Экономические науки/13.Региональная экономика.

 

Теңізбаева Д.С., Жанғырбай А.

Тараз мемлекеттік университеті, экономика магистрі;

«экономика» мамандығының 1 курс білімгері

Қазақстан Республикасы, Тараз қ.

 

ҚР КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУ БАҒЫТЫ

 

Кәсіпкер дегеніміз кім?, кәсіпкердің түрлері қандай? деген сұрақтарға дәл жауап табылады. Қазіргі кәсіпкерлерді қолдау, кәсіпкерлерге кең көмек көрсету үшін елімізде көптеген жағдайлар жасалуда. Соның бір дәлелі кәсіпкерлікке бөлінетін несиенің ауқымының кеңеюімен кәсіпкерлердің санының артуында.

Кәсіпкерлік өз дамуында ауылшаруашылық, өнеркәсіп сияқты салаларды қамтып, олардың дамуына кең көлемде көмек көрсетуде. Егеменді еліміздің ары қарай дамып, нарықтық экономиканың шарықтау шегінің бірі – бұл кәсіпкерлік болып табылады.

Сондықтан, еліміздің болашағы жарқын және дәулетті де саналы елдердің қатарынан көріну үшін, кәсіпкерліктің кең қанат жайып өрістеуіне көптеген жағдайлар жасалуы қажет.

Буржуазиялық экономикалық теорияда «кәсіпкер» ұғымы XVIII ғасырда қолданыла бастады.

А.Смиттің ойы бойынша кәсіпкер сауда-саттық мақсатты жүзеге асыру және пайда түсіру үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі болып табылады. Ол өндірісті өзі жоспарлайды, ұйымдастырады және соның нәтижесінде оған иелік жасайды.

Ж.Б.Сэйдің анықтамасы бойынша, бұл өндіріс факторларының қиылысын келтіріп ұштастыратын, экономикалық қызмет атқаратын адам.

Кәсіпкер болу үшін капиталдың иесі болудың қажеті жоқ, оның басты капиталы – ұшқыр қиял және тұтынушылардың психолгиясын сезіну. Нақ осылар кәсіпкерге пайда түсіреді.

Бүгінгі таңда кәсіпкер немесе өсімқор деп иелігіндегі қажетті құралдары бар пайдалы жұмысты ұйымдастырушы адамды айтады. Бұлардың қатарына жататындар: шағын кәсіпорындардың иелері, акционерлік қоғамның басқарушылары, кооперативтің жетекшілері және шаруалық бірлестіктердің менеджерлері.

Кәсіпкердің нарықтық экономиканың басқа агенттерінен айырмашылығы - өзінің экономикалық әрекетінің нәтижесінде пайда түсіре білетіндігі. Пайда кәсіпкердің сұранысты қамтамасыз ету мақсатымен шығындалған қаржы мен баға арасындағы айырмашылық.

Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті даму мәселесі - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын дәлелдейді.

Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады.

Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылданды. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына «Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы» (1991), «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» (1992) заңы сияқты заңдар түрткі болды. 1994 жылдың басында-ақ жеке кәсіпорындар саны 15,7 мыңды құрады және жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 164 мыңға жетті. 01.10.1998 ж. Шағын кәсіпкерліктің субьектілер саны 307 мыңды құрады, оларда 1,2 миллион адам жұмыспен қамтылды. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі үш саласының ішінен бірінші орынға өндіріс те емес, тұтынушылар мен тауар өндірушілер арасындағы делдалдық та емес, сауда шықты. 

Статистика агентінің мәліметтері негізінде ҚР бойынша 2014 жылдың 1 қаңтарында тіркелген ШОК саны 1 560 765 бірлік, соның ішінде шағын және орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалары 1 100 060 бірлік. Ал 2014 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша, Жамбыл облысындағы нарықта жұмыс жасап жатқан шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілердің саны 41863 бірлікті құрады. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санында дара кәсіпкерлер үлесі 59,4% деңгейінде қалыптасып, шаруа (фермер) қожалықтары – 36,7%, шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 3,5%, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 0,4% құрады.

Кәсіпкерлікті жетілдіру экономиканың тұрақтылығы мен оның бәсекелік сипатын қалыптастыруда басты күштерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерлікті дамыту үшін субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен хұқығы, шаруашылық қызметінің бағытын таңдауда еріктігі, қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдіктің болуы қажет.

Кәсіпкерлік қызметті дамыту мақсатында мынадай іс-шараларды жүзеге асыру қажет:

·   мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті барынша қолдау;

·   мақсатты бюджеттік қаржыландыру саясатын жүргізу;

·   жеңілдетілгеннесие беру саясатынжүргізу;

·   кәсіпкерлерқұқығынқорғайтын орган жұмысынжандандыру;

·   кәсіпкерлікқызметтітіркеуденөткізукезіндегіқиыншылықтардыжою;

·   тексерушіоргандарсанынқысқарту;

·   заңдардыңорындалуынқамтамасызету, т.б.

Кәсіпкерлікті дамыту кез келген деңгейдегі басқаруды жетілдіру үшін қажет. Кәсіпкерлікті дамыту мынадай сұраққа жауап іздеуі керек: «Геосаясаттық өзгерістер іскерлік белсенділікке қандай әсер тигізеді»? Кез келген экономиканың бүгіні мен болашағында «стратегиялық көзқарассыз» ешқандай даму болмайды.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бар. Бұл бағдарлама бойынша іске асыру шеңберінде бірегейлігімен және жаңашылдығымен ерекшеленетін жаңа бизнес-идеяларды іске асырушы ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге қолдау көрсетілетін болады. 

Кәсіпкерлікті дамыту арқылы елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға болатыны айқын.

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

1.                     С.С.Сахариев, А.С.Сахариева «Жаңа кезең – экономикалық теориясы» (оқулық), Алматы «Данекер» 2010ж.

2.                     Ж.О. Ихданов, Ә.О. Орманбеков, «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері»Алматы, Экономика, 2009ж.

3.  М.Б. Бисенғазин, А.Ш. Хамитов «Кәсіпкерлікнегіздері»

4.  В. М. Власова, «Основы предпринимательской деятельности», Москва 2008ж.

5.  www. stat.egov.kz