ОҚЫТУДЫҢ
МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Төреханова Г.И.
М.Х.Дулати атындағы
Тараз мемлекеттік университеті
Бұл еңбекте, оқытудың
мультимедиалық технологиясына шолу жасалып, ерекшеліктері
талқыланған. Зерттеу барысында «мультимедиалық технология»
ұғымы ашып көрсетіліп, оқу процесінде қолдану жолдары
сөз болады.
Оқу үрдісінде ақпаратты экранда бейнелеудің
түрлі формаларын (график, қозғалыс, мәтін, дыбыс)
қолдану «мультимедиа» идеясын туғызды. Оның көмегі
арқылы оқытушы бағдарламаларды пайдалануды жүзеге
асыруға болады. Мысалы, географияны, ағылшын тілін, не
информатиканы оқыту да компьютер мұғалім рөлін
атқарады. Жоғарыда келтірілген құралдардың
әрқайсысының өзінің оқу үрдісінде
қолданылатын ерекшеліктері мен орындары, функциялары бар. Енді оларды
біріктіріп, кешен (комплекс) жасап колдансақ, онда жұмысымыз
өнімді де тиімді, нәтижелі болмақ. Кәдімгі информатика
оқулығы білімді жалпылауды, ойлау үрдісін реттеуде,
материалды сапалы меңгеруде компьютерсіз не оған дейін
қолданылуы мүмкін. Арнайы дайындалған нұсқаулар,
оқушының ЭЕМ-мен өздігінше жұмыс істеуіне бағыт
беріп, мұғалім жұмысын едәуір жеңілдетеді.
Барлық ұғымдар, түсініктер оқулықта
беріледі. Плакатка жазылған ақпарат (формула, бұйрық
және т.б.) еріксіз есте сақтауға арналған.
Транспаранттар мұғалімнің сабақ өту кезінде
тікелей тақырыпқа қатысты қолданылады. Оқу киносы
ЭЕМ-де динамикалық қозғалыс жасауда қолданылады.
Үлкен экранды теледидар ЭЕМ экранына қарағанда жаппай түсіндіру
барысында көрнекі құрал орнын толтырады. Ал «мультимедиа»
құралы бұл құралдардың мүмкіндігін
кеңейтіп интеграциялай түседі. «Мультимедия» термині латын
тілінің «multi» (көп) және «media» (орта)
сөздерінің бірігуінен құралған, яғни
«ақпараттық орта» деген мағына береді. Мультимедия –
пайдаланушыға әртүрлі типті ақпаратты біріктіріп
ұсыну технологиясы [1]. Зерттеушілердің пікірі бойынша дәстүрлі оқу
әдісімен берілген материалдың 25%-ы, көру арқылы 33%-ы,
көру-есту арқылы 50%-ы, ал мультимедиялық интерактивті
оқыту бағдарламасы көмегімен берілген материалдаң 75%-ы
есте сақталады екен.
Мультимедиялық технологиялардың дамуы бейнетехниканың
және дербес компьютердің өркендеуі нәтижесінде
жүзеге асуда. Білім берудегі мультимедия – таным процесінің
жоғарылауына септігін тигізетін, білім беру мазмұнын интерактивті
формада ұсынатын, дидактикалық
ақпаратты-бағдарламалық құрал [3]. Мысалы,
электрондық сөздіктерде әрбір сөздің аудармасы
ғана емес, сонымен бірге оның айтылу үлгісі де
қамтылады. Оқыту процесінде мультимедияны пайдаланып білім
берудің әртүрлі аспектілерін дамытуға болады.
Төмендегі 1-4 суреттерде жалпы білім беретін орта мектептердің
гуманитарлық циклдағы пәндерін электронды оқу
басылымдары (ЭОБ) арқылы белсенді оқыту үлгілері
жинақты түрде ұсынылып отыр [2, 4].
«Қазақ
әдебиеті» электронды оқу басылымы

1 сурет – Мысалдардың
үлгілік нұсқасы

2 сурет – Шешендік сөздерге
берілген тапсырмалар

3 сурет – Жадынама

4 сурет – Түсіндірме
сөздік
Білім беру процесінде пән сабақтарын мультимедиалық
оқыту технологиялары арқылы байыту - интеллектуалды,
физикалық және рухани тұрғыдан дамыған Қазақстан Республикасының азаматын
қалыптастыруда септігі мол. Әрі, оның тез өзгеріп
тұратын әлемде табысты білім алуға деген сұранысын
қанағаттандыруда, елдің экономикалық
әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды
дамытуда атқарар маңызы айрықша деп білеміз.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. 2007
жылғы шілденің 27-сі. № 319-ІІІ ҚРЗ. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев. - Астана,
Ақорда (2014.14.01. Берілген өзгерістер мен толықтырулармен).
2.
Қазақстан Республикасының «Ақпараттық
технологиялар. Электрондық басылым. Электрондық оқу басылымы» мемлекеттік стандарты. ҚР
СТ 34.017-2005.
3.
Өстеміров. К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен
оқыту құралдары. – Алматы: Казпрофтех, 2007. - 144 б.
4. Қазақ
әдебиеті. Электронды оқыту программасы. № 211, 12 сәуір 2007
ж.