УДК-338

Экономика предприятия

Алимбекова Ж.Д.

магистрант КГУТИ имени Ш.Есенова

 

Кәсіпорынның  тиімділік көрсеткіштері және олардың экономикалық маңыздылығы

 

 

Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылықты басқару дегеніміз өндіріс процесінің тиімділігін, еңбек өнімділігін арттыру және өнім сапасын жоғарлату мақсатында оны реттеп отыру.

Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылықты  басқаруда мынандай мақсаттар көзделеді:

1.     кәсіпорын қызметтерінің ұтымды қызмет жасауын қамтамасыз ету;

2.     өндіріс пен өткізу цикліндегі кездесетін ауытқуларды тез анықтаудың озық та ұтымды моделдерін пайдалану.

Нарықтық қатынасқа көшу ұйымдардың басқару жағдайында жаңа талаптар қойып отыр. Олардың ішінде:

·        менеджердің басқару шешімдерін тез қабылдау қабілеті;

·        адамгершілік факторларының ролін арттыру;

·        кәсіпорын  шығындарын азайту;

·        өндіріс көлемін тиімді пайдалану;

·        шығарылған өнімді техникалық қамтуды ұйымдастыру.

Нарық жағдайында, экономикалық дамуды әрі қарай жалғастыруда, өндірістің тиімділігін арттырудың бағыттарын, олардың өсу факторларын, тиімділікті анықтаудың әдістерін анықтау маңызды міндет болып табылады. Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық  қызметінің тиімділігін арттыру үшін, тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін анықтау қажет.

Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық  қызметінің экономикалық тиімділігін молайтудың басты шарты – еңбек өнімділігін барынша арттыру, өзіндік құнды арзандату. Біркелкі жағдайларда өнімнің өзіндік құнын неғұрлым арзан болған сайын тиімділік соғұрлым жоғары болатыны белгілі. Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық  тиімділігіне сонымен қатар, өнімнің немесе шығаратын тауардың сапасы да едәуір ықпал етеді, өйткені жоғары сапалы өндірілетін тауарды көтеріңкі бағамен сата алады. Тиімділік – жалпы және салыстырмалы болып бөлінеді (1 суретте көрсетілген).

Жалпы тиімділік - шығындарды атқару арқылы пайда болған әсердің жалпы көлемін көрсетеді және оны инвестициялардың әрбір объектілері бойынша есептеуге болады.

Салыстырмалы тиімділік - белгілі бір өндірістік және шаруашылық есептерді шешуде, екі немесе бірнеше шешім нұсқаларының ішінен біреуін таңдап алуда есептелінеді. Ол бір нұсқаның басқа нұсқамен салыстырғандағы экономикалық қолайлығын көрсетеді.

Жалпы тиімділіктің көрсеткіштері мынадай категориялар бойынша топталады.

· өндірістік іс-әрекеттің тиімділігін көрсететін көрсеткіштер, ұйымның пайдалылығын және оның активтерді қолдану мүмкіншіліктерін өлшейді,

· өтімділік көрсеткіштері, ұйымдардың қысқа мерзімді міндеттемелерді орындау мүмкіншіліктерін, айналым қорларын басқаруын сипаттайтын көрсеткіштер;

· қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері, ұйымның активтерін қаржыландыруда қолданылатын капиталдың құрылымын құру әдістеріне байланысты болған тәуекелшілдік деңгейін анықтайтын көрсеткіштер.

Оларды мына сызбалық түрде қарастыруымызға болады:

 

1сурет. Экономикалық тиімділік көрсеткіштерінің жіктелінуі

 

Өндірістік іс-әрекеттің тиімділігінің көрсеткіштері, бұл топ көрсеткіштері ағымды негізгі өндірістік іс-әрекеттің нәтижелері мен тиімділігін сипаттайды. Бұлардың көмегімен ұйымның іскерлік белсенділігін бағалауға болады. Ол үшін қаралып отырған ұйымның қызметтік іс-әрекетін басқа да ұйымдармен салыстыру қажет. Мұндағы сапалық критерийге кіретіндер: өнімді сату нарығының кеңдігі, экспортқа шығарылатын өнімнің көлемі, ұйым репутациясы және т.б.

Шаруашылық іс-әрекеттің тиімділіктің көптеген абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштер арқылы бағалауға болады. Солардың ішіндегі маңыздырағы – пайда көрсеткіші болып есептелінеді.  Ал сандық бағалау екі бағытта жүргізіледі:

·        негізгі көрсеткіштер бойынша жоспардың орындалу деңгейі;

·        кәсіпорын  ресурстардың қолданудың тиімділік деңгейі.

 

 

2сурет. Өндірістік іс-әрекеттің тиімділігін көрсететін көрсеткіштердің жіктелінуі

 

Пайда әрбір ұйымның іс-әрекетінің негізгі критерийі және ақырғы мақсаты болып табылады: (2 суретте көрсетілген)

Сату рентабельділігі = есеп беру кезеңіндегі пайда  /  өнім өткізуден алынған ақша түсімі * 100%

Бұл көрсеткіш өнімді шығаруға кеткен шығындар мен осы өнімді сату бағасының арасындағы қарым-қатынастың тиімділігін сипаттайды:

Активтер рентабельділігі = есеп беру кезіндегі таза пайда  /    есеп беру кезеңінің соңындағы активтер * 100%

Бұл көрсеткіш ұйымның барлық мүлігінің айналым және негізгі капиталының қолдану тиімділігін көрсетеді.

Негізгі капиталдың рентабельділігі  = есеп беру кезеңіндегі таза пайда  /  есеп беру кезеңінің соңындағы негізгі капитал  -  амортизация  *  100%

Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық  негізгі қорларының қолданылу тиімділігін көрсетеді.

Меншік капиталының рентабельділігі = есеп беру кезеңіндегі таза пайда  / есеп беру уақытының соңындағы меншік капиталы * 100%

Ұйымның өзінің қаржыландыру көздерінен инвестицияланған капиталдың қолданылу тиімділігін көрсетеді.

Тиімділіктің салыстырмалы көрсеткіштері:

активтердің айналымдылығы  = сату көлемі / активтердің орташа жылдық құны  * 100%

ұйымның тауарлары бар активтердің негізінде шығарылып, сатылу мүмкіншіліктерін сипаттайды;

негізгі капиталдың айналымдылығы  = сату көлемі / активтердің орташа жылдық құны  * 100 %

негізгі капиталға кіргізілген қаражаттардың қолданылу тиімділігін көрсетеді;

айналым қаражаттарының айналым коэффициенті = сату көлемі /  айналым капиталы

айналым саны неғұрлым көбірек болса, соғұрлым фирманың коммерциялық іс-әрекеті жылдамырақ және ағымды операцияларды жүргізуге қаражат мөлшері де аз кетеді;

материалдық - өндірістік запастардың айналым коэффициенті  = сату көлемі  /  материалдық   -  өндірістік запастар

материалдық-өндірістік запастардың жылдық, айналым санын көрсетеді.    Тиімділік - ұйым қызметі тиімділігінің ең басты экономикалық көрсеткіші аталады.  Оның екі түрі бар:

§        Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық  тапқан пайдасының өндірістің негізгі және айналмалы қорларының  құнына қатысы;

§        Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық  тапқан пайдасының сатылған өнімнің өзіндік құнына қатысы.

Экономикалық тиімділіктің жалпылама критерийіне қоғамдық еңбек өнімділігі жатады. Қоғамдық еңбек өнімділігінің ұлттық табысты, материалдық өндіріс саласында жұмыс жасайтын адамдардың орташа санына бөлу арқылы табылады.

                                                    ЕӨ  =  ҰТ / А      

Мұндағы: ЕӨ - еңбек өнімділігі

                  ҰТ - ұлттық табысты

                  А - адамдардың орташа саны

Сонымен қатар, экономикалық тиімділіктің аса маңызды көрсеткіштері ретінде еңбек сыйымдылығы, материал сыйымдылығы, капитал сыйымдылығы және қор сыйымдылығы алынады.  Өнімнің еңбек сыйымдылығы материалдық өндіріс саласында жұмсалған еңбек санын, шығарылған өнімнің көлеміне бөлу арқылы анықталады:

Е сый  =  Т / Q

Мұндағы: Е сый – еңбек сыйымдылығы;

                 Т – еңбек саны;

                 Q - шығарылған өнімнің жалпы көлемі.

Қоғамдық еңбектің материал сыйымдылығы шикізат, материал, отын, энергия және т.б. шығындарының көлемін, шығарылған өнімнің жалпы көлеміне бөлу арқылы анықталады:

Мсый = Ш/Q

Мұндағы: Мсый – материал сыйымдылығының деңгейі;

               Ш – шикізат, материал, отын, энергия және т.б. шығындары.

Капитал сыйымдылығы халық шаруашылығындағы капитал салымдарының көлемін, шығарылған өнімнің жалпы көлемінің өсіміне бөлу арқылы анықталады:

                                          К сый =    К  /    Q

Мұндағы: Ксый - өнімнің капитал сыйымдылығы;

               К – капиталдық салымдардың жалпы көлемі;

               Q – шығарылған өнім көлемінің өсімі.

Өнімнің қор сыйымдылығы халық шаруашылығындағы негізгі өндірістік қорлардың орташа құны, шығарылған өнімнің жалпы көлеміне бөлу арқылы анықталады:

                                           Қсый = F/Q

Мұндағы: Қсый - өнімнің қор сыйымдылығы;

                  F - халық шаруашылығындағы негізгі өндірістік қорлардың  орташа құны;

                            Q - шығарылған өнімнің жалпы көлемі.

Осыдан экономикалық тиімділіктің аса маңызды көрсеткіштерін мына түрде көрсете аламыз:

 

3сурет. Экономикалық тиімділіктің  маңызды көрсеткіштері

 

Өтімділік көрсеткіштері:

·   Меншіктік айналым қаражаттарының көлемінің немесе таза айналым капиталы (ағымды активтер/ ағымды міндеттемелер). Ұйымның меншік капиталының, ағымды активтерді жабу көздері болып табылатын бөлшегін сипаттайды. Бұл көрсеткіш коммерциялық іс-әрекеттермен, шұғылданатын Ұйымдар үшін аса маңызды болып келеді. Меншіктік айналым қаражаттарын көбейтудің ең негізгі және тұрақты көзі – пайда.

·     Қолданылып жүрген немесе таза айналым капиталының оңтайлануы (ақша қаражаттары / таза айналым капиталы). Меншіктік айналым қаражаттарының ақша түріндегі формасын, яғни абсолюттік өтімділігі бар қаражаттарды сипаттайды.

·     Жабу коэффициенті (ағымды активтер / ағымды міндеттемелер). Активтердің өтімділік жалпы бағасын береді. Ұйымның ағымды активтерінің қанша теңгесі, ағымды міндеттемелерінің 1 теңгесіне келетінін көрсетеді.

·     Тез өтімділік коэффициенті. Бұл коэффициент жабу коэффициенті сияқты есептеледі, бірақ ағымды активтердің азөмаз бөлшектерімен есептелінеді, есептеуден-өндіріс запастары алынып тасталады.

·     Абсолюттік өтімділік коэффициенті (ақша қаражаттары / ағымды міндеттемелер). Ұйым өтімділігінің ең тұрақты критерийі, қысқа мерзімді қарыз міндеттемелерінің қай бөлігі, қажет болған жағдайда, тез арада өтеле алатынын көрсетеді.

·     Запастарды жабудағы меншіктік айналым қаражаттарының үлесі (меншіктік айналым қаражаттары / запастар мен шығындар), запастардың меншіктік айналым қаражаттарымен жабылатын бөлігін көрсетеді.

Пайдалылықтың келесі көрсеткіштері бар:

·       жалпы рентабельділік нормасы,

·       ағымдағы рентабельділік нормасы

·       таза рентабельділік нормасы.

Олар келесі түрде анықталады:

Таза рентабельділік нормасы  =  таза пайда  / өнімді өткізуден түскен пайда

Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық  қызметінің тиімділік деңгейін бағалау үшін алынған нәтижеге (жалпы табыс, пайда) кеткен шығындар немесе пайдаланған ресурстармен салыстырылады. Пайданың шығындармен өлшемдестігі пайдалықты немесе толығынан пайдалық мөлшерін білдіреді.

Тәжірибеде ұйым қызметінің бірнеше пайдалық көрсеткіштері қолданылады:

1.      Өнімнің пайдалығын барлық сатылған өнімнің және оның жеке түрлерін есептегенде ғана мүмкін болады. Бірінші жағдайда ол өнімді сатқандағы пайданың және оны өндіруге және сатуға кеткен шығындардың қатынасын анықтайды.

2.      Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылықтың  жұмсалым пайдалығы оның қарауындағы мүліктердің құны арқылы есептелінеді. Есептегенде баланстық және таза пайданың көрсеткіштерін пайдаланады.

Салыстырмалы тиімділік:

Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылықтың іс-әрекетінің неғұрлым үнемді бағытын таңдап алу үшін, салыстырмалы тиімділік көрсеткіштерінің жүйесі қолданылады. Салыстырмалы тиімділік көрсеткіштеріне – үлестік күрделі қаржы, өнімнің өзіндік құны, күрделі қаржы қайтарымдылығы, табыс пен шығынның арақатынастары жатады. Үлестік күрделі қаржылар іске қосылатын өндірістік қуаттың бірлігіне есептелген немесе дайын өнімнің өсіміне есептелген күрделі қаржылардың көлемін сипаттайды. Инвестицияландыру варианттары бойынша алынған үлестік күрделі қаржылар азайту критерийлары арқылы өзара салыстырылады. Бұл арада, жаңа техника мен технологияны қолдану мүмкіншіліктері, өндірістік объектілерді жобалау және конструкциялау кезінде, аса үнемді шешімдерді қолдану жолдары қарастырылады. Кейбір жағдайларда, осы факторлар арқылы варианттар таңдау мүмкіншілігі туады.

Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық  қызметінің экономикалық тиімділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады. Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық  экономикалық-қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығы көрінеді. Экономикалық тиімділікті бағалау - ұйымның өз қаражатын, ресурстарын, капиталды пайдалануда қаншалықты тиімді қолдаланғандығын анықтауға мүмкіндік беретін, әр түрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1.           Ихданов Ж.О. Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі мәселелері. – Алматы, 2005ж.

2.           Бердалиев Қ.Б. «Қазақстан экономикасын басқару негіздері» 2008ж.      

3.           Бердалиев Қ.Б. Қазақстандағы аймақтық басқару тауқыметтері.2006ж.