ФИЗИЧЕСКАЯ КУЛЬТУРА И
ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЙ СПОРТ. Развитие физкультуры и спорта в современных условиях
Кулейменов А.Ж., Кулейменова
Л.М.,
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды
мемлекеттік университеті, Қазақстан
Қарағанды мемлекеттік техникалық
университеті, Қазақстан
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫ
АРҚЫЛЫ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ОҚУШЫЛАРҒА
ТИІМДІЛІГІ
Қазіргі
уақыт кезеңі көптеген оқиғаларға толығымен
орасан зор ақпараттар ағыны арқылы ерекшеленеді.
Көпшілік бұл уақытты ақпараттар ағыны
көлемінің артуына байланысты «өзгерістер дәуірі» деп
атап жүр. Адам қызметінің бүкіл аспектілері бір-бірімен
тығыз байланысқандықтан, қарым-қатынастың
ғарыштық көлемде арта түскенінің куәсі
болып отырмыз.
Әрбір
адамның денсаулығын нығайту мен тиімділігін қамтамасыз
ету және қоғам мен мемлекеттің прогресті дамуы
үшін оқушылардың салауатты өмір салтын
қалыптастыру қажеттілігі ешкімнің бойында күдік
тудырмайтыны мәлім. Дегенмен, соңғы жылдары балалар мен
оқушылардың денсаулығы ерекше нашарлап бара
жатқандығы белең алуда, ол еліміздің түрлі
аймақтарында өмір сүру деңгейінің
төмендеуіне, экологиялық жағдайдың нашарлауына,
және оқу орындарындағы оқу-тәрбие
мәселелеріндегі кемшіліктерге байланысты болып отыр. Білім беру мен
тәрбиелеу міндеттерін шеш білуде ерекше орын дене шынықтыруға
беріледі. Бүгінгі таңдағы дене шынықтыру көп
қырлы құбылыс болып келеді, бірсыпыра бағыттары,
түрлері және сабақ түрлері бар. Дене
тәрбиесінің көптеген тәсілдері арасында
халықтық педагогикаға ерекше орын берілген.
Қозғалыс
белсенділігімен байланысты ойындар мен дене жаттығулары, түрлі
ермектер мен көңіл көтерулер дене тәрбиесінің
халықтық педагогикасындағы негізгі тәсілдері болып
табылады.
Оқушылардың
оқу-тәрбие үдерісіндегі негізгі бағыттарының бірі
сабақтан тыс уақыттарда ұлттық спорт түрлерімен
шұғылдану болып келеді. Бұл зерттеу осы мәселеға
арналған. Бұл мәселеның барлық егжей-тегжейлерін
құзырлы маман эксперттер арқылы анкеталық сауалнама
жолымен зерттеу жұмыстарын жүргізу – ұлттық спорт
түрлерінің тәсілдері арқылы оқушылардың
салауатты өмір салтын қалыптастырудың кешендік жүйесін
жасап шығуға мүмкіндік береді [1].
Дене
тәрбиесі мен спорт саласындағы атқарылып жатқан
қызмет жеке тұлғаның психикалық сапаларына тура
және жанама түрде нақты, бірақ тұрақсыз
жағдайларда әсер етеді. Біздің зерттеу жұмыстарымыз
көрсеткендей, ұлттық спорт түрлерімен
шұғылдану оқушылардың салауатты өмір салтын
қалыптастыруға және әр адам мен қоғам
үшін тұтастай алғанда ұлы құндылық
болып табылатын денсаулық нығайтуға ықпал етеді. Спорт
адам жеке тұлғасының барлық жағына, соның
ішінде адамгершілік пен психикалық саласына, интеллектуальдық пен
коммуникативті қабілеттеріне, өз денсаулығы мен бүкіл
қоғам денсаулығына деген мәдениетті және
құндылықты қатынасқа тәрбиелеу арқылы
әсер етеді.
Бұдан
келіп шығатыны ұлттық спорт түрлері мен
халықтық ойындар ұлттық мәдениеттің
өзіндік элементтері есебінде ғана пайдаланылып қоймай, дене
тәрбиесінің қазіргі міндеттерін шешудің тәсілі
ретінде де пайдаланылады.
Ерекше
көзқарасты халықтық қозғалмалы ойындарды
пайдалану керек етуде. Қазіргі кезде қолда бар жекелеген
ғылыми жұмыстар оларды мектеп жасындағы балалар мен
жеткіншектер арасында пайдалану мәселесін сөз етеді. Дегенмен,
бұл мәселені анағұрлым кең көлемде
қарастырған жөн. Ойын әдісі қозғалыс
белсенділігін кешенді түрде жетілдірудің ерекше бір әдісі
екендігі баршаға мәлім. Демек, бұл әдісті спорт
педагогикасында түрлі спорт түрлері бойынша пайдалануға
болады. Осы жұмыста бұл мәселе ұлттық спорт
түрлеріне арналған сабақтарда халықтық
қозғалмалы ойындарды пайдалану үлгісінде
қарастырылған.
Тек
денсаулықтың жоғары деңгейі ғана интеллектуалды-жасампаз
жұмыспен, өндіріспен, бизнес және күнделікті жай
жұмыспен шұғылданатын адамның шығармашылық
белсенділігі мен жоғары жұмыс қабілетінің оңтайлы
іргетасы болып табылады. Адам денсаулығын нығайту мәселесін
тиімді түрде шешу адам ағзасына жан-жақты да жайлы әсер
ететін әдіс, тәсіл және жағдайларды пайдалануға
кешенді түрде жақындау арқылы ғана қол жеткізу
мүмкін.
Әрбір
адамның денсаулығын нығайту мен тиімділігін қамтамасыз
ету және қоғам мен мемлекеттің прогресті дамуы
үшін оқушылардың салауатты өмір салтын
қалыптастыру қажеттілігі ешкімнің бойында күдік
тудырмайтыны мәлім. Дегенмен, соңғы жылдары балалар мен
оқушылардың денсаулығы ерекше нашарлап бара
жатқандығы белең алуда, ол еліміздің түрлі
аймақтарында өмір сүру деңгейінің төмендеуіне,
экологиялық жағдайдың нашарлауына, және оқу
орындарындағы оқу-тәрбие мәселелеріндегі кемшіліктерге
байланысты болып отыр [2].
Білім беру
мен тәрбиелеу міндеттерін шеш білуде ерекше орын дене
шынықтыруға беріледі. Бүгінгі таңдағы дене
шынықтыру көп қырлы құбылыс болып келеді,
бірсыпыра бағыттары, түрлері және сабақ түрлері
бар. Дене тәрбиесінің көптеген тәсілдері арасында
халықтық педагогикаға ерекше орын берілген.
Ұлттық
спорт түрлері мен халық ойындары өскелең
ұрпақты жарасымды тәрбиелеудің ажырамас бөлігі
болып табылады. Қазіргі дене шынықтыру практикасында
халықтың ғасырлар бойы жинақтаған және
іріктеуден өткен аса бай тәжірибесін өскелең
ұрпақты халықтық ойындар мен ұлттық спорт
түрлерінің тәсілдері негізінде тәрбиелеу
жұмысында пайдалану қажет .
-ұлттық
спорт түрлерімен шұғылдану оқушылардың салауатты
өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді;
-ұлттық
спорт түрлерімен шұғылданатындар кез-келген басқа
кәсіптік қызмет барысында тиімділікті қамтамасыз ететін
мықты денсаулық және жеке тұлғалық
сапаларымен ерекшелінеді.
Ұлттық
ойын жарыстарында денсаулықты сақтау жолы да, өзiн-өзi
қорғау амалдары да айқын. Денсаулықты
сақтаудың шарты — дененi шынықтыратын қозғалыс
пен жаттығуда, ағза мен жүйке тамырлардың тынысын
реттеуде, рухты жоғары ұстай бiлуде [3].
Дене
шынықтыру — денсаулық көзi, денсаулықты сақтау
үшiн әрекет, адамның күш мүмкiншiлiгiн дамыту, жеңiске
деген жiгерiн шыңдау, қиыншылыққа төзу
қимыл-әрекетiн шоғырландыра бiлу, соларға үйрену:
- дене
еңбегiмен үнемi шұғылданып, жаттыққан
адамның бұлшық ет талшықтары тез өседi,
бойының күш-қуаты қалыптасады;
-
сыртқы ортаның түрлi қолайсыз жағдайларына
төзiмдiрек келедi;
-
қозғалысы жинақы, ширақ, тез, әдемi
жарасқан, қарым-қатынастық ережеге бейiмделуi
жоғары;
- сезiну,
ойлану және еңбектену қабiлеттерi бiр-бiрiмен үйлесiмдi
және бiрiн-бiрi толықтырады.
Ұлттық
спорт түрлері мен халық ойындары өскелең
ұрпақты жарасымды тәрбиелеудің ажырамас бөлігі
болып табылады. Қазіргі дене шынықтыру практикасында
халықтың ғасырлар бойы жинақтаған және
іріктеуден өткен аса бай тәжірибесін өскелең
ұрпақты халықтық ойындар мен ұлттық спорт
түрлерінің тәсілдері негізінде тәрбиелеу
жұмысында пайдалану қажет [4].
Дене тәрбиесінің көптеген тәсілдері арасында
халықтық педагогикаға ерекше орын берілген, дегенмен, жалпы
білім беретін мектептердің дене тәрбиесі сабақтарында
халықтық педагогика тәсілдеріне жеткілікті дәрежеде назар
аударылмай келеді. Осыған байланысты біз өз алдымызға
келесідей зерттеу міндеттерін қойдық:
-ұлттық ойын тәсілдерінің жалпы білім беретін
мектептердегі маңызын теориялық тұрғыдан негіздеу;
- ұлттық ойындар мен спорттық түрлері
тәсілдерін дене шынықтыру сабақтарына ендіру үдерісіне
қызығушылығын қалыптастыруды зерттеу;
Бұл міндеттерді шешу үшін әдебиеттерге жасалынған
талдаулар, педагогикалық байқаулар мен тәжірибелік
экспериметтерді пайдаландық.
Ұлттық
спорт түрлерi мен халық ойындары жеткiншек ұрпақты үйлесiмдi
тәрбиелеудiң ажырамас бөлiгi болып табылады. Қазiргi
дене шынықтыру практикасында ғасырлар бойы сомдалған
және сыннан өткен халық ойындары мен ұлттық спорт
түрлерi құралдары арқылы жеткiншек ұрпақты
тәрбиелеудiң бай тәжiрибесiн пайдалану арқылы оқушыларға
қажет.
Ұлтттық ойындар тәсілдерін дене шынықтыру
пәні мұғалімдері
білім беру орындарында оқушылар мен оқушылардың
қозғалыс белсенділіген деген қызығушылығын
арттыра отырып салауатты өмір салтын серік етулеріне тиімді
құрал екенін тәжірибе жүзінде дәлелденді.
Ұлттық
спорт түрлері мен халық ойындары өскелең
ұрпақты жарасымды тәрбиелеудің ажырамас бөлігі
болып табылады. Қазіргі дене шынықтыру практикасында
халықтың ғасырлар бойы жинақтаған және
іріктеуден өткен аса бай тәжірибесін өскелең
ұрпақты халықтық ойындар мен ұлттық спорт
түрлерінің тәсілдері негізінде тәрбиелеу
жұмысында пайдалану қажет.
1.
Қазақстан Республикасында дене
шынықтыру мен спортты дамытудың 2011-2015 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы (2010ж).
2.
Аханов А.А. Қазақстанда салауатты өмір
салтын қалыптастыру шаралары. //Валеология
дене тәрбиесі және спорт. –Алматы: 2004,- №4, -Б.12-15.
3.
Сағындықов Е.С.
Қазақтың ұлттық ойындары. – Алматы: Рауан, 1991. -175 б.
4.
Төтенаев Б. Қазақ ұлттық ойындары. Монография. - Алматы: 1978.
5.
Нұржекеев Б.
Қазақтың кейбір ұлттық ойындары. -Алматы: 1971.-
58 б.