УДК 633.18: 631.671.1
Бұланбаева
П.О. –PhD докторанты, Жандаулетова А.Қ. - 4 курс студенті
Қорқыт Ата
атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда
қаласы, Қазақстан Республикасы
КҮРІШ ЕГІСІНДЕГІ СУ
ҚАБАТЫН
АТЫЗ ТЕГІСТІГІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ АНЫҚТАУ
Қызылорда
облысында соңғы жылдары күріш шамамен 75 мың гектар
көлемде өндіріліп келеді [1]. Сол егістік жердің тегістігі
біркелкі емес. Қарауылтөбе тәжірибе шаруашылығы
күріш ауыспалы егісі 3 және 4 танаптарында атыздар тегістігі
зерттелген. Өлшеулер негізінде егістік ауданы әртүрлі
тегістік мөлшеріне сәйкес бөлінген. Сол мәліметтер 1-кестенің
5-бағанасында көрсетілген. Кестенің 6-шы бағанасында
тегістіктің пайызына байланысты шамамен жалпы өңір бойынша
күріштік көлемі есептелген.
Осы
уақытқа дейін күріш түптеп өткесін атыздағы
судың тереңдігі 12-15 см-ге көтеріледі. Сол тереңдік 2-кестенің
2-ші бағанасында көрсетілген.
Атыз
бетінің тегістігіне сәйкес оның бір аумағы биік болады,
екінші тұсы аласа болады. Мәселен, тегістігі ±5см атыздың
шамамен жарты аумағы оның орташа деңгейінен 5 см төмен
болады, екінші жарысы 5 см биік тұрады. Осыған байланысты
атыздағы судың тереңдігі оның әр аумағында
әртүрлі. 2-кестенің 3 және 4-бағаналары осы
ережеге байланысты анықталды.
Атыздағы
судың қабаты 12 см-ден төмен немесе 23 см-ден биік болғанда
оның күріш өнімділігіне күрделі кері әсері тиеді [2,3].
Сондықтан, осындай шектеулі тереңдіктен көрсеткіші
ауытқып кеткен атыздың шамамен жарты ауданында дақыл
өніміне күрделі зиян келеді деп санаймыз.
* Ғылыми жетекшісі – профессор,
т.ғ.д. С.И.Қошқаров
1-кесте.
Қызылорда облысы бойынша күріш атызында 15 см су қабатын
ұстағанда дақыл үшін жарамсыз ылғал режимі орын
алатын егістік ауданын есептеу
|
Атыз бетінің
тегістігі |
Атыздағы су
өлшеуіш рейканың көрсеткіші, см |
Шамамен атыздың
жарты ауданындағы судың жоғары тереңдігі, см |
Шамамен атыздың
жарты ауданындағы судың аз тереңдігі, см |
Өңірдегі
күріш егісінің нақты тегістігі, % |
Өңірдегі
күріш егісінің нақты тегістігі, мың га |
Су
қабатының шектен тыс таяз болуынан ылғал режимі дұрыс
сақталмаған күріш атыздарының ауданы, мың га |
Су
қабатының шектен тыс терең болуынынан ылғал режимі
дұрыс сақталмаған күріш атыздарының ауданы,
мың га |
|
±3см |
15 |
17 |
13 |
3 |
2,25 |
- |
- |
|
±5см |
15 |
18 |
13 |
14 |
10,5 |
|
- |
|
±7см |
15 |
19 |
11 |
16 |
12,0 |
6,0 |
- |
|
±10см |
15 |
20 |
10 |
29 |
21,75 |
10,8 |
- |
|
±12см |
15 |
21 |
9 |
18 |
13,5 |
6,7 |
- |
|
±15см |
15 |
23 |
7 |
20 |
15,0 |
7,5 |
- |
|
Барлығы |
|
|
|
100 |
75,0 |
29,0 |
- |
Бұрыннан
өндірісте пайдаланылып келе жатқан күріштің суару
тәртібінде (атыздағы су тереңдігі 12-15 см) егіс
бетінің тегіссіздігі ±7см және одан жоғары болса, атыздың
жарты көлемінде су қабатының мөлшері 10-11 см-ден таяз
болады екен. Бұл, судың жылулық және тұз
режимдеріне өте қолайсыз. Осының себебінен дақыл
өнімділігі күрт төмендейді. Бұрыннан өндірісте
пайдаланылып келе жатқан күріштің суару тәртібінде
атызда қажетті қолайлы су қабаты сақталмайтын егіс
ауданы өңір бойынша шамамен 29 мың гектарды
құрайды.
Күріш атызында дақыл
түптегеннен кейін су қабатын 17-22 см аралығында ұстау
жоғарыда орын алған су қабатының
қолайсыздығын 2 есеге кемітетіні анықталды. Мұнда су
қабатының қолайсыздығы
атыз бетінің тегіссіздігі ±12см-ге жеткенде ғана
байқала бастады. Сондықтан, қажетті қолайлы су
қабаты сақталмайтын егіс ауданы өңір бойынша шамамен 14
мың гектар болды (2-кесте). Демек, осыдан да атыздағы су
қабатын өсіру
жөніндегі ұсыныстың тиімділігі айқын байқалады.
2-кесте.
Қызылорда облысы бойынша күріш атызында 17-22 см су қабатын
ұстағанда дақыл үшін жарамсыз ылғал режимі орын
алатын егістік ауданын есептеу
|
Атыз бетінің тегістігі |
Атыздағы су өлшеуіш
рейканың көрсеткіші, см |
Шамамен атыздың жарты
ауданындағы судың жоғары тереңдігі, см |
Шамамен атыздың жарты
ауданындағы судың аз тереңдігі, см |
Өңірдегі күріш
егісінің нақты тегістігі, % |
Өңірдегі күріш
егісінің нақты тегістігі, мың га |
Су қабатының шектен тыс таяз
болуынан ылғал режимі дұрыс сақталмаған күріш
атыздары ауданы, мың га |
Су қабатының шектен тыс
терең болуынынан ылғал режимі дұрыс сақталмаған
күріш атыздары ауданы, мың га |
|
±3см |
17 |
19 |
15 |
3 |
2,25 |
- |
- |
|
±5см |
17 |
20 |
14 |
14 |
10,5 |
- |
- |
|
±7см |
17 |
21 |
13 |
16 |
12,0 |
- |
- |
|
±10см |
17 |
22 |
12 |
29 |
21,75 |
- |
- |
|
±12см |
22 |
28 |
16 |
18 |
13,5 |
- |
6,7 |
|
±15см |
22 |
29 |
15 |
20 |
15,0 |
- |
7,5 |
|
Барлығы |
|
|
|
100 |
75,0 |
- |
14,2 |
Сонымен
атыздағы су қабатының мөлшерін оның тегістік
көрсеткіштерімен байланыстыру қажеттілігі туындайды.
Мұндағы мақсат күріш атызын дән себілгесін
алғашқы рет суға бастырғандағы су өлшеуіш
рейканың көрсеткіштерін пайдалану. Осылай еткенде күріш
атызындағы су қабаты дақылдың биологиялық талаптарына
барынша жақын тұрады.
Атыздағы
судың тереңдігін төмендегі формула арқылы
анықтауға болады:
H = h0 + ( h2 – h1) к ,
Мұнда h0
– атыз бетінің тегістігі ±5см болғандағы күріш
егісіндегі судың тереңдігі – 15 cм; h1 - атыз
бетінің тегістігі ±5см болған кездегі атыз бетінің орташа
ауытқуы – 5см; h2 - атыз
бетін су толығымен баскан кезеңдегі су өлшеуіш рейканың
көрсеткіші; к – тәжірибеде анықталған коэффициент,
оның мөлшері 0,5.
3-кесте. Егістік тегістігіне
сәйкес дақылдың түптеуінен кейін атызда ұсталатын
су қабатының мөлшерін анықтау
|
Атыз бетінің тегістігі |
h0, см |
h1,см |
h2, см |
( h2 – h1) к |
H, см |
||
|
±5см |
15 |
5 |
5 |
0 |
15 |
||
|
±7см |
15 |
5 |
7 |
1 |
16 |
||
|
±9см |
15 |
5 |
9 |
2,0 |
17 |
||
|
±11см |
15 |
5 |
11 |
3,0 |
18 |
||
|
±13см |
15 |
5 |
13 |
4,0 |
19 |
||
|
±15см |
15 |
5 |
15 |
5 |
20 |
||
|
±17см |
15 |
5 |
17 |
6 |
21 |
||
|
±19см |
15 |
5 |
19 |
7 |
22 |
||
|
±20см |
15 |
5 |
20 |
7,5 |
23 |
||
3-кестеде күріштің түптеуінен кейін атыздағы су
қабатының мөлшерімен егістік бетінің тегіссіздік
көрсеткішінің байланысы көрсетілген. Күріш
атызының тегістігі жақсы (±5см) болғанда
атыздағы судың қабаты 15см тең тұрады. Атыз
бетінің тегістігі нашарлаған сайын егісте ұсталатын су
қабаты өседі. Атыз бетінің тегіссіздігі ±15см болғанда
судың тереңдігі 20 см. Ал тегіссіздік ±20см-ге жеткенде атыздағы
судың тереңдігі 23 см болатыны анықталды. Осылай
жасалғанда атыздағы судың қабаты күріштің
биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ұсталады, судың жылу
режимі қолайлы жағдайда болады және топырақтың
тұз режимі жақсарады. Осының барлығы дақыл
өнімділігін өсіреді.
Әдебиеттер
1.
Қошқаров С.И., Бұланбаева П.О. Күріш ауыспалы
егісін суару. – Алматы: «Білім»,
2014. – 167 б.
2.
Қошқаров С.И., Өмірзақов С.Ы., Шаянбекова Б.Р.,
Бұланбаева П.О. Түптену мен балауызданып пісу
аралығындағы күріштің тиімді суару тәртібі
жөнінде ұсынымдар. - Қызылорда, 2014. – 40 бет.
3.
Отчет о научно-исследовательской работе по теме: Разработка экологически оптимального режима орошения риса на
оросительных системах Кызылординской области (заключительный отчет).- Кызылорда, 2014.- 96с.