Жұманазарова З., Сағындықова Ф.

Қызылорда қаласы, Қазақстан

 

ҰЖЫМДЫҚ ҚАРЫМ- ҚАТЫНАСТЫҢ  ШЕТЕЛ ТІЛ БІЛІМІНДЕ ЗЕРТТЕЛУІ

 

Тілдік қатынас болмаса қоғамда әрекет те, байланыс та, қарым-қатынас та болмас еді.сондықтан ұжымдық қарым-қатынаста тілдің атқаратын ролі зор. Ұжымдық қарым-қатынастағы тілдің маңызы-тіл арқылы ойды түсінікті етіп беруге және ақпаратты үйлестіру, содан оны басқаларға жеткізуде. Олай болса ұжымдық қарым-қатынастыңболуы, оның тіл арқылы жүзеге асуы. Ал ұжымдық қарым-қатынастың зерттелу жүйесі қандай болды екен, енді осы сұраққа жауап іздесек.

Ұжымдық қарым- қатынастың амал тәсілдерін шетел тіл білімінің ғалымдары ХХ ғасырдың басынан бастап зерттеген. Одан кейін 30- жылдарда радионың көптеп тарала бастауымен сол арқылы қарым қатынас жүре бастады (насихат сөздер мен коммерциялық жарнамалар берілді ). Екінші дүние жүзілік соғыста ұжымдық қарым-қатынастың түрлкріне қажеттілікті көптеп талап ете бастады, өйткені қатынастың бұл түрі қару-жарақпен бірдей маңызға ие болып,содан психологиялық соғыс деген термин пайда болды. Ұжымдық қарым-қатынастың анықталуына батыс ғалымдарының сіңірген еңбектері көп. Шындығында осы терминнің де сол кездерде негізі қаланғандығына ешкім дау айтпаса керек. Батыс ғалымдарының барлығының дерлік пікірі Американ ғалымы Х.Лассуэллдің айтқан пікірлерімен сәйкес келеді. Бұл ұғымның кең өріс алуына Х.Лассуэллдің қосқан үлесі зор. Оны батыс еліндегі ұжымдық қарым –қатынас теориясының әкесі деп атуы жайдан-жай емес. Оған батыстағы алғашқы ұжымдық қарым-қатынас туралы жазылған еңбек тиесілі. Негізінде Лассуэлл 1946 өзінде –ақ ұжымдық қарым-қатынастың үлгісін ұсынған.Ол үлгіні әлі күнге дейін батыс ғалымдары классикалық үлгі деп келеді. Ол былай құралған: «кто что сказал,через посредство какого канала (средства) коммуникации кому, с каким результатом». Осы жүйені ғалым терминінің басты белгілерін айқындайды деп сендіреді. 1967жылы Лассуэлл бұл үлгіні аздап өзгертті. Арада өткен 20жыл уақыт ішінде ол былай өзгерді:»участники коммуникации-лерспективы-ситуация-основные ценности-стратегии - реакции реципиентов - эффекты». Олай болса ұжымдық қарым-қатынастың негізін салған Американ ғалымы  Х.Лассуэлл.

Бұл салада еңбек еткен батыс ғалымдары: Н.Винер, В.Шромм,  Х.Лассуэлл, Р.Мертон, П.Лазарсфельд, А.Моль, Ю.Хабермас, Т.Гоббс, А.Ховланд, А.Ламсдейн, Ф.Шеффильд, Б.Берельсон, Ч.Кулы, К.Шеннон т.б. Көріп отырғанымыздай аталғандардың барлығы американ ғалымдары. Бұдан ұжымдық қарым-қатынастың батыста аз зерттелмегенін көруімізге болады. Әлі күнге бұл салада американ ғалымдары бірінші орында келеді. Маңызды тәжірибе жүргізу жөнінен де, ұжымдық қарым-қатынастың заңдылықтарын оқытуда да басқа елдерден көш алда. Әрине қазақ тіл білімін айтып салыстырмасақ та болады. Америка ғалымдары жазған еңбектерден Европа да, Латын Америкасы да, Жапония да, Ресейде т.б. елдердің ғалымдары бас негізін солардан алып келе жатыр. Олардың барлығының негізі бір болғанымен, кейбір пікірлерімен ерекшеленеді. Сондықтан әр елдің ғалымдары айтқан анықтамаларына тоқталмай кетуіміз жөнсіз – ақ.

Біз жоғарыда ұжымдық қарым-қатынасқа түсінік бергенімізде бұл терминнің батыс елінен шығуы мүмкін дап айтқан едік. Батыстан бастау алған бұл ұғым үлкен ғылыми зерттеу нысанына айналды. Көптеген елдер ұжымдық қарым-қат ына енуі үшін еңбек етті. Пікір алшақтығы болғанмен соңынан бірізділік тауып жатты.

Американың әлеуметтанушысы Чарльз Кулы ұжымдық қарым-қатынасты былайша түсіндіреді: «адамның алуан түрлі қарым-қатынасты механикалық күштің көмегімен іске асыруы мен дамытуы ақпаратты ақыл-оймен белгіні қорытындылау және оны кең көлемде таратуға, сақтауға талпынуы». Көріп отырғанымыздай коммуникацияның ұғымына кең мағынадағы қатынасты түсіндіреді. Көптеген ғалымдар бұл терминнің механикалық жағына анықтама береді. Шеннон К. ұжымдық қарым-қатынасты үш деңгейге бөліп көрсетеді: «біріншіден, ол техникалық ақпараттардың берушіден алушыға тура не толық жетуін қадағалайды. Екіншіден, семантикалық ақпараттардың алғашқы мәнінің салыстырмалы түрде екінші жаққа әсерлі етіп берілуі. Үшіншіден, эффектілік (әсер, нәтиже) хабар тарғаннан кейінгі байланыстың, әрекеттің нәтижесі қалай болғандығын байқау.

Ал Гоббстың анықтамасы басқаларға мүлдем ұқсамайды. Ол бұған филосфиялық тұрғыдан қарйды. Ол туралы Березин В.М «Массовая коммуникация: сущность, каналы, действие» еңбегінде айтылған. Т.Гоббс: «әлемдегі ең ақылды, білімді адамдардың өзі тек қана өз ойымен білімін дамыту үшін көп ізденіп, көп қызмет жасап, көп оқыса ол өзіне аз да болса пайда келтіруі мүмкін,ал өзгелерге оның ешқандай пайдасы жоқ. Өйткені оның барлық білімі өзімен бірге дамып, өзімен бірге жоғалып кетеді. Осы жаңа білімді бір адамдардың тауып, басқа адамдарға таратуы, бүкіл адамзатты дамымай қалудан сақтап қалуы мүмкін» деп жазды. Бұл да ұжымдық қарым-қатынас кезінде өтетін әрекетке байланысты айтылған пікірдің бірі. Негізінде, ғалымдардың қайсысының пікірі болмасын түп мақсатына келгенде (Ұ.Қ.Қ-қа байланысты) үйлесіп жатады. Оны біз біршама анықтамадан соң білуімізге болады. Айталық, неміс ғалымдарының пікірлері бірін-бірі жалғап жатады.мысалы ұжымдық қарым-қатынас кезіндегі кері байланыс үлгісі дегенге Н.Винер мынандай анықтама береді: «информация,поступившая обратно в управляющии центр, стремится противодействовать отклонению управляемой величины от управляющей».

Н.Винердің пікірін ары қарай жалғастырушы ғалым С.Бир болды. Ол кері байланыс - таралған ақпараттың қайта кері қайтуы деген ой айтады. Кері байланыстың өту кезеңін ол былай түсіндіреді: «положительная обратная связь вызывает увеличения уровня сигнала на выходе вызывает уменьшение сигнала на входе,и таким образом, в прнципе является стабилизирующий». 

Бұл пікірді алғаш айтқан К.Шеннон болатын. Оның үлгісін ары қарй осы аталған екі ғалым өрбітті. Осының өзі ғалымдардың бірін-бірі толықтырып, бір мақсатта анықтама бергендігінің дәлелі. Ұжымдық қарым-қатынас туралы көбіне неміс және американ ғалымдары зерттеу жүргізген. Біз сондықтан Америка елінің ғалымдары айтқан пікірлерге де жүгіне кетеміз.

Америка ғалымдарының ішінде осы салада көп еңбек еткендер И.Л.Джейнис, П.Б.Фильд. Олар зерттеу нәтижесінде ұжымдық қарым-қатынасқа байланысты мынадай үш негізгі анықтама шығарды:

1.     реципиент, склонные всегда соглашаться с коммуникатором, даже если тот вызывает две диаметрально противоположные точки зрения;

2.      реципиенты, которые, наоборот, в аналогичных условиях всегда вызывают категорическое несогласие и готовы ради этого изменить свое первоначальное мнение;

3.      реципиент вообще не изменяющие свих позиции.

Бұл әрине ұжымдық қарым –қатынасқа түсушілердің, оның ішінде қабылдаушының психологиясын көрсеткен пікір. Яғни, ақпарат қабылдауда ол хабармен келісе салатын немесе, өз ойын тез өзгерткіш және, өз пікірінен басқаны мойындамайтын адамдар деп бөлуі, ұжымдық қарым-қатынастағы ақпараттың Адам психологиясына тікелей әсер ететіндігіне дәлел, әрі мысал болып тұр.

    Бұл пікірге А.Г.Линдтон мен Э.Грэхем былай деп ой қосады: «эта- по существу социально-поведическая-типология реципиентов прочно основывается на такой, казалось бы, сугубо психологической, традиционно помещаемой в область от поля». Яғни, қабылдаушының мінез-құлқы мен көзқарасы да ақпарат қабылдауда ерекше рөл атқарады. Ол да әр бір адамның өзіндік табиғи ерекшелігі. Барша адамның көзқарасы бірдей болса, өмір маңызын жояр еді. Сондықтан, бұлай болу заңды деп ойлаймыз.

    Осы салада зерттеу жүргізіп, еңбек жазған ғалымның бірі Моль Абраам болды. Оның «Социодинамика культуры» деп аталатын еңбегінде ұжымдық қарым-қатынасқа мынандай анықтама береді:   « ….біріншіден,  ақпаратты таратушы жақтың хабардың тек маңызды жақтарын белгілі бір заңдылық бойынша өзінше саралап жинақтауы. Екіншіден: хабардың таралу кеңістігі, уақыты, бағыты болуы керек. Қабылдаушы хабарды құраушы таңбалар жиынтығын сараптап, санасына сіңіреді. Ол хабарды ұмытып қалмауы үшін сақтап қояды.

  Біз келтірген пікірлердің барлығынан ұжымдық қарым – қатынас туралы теориялық ғылымның негізі қаланып қойғанын көрінеді. Оған тағы бір мысал келтіруге болады: өткен ғасырдың 80 жыл аяғында АҚШ-та қарым- қатынастың халықаралық энциклопедиясы шықты. Энциклопедияның шығарушылары мен редакторлары Э. Барнау,Д. Гербер, У. Шромм және т.б. ғалымдар мен зерттеушілер болды. Әр түрлі мамандықтағы зерттеушілердің ұзын саны 200 болды. Бұл тізімнің өзі жаңа «коммуникология»  ғылымның  теориялық негіздері қаланғандығын көрсетеді.