Биологические
науки/8. Физиология человека и животных
ШОЕНБАЕВА М.1,
САДЫКАНОВА Г.Е.1, ДАУЛЕТХАНҚЫЗЫ А.2
1С. Аманжолов
атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті,
Өскемен қ., Қазақстан
2Дарынды
балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық
мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты, Өскемен қ.,
Қазақстан
Гипоксиялық-гиперкапниялық жаттығулар кезіндегі мектеп
оқушыларының психофизиологиялық көрсеткіштерінің
өзгерістері
Денсауықты
сақтау, ағзаның стрессорлық жүктемелерге
және қоршаған ортаның келеңсіз
өзгерістеріне қарсы тұру мүмкіншіліктерін арттыру
мәселелері физиологиядағы өзекті бағыттардың
бірі. Өсіп келе жатқан жас ұрпақтардың
денсаулығы экологиялық және әлеуметтік орта факторлар
әсерінен қалыптастыны белгілі. Аурудың алдын алу, емдеу,
сыртқы ораның келеңсіз өзгерістеріне
ағзаның қарсы тұра алу қабілеттілігін арттыру
экологиясы нашар өндіріс аймағы үшін көкейкесті
мәселе. Ағзаның бейімделушілік мүмкіндіктерінің
шеңберін арттыратын әдістердің біріне тыныстың
өлі кеңістігін арттыру арқылы
гипоксиялық-гиперкапниялық ықпал ету жатады.
Зерттеу жұмысының мақсаты болып
гипоксиялық-гиперкапниялық жаттығулар кезіндегі мектеп
оқушыларының психофизиологиялық көрсеткіштерінің
өзгерістерін бағалау табылды.
Зерттеу материалдары мен
әдіс-тәсілдері. Зерттеу жұмысына
Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған
Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған
мектеп-гимназия-интернатының 12 жасар оқушылары іріктелініп алынды.
Зерттеу жұмысының барысында
арнайы қосымша өлі кеңістік тренажерымен 30 күн
тыныс алу жаттығулары жасалынды.
Физиологиялық
зерттеу жұмыстары оқу үрдісінің барысында жалпыға
мәлім зерттеу әдістерінің көмегімен жүргізілді.
Алынған мәліметтер статистикалық өңдеуден өткізілді.
Алынған нәтижелер және оларды талдау. Анфимовтың әріптік тесті арқылы
ақыл-ой жұмыс қабілеттілігі бағаланды.
Қарқынды және күрделі ақыл-ой жұмысымен
байланысты шаршау үдерісі дамыған кезде орталық жүйке
жүйесінің көрсеткіштері төмендей бастайды. Шаршау мен
зорығу оқыту сапасының төмендеуіне, жүйкелік-психикалық
дезадаптацияға әкеледі.
Анфимов тесті көмегімен көру ақпаратын
өңдеу жылдамдығы мен көру ақпаратын
өңдеу дәлдігі анықталды. Аталмыш сынамада бақылау
тобының көрсеткіштерінің мәні 194,02±54,8 ш.б.
тең болса, эксперимент тобында жүктемеге дейін 85,43±19,41 ш.б.
құрады. Эксперимент тобының бұл көрсеткіші
өте төмен болып, көру ақпаратын өңдеу
жүйесі өте әлсіз екендігін көрсетті (сурет 1).

Сурет
1 Психофизиологиялық
көрсеткіштерінің ара қатынасы
(Анфимов
тесті бойынша)
Гипоксиялық-гиперкапниялық
жаттығуларды жүргізгеннен кейін эксперимент тобының
көрсеткіштерінде үлкен өзгерістер жүрді,
көрсеткіш мәні 208,06±65,41
ш.б. тең болды. Жүктемеге дейінгі нәтиже 2,5 есе артты.
Бұл – ақыл-ой еңбегінің деңгейінің
артатынына дәлел болады.
Таза жұмысқа қабілеттілік
көрсеткіші – зейін эксперимент тобында бақылау тобымен
салыстырғанда 4,1% төмен болды, яғни тыныс алу
жаттығулары тыныс алу және қан айналу жүйелеріне ғана
емес, сонымен қатар жүйке жүйесінің қызметіне де
әсер етеді.
Жүйке
үдерістерінің күшін анықтау үшін теппинг тест
пайдаланылды. 2 суретте көрсетілгендей аталмыш тестінің
мәліметтері бақылау тобында 8,74±26,43 ш.б. тең болып,
жүйке жүйесі күшінің шамалы көрінісін көрсетсе,
ал эксперимент тобының көрсеткіші -71,14±23,75 тең
болып, жүйке үдерістері
күшінің өте әлсіздігіне дәлел болды.

Сурет
2 Оқушылардың жүйке үдерістері күші
көрсеткіштерінің
ара
қатынастары
Жаттығу жасағаннан
кейін көрсеткіштер мәнінің жақсарғаны
байқалады, көрсеткіш мәні -35,64±19,54
ш.б. құрады, эксперимент тобында
жүйке үдерістері күшінің өте
әлсіздігі деңгейінен мән 50 пайызға төмендеді.
Алынған мәліметтер гипоксиялық-гиперкапниялық
жаттығулардың жүйке үдерістерінің күші
көріністерін жақсартатынын
көрсетті.
Тыныс алу, қан айналу жүйелерінің
функционалдық күйлерін зерттеу нәтижелері қосымша
өлі кеңістік құралы арқылы тыныс алу
жаттығулары аталмыш жүйелердің жұмысында айтарлықтай
өзгеріс тудырады: Зерттелушілерде жалпы өзін-өзі сезінулері
жақсарып, шаршағандықтары басылады. Артериялық
қан қысымы қалыптандырылып, қан тамырлардың жалпы
шеткі қарсылықтары төмендеп, дем алғанда және дем
шығарған кезде тнысты тоқтату уақыты едәуір ұлғаяды, сонымен
қатар жүйке жүйесінің қызметі де жақсарады.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
Агаджанян Н.А.: Человек в условиях гипоксии и гиперкапнии /
Н.А.Агаджанян, И.Н.Полунин, В.К. Степанов– Астрахань-Москва, 2001 – с.340.
2.
Никитин Б.Н, Олейникова Е.В., Пак Г.Д., Бондарева Т.Г.
Влияние гипоксически-гиперкапнических тренировок на адаптивные возможности
организма //Тезисы международной научно-практической конференции -Алматы, 2005- С.127.
3.
Абдраимова
Э.Т. Физиологические особенности
функционального состояния и адаптивных возможностей организма школьников //Актуальные
вопросы формирования здорового образа жизни, профилактики заболеваний и
укрепления здоровья. //Материалы Международной
научно- практической конференции «Формирование здорового образа жизни –
Главная стратегия Казахстана» -Алматы,
-2009.
№4. –С. 135-136.
4.
Ильин
А.Г. Функциональные возможности организма и их значение в оценке состояния
здоровья подростков /А.Г. Ильин,Л.А. Агапова Гигиена и санитария. -2000 -. - С.
100.
5.
Брагин
Л.Х., Гончарова Л.Г. Функциональные возможности организма при различных
соотношениях углекислого газа и кислорода// Физиология человека. 2001. - Т.27.
- №1. - С. 102-105.
6.
Чудимов В.Ф. Применение гипоксически-гиперкапнических тренировок у детей с синдромом дефицита внимания с
гиперактивностью для коррекции проблем школьной дезадаптации // Вопросы
курортологии, физиотерапии и лечебной физической культуры. - 2011. - N 3. - С. 36-39.