Аграрлық сферада маркетингтік қызметті жетілдірудің неізгі бағыттары

 

 Калдыгозова М.А,Тойшыбекова Н.М.

Амантай Қ, студент

 

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті ,Тараз қ.

 

Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін және отандық өнімдердің бәсеке қабілетілігін арттырудың негізгі бағытарының бірі аграрлық сферада ақпараттық-кеңестік және маркетингтік қызметтерді ендіру тәжірибесін жетілдіру болып табылады. Аграрлық нарық қатысушыларын кешенді түрде ақпараттық-маркетингтік және консультациялық қолдаулар көрсету арқылы дамытудың обьективтік қажеттілігі жоспарлы және мақсатты шараларды ұйымдастыруды қажет етеді. Агробизнестің тиімділік деңгейін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің ақпараттық-маркетингтік қызметтерді кеңінен қолдану арқылы арттыру басты мәселе болып табылады. Бұл мәселені шешу үшін іргелі технологиялар, инновация және ғылыми жетістіктер туралы ақпараттарды тарату жүйесін жетілдіру қажет. Сонымен қатар отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін ішкі және сыртқы нарықта жылжыту үшін қызметтер кешенін құру керек. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығында кәсіпкерлік белсенділікті дамытудың маңызды элементі агроөнеркәсіп кешені субьектілерінің ақпараттық ресурстарға деген қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады .

Бұл факторларды теңестіру үшін әлемдік тәжірибеде жалпы қабылданған саланы мемлекеттік реттеу шараларымен қатар аграрлық нарық қатысушыларын ақпараттық-кеңестік қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды күшейту қажеттілігі туындайды. Сонымен бірге нарық туралы мынадай жедел және сенімді ақпарттармен қамтамасыз етуі қажет:  

- ауыл шаруашылығы өнімдері нарығы бойынша (жабдықтаушы аты-жөні және мекен-жайы, жабдықтау түрі, сапалық сипаттамалары, көлемі және сатылу бағасы);

- тауарлық-материалдық ресурстар нарығы (жабдықтаушы аты-жөні және мекен-жайы, жабдықтау түрі, сапалық сипаттамалары, тауарлық-материалдық ресурстар  көлемі және бағасы);

- агроөнеркәсіп кешені субьектілері үшін қызметтер нарығы (жабдықтаушы аты-жөні және мекен-жайы, қызмет көрсету түрі, қызмет көрсету тәртібі мен шарты, көлемі және бағасы);

- өңдеуші кәсіпорындар қызметі (жабдықтаушы аты-жөні және мекен-жайы, қызмет көрсету түрі, қызмет көрсету тәртібі мен шарты, көлемі және бағасы);

- жүк тасымалдау қызметтерін ұйымдастыру және тарифтер.

         Бүгінгі таңдағы агроөнеркәсіп кешеніндегі ақпарттық-маркетингтік қызметтердің жалпы жұмыс істеу жүйесін талдай отырып агроөнеркәсіп субьектілері және ақпараттық-кеңестік жүйе қатысушылары арасында өзара іс-қимыл тетіктерінің жетілмегендігін, агроөнеркәсіп кешені субьектілері үшін ақпараттық қамтамасыз ету, кеңестік қызметтер көрсетудің жеткіліксіздігі, сонымен қатар аграрлық секторға ақпараттық маркетингтік және консалтингтік қызмет көрсететін    компаниялар қызметтері тар бағытта, ақпараттармен жеткілікті қамтамасыз етілмеген және өңірлік желілерінің  жоқ екенін көреміз.

         «Казагромаркетинг» АҚ өңірлік бөлімшелірінің шалғайлығы және ауылдық жерлерде ақпараттық технологияның жеткіліксіз дамуы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің «Казагромаркетинг» АҚ дер кезінде ақпарат алуын қиындатады. Сол себептен тиімді жұмыс істейтін аграрлық нарықты қалыптастыру процесінде агроөнеркәсіп кешенінің мемлекеттік деңгейден бастап ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне дейінгі барлық саласы мен деңгейін қамтитын маркетинг жүйе шешуші буынға айналуға тиіс. Маркетингтік қызметке деген қажеттілік келесі іс-шараларды атқаруда айқын көрінеді:

- ауыл шаруашылық өнімдерін өткізуге бағытталған күш-жігерді біріктіру;

- ауыл шаруашылық өнімдерінің тауар қозғалысының тиімді нарықтық жүйесін құру;

- халықтың азық-түлік өнімдеріне, ал қайта өңдеуші кәсіпорындардың шикізатқа деген қажеттіліктерін қанағаттандыру;

- ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне маркетинг саласы бойынша білікті кеңес беру арқылы көмектесу.

Дегенмен, агроөнеркәсіп кешенінің әртүрлі буындары арасындағы өзара байланыстарды назарға алатын және өндірістік бөлімге ең жақын орналасқан басты буын аудандық буын болып табылады. Агроөнеркәсіп кешені субьектілерінің ақпараттық-маркетингтік қызметке  қол жетімділікті кеңейту және агроөнеркәсіп кешені субьектілерінің ақпараттық деңгейін көтеру жолымен агробизнестің қызмет ету тиімділігін қамтамасыз ету үшін аудандық ақпарттық-маркетингтік орталықтардың қызметін ұйымдастыруды жетілдіру қажет.

Аудандағы маркетингтік қызметті әртүрлі формада ұйымдастыруға болады. Автор ауыл шаруашылығына бағдарлы ауданда өнім өндіру, өңдеу және өткізудің үйлесімді жүйесін қалыптастыруға, сондай-ақ, аталмыш ауданға табиғи-климаттық шарттарды, өндіріс және еңбек ресурстарын, аграрлық нарықтағы коммерциялық белсенділікті ескере отырып, өзінің  мамандану саласын айқындап алуына мүмкіндік беретін аудандық маркетинг жүйесінің үлгісін  ұсынып отыр .   

        

 

Сурет 1 – Аудан деңгейінде маркетингтік қызметті ұйымдастыру үлгісі

 

 

Осыған байланысты аудандық маркетингтік орталықтың негізгі міндеттеріне мыналар кіреді:

- азық-түлік өнімдері нарығында маркетингтік зерттеулер жүргізу және өнімдердің өткізілуін ақпараттық-жарнамалық қамтамасыз ету;

- ауыл шаруашылығы өндірісі құрылымын және өнімдердің тауарлық ассортиментін оптимизациялау;

- өзара есеп айырысу механизмін және тауар қозғалысы жүйесін жетілдіру;

Әр шаруашылықта маркетинг қызметін ұйымдастыру нысаны әртүрлі болуы мүмкін. Зерттеулер нәтижесінде облыстағы агроөнеркәсіптік кәсіпорындардың негізінен аз көлемдегі және тар ассортиментті өнім түрін өндірумен айналысатындығы байқалды. Сол себептен де маркетинг бөлімін ұйымдастыру  немесе маркетолог қызметін ендіру рационалды емес. Жалпы әдістемелік, ұйымдастырушылық және тәжірибелік жағынан матрицалық түрде құрылған ұйымдық құрылымды ұйымдастыру қолайлы да ыңғайлы болады. Мұндай құрылымды қалыптастыруды екі түрлі бағыттағы критерийге негізделген, яғни  өнім түрі бойынша және маркетинг функциясы бойынша ұйымдастыру тиімді болып табылады. Бұл жағдайда маркетингтік қызметпен ауыл шарушылығы өндірісінен арнайы білімге ие шаруашылықтың бас мамандары айналысады. Бұл өз кезегінде кәсіпорынның кадрларын және олардың іскерлігін икемді пайдалануға мүмкіндік береді.

 

Пайдаланылған  әдебиеттер тізімі:

 

 

1.Есімжанова С.Р. Маркетинг. Оқу құралы. – Алматы: «Экономика», 2008. –

   466с.

2.Ахметова К.Ә., Қаменова М.Ж., Нақыпова Г.Н. Фирманың маркетингтік қызметі. – Астана: «Парасат әлемі» баспасы, 2009. – 340 б.

3.Есполов Т.И. Эффективность агропродовольственного комплекса и

   Казахстана. – Алматы: НИЦ «Ғылым», 2002. – 448с.

4.Есполов Т.И., Куватов Р.Ю., Керимова У.К. Повышение эффективности

  сельского хозяйства Казахстана в условиях его интеграции с внешними   

  рынками, Алматы, 2004. - 598с.