АГРОӨНЕРКӘСІП
КЕШЕНІНДЕ МАРКЕТИНГТІ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ
Калдыгозова М.А. э.ғ.м.,
аға оқытушы
Кокумбаева
Б э.м.
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ,
Тараз қ., Қазақстан
Ауыл шаруашылық өндірісінде
маркетингті ұйымдастыру мен дамытудың негізгі
қағидалары жалпы сипатқа ие. Олар республикамыз бен
әртүрлі деңгейдегі кәсіпорындарды біртұтас
жүйеге біріктіреді:
-
ауыл шаруашылық нарығындағы жоспарлау, баға белгілеу,
үлестіру және басқару жөніндегі іс-шаралардың
біртұтас жүйесі шаруашылық пен меншіктің барлық
ұйымдық-құқықтық
түрлерінің кеңейтілген ұдайы өндірісін
нарықтық шарттарға бейімделген ауылдық елді мекендерде
жүргізуге мүмкіндік беретіндей мөлшерде пайда табуға
және тұтынушы сұранысын барынша
қанағаттандыруға толығымен бағытталуға
тиіс;
-
бәсекеге төтеп бере алатын азық-түлік
тауарларының түрлерін көбейту және сапасын
жақсарту, сондай-ақ, өндірілген өнімді
өткізудің озық тәсілдерін оңтайлы пайдалану
және игеру қажет;
-
тауар өндіру, дайындау, тасымалдау, қайта өңдеу,
сақтау және өткізу процесінің күллі
иерархиялық деңгейінде біртұтас маркетинг жүйесіне
бірігетін барлық ұйымдық құрылымдардың
өзара әрекеттестігіне сүйене отырып, ауыл шаруашылық
нарығында маркетингтік құрылымдарды ұйымдастыру
үшін кешенді-мақсаттық тәсілді қолдану
керек.
Маркетингтік қызметтің ерекшеліктері және
оның мамандануы-шығындар мен нәтиженің
арақатынасы тұрғысынан кәсіпорынның
мақсатына едәуір тиімді қол жеткізуге мүмкіндік беретін
формада құрылған басқару деңгейлері мен
функционалдық салалар арасындағы қисынды өзара
қарым-қатынастарды сипаттайтын ұйым құрылымын
құруда айқын көрінетін еңбек
бөлінісінің бір түрі болып табылады.
Кәсіпорынның
ұйымдық құрылымы мынадай екі қосалқы
жүйені қамтиды: біріншісі, – ресурстармен қамтамасыз ететін,
оларды қайта өңдейтін және дайын өнімге айналу
процесін жүзеге асыратын жүйе; екіншісі,– бірінші
жүйенің қызметін үйлестіру мен бақылауға бағытталған
басқарушы жүйе.
Кәсіпорынның
формалды ұйымдық құрылымы бірқатар
құрылымдық бөлімшелерден, мәселен,
кәсіпорынның жалпы мүддесі үшін функционалдық
салалардағы міндеттерді орындайтын бөлімдер мен қызметтерден
тұрады.
Мұндағы
міндет алдын-ала белгіленген мерзімде алдын-ала бекітілген әдіспен немесе
тәсілмен орындалуға тиісті жұмысты, жұмыс тізбегін
немесе бөлігін сипаттайды.
Функционалдық
салаларға маркетинг, өндіріс, персоналды басқару, қаржы
ресурстарын жоспарлау, ғылыми-зерттеу және
тәжірибелік-құрастырушылық жұмыстар жатады. Кейде
функционалдық салаларға бухгалтерлік есепті де қосады.
Кәсіпорынның құрылымын ұйымдастыру сызбасы
2-суретте көрсетіледі.
Маркетинг,
көбіне басқа салалардың қызметін айқындайтын
функционалдық сала болып табылады. Өйткені, кәсіпорын
қызметін ұйымдастыруда маркетинг қызметі
кәсіпорынның жұмыс істеу стратегиясын анықтайды.
Маркетинг
қызметі өндіріс, кадр және қаржы секілді өзге
салалардың жұмысын үйлестіріп, бағыттайды.
Сондықтан маркетингті басқарудың маңызы зор деп
есептеледі. Маркетингті басқару процесі оның әрқайсысы
сараптау-бағалау, стратегиялық және оперативтік жоспарлау
және орындау міндеттерінен тұратын бірқатар функцияларын
жүзеге асыруға негізделеді.
Сурет
1 -
Кәсіпорынның ұйымдық функционалдық
құрылымы
Маркетинг
мәселесін зерттеуге арналған шетелдік және отандық
әдебиеттерде маркетинг функцияларының анықтамасына және
мазмұнына қатысты ешқандай ортақ пікір кездеспейді.
Мұны, жоқ дегенде мынадай үш себеппен түсіндіруге болады.
Бірінші
себеп: кәсіпорындарда басқару жүйесінің жалпыға
ортақ бір түрі емес, бірнеше әркелкі түрлері
қолданылады (ең көп тарағаны – сызықтық,
функционалдық, сызықтық-функционалдық,
дивизионалдық, бағдарламалы-мақсаттық және матрицалық).
Басқару жүйесінің түрі кәсіпорынның
ұйымдық құрылымын, ал ол өз кезегінде
құрылымдық бөлімдер арасында олардың
функционалдық саласына сәйкес ресурстардың үлестірілу
мөлшерін анықтайды.
Екінші
себеп: кәсіпорындар маркетингті ұйымдастырудың
әртүрлі жолдарын таңдап алады (ең көп
тарағаны – функционалдық ұйымдастыру; тауарлық
ұйымдастыру; нарықтық және аймақтық
ұйымдастыру; аралас ұйымдық құрылымдар).
Маркетингті ұйымдастырудың таңдап алынған түрі,
өз кезегінде, маркетинг тарапынан орындалатын функционалдық
міндеттердің тобын белгілейді. Мәселен, маркетингті
ұйымдастырудың функционалдық түрінде сараптау,
өткізу, жарнамалау, байланыс орнату секілді функциялар бірінші
орынға қойылады.
Үшінші
себеп – күрделі ұйымдардың бір мезетте формалды және
формалды емес ұйымдық құрылымдары болады.
Формалды
ұйымдық құрылым – басқарушы жүйе
арқылы бекітілетін ұйымдық ресурстардың
арақатынасы.
Формалды емес ұйымдық
құрылым – ортақтаса жұмыс істеу кезінде
кәсіпорын жұмысшыларының арасында құрылатын
формалды емес қарым-қатынастар кешені.
Кәсіпорында
маркетингті тиімді басқару үшін кәсіпорынның алдында
тұрған мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік
беретін міндеттерді нақтылап алған жөн. Нақты
орындаушыларға (жұмысшылар немесе жұмысшылар тобына)
жүктелетін міндеттердің жіктемесі кәсіпорында
қабылданған басқару жүйесінің түріне
және қалыптасқан ұйымдық
құрылымға сай жүзеге асырылады. Ал, ұйымдық
құрылым, өз кезегінде маркетингті ұйымдастыру
түрімен айқындалады.
2-суретте
маркетингтің функционалдық міндеттерін жіктеу сызбасы
көрсетілген.
Сурет
2 – Маркетингтің
функционалдық міндеттерін жіктеу
Тігінен (вертикальді) еңбек бөлінісі
іс-әрекеттерді үйлестіру жұмыстарын сол іс-әрекеттерден
бөлек қарастырады. Басқа адамдардың жұмыстарын
үйлестіру қызметі басқарудың мәнін
құрайды. Маркетинг басқару саласы ретінде жалпы
басқаруға тән функционалдық міндеттерді қамтиды.
Маркетингтік менеджмент – пайда табу,
өнімнің белгілі бір көлемін өткізу, нарық
үлесін арттыру секілді кәсіпорын мақсаттарына жоғарыда
аталған маркетинг қағидаларына сәйкес қол жеткізу
үшін мақсатты тұтынушылармен тиімді айырбастарды
орнатуға, нығайтуға және тұрақты
сақтап қалуға арналған іс-шараларды сараптау,
жоспарлау, орындау және бақылау болып табылады.
Басқару процесінде
әдетте мәселелер мен міндеттерді шешудің стратегиялық
және тактикалық деңгейлері қолданылады. Маркетинг стратегиясы
кәсіпорынның мақсаттарын, өндірістік
мүмкіндіктерін және нарықтағы бар шанстарын біріктіруге
бағытталады. Мұндағы басты стратегия кәсіпорын
мақсаттары мен сыртқы орта фактор-ларының сәйкестігін
сақтап қалуға негізделеді. Ал, тактика болса, алға
қойылған мақсаттарға нақты тәсілдер мен
іс-шаралар арқылы іс-жүзінде жету жолдарын анықтайды.
Басқарудың стратегиялық және тактикалық
деңгейлеріндегі маркетинг функциялары мен маркетингтік
менеджменттің үйлесімі кәсіпорынның маркетинг
қызметінің құрылымын қалыптастырады (2-сурет).Маркетинг
функциясы – нақты басқару нысандарына әсер етуге
бағытталған маркетинг процесін басқаратын
бөлімшелердің жұмыс мазмұнын анықтайтын міндеттер
кешені.
Маркетинг бөлімінің
ұйымдық құрылымына қойылатын негізгі талап - ол
берілген кәсіпорынның өзіндік ерекшеліктеріне,
ресурстық мүмкіншіліктеріне және шығарылатын өнім
мен қызмет көрсетілетін нарықтардың сипаттарына барынша
сәйкес болу керек. Сондықтан, бүкіл кәсіпорын
үшін ортақ әрі қолайлы бір ұйымдық
құрылымның болуы мүмкін емес. Көптеген
варианттардың барлығына қарамастан, маркетинг
бөлімінің ұйымдық құрылымы тауарлар немесе
функциялар, я болмаса осы екеуі бойынша қызмет түрлерін
бірік-тіретін ұйымдық құрылымды таңдауға
негізделеді.
Пайдаланылған әдебиеттер