Археология, этнология
және
музеология кафедрасының
аға оқытушысы Б.Ш.
Солтиева
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Қазіргі таңда
білім беру жүйесіндегі өзекті мәселе – білім мазмұнына
жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін
қолдану болып отыр. Егеменді
еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер
қатарына көтерілу болса, ол өркениетке жетуде жан –
жақты дамыған, рухани бай тұлғаның
алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты
мақсаты да жан – жақты дамыған, рухани бай жеке
тұлға қалыптастыру болып табылады.
Сондықтан заман талабына сай оқыту үрдісін
жетілдіре отырып, қоғам сұранысына сай жеке
тұлға қалыптастыру мәселесі бойынша студенттерге
ақпараттық –
коммуникациялық технологияларды сабақта көптеп
қолдану тиімділігі артып отыр.
Қазақстан
Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27
қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық
жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты»
атты халыққа жолдауындағы 7-бөлімінде: «Оқыту үдерісіне заманауи әдістеме
мен технологияны енгізу, педагогикалық құрамның сапасын
арттыру, біліктілікті растайтын тәуелсіз жүйені құру,
жастар үшін білімге қолжетімділік аясын кеңейту қажет.
Білім тек білім беріп қана қоймай, сондай-ақ алған
білімін әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалануға икемделуі
керек. Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы
27 қаңтардағы
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту -
Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауында: «Тұрғындардың компьютерлік
сауаттылығын, соның ішінде әр түрлі ынталандырушы
бағдарламалардың есебінен де көтеру қажет. Мен
Қазақстандықтарды ақпараттық технологияларды
белсендірек игеруге шақырамын» деп,
қазіргі таңдағы білім беру жүйесі
жаңа педагогикалық технологиялар мен ақпараттық
құралдардың кеңінен қолданылуын қажет
ететінін атап көрсеткен [1]. Демек, оқу-тәрбие
үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды
пайдалану заман талабынан туындап отыр. Кез-келген елдің
экономикалық қуаты, халықтың өмір сүру
деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік
қауымдастығы рөлі мен салмағы сол елдің
техникалық даму деңгейімен анықталады. Ақпараттық
технологияны игеру дәрежелі, қазіргі заманғы жаңа
технология негізінде ақпаратпен жұмыс жасай білім деңгейі
адамның ақпараттық мәдениетін білдіреді. Білім беру
жүйесін ақпараттандыру бағыты жаңа
ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта отырып,
қашықтықтан оқыту, дара тұлға
бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып,
оқу-тәрбие үрдісінің барлық
деңгейінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды
көздейді. Ақпараттық технологиялар – ақпаратты алу,
түрлердіру, сақтау, тарату және пайдалану әдістері мен
құралдары. Қазіргі таңда ақпататтық
технологиялар білім беру үдрісінде
ең тиімді оқыту құралдарының бірі болып
табылады. Білім беру
жүйесіндегі қазіргі ақпараттық технологиялар –
адамзаттың интеллектуалдық жетістіктерін өзіне
жинақтаған және адамзаттың интеллектуалдық
қызметін, оның ішінде, білім беруді шынайы күшейтуге
қабілетті құрал. Технология
ұғымы ақпараттық саласынан келіп шыққан.
Ақпараттық технология – білім беру мекемесі мамандарының
жұмысын жүзеге асырушы әдістер мен формалар және білім
беруші құрал.
Қазақстан
Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру
жүейесінің басты міндеттерінің бірі – білім беру
бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» -
деп көрсетілген[2]. Солардың бірі білім беруді
ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту
құралы болып компьютер саналады. Қазіргі таңда,
әрбір жеке тұлға үшін компьютерді және ақпараттық
технологияларды игеру оқу мен жазу қабілеті сияқты
әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды.
ХХ ғасырдың 90-шы
жылдарының аяғында оқу орындарын компьютермен жабдықтау
маңызды мәселелердің бірі болды, ал қазіргі
уақытта білім беру жүйесінде компьютерді пайдалану белсенді
түрде жүзеге асырылуда. Білім жүйесін ақпараттандыру
қоғамды ақпараттандыру үрдісінің негізгі
бағыты болып табылады. Білім беру жүйесінде, білімнің
ақпараттандыру проблемасын іс жүзінде шешу жүйесі
біздің елімізде 1997 жылдан жүргізіле бастады.
Қазақстан
Республикасының білім жүйесін ақпараттандыру туралы
мемлекеттік бағдарламасында «Қазақстандағы жаңа
қоғамдық – саяси және әлеуметтік
экономикалық шарттар білім беру саласында принциптік жағынан
жаңа жағдайлар жасады. Қазақстан Республикасы
дүние жүзіне дамыған елдері сияқты білім беру жүйесінен ақпараттандырудың
нақты жолына түсуі тиіс, яғни біріңғай
ақпараттық білім беретін желіге негізделген оқыту
жүйесін жасау қажет». Осы тұжырым білім беру жүйесін
ақпараттандырудың мақсаты болып табылады.
Білім беруді ақпараттандыру
жағдайында педогогтарға ақпараттық білім негіздерін
игеру, ақпараттық-коммуникациялық технология
құралдарын өзіндік білім алуға қолдану мен
оның мүмкіндіктерін кәсіби қызметтеріне танымдық
және дидактикалық құрал ретінде пайдалану
дағдыларын қалыптастыру қажет. Қазіргі кезде
қоғамда кез-келген педогогтан өз пәнін терең білу
ғана емес, теориялық – құқықтық,
психологиялық – педогогикалық, дидактикалық,
әдістемелік тұрғыдан сауатты және
ақпараттық-коммуникациялық технология
құралдарының мүмкіндіктерін жан – жақты игерген,
ақпараттық құзырылығы қалыптасқан
маман болуды талап етіп отыр[3, 77б.].
Жаңа
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
жағдайындағы оқыту үрдісі оқытушы мен
студенттің бірлескен іс-әрекетінсіз, олардың өзара
байланыссыз жүруі мүмкін емес. Сондықтан да, жаңа
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
жағдайындағы оқыту үрдісінде оқытушымен студент
арасында тек жай ғана өзара қарым-қатынас емес,
педогогтың компьютерлік технологиялар арқылы жеке
тұлғаға әсері, ішкі жан дүниенің бейнесі,
студенттің білімді, іскерлікті, дағдыны, тәртіптіліктің
және дамудың белгілі бір элементтерін өз бетінше
меңгеруге талпынысы олардың өзара бірлескен іс-әрекеті
нәтижесінде ғана пайда болды.
Оқыту үдерісін
ақпараттандыру барысында студенттердің зерттеу қызметін
ұйымдастыру әдістемесінде өз бетімен білім алу жолы ерекше
орын алады деуге болады[4, 157-158бб.].
Ақпараттандырудың негізгі
бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес
қоғамды дамыту жоғары тиімділікті технологияларына
сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады,
яғни қазіргі білім жүйесін
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды білім беру
саласына енгізу жұмыстары болып табылады. Білім беру жүйесіндегі
ақпараттандыру дегеніміз – берілетін білім сапасын көтеруді
жүзеге асыруға бағытталған үрдіс, еліміздің
ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде
кәдімгі технологияларды алмастыру, оларды дамыту, нақты
жүзеге асыру болып табылады. Бүгінгі күні білім беру
жүйесін ақпараттандыру ісінің басты мақсаты – заман
талабына сай студенттерді тұрмыстық – қоғамдық
және кәсіптік өмір салаларына толық әрі тиімді
түрде араластыру болып табылады[5, 23б.].
ХХІ ғасыр – жаңа технология
мен ақпараттандыру ғасыры. Қазіргі таңда ғалымдар
білім беру жүйесінде жаңашыл
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану
мәселесін жан-жақты қарастыруда. Заман талабына сай
сабақта компьютер, электронды оқулық, интерактивті
тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Оқытуды
ақпараттандыру ісі жаңа оқыту технологияларын дайындауды
талап етеді. Бірінші кезекте оларға электрондық
оқулықтар, мультемедиялық оқу құралдары,
қашықтықтан оқыту
мен электрондық жазбалар жатады. Электрондық
оқулықтарды оқу үрдісінде тиімді пайдалану арқылы
білім сапасын көтеру. Білім беру жүйесі электрондық байланыс,
ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция,
оn-line сабақтар арқылы
іске асырылуда. Интернет ресурстарын жан-жақты меңгеру
мүмкіндіктері пайда болды, қашықтық оқыту
орталықтарына шығу жолдары анықталды. Міне, осындай
жағдайларда білім беру жоғарғы оқу орындарында
пәнді оқытуда жаңа
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
қолдануға мүмкіндіктер жасалуда.
Оқыту әдістерін жетілдіру
тікелей білім беру жүйесіне де, тұтастай ақпараттық
технологиясын дамытуға ықпалын тигізеді. Оқыту процесінде
компьютерді қолдану білім берудің сапасын арттыруға
әсер етті.
Ақпаратты технологияларды
пайдаланудың тиімді жақтары:
1. Студенттердің тақырып
шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға
тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.
2. «Интерактивті тақта» -
ақпараттық технологияларының бір түрі болып табылады.
Оның диалогы, пікірталас құруға мүмкіндіктері
мол[6, 75-76бб.].
Дәстүрлі және
электронды оқулықтар кітаптар төменгі функциялардың
барлығын ойдағыдай орындайды: оқыту, дамыту, тәрбиелеу,
сезімді ояту, бақылау-түзету. Қазіргі электронды
оқулықтардағы көрнекіліктерге, деректерге сүйене
отырып, студенттер өздерінің ой – өрісін кеңейтіп
шынайы дерек көздерінен мәліметтерді жинауға
дағдыланады. Сонымен қатар студенттер интернет желісінен
қосымша материалдар іздеу, алынған материалдарды саралау, талдау
жасау арқылы материалдарды игеру, өздігімен ізденуге
дағдыланады, уақытын
үнемдейді.Зерттеушілік қабілеті бар тұлға
қалыптасады.
Оқытушының әр студентпен дербес жұмыс
жүргізуіне мүмкіндік туғызады.
Қашықтықтан
оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша білім
алуды қамтамасыз етеді. Қашықтан оқытуда
баспалық, мультимедиалық түрлерінің тиімділігі
анықталды. Қазақстанда қашықтықтан
оқыту Республикалық ғылыми-әдістемелік білімді
ақпараттандыру орталығы жасаған электронды
оқулықтарды және оқу бейнефильмдерін пайдалану
арқылы жүзеге асырылады[4, 159б.].
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
қолдану – білім берудің ұлттық жүйесінің
бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруда және әлемдік
білім кеңістігіне ықпалдасуда шешуші маңызды орын алады.
Сондықтан білім саласының үнемі дамып, жаңарып,
өзгеріп тұруы өмір талабы. [7, 64б.].
Қорыта айтқанда, ақпараттық
технология құралдары білім беру жүйесінде
қолданудың – өзінің тәсілдері мен
мақсаттары бар, белгілі бір теориялық базаны, ерекше
әдістерді қамтитын біртұтас үдеріс болып табылады.
Оқыту технологиясы – бұл
оқытудың негізгі қызметтерін орындайтын және
педагогтың қатысуынсыз жүзеге асыратын екінші реттегі
оқыту құралы. Сондықтан, олар арқылы орындалатын
оқу әрекеттері қарым-қатынастың
жоғарғы деңгейіне көшеді, дәстүрлі
оқыту кезінде арнайы іскерліктерді қалыптастырады.
Әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә.
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту -
Қазақстан дамуының басты бағыты» Ел президентінің халыққа жолдауы, 2012 ж.
2. Қазақстан Республикасының Білім
туралы Заңы. 2007 ж.
3.Джумалиева Л.Т. Білім беруді басқаруда
ақпараттық-коммуникациялық технологияда
қолданудың негізгі бағыттары мен қажеттілігі. //
«Жаһандық бәсекелік ортадағы заманауи білім беру» атты
республикалық ғылыми – тәжірибелік конференция материалдары.
–Астана, 2012.
4. Қозғанбаева Г.Б. Жаңа ақпараттық
технологиялар жағдайында студенттерді оқыту үрдісінің
мәні. // «Жаһандық бәсекелік ортадағы заманауи
білім беру» атты республикалық ғылыми – тәжірибелік
конференция материалдары. –Астана, 2012.
5.Оразымбетова А. Білім беру жүйесінде ақпараттық
технологиялардың келешегі зор. //Ақиқат. -2008. №11.
6.Тулепов М.И., Тулепова С.И. Интерактивті әдістер мен оқытудың
ақпараттық технологияларын университетте қолдану. //Білімді
бағалаудың құзіретті-бағдарлы жүйесі» 44-ші
ғылыми-әдстемелік конференция материалдары. –Алматы, 2014.-2-ші кітап.
7.Көпешова С.Т. Ғылыми-технологиялық және
инновациялық саладағы мемлекеттің орны. //Саясат.2001, №2.