Тарих магистрі Ермаханова Р.Б.,
тарих магистрі Ибраимов Н .Л.
М.Х.Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік университеті, Қазақстан
Қазақ
хандығының құрылуы қарсаңындағы саяси
жағдай.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі
тарихқа жаңа қөзғараспен қарау,
ондағы белгілі және бұрын белгісіз болып келген тарихты ашу,
бүгінгі күннің
қажет ететінін өмірдің өзі дәлелдеп берді.
Егеменді еліміздің тізгінін
өз қолына алған қазақ еліне ұлттық
сана сезімнің оянуы әсіресе соңғы кезде айқын
байқалуда. Қазақ елі өзінің тарихи тамырларын
ыждағатпен қайта тірілте бастады.
Елбасы
Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған
Жолдауында «2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау
және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан
мерейлі белестер жылы. Тәуелсіздігінің ширек ғасырға
жуық жаңа шежіресінде өркениеттік даму үрдісімен
төрткүл дүниені таңдандырған
Қазақстанның мемлекеттігі кейбіреулер айтқандай кеше
ғана басталмаған. Оған Мемлекет басшысының 2014
жылғы 22 қазанда Астана қаласы активімен кездесуіндегі: «Керей
мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты
құрды, қазақтың мемлекеттігінің тарихы сол
кезден бастау алады», деген сөзі дәлел.
Ұлттық тарих-халқымыздың
ғасырлар бойы жүріп өткен жолы. Қазақ деген
халық бір мезетте қалыптаса қойған жоқ.
Оның арғы тегі, ықылым заманнан жалғасқан
мәдениеті, далалық дәстүр-салты мен дүниетанымы,
даму, өсу жолы бар. Бүгінгі қазақ даласының
жерінде күшті мемлекеттер орнығып, өзіндік билік жүйесі
қалыптастырды. Тарихтың талай кезеңдерінде ойсырай
ұтылдық да, қатарымыз сан миллиондап кеміді де, алайда,
түп тамыры мықты қазақ халқы өзін
сақтап қала алды.
Ақ
Орданың ақырғы ханы Барақтың балалары Керей мен
Әз Жәнібек бұл жағдайды өз мақсаттары
үшін шебер пайдаланды да, Әбілхайыр ханның үстемдігіне
қарсы күрескен қазақ тайпаларының көсеміне
айналды. Қалың қазақ тайпаларын бастап батыс
Жетісуға қоныс аударды. Ол кезде Жетісуды билеген Моғолстан
ханы Есенбұға (1434-1462 жылдары билік еткен) бұл қазақтарды
Әбілхайырға қарсы пайдалану үшін алып, қоныс
берді. Бұлар батыс Жетісуды тіректі мекен ете отырып, қазақ
хандығын құрды. Тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и
Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты
Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан
сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде
Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды.
Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып,
Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын
берді. Олар барып орналсқан соң, Әбілхайыр хан дүние
салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды.
Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан,
Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп олардың
маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті.
Оларды өзбектер «қазақтар»деп атады. Қазақ
сұлтандары 870 жылы (1465-1466) билей бастады... ».
Алғашында қазақ
хандығының территориясы батыс Жетісу жері, Шу өзені мен Талас
өзенінің алабы еді. Міне, нақ осы территорияға
деректемелерде тұңғыш рет «Қазақстан»деген атау
қолданылды (Уасифи, 16-ғасыр), ежелден осы алапты мекендеген
қазақтың ұлы тайпалары дешті қыпшақтан
қоныс аударған қазақ тайпаларымен етене араласып кетті.
Әбілхайыр хандығындағы аласапыран соғыс салдарынан
қанжілік болған қазақ халқы бұл араға
келіп ес жиып, етек жауып, экономикалық тұрмысы түзеле
бастады. Мұны көрген дешті қыпшақ көшпенділері
Әбілхайыр хан қол астынан шығып, бөгеуін
бұзған Қазақ хандығына келіп жатты.
15-ғасырдың 50 жылдарының ортасынан 70 жылдарының
басына дейін Әбілхайыр ханның қарамағынан батыс
Жетісуға 200 мың адам көшіп барды, 1462 жылы Моғолстан
ханы Есенбұға қайтыс болған соң, бұл
мемлекетте ішкі феодалдық қырқыс күшейіп,
өкіметсіздік жағдайдың өріс алуы, Амасанжы Тайшы
бастаған ойрат жоңғарларының жасаған шабуылы
салдарынан Моғолстан мемлекетінің шаңырағы шайқалған
кезде Жетісуды мекендеген қазақ тайпаларының
Қазақ тайпаларының Қазақ хандығының
үкімет билігін нығайтып, оның беделі мен әскери-саяси
күш-қуатын арттыра түсті.
Тарихи аңыздардың бірінде Керейдің хан боп
сайланғаннан кейін он шақты жыл ел басқарғаны
жөнінде айтылады. Керей 1457 жылы көшіп, 1458 жылы хан сайланса,
онда шамамен Керей 1465-1466 жылдарға таман қайтыс болған.
Керей дүниеден өткен соң билік Жәнібекке көшеді.
Жәнібек Қазақ хандығы құрылуының
аяқталуын соңына дейін жеткізеді. Әбілқайыр
өлгеннен кейін оның екінші ұлы билік құрады. Одан
кейін Керейдің ұлы Бұрындық таққа отырады.
Елді 35-40 жылдай басқарған Бұрындықтың
тұсында Қазақ хандығы күшейеді. Сыр
бойындағы аймақтар мен қалалар үшін Темір
әулетімен соғысуға тура келеді. 1511 жылы Бұрындық
тақтан кетуге мәжбүр болып, билікке Жәнібек
ханның ұлы атақты Қасым хан келеді. Қасым 1511
жылы хан болып сайланып, 1521 жылы қайтыс болады. Осы 10 жыл ішінде ол
қазақтың жерін толық қалыптастырады, «Қасым
ханның қасқа жолы» деген заңдар жинағы
шығарады.
Ендеше
әртүрлі саяси оқиғаларды бастан өткерген
хандық құрылымның Қазақстан
тарихындағы орны ерекше. Өйткені осы кезеңде қазіргі
тәуелсіз Қазақстан Республикасының іргетасы
қаланды.
Қазақ
хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы
Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы
Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Осынау тарихи
белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді
ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие.
Біздің кейінгі
ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз – Ел
бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық
құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре
білуге тиіспіз.
Әдебиеттер:
1. Назарбаев Н. Тарих
толқынында. – Алматы: Атамұра 1999 ж.
2. Кәрібаев Б.
Қазақ хандығының құрылу тарихы. – Алматы:
Сардар 2014 ж.
3. Пищулина К.А.
«Қазақ хандығы»,«Қазақ совет энциклопедиясы»