Психология/Психология развития

 

К.п.н., доцент Тусубекова К.К., студентка Сарсенбаева Г.

Казахский государственный женский педагогический университет

Республика Казахстан, г. Алматы

 

МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ ЖЕТКІНШЕКТЕРІНІҢ ӨЗАРА ҚАТЫНАСТАРЫНДАҒЫ МАЗАСЫЗДЫҚ КҮЙІ ЖӨНІНДЕГІ

 ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР

 

Тұлғаның барлық адамдық қасиеттері басқа адамдармен қарым-қатынас барысында қалыптасады. Білімді меңгеру, мамандық даярлықтан өту және мамандық шеберлікті шыңдау қарым-қатынас барысында басқалардың тәжірибесін үйренудің нәтижесінде орын алады. Сондықтан қарым-қатынас мәселесін зерттеу және қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру психологияда үлкен орын алатын проблемалардың бірі болып табылады. Қарым-қатынас мәселелерінің көкейкестілігі жеткіншек жасындағы оқушыларға психологиялық қызмет көрсетуде тереңдей түседі.

Көптеген зерттеулер көрсеткендей, мектеп-интернат пен балалар үйі жағдайында тәрбиеленушілерде қарым-қатынастағы қоболжу, мазасыздық күйі жиі көрініс табады.

Уайымдау–индивидтің уайымға берілуі (жекедарақ өзгешеліктердің негізгі параметрлерінің бірі). Уайымдаудың ситуативті түрі, яғни нақты бір жағдайға байланысты болса, ал тұлғалық уайымдау – тұлғааралық қарым-қатынастарының психологиялық  тұрақты қасиеті болып табылады.

Кеңес психологтары В.В.Суворова, В.Н.Астапов, И.В.Дубровина, Л.И.Божович, И.В. Имедадзе, Н.Д.Левитов, В.Р.Кисловская, А.М.Прихожан уайымдау сезімін оның қызметтеріне байланысты қарастырды. Яғни оны 2 типке бөлді: реактивті және тұлғалық.

Функционалды жағынан уайымдауды тұлғааралық қарым-қатынастарының психологиялық іс-әрекетінің толық болуын субъективті фактор ретінде қарастырады.

А.М.Прихожан уайым, қайғы сезімдерін, соңғы компенсаторлар және қорғаныс көріністерінде тұрақты тұлғааралық қатынастарының психологиялық құбылыстарды ұзақ уақытқа сақтап, әрекеттерде қозғаушы күш пен формалардың пайда болуына септігін тигізеді деген қорытындыға келді [1].

Кез-келген жүйелі психологиялық құбылыстар секілді уайымдау күрделі құрылымды, қолма-қол, танымдық эмоционалды аспектілерімен сипатталады, мұнда эмоционалды құрылым басым болады.

Екінші жағдайда үрей мен қорқыныш тұлғааралық қарым-қатынастарының психологиялық қасиеті ретінде адамның өзіндік «Меніне» әртүрлі жағдайларда қауіп төнуі мүмкін деп қабылдап, осы жағдайларда уайымдау сезімдерін басынан кешіреді.

Үрей мен қорқыныш жоғары деңгейде көрінетін тұлғаларда уайымдау деңгейі төмен дәрежеде көрінетін тұлғаларға қарағанда, қоршаған орта тарапынан қауіп-қатер сезімдері байқалады.

А.М.Прихожанның ұстанымы бойынша, мектеп-интернтта тәрбиелентін балалардың үрей – өзін қоршаған адамдардың эмоционалды қатынасына алаңдау, өзінің ар-намысы мен қоғамда алатын орнына деген жағымсыз үміттер болып саналады [2].

«Мазасыздық – тұлға ерекшелігінің немесе темпераментіне тән эмоционалды күй мен тұрақты қасиеттері болып бөлінеді».

Р.С.Немовтың берген анықтамасына орай, «мазасыздық – ерекше жағдайда адамның үрей мен қорқыныш сезімдерін бойынан өткізуі, тұрақты және ахуалды жағдайларда жоғары мазасыздану күйінде болуы»

Л.А.Китаев–Смык, психологиялық зерттеулерінде мазасыздықтың 2 түрін: «мінез-құлық мазасыздықы»  мен «ахуалды мазасыздық» атап көрсетті.

В.М.Астапов пен Н.И.Наенко, мінез-құлықтың қауіпті жағдайларға жауап беру күйі және олардың әрқайсысы, субъектінің мінез-құлқының беталысын өзінше өзгертуі мүмкін деп, оларды бірнеше топтамаларға бөлді:

– қашу (қауіп төндіріп тұрған объектінің мүмкін болған қақтығыстары арқылы жою);

                        есінен танып қалушылық (кез-келген белсенділікті ұйыту арқылы жүзеге асады);

 агрессия (қауіп-қатердің қайнар көзін құрту арқылы) [18].

Осыған орай, тұлғааралық қарым-қатынастарының психологиялық құндылықтар деңгейіне  жүріс-тұрыстың сандық, аффективті реакциялары күрделі процесс ретінде анықталады.

Тұлғааралық қарым-қатынастарының психологиялық ішкі мазасыздануы мен ұшқалақтықтың психикалық күйі болып табылады. Ол жекедара тәжірибенің негізінде субъективті  факторларға тәуелді болады.

А.М.Прихожанның пікірінше, тұлғааралық қарым-қатынастарының психологиялық бейберекет күйінің субъективті көрінуі, оның дезадаптациясы [3].

Л.И.Божович, үрейді – бұрынғы тәжірибеде орын алған, қарқынды ауруды сезіну немесе ауруды болжау сезімдері деген анықтама берген [4] .

Н.Д.Левитов ойынша, «үрей – мүмкін немесе ықтимал болған жағымсыз жағдайлармен, күнделікті ахуалдың өзгеруімен, іс-әрекетінің, қалауының кешеуілдеуі, ерекше жағдайлар мен реакцияларда (мысалы: толқу, тын**ымның кетуі, қауіп-қатерден қорғануында) байқалады» [5].

А.М.Прихожан, үрейді тұрақты бітіс ретінде 3 формаға бөліп, қарастырды, үрей сезімдері пайда болғанда  мінез-құлқы мен іс-әрекетінде саналы түрде уайымдалатын  «ашық» 3 құрылымды көрсетті:

  шұғыл реттелінетін немесе әлсіз реттелінетін үрей;

  реттелінетін немесе орны толтырылатын үрей;

  әдетке айналған үрей, тұлға сапаларының құнды қасиеті;

  құпиялы  үрей  формасы, көп жағдайларда бейсаналы,  тынымдық, жағымсыз жағдайларды сезінбеуі, оларды теріске  шығаруы (пара-пар емес тыным) немесе жанама түрі («ситуациядан қашу») [3].

Үрей күйінің болашаққа деген бағыттылығы нақты болып табылады.  Уайымшыл адам, болашақта не болуы мүмкіндігіне мазасызданады. Оның өте аз мүмкіндіктерге ие болатын жағымсыз жағдайлар мен апаттар жөніндегі ойлары бойын билейді [19].

Кейбір зерттеулерде, үрей, ағзаның қатал әрі көп уақытқа созылған стрестік жағдайларға бейімделуі туралы мәліметтер бар.

Басқа зерттеушілердің ойынша, үрей, тек психологиялық бейімделу формасы емес, оның бұзылуы жайында да ақпарат береді деген [2].

Мінез-құлықтың бейімделуіне – үрейдің ұзақ, қарқынды, адекватты жағдайларға төтеп беруін қалыптастыру жөн.

А.И.Захаров, үрей – қауіпті алдын-ала сезіну, мазасыздық күйі деп жазған. Ол көбінесе белгілі бір жағымсыз әсер қалдыратын, қауіп төндіретін, болжамы қиынға соғатын жағдайларда айқындалады. Жағымсыз жағдайдағы анық емес күйде, үрей, белгі ретінде пайда болады [6].

А.И.Захаров үрей мен қорқынышты бөліп, бөлек, жеке-жеке қарастырды. Үрей – қауіп-қатер жөніндегі белгі, ал қорқыныш – оған жауап, үрей – алдын-ала сезіну, ал қорқыныш – қауіп-қатер сезімі, үрей – психикаға қоздырушы әсер етсе, ал қорқыныш – оны тежейді, үрей ұстанымдары жалпы, анық емес болса, ал қорқыныш – нақты, үрей – болашақты болжаса, ал қорқыныш бастауы – бұрынғы тәжірибе болып саналады [6].

А.М.Прихожанның, мазасыздық ұғымдарына берген анықтамасы: «Үрей – тұлғааралық қарым-қатынастарының психологиялық бейберекет күйінің субъективті көрінуі, оның дезадаптациясы» деген негізгі ұстанымы, бұл зерттеудің түпнегізі болып табылады [2].

А.М.Прихожан мен Н.Н.Толстых, мектеп-интернат жағдайында жеткіншектердің  үрей сезімдерінің деңгейін зерттей отырып, белгілі бір жаттығуларды орындау барысында, өздеріне деген сенімсіздіктері, кикілжіңді жағдай пайда болғанда, өздерін түсініп, бағалауға деген үлкен қорқыныш деңгейін  және үрей сезімдерінің ең жоғары деңгейде айқындалуын  көрсетті. Тәрбиеленушілер сұрақтарға жауап беру барысында, «дұрыс емес», «басқалардан нашар», «өздерін ақымақ» сезінулерінен қорқып, тағы да өздеріне деген сенімсіздіктерін  танытты [1].

Сонымен, мектеп-интернат жағдайында жеткіншектік кезеңдегі қарым-қатынаста мазасыздық жиі орын алатыны жөнінде көптеген ғалымдар ой қорытқан.

 

Әдебиеттер:

1.   Прихожан А.М., Толстых Н.Н. Психология сиротства. - СПб:
«Питер», 2005. - С.245-249.

2.   Прихожан     А.М.,   Толстых     Н.Н.     Лишенные     родительского
попечительства: Хрестоматия. - М, 1990.-С. 154-156.

3.   Прихожан   А.М.,  Толстых   Н.Н.   Работа   психолога  с  учреждения
интернатного типа для   детей,   оставшихся  без   попечения   родителей  // Рабочая книга школьного психолога. - М., 1995. -С.78.45.

4.   Божович    Л.И.    Избранные    психологические    труды.    Проблемы формирования личности / Под ред. Д.И. Фельдштейна. - М.: Междунар. исд. акад.- 122.

5.   Левитов Н.Д. Психическое состояние беспокойства, тревоги // Вопросы психологии. - 1969. -№1. - С. 131-137.

6.   Захаров А.И. Детские неврозы (психологическая помощь родителям). - СПб.: Респекс, 1995.-С.69.