КӨРКЕМДIК ТАЛҒАМ - МҰҒАЛIМIНIҢ КӘСIБИ ҚАСИЕТI РЕТIНДЕГI ҚҰРЫЛЫМЫ
ТИГУ магистранты Жақсым О.И.
Ғылыми жетекші п.ғ.д., Сарыбекова Ж.Т.
Болашақ мұғалiмнiң көркемдiк талғамын қалыптастыруды зерттеу
кажеттiлiгi оның негiзгi құрылымдық құрамдаушыларын, олардың өзара
әсерлесуiнiң ерекшелiктерiн анықтау, сондай-ақ «көркемдiк талғам» түсiнiгiнiң
өз мәнiн айқындау мақсатын қояды.
Бiрақ, алдымен дәрежелiк
қатынастарды белгiлеп, «көркемдiк талғам» түсiнiктерiнiң
арасындағы айырмашылықты анықтау керек. Талғамды тәрбиелеу
тұлғаны тәрбиелеудiң тұтас үрдiсiнiң
маңызды құрамдаушыларының бiрi болып табылады. Тәрбие тәжірибесi үшiн
«көркемдік талғам» түсiнiгiн анықтау едәуiр
маңызға ие, талғамның табиғаты туралы әзiрше пiкiрлердегi
ортақтық жоқ.
Кейбiр мамандар талғамды еңбектiң, тұрмыстың,
адамдар арасындағы қатынастың, өнер туындыларының,
табиғаттың сұлулығын тәрбиелеу мәдениетi деп есептейдi;
екiншiлерi-талғамды эмоционалды ойлау мен бағалау қабiлетi ретiнде
анықтайды; үшiншiлерi-талғамды құндылықтарды қабылдаудың
аңдаушылық қабiлетi деп қарастырады; төртiншiлерi - одан
адамдардың
көзқарастарының көрiнiсiн көредi; бесiншiлерi - идеалдың көрiнiс табуын
көрiп, алтыншылары - талғам мен сезiм бiр нәрсе деп айтады және т.б. [1].
Түсінiктердiң мұндай
алуандылығы бiр жағынан, талғам-күрделi, көпқырлы,
диалектикалық құбылыс болып табылатындығымен, екiншi жағынан, кейбiреулер талғамды психологиялық
мәселе ретiнде, екiншiлерi
- әлеуметтiк, үшiншiлерi-гносеологиялық, төртiншiлерi-педагогикалық, бесiншiлерi -
аксиологиялық мәселе деп қарастыратындығымен түсiндiрiледi.
Ал И.Канттың пiкiрiнше, талғам
эстетиканың орталық категориясы. И.Кант талғамдағы объективтi негiздер мен
субъективтi-ерiктiк пiкiрлер арасындағы шешусiз қайшылықтарды (талғам
анатомиясы деп айтсақ болады) анықтады [2]. ХYIІІ-ХIХ ғасырларда талғамды өте рационалды қасиет ретiнде, субъективтi және
иррационалды бастауларға
негiзделген қасиет ретiнде (ағылшын философы Юм, Ф.Шиллер және басқа немiс романтиктерi),
сондай-ақ басты маңызға санасыздық ие болатын феномен ретiндегi бiр жақты
түсiнiктемелерi қайта қарастырылды.
Талғам неғұрлым кең
түсiнiк оны қатынас құрылымында қарастыруға болады, демек, тарихи
белгiленген әлеуметтік-мәдени ортадағы субъектiнiң объектiмен өзара
әрекеттесуiнiң жүйесi ретiнде қызмет атқарады. Қатынас субъектiсiнiң құрылымына қатынас мүмкiндiгiн қамтамсыз ететiн
оның психофизиологиялық ұйымдастырылуы мен
қатынас қабiлетi қалыптасатын және
құндылықтар өлшемдерi анықталатын
әлеуметтік деңгей кiредi. Психологиялық деңгейдегi қатынас сезiмдiк-бейнелi қызметтiң ерекше түрi
ретiнде сипатталады, оның интеллектуалды және эмпирикалық аспектiлерi болады.
Қатынастың айрықша ерекшеліктерi болып өнер
табиғатымен байланысты көрнекi-бейнелi ойлау мен оның
эмоционалдық-бағалық сипаты табылады. Талғамды
мақсатты түрде
тәрбиелеу тұлғаның тек қана қарапайым сана
деңгейiндегi тiлектерін өндiрудi ғана емес,
тұжырымдарда көрiнiс тапқан логикалық
түрде саналанған бағалымдарды қалыптастыруды талап
етедi.
Көркемдік талғам феноменiн жеке дара сананы (сонымен қатар элементтерi
мүдде, ұстаным, қабылдау, сезiм және т.б. болады)
элементi ретiнде зерттей келе
ғалымдар бұл түсiнiктiң бiр нақты
анықтамасын жасап шығара алмады. Мәселен, Н.Л.Лейзеров пен Н.И.Киященко
«талғам» түсiнiгiн қоғамдық-идеалмен байланысты
индивидтiң саналанған сезiмдiк-рационалдық тiлектерінің жиынтығы
ретiнде бередi [3].
З.Л.Подольская талғамды
мәдениеттiң көркемдiк-құндылықтарын игерудiң
әлеуметтік байланысты шарасы ретiнде анықтайды [4]. Б.Г.Ананьев талғам туралы
индивидтiң дербес баға беру - көркемдiк туындыны оның объективтi құндылығына барабар сезiну
қабiлетi ретiнде айтады [5].
Г.Г.Лебедева талғамды таным мен бағалаудың түрi ретiнде
сипаттайды [6].
А.С.Молчанова талғамды сана
элементтерiн ортақ
жүйеге бiрiктiретiн ерекше синтез ретiнде бередi [7]. Л.Н.Коган[8], А.С.Молчанованың [7] тұжырымдамаларында талғам
бағалардың тұрақты жүйесi ретiнде берiледi. А.И.Буров
талғам тек бағалаудан ғана көрiнбейдi, ол объектiге тура реакция болып табылатын көптеген
бағалымдардың сомасы арқылы қалыптасады деп есептейдi. Бiздiң
эмпирикалық зерттеуiмiздiң аспектiсiнде
А.И.Буровтың анықтамасына неғұрлым жақын келемiз,
ол талғамды «ақпараттың арқасында бағалымдар
үшiн жеке өлшемдер қызметiн атқаратын iшкi нормалар мен
бейiмдiлiктер белгiленетiн тұлғаның
салыстырмалы түрде тұрақты қасиетi» деп түсiндiредi [9].
Адамның бағалау қызметiнiң
басты өлшемi болып қоғамдық-идеал табылады, қабылдаудың сапасын
да, күйзелiстiң мазмұнын да, ұғынудың тереңдігiн де
анықтайды. Талғам объектiлердi бағалаудың нақты
құралы бола келе, көзқарастарды сезiмдер саласына және керi
қарай «ауыстыруға» арналған «байланстырушы буын» ретiндегi идеалға функционалды
тұрғыдан тәуелді болады. Эмоциналды үрдiстер
бiлiмдердiң ұстанымдарға ауысуында маңызды рольге ие болады,
құбылыстарға баға беруден көрiнiс табатын
талғамдық пiкiр бойынша белгiлi шамада адамның
дүниетанымы туралы пiкiр
қалыптастыруға болады.
Талғам қоғамдық санада
адамдардың әлеуметтік-тарихи тәжірибенi игеруiнiң барысында қалыптасады. Сол
себептен жеке талғам өзiнiң негiзiнде
қоғамдық сипатқа ие болады. Көркемдiк
әлеуметтендiрiлу үдерісінде қоғамдық талғамның
трансформациясы жүзеге асырылады: адам оны өзiнiң жеке бейiмдерiне сәйкес
өзгертедi. Қоғамдық талғам жеке
талғамдардың интеграциясының негiзiнде мүлдем жаңа сапа ретiнде
құралады және жалпы адамзаттық, ұлттық,
таптық және топтық болып бөлiнедi.
Қоғамдық және жеке талғам арасындағы
байланыс диалектикалық сипатқа ие. Бұл оны жеке талғам ретінде зерттеу мен
тәрбиелеудi белгілейді.
Талғам күрделi құрылымға адамның
рухани өмiрiнiң керемет күрделi құбылысы ретiнде қоғамдық
болмыс пен сананың түрлi факторларымен өзара әсерлеседі. Талғам
психикалық қасиеттердiң күрделi кешенi болып табылады, одан адамның ты
эмоционалды түрде ұғыну, оны саналы түрде түйсiну, қасиеттердi эмоционалдық
тұрғыдан бағалау, объектiнi өзiнiң
жеке қажеттiлiктерiнiң
деңғейiмен салыстыру
және т.б. қабiлеттерi көрiнiс табады. Жоғарыда
айтылғандай, талғам
қажеттiлiктермен, қабылдаумен, сезiмдермен, көзқарастармен,
бағалымдармен және идеалдармен байланысымен сипаталады. Ол
танымдағы тура және жанама, әлеуметтік және жеке
дара, қоғамдық
және жеке, эмоционалды мен рационалдының бiрлiгi болып табылады. Адамның
қайталанбас тұлғасы көпқырлы кристалл секiлдi,
қоғамдық талғам арқылы
өтiп, түрлi өңдер мен түстерге бөлiнедi
және жеке адамның жеке дара
талғамын құрайды. Талғамның
қоғамдық-әлеуметтiк сипаты оның адамның тек қана жеке дара
немесе тек қана әмбебап қасиетi болмай, өзiнде екi тараптың да жиынтығын
жинағандығына дэлел болады.
«Көркемдік талғам» түсiнiгiне
метағылыми ыңғай көркемдiк талғамның негiзiн мұқият
қарастыру мүмкiндiгiн бередi. Сананың неғұрлым
концентрацияланған көрiнiсi - өнер.
Тұлғаның көркемдiк санасын адамның
көркемдiк туындылармен көп және әртүрлi
қатынасқа түсуiнiң нәтижесi және өнiмдi көрiнiс ретiнде
қарастыруға болады. Өнердiң мазмұндық
сыйымдылығы, оның
шынайлықты әдеміліктiң көп тараптылығы, адам
өмiрiнiң барлық салаларына бағытталуы адамның санасы оның ықпалына
түседi деп есептеуге негiз болады. Көркемдiк сана генетикалық
түрде өнер туындыларын жасаумен және адамның құндылықтың еркiн түрiн -
көркемдiк құндылықты -«өнер туындыларының
сұлулығы» ретiнде игеру қабiлетiмен сипатталатын
көркемдiк әрекеттiң негiзiнде қалыптасады.
Көппәнділiкке ие өнер туындылары
адамдардың жеке талғамдары мен тiлектеріне сәйкес белгiлi бiр тарихи
кезеңдерде түрлiше интерпретацияланды. Қоғам әрқашан жоғары
деңгейiнде көркемдiк құндылық эталонға
айналып, тұлғаның құндылықтық
бағыттылықтарының жүйесiне енгiзiлiп, жеке дара
санаға қатысты объективтi түрде көрiнiс тапқан
нормативтi сипатта болған соңғы саты ролiн атқаратын. Құндылықтар
одан кейiн адамның өнерге деген қатынасында бағыттар мен өлшемдер қызметiн
атқаратын.
Эстетика
және көркемдiк талғам жайында сөз қозғай
отырып, бiз осы екi түсiнiктiң
айырмасын анықтауымыз керек. Адам
және «эстетикалық
қатынастың» мәнiне кеңес эстетиктерінiң
бiрқатар зерттеулерi арналған.
Эстетикалық қатынастардың
өзiндiк ерекшелiгi олардың нормалар мен бағаларға
негiзделiп, бағалымдық сипатқа ие болатындығында, қатынастар қоршаған әлемнің
құбылыстарын олардың артықшылықтарының тұрғысынан
бағалау болып табылады. қатынастарда еркеше рольдi
тұлғаның сезiмi мен жеке дара ерекшелiктерi атқарады.
Құбылыстардың, заттардың немесе олардың белгiлерiнiң орасан
мөлшерi бiз сезiм арқылы қабылдайтын сызықтардың,
пропорциялардың,
пiншiндердiң, бояулардың, дыбыстардың,
көлемдердiң, мәселен экономикалық қатынастардағы, белгiлi бiр
үйлесiмiнiң арқасында әсем немесе ұсқынсыз
деген бағаға ие болатындықтан, ерекше маңызға ие
болады. Оған қоса,
бағаның өзi мен
қатынас сезiммен берiлiп немесе сезiм ретiнде (шаттану, жирену,
салғырттық және т.б.) болуы мүмкiн.
Бiздiң зерттеуiмiздiң
нәтижелерi растағандай, болашақ ұстаздардың тәрбиесi мен көркемдiк талғамын
қалыптастыру оқу пәні ретiндегi
барлық ғылыми-теориялық негiздерi циклдарының
құрамдаушы құрылымдарының тығыз,
үздiксiз өзара әрекеттесуiне әкелетiн болады. Бiрақ нақты
жағдайларда, жергiлiктi, географиялық, этникалық,
ұлттық ерекшелiктердi ескерген жөн, олардың
құрамдаушылары мен құрылымдары оқытудың тәсiлдерi мен
әдістерінде де, көркемдiк-суреттеу құралдарын қодануда да
ұлттық, өзiндiктi сипаттай келе, өзiнше, дара
түрде көрiнiс табуы мүмкiн. Осылайша, бiз таңдамалы шығармашылық
үдерісіндегi көркемдiк талғамның келесiдей анықтамасын беремiз, ол адамда
шығармашылығымен практикалық
айналысудың барысында пайда болған және адамда
шынайылыққа эмоционалды- баға берудiң және оны
өнердiң өзiндiк құралдарында материаландырылу
әдiстерiнiң өлшемi қызметi атақаратын iшкi
норманың болуынан көрiніс табатын тұлғаның
салыстырмалы қасиетi болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1
Краткий словарь по эстетике. /Под ред.
М.Ф. Овсянникова. М.:
Просвещение, 1983. - С. 16-17.
2
Иммануил Кант. Лекции
по этике. — М.: Республика, 2000. — 431 с.
3
Киященко H.И., Лейзеров Н.Л. Эстетическое творчество. М.: Знание,
1984.-142с.
4
Подольская З.Л. Развитие художественного
вкуса личности в условиях
взаимодействия культур: дис.... канд. филос. наук.
Ташкент, 1984. - 178с.
5
Ананьев Б.Г. Человек как предмет познания //Избр. психол. труды: В
2
т.
М, 1980. Т. l.-С. 15-177.
6
Лебедева Г.Г. Философские и социально -
психологические вопросы
эстетического вкуса: автореф. ... канд. филос. наук: 12.10.72. Л.: ЛГУ,
1973.-22с.
7
Молчанова А.С. На вкус, на цвет... М.: Мир,
1965. -200с.
8
Коган JI.Н. Художественный вкус. М.: Мысль,
1966. - 213 с.
9
Буров А.И.Эстетика: проблема и спорт. М.:
Искусство. 1975. - 176 с