Ауылшаруашылығы кәсіпорындарында
қорларды тиімді пайдалануда жетілдіру жолдары
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Оспанова Г.А
Әлемдік
қаржы дағдарысы қазіргі күні көп жағдайды
өзгертіп, біраз мәселенің басын ашып берді. Бүгінгі
күні кез келген мәселеде орындалатын іс-қимылға басты
талап – тиімділік қойылады. Ал тиімділік шаруашылықты ең
ыңғайлы тәсілдермен оңтайлы іске асыруды талап
етеді. Бүгін тиімділік пен үнемділік алға қойылып
отырғанда инновациялық әдістер бірінші орынға
шығуда. Нәтижесінде ғылыми негіздемеге сүйене отырып
өндіріс технологиясы алға жылжып, шығындар азаяды.
АӨК тиімділігін арттыру мәселесінде оны оптималды басқару
процесі маңызды орын алады. Ауылшаруашылығы өндірісін
басқарудың оптималдылығы әрқашан да
экономикалық жүйенің алға қойған міндеттері
тұрғысынан қарастырылады. Оптималдылық критерийі экономикалық
процестердің экономикалық-математикалық модельдерін
құрумен тікелей байланысты. АӨК-ң оптималды
құрылымын есептеу оның мақсатын қатаң
негіздеу мен сипаттауды қажет етеді. Ауылшаруашылығы өндірісі
құрылымы, оның тиімділігі мен практикалық
маңыздылығы осы мақсаттың негізделу деңгейіне
байланысты болады.
Күріш
шаруашылығындағы өндіріс тиімділігінің
көрсеткіштерінің әсері өзінің экономикалық
мазмұнымен анықталады. Жалпы өнім максимумы
шаруашылықты экономикалық талдауда маңызды
көрсеткіштердің бірі болғанымен оны оптималдылық
критерийі ретінде алу тиімді емес. Бұл критерийді қолдану
өндіріске жіберілетін шығындар мен ақтық
нәтижелер қатынасын есепке алмайтын болғандықтан
өндіріс тиімділігі екінші орынға ысырылады. Сондай-ақ жалпы
өнім максимумына баса назар аударатын болса, нәтижесінде
әртүрлі қосымша және аралық өнімдер
шығарылады да олар негізгі ақырғы өнімге кері
әсерін тигізеді. Бұл критерийдің тиімді жағы – ол
еңбек шығымдылығын арттыруға, жер бөліктерін
тиімді пайдалануға мүмкіндік беруі. Минимумға ұмтылатын
критерийлерді күріш шаруашылығы құрылымын оптималдау
есебінде пайдалану тиімділікке әкелмейді.
Табыс
максимумы критерийі өндіріс дамуының стимулын, оған
жіберілетін шығынды кемітуді, өндіріс көлемін арттыруды,
жұмысшы мен ұжым талабын, қоғам қажеттігін де
ескереді. Осы критерий бойынша шаруашылықтың оптималды
құрылымын анықтау нақты өнімнің
өзіндік құнын білуді, табыс көлемінің максимумын
табуды, ал олар шаруашылықтың рентабельділігінің максималды
деңгейін анықтауды қажет етеді.
Өндірістің
экономикалық тиімділігін арттыру қажеттілігі факторларға
және қоғамның бүгінгі экономикалық даму
ерекшеліктеріне тікелей байланысты.
Күріш
өндірісінің экономикалық тиімділігі интенсивті
факторларға көп байланысты. Олар:
-
еңбек құралдарын өндіру саласындағы
өнімділік пен дән сапасы;
-
негізгі қорларды өндіру саласындағы
ғылыми-техникалық өңдеулер, өндірістің
озық технологияларын пайдалану, жинау, сақтау, дәнді дайындау
және өңдеу;
-
күріш өндірісіндегі қоғамдық ұйымдастыру
нысандары мен шикізат аймақтарын оптималдаудың географиялық ара
қашықтықтары;
-
күрішті өткізу саласында сақтау мен тасымалдауды
ұйымдастыру. Интенсивтендіру факторларын кешенді пайдалану
өндірілетін өнім бірлігі құнының заңды
түсуіне алып келеді, яғни өндіріс тиімділігінің
өсуін қамтамасыз ететіндіктен бұл факторлар
көрсеткіштер жиынына әсер етеді және күрішті
өндіру және өткізу бойынша кәсіпорын
өндірісінің экономикалық тиімділігін сипаттайды. Күріш
саласын дамытуда күріш кластерін ұйымдастыру да өте
маңызды. Ол үшін кластерлік инновациялық
инфрақұрылымды дамыту қажет.
Қызылорда облысы халқының басты табыс көзі болып
отырған күріш шаруашылығын дамыту мақсатында егіншілік
мәдениетін көтеріп, жаңа инновациялық технологияларды
дайындап, өндіріске енгізу және күріш шаруашылығы
саласындағы әлемдік жетістіктерді трансферттеу арқылы
еңбек өнімділігін ұдайы арттырып отыру қажет.
Аймақтық ауылшаруашылығы өндірістік
жүйесінің тиімді жұмыс атқаруы сапалы
құрылған басқарудың ақпараттық
қамсыздандырылу жүйесіне де байланысты. Қазіргі таңда
елімізде барлық салаларға ендірілген жаңа
ақпараттық технологияларға техникалық қолдау
жасайтын компьютерлер саны мен байланыс құралдарының
прогрессивті артуы байқалғанымен, оларды өндіріске ендіру
тұрғысынан Қазақстанның ауыл шаруашылығы
саласы басқа елдермен салыстырғанда едеуір артта. Жаңа ақпараттық
технологияларды АӨК экономикалық үдерістерін басқаруда
қолдану бұл күрделі жүйенің өзіндік
ерекшелігіне қарай бағытталауы тиіс.
Ауылшаруашылығы
саласында ауқымды желіні қолдану ауылшаруашылығы
кәсіпорындарына министрлік және жергілікті басқару ұйымдарымен
ақпарат алмасу, есеп беру; ауылшаруашылығы заңнамалары мен
нормативтік актілерінің өзгерістерімен дер кезінде танысу;
еліміздегі ғана емес шет елдердегі де өнім өткізу арналарымен
байланысып, келісім-шарт жасау; агрохимиялық өнімдер, агротехникалық
машиналары өндіріс орындарымен серіктестік орнату, интернет-сауда
жүргізу сияқты тиімді мүмкіндіктер береді.
Ауылшаруашылығы
саласында шешім қабылдауды қолдау жүйелері, мәліметтер
базасы, болжам жасау, кеңес берудің эксперттік сараптау
жүйелері тиімді қолданыста. Шешім қабылдауды қолдау
жүйелері АӨК басшыларының аймақ ерекшелігіне,
қалыптасқан ахуалға байланысты өндіріс тиімділігіне
қол жеткізуге мүмкіндік беретін дұрыс шешім қабылдауына
ықпал етеді. Болжау жүйелері өнім өнімділігін болжауда,
өсімдік шаруашылығында маңызды орын алатын ауа-райы факторын
ескеріп, метеорологиялық мәлімет алуға, соған
байланысты әрекет етуге, агроөндірістің перспективалық
дамуын бағдарлауға көмек беретін ақпарат алуда
қолданылады.
Эксперттік
сараптау жүйелері ретроспективті талдау нәтижелеріне сүйеніп,
перспективті болжам жасау және күрделі ситуациялық
жағдайда ахуалды дұрыс бағдарлап, саралауға,
нәтижесінде дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік
беретін кеңесші ролін тиімді атқара алады.
Экономикалық-математикалық
модельдер негізінен әрбір аграрлық құрылымның
жұмысын тиянақты түрде ұйымдастыруға,
өндіріс көлемін арттыруға, өнім сапасын
сұранысқа сай болжамдауға, келешекте атқаратын
істің бағдарламасын жасауға мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні әлі де ақпаратты өңдеу,
сақтау, тарату және сипаттау мәселелеріне механикалық
тұрғыда қарау басымдылық танытып, ал оны тиімді
қолданылуына жеткілікті назар аударылмауда. АӨК саласына арналып
мамандандырылған отандық компьютерлік программалар арасында
өнімділікке болжам жасау, қайсыбір факторлар әсеріне орай
өндіріс тиімділігінің артуын не кемуін айқындау,
шаруашылық өндірісін тиімді орналастыру мүмкіндігін беретін
программалық өнімдер жоқ деуге болады. Аймақтық
күріш шаруашылықтарында дербес компьютерлер негізінен ақпарат
жинақтау, алмасу, есеп беру (MS Word, MS Excel), еңбек ақыны
есептеу (1С: Бухгалтерия, С: Предприятие) мақсаттарында ғана
қолданыста.
Қазіргі таңда бірөлшемді уақыт қатарын
зерттеу мен болжаудың неғұрлым дамыған
бағыттарының бірі болып адаптивті әдістер
қарастырылады. Адаптивті әдістердің маңызды жетістігі –
алдыңғы қадамда жасалған болжам нәтижелерін
ескеру мүмкіндігі бар өзін-өзі түзетуші модельдерді
құру. Модель үздіксіз жаңа мәліметтер алып отыруы
және ағымдағы жағдайға сәйкестенуі,
бейімделуі себепті белгілі бір мезеттегі даму тенденциясын сипаттай алады.
Ауылшаруашылығы құрылымының оптималды жоспарын
құруда шаруашылықтың соңғы 3-5 жылдық
мәліметтері пайдаланылса, агроөнімдері (дәнді дақылдар
өнімділігі, мал басының артуы т.с.с) өнімділігін
перспективалық болжауда шамамен 10 жыл көлеміндегі мәліметтер
қолданылады. Акылшаруашылығы өнімділігін нақты болжау
үшін топырақ құнарлылығы, тыңайтқыш
мөлшері, мелиорациялық шарттар, дақыл мен мал
тұқымының сапасы сияқты әртүрлі факторларды
ескеру керек.
Материалдық
өндіріс пен құрылыста тауарлы-материалдық
қорларды тұтыну көлемі үнемі өсіп келеді,
бұл өндіріс көлемі мен құрылыстың артуымен
байланысты, сонымен бірге материалдық ресурстар бағасы да жыл сайын
өсіп келеді. Оның нәтижесінде өнімнің материал
сыйымдылығы артып, жалпы шығындардағы материалдық
шығындардың үлес салмағы өседі.
Өнім
өндірісі жоспарын орындау мен өнімнің өзіндік
құнын төмендетудің, пайда мен рентабельділік
деңгейін жоғарылатудың қажетті шарттарының бірі —
өндірісті қажетті шикізат пен материалдармен толық, әрі
уақтылы қамтамасыз ету болып саналады.
Ауылшаруашылығының
шикізат пен материалдармен қамтамасыз етілу деңгейі, сатып
алынған материалдардың сапасы, олардың стандарттар мен
техникалық талаптарға сәйкестігі, өндіріс үрдісінің
үздіксіз жүруі мен кәсіпорын қызметінің қаржылық
нәтижесін анықтаушы факторлар болып саналады. Себебі
материалдық ресурстар шығындардың елеулі бөлігін
құрайтын шығын элементі, оның өзгерісі
шығын динамикасы мен өнімнің өзіндік құныны
үлкен әсер етеді. Сол себепті материалдық ресурстарды
үнемді пайдалану мен оны пайдалану тиімділігін арттыру кез-келген
кәсіпорын үшін маңызды. Сол себепті материалдық
ресурстарды басқару – кәсіпорын қызметінің
маңызды бөлігі [1].
Ауылшаруашылығын басқару ісінде
материалдық ресурстарды басқару маңызды орын алады. Материалдық
ресурстар кәсіпорынның айналым қорының бір
бөлігін құрайды, яғни әрбір циклде толық
пайдаланылатын қаражат болып табылады және өз бағасын
дайын өнім бағасына толық ауыстырады.
Кәсіпорын табысты жұмыс жасау үшін оның
материалдық ресурстарды пайдалану, тарату құрылымы
нақты да, жасырусыз болу қажет.
Нақты мақсаттарға жету үшін кәсіпорынның
материалдық ресурстарын басқару жүйесінің комплексті
талдау арқылы мүмкін, сондай-ақ материалдар, статьялар
және осы тақырыпқа аналитикалық материалдар
арқылы.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.
Баймұханова С.Б. Қаржылық есеп:
Оқулық. – Алматы: Экономика, 2007
2.
Толпаков Ж.С. Бухгалтерлік есеп. Оқулық,-
Қарағанды: «ҚарағандыПолиграфия» баспасы, 2009