Минасипова
А.Р., Махаева Г.
М.Х.Дулати
атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан
ҚАРТТЫҚ ШАҚТАҒЫ
КЕШЕНДІ
ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Халықаралық
классификация бойынша қарттық кезең 60 жастан басталады.
Геронтологияда ("герон" – қарт, "логос"– ілім) қарттық кезең –
адамның өмірлік цикл жүйесіне ерекше рөл
атқаратын кезең ретінде қарастырылады. Бұл кезең
жеке тұлға дамуының нәтижесін қорытындылау
кезеңі және ол ұрпақтармен уақыт байланысын
қамтамасыз етеді. Тек қарттық позиция арқылы ғана
өткен және келер ұрпаққа өмірді бір
бүтін ретінде, оның мәні мен мағынасын толық
түсіндіруге болады. Сонымен қатар, қазіргі таңда
қарттық кезеңге, қарттарға деген
түсінбеушілік, өшпенділік арқылы көрініс алатын
жағымсыз қатынас қалыптасқан.
Қарттық
кезеңге тән негізгі белгі – қартаю процесі. Қартаю
процесі ағзадағы нақты жас кезеңдік өзгерістермен
сипатталатын генетикалық бағдарламанған процесс. Қарт
адамдардың әлеуметтік ортадағы рөлдерінің
өзгеруіне байланысты олардың қарым-қатынас аумағы
күрделі өзгерістерге ұшырайды. Бұл кезеңде адам
терең байланыс жасау қабілетінен біртіндеп айырылып, оның
қарым-қатынас жасау аумағы, міндетті түрде тарылады
деген көзқарас қалыптасқан. Қарт адамдардың
қарым-қатынасы бір жағынан жастық кезеңдегі
негізгі қарым-қатынас тенденциясының жалғасы болып
табылады, ал екінші жағынан қарым-қатынас қарттық
кезеңдегі бейімделу жетістігі, яғни қазіргі сәтке
қанағаттанушылығымен сипатталады (Абрамова Г. С).
Бұл
кезеңдегі өмірін, ондағы қарым-қатынасын адам
қалай елестетеді? Құлдырау, сөну және
өзіне, өзгелерге
көңіл толмауына байланысты өшпенділік қатынас
па? Әлде, керісінше, шынайы
өзгерістерді ескере отырып, қызықты толыққанды
өмір сүру мүмкіндігі: өз күшіне сәйкес
еңбек ету, қарттықты өмірдің өткен
кезеңдеріндей өз қуаныштары мен мәселелері бар
ақиқатты кезең ретінде қабылдап, өздерінің
жоспарына жақындарына қажетті болуға ұмтылу ма?
Психология
ғылымында қарттық шақ мәселелерін
қарастырудың бірнеше себептері бар:
Біріншіден,
ғылымда қартаю толық сөну процесі болып
табылмайтындығы жайлы мәліметтер жинақталды. Б.Г.
Ананьевтің пікірі бойынша геронтология қарттық кезеңде
инволюциялық (кері даму) процестерімен қатар оған қарсы
тұрушы өзге де процестер мен факторлар болатындығы жайлы
қорытындыға келді.
Екіншіден,
бұл кезең адам онтогенезіндегі маңызды кезең болып
табылады және оны жан-жақты қарастырмастан психикалық
даму концепциясын құру
мүмкін емес.
Адамдардың
қажетті болудағы ең маңызды фактор ретінде
қарттардың көп көргендігі мен өмір
тәжірибесінің мол болуынан айтуға болар еді. Жастарға,
кейінгі ұрпаққа сол өмір тәжірибесін үйрете
отырып, тәрбие беруі зор маңызға және сол
ақыл-парасат арқылы көпшілікке қажет болады.
БҰҰ-ның
мәліметтері бойынша 1950 жылы дүние жүзінде 60 жастан
жоғары 214 млн
адам болған, 2025 жылы
болжам бойынша 1100 млн адамға жетеді. Осы көрсетілген сандық
статистикаларға сәйкес соңғы 10 жылдықтарда
өзгелерден бұрын қарттар категориясының жылдам
көбеюге икемдігіне көз жеткіземіз. Батыс Еуропа елдерінде
қарт адамдар саны шамамен халық санының 15%-ын
құрайды. Халық қартаюы әсіресе, АҚШ пен
Жапония елдерінде айқын байқалады.
Орта Азияда бала туу қарқынының жоғары болуына
байланысты қарт адамдар саны бүкіл халық санының 5-6%
құрайды.
Халықаралық
классификация бойынша қарттық кезең 60 жастан басталады.
Геронтологияда ("герон" – қарт, "логос"– ілім) қарттық кезең –
адамның өмірлік цикл жүйесіне ерекше рол атқаратын
кезең ретінде қарастырылады. Бұл кезең жеке
тұлға дамуының нәтижесін қорытындылау
кезеңі және ол ұрпақтармен уақыт байланысын
қамтамасыз етеді. Тек қарттық позиция арқылы ғана
өткен және келер ұрпаққа өмірді бір
бүтін ретінде, оның мәні мен мағынасын толық
түсіндіруге болады. Сонымен қатар, қазіргі таңда
қарттық кезеңге, қарттарға деген
түсінбеушілік, өшпенділік арқылы көрініс алатын
жағымсыз қатынас қалыптасқан.
Қарттық
кезеңге тән негізгі белгі – қартаю процесі. Қартаю
процесі ағзадағы нақты жас кезеңдік өзгерістермен
сипатталатын генетикалық бағдарламанған процесс. Қарт адамдардың
әлеуметтік ортадағы ролдерінің өзгеруіне байланысты
олардың қарым-қатынас аумағы күрделі
өзгерістерге ұшырайды. Бұл кезеңде адам терең
байланыс жасау қабілетінен біртіндеп айырылып, оның
қарым-қатынас жасау аумағы, міндетті түрде тарылады
деген көзқарас қалыптасқан. Қарт адамдардың
қарым-қатынасы бір жағынан жастық кезеңдегі
негізгі қарым-қатынас тенденциясының жалғасы болып
табылады, ал екінші жағынан қарым-қатынас қарттық
кезеңдегі бейімделу жетістігі, яғни қазіргі сәтке
қанағаттанушылығымен сипатталады.
Бұл
кезеңдегі өмірін, ондағы қарым-қатынасын адам
қалай елестетеді? Құлдырау, сөну және
өзіне, өзгелерге
көңіл толмауына байланысты өшпенділік қатынас
па? Әлде, керісінше, шынайы
өзгерістерді ескере отырып, қызықты толыққанды
өмір сүру мүмкіндігі: өз күшіне сәйкес
еңбек ету, қарттықты өмірдің өткен
кезеңдеріндей өз қуаныштары мен мәселелері бар
ақиқатты кезең ретінде қабылдап, өздерінің
жоспарына жақындарына қажетті болуға ұмтылу ма?
Қазіргі
таңда психология ғылымында қартаю – ерекше бейімделу
процестерін сақтай отырып, ағзаның өзіндік қайта
құрылуы ретінде қарастырылады. Бұл кезеңді психологияда
қарастырған ғалымдар: Э. Эриксон, Д.Б. Бромлей, А.А.
Богомолец, Ф. Гизе, И.С. Кон, К. Рощак, П. Балтес, Р. Пек. Қазіргі
уақытта қарттық кезеңді қарастыру мәселесі
туындады, бірақ геронтопсихология
– даму психологиясының ең жас саласы.
Белгілі
ағылшын психологы В. Генри қарт адамдарды бойларындағы
психикалық энергиясы бойынша үш топқа бөліп
қарастырады.
Бірінші
топқа өз жұмыс орнында қала отырып қоғам
алдында белгілі бір міндеттерді атқаратын, белсенді әрі
қуатты болып қала беретін қарттарды жатқызды.
Екінші
топқа қоғамдық міндеттерді атқармайтын, дегенмен
жеке өзінің ісімен (хобби) айналысатын қарттар.
Үшінші
топқа әлсіз психикалық қуатқа ие, қолы бос
немесе тек өзін ғана ойлайтын қарттарды жатқызды.
В.Генри
бұдан мынадай қорытынды шығарады: бос болу процесі
қарттыққа байланысты емес, адамның өмірлік
тәжірибесі мен басынан өткергендеріне байланысты және
бұл қарттықтың белгісі болып саналмайды десе, социолог
А. Качкин қарттардың қызығушылық
деңгейлеріне байланысты оларды былайша
жіктейді:
-
отбасылық құндылығы басым тип (отбасы игілігін
ойлаушы);
-
«жалғыздық» типі (өз естеліктері және
өзімен-өзі өмір сүруші);
-шығармашылық
тип (өз уақытын
шығармашылықпен ұйымдастырушы);
-
әлеуметтік тип (зейнетте де қоғамдық пайдалы
еңбекпен айналысушы);
- саяси тип
(өз өмірін саяси өзгерістермен толықтырушы);
- діни тип;
-
сөнуші тип (өмірін жаңа істермен толықтырмаған,
бар күшін икемді пайдалана білмеуші);
-
аурушаң тип (көп жағдайда ауру емес, тек өздеріне ауру
ойлап тауып алушылар) (Максимова С. Г.).
Мұндай
сипаттамалар басқа да зерттеушілердің (Д.Б.Бромлей, Т.Гизе, В.В.
Фролькис, Ермолаева М.В. Н. С. Кон ) еңбектерінде атап өтіледі.
Қарттардың жас кезеңі ретіндегі жаңа категорияға
өтуінде түрлі бастан кешулер орын алуда. Дегенмен қазіргі таңда өскелең
ұрпақтың өз ата-аналарына, ата-әжелеріне
қатынасы түрліше орын алып отыр. Түрлі себептермен
қарттар үйіне бару жағдайлары да орын алуда.
Адам
өзін қай кезеңнен бастап қартпын деп санайды? Бұл
сұраққа бір жақты жауап беру мүмкін емес.
Сондықтан да қартаюды бірнеше түрге бөліп
қарастырады: хронологиялық, физиологиялық,
психологиялық және әлеуметтік.
1)
Хронологиялық (календарлық) қартаю – бұл өмір
сүрген жылдар саны болып табылады. Ежелгі грек ойшылы Пифагор адам
өмірінің 4 кезеңі (оның әрбірі 20 жылға тең)
4 жыл мезгіліне сәйкес есептеді, олар: қалыптасу кезеңі – 20
жасқа дейін; жас адам – 20-40 жас; күші кемеліне толған кез –
40-60 жас; қарттық – 60-80 жас.
2)
Физиологиялық (денелік) қартаю – денсаулық жағдайы,
ағзаның соматикалық ауытқулар жиынтығы. Оны хронологиялық
қартаюмен салыстырғанда классификациялау күрделі болып
келеді. Біріншіден, физиологиялық қартаю процесі көп
жағдайда жеке мәнге ие болады және бір ғана
қарттық жаста бір адамдар дені сау, қарт болмауы
мүмкін, екіншілерінің денсаулық жағдайы нашар болуы
мүмкін. Екіншіден, тек бір адамның ғана түрлі
мүшелері, тіпті бір мүше құрылымы бір уақытта
және бірдей дәрежеде
ескірмеуі мүмкін.
3)
Психологиялық қартаю деп адам өзін қарт
ретінде ұғына
бастаған сәтті айтуға болады. Мұнда екі
қиыншылық туындайды – біріншіден бұл сезім ерте немесе
өте кеш келуі, екіншіден адам өзін психологиялық негізде
қарт сезіну арқылы онда тұлғалық өзгерістер
байқалуы мүмкін.
4)
Әлеуметтік қартаю – барлық аталған қартаю
түрлерінің белгілеріне негізделген, бірақ ол өткен
өмір, басынан өткізген аурулар және эмоциялық
сезімдердің қарапайым жиынтығын ғана емес, қартаю
түрлерінің синтезі болып табылады.
Қартаю
– ағзаның бейімделу мүмкіндіктерінің төмендеуіне,
жас кезеңдік патологияның дамуына алып келеді. Барлық
жүйе жүйкелік, эндокриндік, иммундық, қан тамырлар,
тыныс алу, ас қорыту және т.б. – қызметтерінің
әлсіреуі қартаюшы ағзаның бейімделгіштігінің
төмендеуінің себебі болып табылады. Соңында молекулярлы,
ультрақұрылымды деңгейде жүретін барлық процестер
ағза құрылысы, жасуша
функциясының өзгеруіне өз «үлесін» қосады.
Сондықтан да физиологиялық механизмдерін зерттеместен қартаю
процесінде ағзадағы өзгерістер «қалай» пайда
болатындығын ғана емес «неліктен» болатындығын түсіну
мүмкін емес.
Адамдардың
есеюіне байланысты олардың сыртқы бет әлпеті, сонымен
қатар жалпы дене құрылымы да
өзгереді. Ең қолайлы орта жағдайларының
өзінде барлық дене мүшелері мен ағза жүйелері
өзгеріске ұшырайды.
Бірақ барлық жүйелер мен мүшелер бір уақытта
және бірдей жылдамдықпен қартаймайды.
Жалпы теориялық мәлімдемелер қарттық кезең
жайлы толық ақпарат беруге
көзделді. Ежелгі грекия
жеріндегі қарттық шаққа деген көқарастар
мен пікірлер қазіргі заман зерттеуші психологтарының
еңбектерінен өз жалғасын таба отырып, өскелең
ұрпаққа қарт адамдардың бар болмысын
қабылдай білуге және уақыт өте келе ол
құбылыс барлық адамдардың басынана өтетіндігін
естен шығармау керектігі сөз болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Формирование личности в переходный
период: от подросткового к юношескому возрасту. – М.: Педагогика, 1987. – 486с.
2. Тесленко А.Н,
Керимбаева М.С, Джакупова Г.А. Профилактика подрастковый девиации: теория и
практика. Астана, 2005. – 320с.
3. Кравцова Т.М. Психологические аспекты
изучения проблемы девиантного поведения //
ҚазҰУ
хабаршысы. Психология және социология сериясы. №3/4 (18/19), - С. 33-39.
4. Выготский Л.С. Проблемы дефектологии. –М.:
Просвещение, 1995. – 358с.