ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

 

Косымбаева Ш.И.

Каспийский государственный  университет технологий и инжиниринга,

г. Актау, Казахстан

 

           Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекетіміздің конституциясында белгіленгендей, Қазақстан Республикасы  – әлеуметтік мемлекет. Жалпы, әлеуметтік саясатты іске асыру экономикалық даму қарқыны мен әлеуметтік кепілдіктерді сақтау ісін шебер ұштастыруды талап етеді. Қазақстан жағдайында әлеуметтік саясаттағы концептуалды өзгерістер тетігі, ең алдымен экономикалық дамудың көрсеткіштерімен өлшеніп отыр. Дегенмен, бұл жерде экономикалық дамудың мемлекеттің әлеуметтік саясатын айқындаудағы ролін абсолюттендіруге болмайды деп ойлаймыз. Себебі, әлеуметтік саясат мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктеріне ғана тәуелді емес, ол көп жағдайда елдің саяси дамуына, саяси күштердің арасалмағы мен өзара қарым қатынасына да байланысты айқындалады. [1]

            Әлеуметтік мемлекеттің саясатын қалыптастырып, оны тиімді жүзеге асыруда экономикалық ахуалмен бірге, психологиялық  факторлардың да маңызды роль атқаратынын мемлекеттің даму стратегиясын тұжырымдаған Президент Н.Ә.Назарбаев ерекше атап көрсетеді: «Әлеуметтік стратегияны іске асыру мерзімі экономикалық даму стратегиясын жүзеге асыру мерзімімен сай келмейді, өйткені әлеуметтік стратегия қоғамның әлеуметтік құрамындағы құрылымдық өзгерістермен ғана емес, сондай ақ, қоғамдық сана сезімді қазыналық тұрғыдан қайта бағдарлаумен де байланысты, ал ол экономикалық және әлеуметтік жағынан неғұрлым белсенді жаңа ұрпақ келмейінше мүмкін емес». Міне, сондықтан да әлеуметтік саясатты айқындағанда саяси биліктен жан-жақтылықтың, кешенділіктің талап етілуі заңды құбылыс. [2]

            Президент Н.Ә.Назарбаевтың тұжырымы бойынша «...халық пен әлеуметтік даму ресурстарының таралуының аймақтар бойынша біркелкі болмауы, өндірістік аппараттың артта қалуы тежегіш кезеңдер ролінде әрекет етуі мүмкін». Осы тұрғыдан алғанда, әлеуметтік саясат тек мемлекеттің немесе мемлекеттегі саяси биліктің ғана саясаты болмауы керек, ол барлық қоғамдық институттар мен саяси партиялардың бірлесіп шешетін саясатына айналуы тиіс. Әлеуметтік саясаттың тиімділігі халықтың тұрмыс - тіршілігі мен өмір сапасының деңгейімен өлшенеді. Ол материалдық, әлеуметтік және мәдени даму деңгейінің сапалық жиынтығымен сипатталады. Халық өмірінің сапалық деңгейінің көрсеткіштеріне азаматтардың еңбек қауіпсіздігі мен жағдайы, қоршаған ортаның экологиялық ахуалы, бос уақыттың болуы және оны пайдаланудың мүмкіндіктерінің жасалуы, мәдени деңгейі, денсаулығы, мүліктік және меншіктік қауіпсіздігіне кепілдік жатады.[3]

             Әлеуметтік саясат әрқашан елдің дамуын экономикалық жеделдетуші, жұмысшылардың еңбекке деген мотивациясын күшейтуші мықты құрал және қоғамның саяси тұрақтылығының маңызды факторы. Бұл саясат адамның еңбек саласындағы қызметіне бағынышты боламауы мүмкін емес, себебі материалдық игіліктердің негізгі бөлігі тап осы еңбек саласында бөлінеді.

         Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері:

1. Ең төменгі әлеуметтік стандарт;

2. Атаулы әлеуметтік қолдау;

3. Өңірлердегі әлеуметтік теңгерімсіздіктер проблемасын шешу;

4. Жұмыспен қамту және еңбек саясатын жаңғырту;

5.  Ананы қорғау. Әйелдерге қамқорлық;

6. Баланы қорғау;

7. Ұлт денсаулығы - табысты болашағымыздың негізі;

8. Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдықтар;

9. Балалар денсаулығын қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері;

10. Медициналық білім беру жүйесін жақсарту;

11. Ауылда медициналық қызмет көрсетудің сапасы;

12. Дене шынықтыру мен спортты дамыту.

          Мемлекет Басшысы, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам» бағдарламалық мақаласында «бүгінде еңбек – ХХІ ғасыр жағдайындағы шешуші ұлттық фактор ретінде, жаһандық бәсекелестік жағдайында, – алдыңғы кезекке ілгерілетілуі тиіс» - деп атап көрсетті.  Осыған байланысты қазіргі уақытта әлеуметтік саясаттың аса маңызды міндеттерінің бірі жұмыс істейтін халықтың мүддесін қорғау болып отыр.[4]

Әлеуметтік төлемдер:

         - Асыраушысынан айрылу жағдайына;

         - Әлеуметтік төлем тағайындау үшін құжаттарды қарау мерзімі;

         - Әлеуметтік төлем тағайындау үшін өтініш беру тәртібі;

         - Әлеуметтік төлемді тағайындау тәртібі; 

         - Бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айрылуы жағдайына; 

         - Еңбек ету қабілетінен айрылу жағдайына;  

         - Жүктілігі және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылуы жағдайына; 

         - Жұмысынан айрылу жағдайына.

           Қарт адамдар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың құрамды элементі – заң қабылдаушы үкімет бекіткен  әлеуметтік кепілдеме есебімен, әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша қызмет немесе жеңілдік түрінде, ақшалай немесе табиғи формада қамтамасыз ету. Оған ереже бойынша, зейнетақы мен жәрдемақыға периодты және бір мезгілде  қосымша төлем осы категорияларға дифференцияланған, адресті әлеуметтік қолдау көрсету  мақсатындағы қызмет табиғи сома, жағымсыз әлеуметтік – экономикалық  шарттарға әкелетін критикалық  өмірлік жағдайлардың жойылуы немесе бейтараптылығы кіреді.[5]

            Сонымен, әлеуметтік қамтамасыз ету дәстүрлі формасын жеткізу: ақшалай төлем (зейнетақы, жәрдемақы); табиғи қамтамасыз ету; қызмет пен жеңілдік, қызмет көрсетудің  стационарлы және стационарлы емес түрі — әлеуметтік көмектің шұғыл формасында еңбекке қабілетсіздерге, Қазақстанның мұқтаж азаматтарына беріледі. Қарт адамдарға  әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету құрамына зейнетақы мен әртүрлі жәрдемақы, жергілікті арнайы әлеуметтік қорғау орган мекемелерінің қарттар мен мүгедектерге қызмет көрсетуі және оларды асырауы; ротездеуі; мүгедектерге жеңілдік; үйсіздерге көмек көрсету. Әлеуметтік қорғау туралы заңнамада ардагерлердің – соғыс мүгедектері мен қатысушыларының және еңбек ардагерлерінің құқықтық мәртебесін реттейтін бірқатар арнайы нормативтік құқықтық актілер бар.

                  

 

 

 

Қолданған әдебиеттер тізімі:

1. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы 1997 ж. 20 маусымдағы № 136-1 (2010.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

2. ҚР «Мәдениет туралы» Заңы, 2006 жылы 15 желтоқсанда (2008.24.12 өзгерістермен)

3. Ж.Кайкен «Экономиканы  мемлекеттiк реттеу», оқу құралы, Семей, 2003

Ихданов. «Экономиканы мемлекеттiк ретттеудiң өзектi мәселелерi». Алматы 2002

4. Мұхамбетова З.С. Мемлекеттің әлеуметтік аяны реттеудегі фискалдық саясаттың маңызы // ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, № 4(38), 2009

5. Государственное регулирование рыночной экономики /Под ред. Кушлина В.И., Волгина Н.А. М: Экономика, 2001.