берілген үлгілерді бейнелеуге мүмкіндік беретін
іс-әрекет әрбір пәннің кез-келген материалын оқып
үйренуге қолданылады.
Оқыту процесінде
мұғалім оқу материалын байланысты қандай да бір
деректерді хабарлай отырып оқушылардың
логикалық-әдістемелік білімдерін қалыптастыруды жүзеге
асырады, керісінше, оқушыларды танымдық білімдермен таныстыра
отырып, ол үшін нақтылы оқу материалын пйдаланады. Оқушылардың танымдық
қызығушылығының дамуының негізін олардың
меңгеретін ғылыми білімдерінің жүйесі
құрайды. Оқушылардың санасында белгілі бір білім
қоры болмайтын болса, онда олар ойлай да алмайды. Оқушыны
жеткілікті білім қорымен қаруландыру және өз бетінше
ойлауға үйрету, оқушының білім алуға ынта –
жігері, құмарлығы, қызығушылығы, білімдерді
меңгеру, оның танымдық әрекетінің дамуының
маңызды жолы болады.
Тұлғаның
белсенділігі болашақты жандандыру негізінде негізделеді. Белсенділік
өз мінез-құлқын
шарттандыруда белгілі бір өзбеттілікті береді. Ерік мінез-құлық пен іс-әрекетті өзіндік реттеу
мен өзіндік детерминация болып саналады. Ерік тұлға
үшін маңызды мақсатқа бағытталады.
Белсенділік
–
адамның қандайда бір нәрсеге қатысудағы
қуатты, қарқынды іс–әрекеті немесе іс–әрекет
үстіндегі күй. Осы іс–әрекеттердің, жалпы
тіршіліктің барысында адам бойында: қарым–қатынас жасау
белсенділігі, таным белсенділігі, өзін–өзі тәрбиелеу, шығармашылық,
көркемдік белсенділіктері қалыптасып дамиды. Адамның
іс–әрекеттерінің көп түрлігіне байланысты:
психикалық, физиологиялық, өндірістік, әлеуметтік,
тұлғалық, танымдық–көркемдік белсенділіктер бар.
Аталған белсенділіктердің педагогикалық–психологиялық
негіздері: Ю.Н. Бабанский, И.Я. Лернер, М.Н. Скаткин, Л.Я. Зорина, Қ,Б.
Жарықбаев, С.М. Жақыпов, С.Қ. Бердібаева және т.б.
еңбектерінде зерттелген.
Адамның
іс-әрекетті атқаруға талаптанып, белсенділігін
қуаттайтын ниеті – ұмтылу. Адам өз қажеттілігін
өтеудің жағдайын нақты болжамдып, көз алдына
елестете алмаса да көздеген мақсатына жету үшін қуатын
жұмсап, талаптанады. Адамның жеке бағыт – бағдары, бір
іс - әрекетті орындауға талпынысы, сол әрекет негізінде
туындаған арманы, құмарлығы, әр түрлі
мақсаттарға жету жолындағы әрекеті – оның
даралық қасиеттеріне тән психологиялық ерекшеліктер.
Қандай да іс - әрекет бірқатар элементтерді қамтиды.
Олардың бәрі бірге іс - әрекеттің құрылымын
сипаттайды.
Танымдық белсенділікті дамытуға
бағытталған жұмыстар
белгілі бір дәрежеде оқу
материалдарын
меңгеруі, оқу барысындағы «осал жерлер» жөнінде оқушыдан кері ақпараттарды жедел алу сияқты өзекті
дидактикалық
мәселелерді шешуге мүмкіндік жасайды, оқушының
тұлғалық
қасиеттерін өз мәнінде дамыту үшін маңызды шарт болып табылатын
қарым – қатынастың
жетіспеушілігін азайтады.
Танымдық белсенділікті дамыту
іс-әрекеттері
оқытудың
тәрбиелеу жағына тиімділігін
арттырады, тұлғааралық қатынастарды
қалыптастыруға
оң әсер етеді,
сыныпта қолайлы жағдай орнатуға
және ұжымдық психологияның қалыптасуына көмектеседі.
Оқушыларда
ұжымдық
жұмыстар барысында жолдастық, достық
және ұжымдық сезімдер
қалыптасады. Ал сабақ
барысында ұжыммен орындалатын
психологиялық дамуты жұмыстарды жүргізу
адамгершілікті оң қатынастар бойынша
тәжірибе
жинақтауға
мүмкіндік жасап, қоғамдық бағыттылық пен
шығармашылық
даралаудың бірлігінде
олардың танымдық белсенділігін арттыру мен
қалыптастыруға
мүмкіндік жасайды.
Қолданылған әдебиеттер
1.
Азарова Н.Л. Битянова М.Р. Работа
психолога в начальной школе.-М.: Творческий центр, 1999
2.
Құдайқұлов М.А. Способности умения и навыки. – А,
1986.
3.
Джакупов С.М. Психология познавательной деятельности.- А: КазГУ,
1982 .
4.
Дубровина И.В. Рабочая книга
школьного психолога.- М.: Просвещение,1991.
5. Мұқанов А. Жас және педагогикалық
психология.- А, 1981.