Қорларды пайдаланудың экономикалық тиімділігін арттыру жолдары

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Оспанова Г.А

 

Материалдық ресурстарды үнемді және тиімді пайдалану варианттарын іздестіру талдаудың негізгі мазмұнын құрайды.

Серіктестікте материалдық ресустарды тиімді пайдалну жолдарын қарастырудың негізгі қажеттілігі:

-    материалдық ресурстарды тиімді пайдалану;

-    материалдық шығындар шамасына материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігінің әсері;

-    кәсіпорынды материалдық ресурстармен қамтамасыз ету;

-    материалдық-техникалық ресурстардың жұмсалу (шығындалу) нормасының негізделуін талдау;

-    материалдық ресурстарға оптималды қажеттілікті негіздеу.

 Материалдық ресурстарды талдау үшін ақпарат көздері ретінде материалдық ресурстарды пайдалану жөніндегі статистикалық есеп формалары, материалдық-техникалық қамсыздандыру бөлімінінің оперативті деректері, материалдық ресурстардың түсуі, жұмсалуы мен қалдығы жөніндегі аналитикалық бухгалтерлік есептің мәліметтері, сонымен қатар материалдық-техникалық қамсыздандыру жоспарлары, шикізат пен материалдармен жабдықтау келісім-шарттары есептеледі.

Тауарлы-материалдық қорлардың жағдайын тереңдетіп талдау қаржылық жағдайды ішкі талдаудың құрамдас бөлігі болып табылады, себебі қаржылық есеп беруде жоқ және коммерциялық құпияға жататын тауарлы-материалдық қорлар жөнінде ақпаратты қолдануды көздейді. Кәсіпорынның материалдар мен шикізаттармен қамтамасыз етілу деңгейі материалдық қажеттіліктің жоспардағы көрсеткіштері нақты көрсеткіштерімен салыстыру жолымен анықталады. Сондай-ақ жабдықтау келісімінің орындалуы алынған және қабылданған материалдардың сапасы, олардың стандарттарға сәйкес келуі, техникалық шарттар  және келісімшарттары, сондай-ақ шарттардың бұзылу жағдайында жабдықтаушыларға жасалған арыздарда қарастырылады. Әсіресе жабдықтаушылардың материалдармен қамтамасыз ету құжаттарына көңіл бөлінеді. Материалдар мен кезеңдер бойынша жабдықтау жоспарының орындалуына да маңыз берілген. Жабдықтау мерзімдерін өзгерту өндірістік жоспарының және сату көлемінің орындалмауына негіз болады.

Пайдаланылатын шикізаттарға ерекшеліктеріне қарай әр түрлі алғашқы өңдеу жұмыстары жүргізіледі.

Шикізатты алғашқы түрлерінің негізі болып келесілер саналады:

- шикізатты байыту

- шикізатты алдын ала тазалау және стандарттау

- бұзылмайтындай етіп өңдеу

- кептіру, ұзақ сақтау [1] .

Байыту дегеніміз - өнімнің болашақта техникалық мүмкін және өңдеуге немесе пайдалануға жарамдысын сараптайтын шикізатты алғашқы өңдеу түрі. Бұл техникалық жағынан және экономикалық маңыздылығына байланысты шикізаттың құрамында болатын өнімді жеке-дара алу үшін оны алғашқы өңдеу түрі. Байыту келесі мүмкіншілікті қамтамасыз етеді:

- табиғи қазбада болатын пайдалы құрамдастың мөлшерін арттыру;

- зиянды қоспаны алып тастау;

минералды бір-бірінен ажырату.

Шикізатты байыту арқылы екі зат алынады, оның біреуі концентрат, ал екіншісі-қалдық (хвосты) деп аталады. Қазіргі кезде түсті және сирек металдардың 95%-ы, темір рудасының көпшілігі, фосфориттердің барлығы байытуға жіберіледі.

Байытудың экономикалық маңыздылығы келесіден тұрады:

- өнеркәсіптің шикізат базасы кеңейеді;

- дайын өнім алу үшін кейінгі өңдеу арзанға түседі;

- дайын өнімнің сапасын жоғарылату қамтамасыз етіледі;

- шикізатты алынған дерінен өңдеу орнына жеткізу шығындары азаяды;

- көлік құралдарының қажеттілігі азаяды және оларды пайдалану тиімділігі артады.

Әрбір кәсіпорын өзінің ерекшелігіне байланысты өнімнің материалдық сыйымдылығын азайтуы тиіс. Бұнымен іс бітпейді. Бұл мәселені тезірек шешу үшін мемлекет өз тарапынан ұтымды саясат жүргізуі тиіс. Өкінішке орай, жүргізіліп отырған мұндай саясатты әлі көріп отырғанымыз жоқ, сондықтан да бұл ұлттық экономиканың дамуына үлкен кедергі болып отыр  [2].

Өнімдердің материаларды тұтыну тиімділігінің және материал сыйымдылығының деңгейінің серпіні оның сипатын анықтайтын көптеген факторлардың, қозғалыс күштерінің, қандай да бір процестің салдарынан қалыптасады.

Ұйымдастыру факторлары материалдарды тұтыну тиімділігін арттыру мақсатында өндірісті ұйымдастыру мен құрылымын жетілдіруге бағытталған.

Оған жататындар:

- өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру;

- материалдық ресурстар шығынын нормалау жүйесін жетілдіру;

- материалдық ресурсты пайдаланудың есептеу жүйесін жетілдіру;

- материалдық ресурспен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру;

- ақау болдырмау мақсатында өнім мен дайындау сапасын бақылауды жетілдіру;

- өнім шығарудағы құрылымдық қозғалыстар;

- персонал құрылымы, қозғалысы мен біліктілігі.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.     Баймұханова С.Б. Қаржылық есеп: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2007

2.     Толпаков Ж.С. Бухгалтерлік есеп. Оқулық,- Қарағанды: «ҚарағандыПолиграфия» баспасы, 2009