Оралбаев М., Қалмаханбет Д.
Қызылорда
қаласы, Қазақстан
ДЕВИАНТТЫ БАЛАЛАР МЕН ОЛАРДЫҢ АТААНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН
КОРРЕКЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛЕРІ
Әлеуметтік
жағдайы нашар отбасында тәрбиеленген бала психолог, педагог
және басқа да мамандардың көмегін қажет етеді.
Балаға қатыгездікпен қарау, оны психологиялық
және физикалық жағынан қорлаудың әсерінен
жасөспірімде терең ішкі тұлғалық конфликт пайда
болады. Ал оны қалпына келтіру үшін әр баланың
жағдайының ерекшелігіне негізделген психокоррекциялық
жұмыстар қажет.
Девиантты
мінез-құлықты балаларды түзету күрделі, әрі
қиын, әрі ұзақ процесс. Оны іске асыруда көп
шыдамдылық пен белсенділік қажет. Қазіргі, осы саладағы
әлеуметтік, педагогикалық талаптар мен жүзеге асырылып
жатқан тәжірибелер негізінде, бұл саладағы тәрбие
міндеттерін жүзеге асыруда мынадай шарттарды орындау қажеттігі
туады:
-
балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау;
-
оның жағымды қасиеттеріне сүйену;
-
оның адамгершілік күшіне, потенциалдық
мүмкіндіктеріне сену;
- оқушыларды салауатты өмір салтын
қалыптастыру үшін жасалған жалпы білім беретін бағдарламаларды тиімді пайдалану;
-
салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қауіпсіз
тіршілік етуге бағытталған
тәрбиелік бағдарламаларды ұштастыра пайдалану;
-
девиантты мінезге ие балалардың білім алуы мен бос уақытын
пайдалы іс-әрекеттермен өткізу жолдарын қарастыратын
жаңа кешенді бағдарламалар құруастыру және оларды
тәжірибеде пайдалана білу.
Психокоррекция
– бағыты индивидтің бүтіндік дамуы мен қызметіне
психологиялық ерекшелігіне (танымдық, эмоционалды еріктік,
қалыпты мінез-құлық және жеке қасиеттеріне)
қарай жүретін қалыпты процесс.
Жасөспірімдердің
мінез-құлқын түзетуде тиімді нәтижелерге жету
үшін, бала өсіп жатқан отбасымен комплексті, яғни
кешенді түрде жұмыс істеу қажет. Ол үшін отбасылық
өзара әрекеттесу стилін өзгертіп, тәрбиелік әсер
ету әдістерін тиімді болатындай таңдау керек.
Агрессивті
балалармен жұмыс жасаудың негізгі ережелері:
1.
Баланың сұранысы мен қажеттілігіне мұқият болу;
2. Агрессивті
емес мінез-құлықтың үлгісін көрсету;
3. Баланы
жазалауда бірізді болу, тек нақты іс- әрекеті үшін жазалау
керек;
4. Жазалау
баланың абыройына нұқсан келтірмеуі керек;
5. Ашу-ыза
кезінде оны тарқата білу тәсілдерін үйрету;
6. Белгілі
бір себепті жағдайдан кейін балаға өз ашу-ызасын білдіруге
мүмкіндік беру;
7.Айналасындағы
адамдардың және өзінің жеке басының
эмоциональдылық жағдайын танып білуге үйрету;
8.
Эмпатияға деген қабілеттілігін дамыту;
9.
Баланың мінез-құлқы аясын кеңейту;
10.
Дау-жанжалды жағдайларда өзін ұстай білу дағдыларын
пысықтау;
11.
Өзіне деген жауапкершілікті сезіне білуге үйрету.
Алайда
жоғарыда келтірілген әдіс-тәсілдердің барлығы
оң өзгеріс бермейді, егер әр түрлі
мінез-құлық танытса. Ата-ананың
мінез-құлықтарының бірізді болмауы баланың
мінез-құлқының нашарлауына себеп болады. Баланың
сұраныстары мен қажеттіліктерін қамтамасыз ету, балаға
деген шыдамдылық және көңіл бөлу, үнемі
айналасындағылармен қарым-қатынас жасай білу дағдыларын
үйрету – міне, бұлардың барлығы ата-аналарға
балаларымен қарым-қатынасты жақсартуға көмегін
тигізеді.
Жоғарыдағы
барлық аталынып, айтылған мәселелерді ескере келе, бізде
«Агрессивті балалармен қалай ойнау керек», - деген үлкен
сұрақ туындайды. Осы сұрақ төңірегінде
жауап іздеп көретін болсақ, біз агрессивті балалармен жұмыс
істеудің алғашқы кезеңдерінде қандай да бір ойын
немесе жаттығулардың көмегімен бала өзінің
ашу-ызасын көрсететіндей ойын-жаттығуларды тадап алуды
ұсынамыз. Бұл жағдайда, балалармен мұндай жұмыс
жасау тәсілі пайдасыз және одан бетер агрессивті күшейтуі
мүмкін деген пікірдің болуы заңды. Ойын терапиясын
өткізуіміздің көп жылдық тәжірибесі
көрсеткендей, алғашында бала шынымен де одан сайын агрессивті болуы
мүмкін (біз мұны ата-аналарға үнемі ескертіп отырамыз),
бірақ та 4-8 сабақтан
кейін, өзінің шынайы ашу-ызасын білдіретін «кішкентай агрессор»
біртіндеп өзін дұрыс ұстай бастайды. Егер
мұғалімге баланың ашу-ызасымен жұмыс жасау
қиындық туғызса, онда мамандарға жүгінуге
және жұмысты бірге жүргізуге болады.
Психологтар
мұғалімдерге агрессивті балаларды агрессивті емес балалармен
бірігіп ойнатуды ұсынады. Сонымен қатар мұғалім
үнемі балалардың жанынан табылуы тиіс және олардың
арасында дау-жанжал бола қойған жағдайда мәселені сол
орнында шешуге көмектесуі керек. Осы мақсатпен жанжалдың орын
алуына әкеліп соқтырған жағдайды топ болып
талқылаған тиімді. Өйткені келесі қадам орын
алған жағдайдың шешімен бірлесіп қабылдау болуы
мүмкін. Ойын барыснда өзінің
құрбы-құрдастарын тыңдай отырып,
басқалардың қалай жеңіске жеткенін көріп
агрессивті бала қандайда бір нәтижеге қол жеткізу үшін
күш көрсетудің міндетті емес екеніне көз жеткізіп,
түсінетін болады.
Ата-аналарға
арналған тренингтік жұмыстар аптасына бір рет, екі сағаттан,
бір ай бойы жүргізіледі.
Тренинг жалпы талаптарға сәйкес, яғни «49
сыналушыларды» топқа тікелей жіктей отырып, әр топта аптасына екі
сағаттан жүргізілініп отырды. Алдын-ала тренинг жүргізілетін
бөлме, жүргізілу уақыты сыналушылармен келісе отырып
белгіленді.
Тренинг мақсаты: Ата-аналардың
тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуы
үшін жағдайлар жасау.
Тренинг міндеттері:
1. Өзін-өзі
тану, адамның ішкі әлеміне бағдар жасау ұмтылыстарына
жағдай жасау;
2.
Қатысушылардың эмоциялары мен сезімдері туралы ілімдерін
кеңейту, қабілеттердің дамуына өз сезімдерін және
эмоцияларын басқару іскерліктерін қалыптастыру;
3. Қарым-қатынас
дағдыларын, тыңдау іскерліктерін дамыту;
4. Өмірлік
мақсат, жетістіктерге жету жолдары және тәсілдерін сезінуге
жетелеу.
Ата-аналармен жүргізілетін
топтық жұмыстың мақсаты:
ата-аналардың өз балаларына деген қарым-қатынасын іштей
қабылдау жағына қарай өзгерту, балалар мен
ерлі-зайыпталардың қарым-қатынасындағы конфликтті
жағдайларды шешуде конструктивті әдістерді пайдалана алу,
баланың тұлғалық потенциалын дамытуға
түрткі болатын жағымды отбасылық микроклиматты
қалыптастыру.
Әрбір топтық жұмыс
жалпы жоспар негізінде жасалған: сәлемдесу, бой жазу
жаттығулары, ақпараттық бөлім, рөлдік ойындар,
топтық дискуссия,
ақпараттық-құқықтық бөлім,
релаксация, рефлексия.
Сәлемдесу жағымды
жұмыстық атмосфераны жасауға бағытталған. Бой жазу жаттығулардың
мақсаты топта сенімді қатынасты қалыптастыру.
Ақпараттық бөлім жасөспірімдік кезеңнің
ерекшеліктерін және балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша
ата-аналық құзіреттіліктерін (компетентность) дамытуға
көмектеседі. Тренинг барысында ақпараттық материалдарды
меңгеруге бағытталған және жеке сапаларды
қалыптастыруға көмектесетін рөлдік ойындар
жүргізіледі.
Жалпы тренингте жүргізілетін
топтық пікірталас отбасылық өзара қатынастағы
жағымды тәжірибені трансляциялауға
бағытталған.
Ақпараттық-құқықтық
бөлім ата-аналардың және олардың балаларының
міндеттері мен жауапкершілігін анықтайтын ҚР Заңдарымен
таныстыруға бағытталған. Релаксация ата-аналарды
психикалық кернеуді жоюдың әдіс- тәсілдеріне
үйретуге бағытталған. Рефлексия кері байланысты алу
үшін және сабақтан қорытынды шығару үшін арналған.