Педагогические
науки/ 5.Современные методы преподавания
Ахметова Р.Т.
ПДТ балаларға арналған мектеп – интернатының
технология пәнінің мұғалімі
Қарағанды қаласы,
Қазақстан
Технология
сабақтарында ұлттық қолөнерді
қолданудың түзетушілік-дамытушылық маңызы
Білім алу
қажеттіліктері ерекше балаларды еңбекке баулу арнайы
мектептің жалпы оқу жүйесі мен түзете-тәрбиелеу
жұмысының басты бір бөлігі болып табылады. Қазіргі
таңда жалпы білім беретін және арнайы мектептердің
еңбек сабақтарында «Қолданбалы өнер» бөлімі
қарастырылған. Онда оқушыларды қазақ
халқының төл өнерінің тарихымен таныстырып,
олардың өзіндік өнеге үлгісін, технологиясын,
бұйымдарды көркем өңдеу тәсілдері арқылы
орындау мәселелері қарастырылады. Біздің елімізде жаппай
ұлттық өнерді оқушыларға үйретуге көп
көңіл бөлініп отыр.
«Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап келер
ұрпаққа аманаттау «Мәдени мұра»
бағдарламасының басты мақсаты» деп елбасыН.Назарбаев өзінің
ұлттық мәдениетті дамыту жолындағы үндеуінде
көрсеткен. Ата-бабаларымыздың ұрпаққа деген
өсиет үлгісі өнер арқылы жеткен.
Өсіп
келе жатқан жас ұрпақтың дүниетанымын
қалыптастыру негізінде эстетикалық және көркемдік
тәрбие беру де арнайы түзетушілік-дамытушылық білім
берудің маңызды бөлшегі. Эстетикалық
тәрбиенің мәні әрбір адамның әсем
өмір сүруіне, әсемдікті жан-жақты қырынан
көре білуге эстетикалық тәрбие беру процесінде
адамдардың сезімі, талғамы, көзқарасы, идеясы
қалыптасады, оқушылардың өнерге деген
қызығушылықтары артады.
Мектепте бастауыш
сыныптың еңбек сабағы бағдарламаcында
ұлттық сәндік қол өнерімен танысу үшін,
негізінен қазақ халқының ұлттық
сәндік қолөнер материалдары (қазақ
халқының тұрмысынан үй мүлкі, киімі,
жиһазы, ыдысы т.б. зергерлік бұйымдар) пайдаланылады.
Еңбекке баулу сабақтарының алғашқы
күндерінен бастап танымдық мақсатпен балаларға
қарапайым ою үлгілерінен сурет салдырып, оларды қидырып
үйрете бастау керек. Мұндай сабақтар оқушыларға
дәстүрлі қолөнерімізді үйренуге жағдай
туғызады. Сабақ барысында оқушылар ою - өрнектерде
қолданылтын композиция, колорит, ритм ұғымдарымен жете
танысады. Қазақтың әр алуан кесте тігу
әдістермен, неше түрлі мәні бар қол тігістерінің
көптеген түрлерінің ішінде көркем тігіс үлгілерімен
танысады.
Еңбек
дағдыларына қажетті қолдың ұсақ,
нәзік қимыл-қозғалыстары жетілдіріледі. Сондықтан
еңбекке баулу сабақтарының бұл ретте ролі ерекше деп
атап кетуге болады. Еңбекке баулу процесінде дамыту міндеттері -
қолдың ұсақ моторикасын дамыту мен түзету және
әлеуметтік бейімдеу міндеттері жүзеге асырылады.
Ұлттық қолөнерді, оның ішінде кесте тігу
өнеріне үйрету әдістерін еңбек сабақтарда
кеңінен қолдану балалардың ұсақ
моторикасының жетілуінде айтарлықтай жетістіктер барлығын
көрсетеді. Балалардың өз жұмыстарында түпкі
нәтижеге жетуді мақсат етіп қойып, барынша тырысып әрекеттенуі
олардың жасаған бұйымдарының сапасын да жақсарта
түседі. Балалардың қол еңбегі сабағына деген
және қазақ халқының ұлттық
қолөнеріне деген қызығушылықтары арта түсті
деп сеніммен айтуға болады, себебі, оқушылардың
сабақтағы белсенділіктері мен өз беттерімен іздене
әрекет етулері артады. Сонымен бірге оқушылар кестеде
қолданылатын кәсіби терминдермен, ою - өрнектердің
әртүрлі атауларымен, оларға қатысты халық
аузындағы аңыз – әңгімелермен таныса алады.
Білім
алу қажеттіліктері ерекше балаларға тән кемшіліктерді
түзету мақсатымен, арнайы оқытуды тиісті әдістермен,
сәйкес мазмұнымен қамтамасыз ету қажет. Қол
еңбегіне үйрету үрдісі негізінен баршаға бірдей болу
керек. Сонымен қатар балалардың ақыл-ой дамуындағы
ерекшеліктері, өз бетімен еңбек ете білулерінің әр
түрлі деңгейі олармен жеке жұмыс жүргізуді талап етеді.
Бұл
талап қол еңбегі бағдарламасының мазмұнында
ашылып көрсетілген. Бағдарламада берілген тапсырмаларды
орындаудың күрделілігінің әртүрлі деңгейі
ескеріледі. Сонымен бірге төменгі сынып оқушыларын еңбекке
баулу жолында әрбір оқушымен жүргізілетін жеке жұмыс
түрлері ескеріліп, оқушының табысын бақылай отырып
оның талабы мен мүмкіншілігін анықтау. Білім алу қажеттіліктері
ерекше балалар көп тапсырмаларды өз бетімен орындай
алмайтындықтан бастапқы кезде мұғалімнің
көмегі өте қажет. Бірақ мұғалімнің
көмегін оқытудың әр түрлі кезінде өзгерте
отырып, біртіндеп азайту керек.
Бастауыш сыныптарда
қол еңбегі сабақтар жалпы және арнайы міндеттерге
негізделіп, балалаларды кәсіби еңбекке баулуға дайындайды.
Еңбекке баулу
сабақтарының жалпы міндеттері:
- еңбек түрлері туралы қарапайым білім беру: еңбек
дағдысын қалыптастыру, ең қолайлы әдістерге
үйрету, әр түрлі материалдар туралы білім беріп,
олардың құрамына қарай өңдеу әдісін
таңдау, өз бетімен еңбектенуге дамыту, еңбекке деген
қызығушылықты арттыру;
- ұйымдастыру қабілетін қалыптастыру: еңбек
сабағына кешікпеу, еңбек бөлмесіне ұйымдасқан
түрде кіру, өз жұмыс орнында еңбек ету, онда
материалдар мен құралдарды дұрыс орналастыру, сабақ
сонында оларды жинау, ішкі тәртіп пен сабақ ережелерін білу
және санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау;
- қоршаған орта және еңбек үрдісі туралы
түсінікті байыту;
- ұжымда жұмыс істеудің дайындығы мен
қажеттілігін тәрбиелеу;
- ақыл-ой тәрбиесі, түйсік пен қабылдауды дамыту,
жоспарлауға үйрету, жұмыс нәтижесін ұғыну;
- адамгершілік тәрбиесі, ұжымдық тәрбие, өзара
көмек, еңбекке деген даярлық, бастаған ісін
аяғына дейін жеткізу, ересектердің еңбектеріне деген
жағымды көзқарасты қалыптастыру,
- дене тәрбиесі: денені дамыту, қимыл-қозғалыстарды
үйлестіру, қол қимылының дұрыс орындалуы,
құралдарды дұрыс пайдалану,
- сөйлеу тілін дамыту: сөздік қорды молайту, сөз
мағынасын нақтыландыру, толық және сатылы түрде
баяндау, сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын
қалыптастыру,
- эстетикалық тәрбие: жұмысты жылдам ғана емес,
дұрыс, әрі әсеме етіп орындауға тәрбиелеу,
материалдың, өнімнің әдемілігін сезіну және
түсіну, олардың ерекшеліктерін білу [23].
Еңбек
сабақтарына қойылған осы міндеттермен қоса,
түзете білім беру мекемелерінде оқушылардың ақыл-ой
қызметтерін түзетуге бағытталған арнайы міндеттер де
шешіледі. Түзету жұмыстары балалардың икемділіктерін
қалыптастыру жұмыстары арқылы көрінеді:
- ғимараттардың ішінде бағдар жасай білу, берілген
объектіні, жұмыс жағдайын талдау;
- өнімді жасау жұмысын алдын-ала жоспарлау;
- өнімді жасауда дәлдікті сақтау, жұмысты орындау
тәмсілі мен қажетті құралдарды анықтау, істелген
жұмыс туралы есеп беру;
- өз жұмысын бақылау; орындау жолының
дұрыстығы мен нәтижесін анықтау, дайын
өнімнің сапасын бағалау.
Еңбекке баулу
үрдісінде таным қабілетіндегі кемшіліктерді түзету
жұмыстары жүргізіледі; бақылау, елестету, сөйлеу,
кеңістікті бағдарлау және дене дамуы кемшіліктері, оның
ішінде қолдың ұсақ қимылдары. Еңбек
сабағы бастауыш сынып балалары үшін негізгі пән болып
есептеледі. Жалпы білім беретін пәндерде де еңбекке баулу
пәні арқылы оқушыларға күнделікті
тұрмыстағы істерді түсініп меңгеруді үйретеді.
Жұмыс
жоспарын жасағанда оқушыларға көрсетілетін
көмекті біртіндеп азайта отырып икемділіктерін қалыптастыру.
Жұмысты шапшаң орындау үшін табиғи үлгілерді
қолдану және бұйымның күрделілігіне қарай
макетпен, суретпен толықтыру қажет.
Даму
мүмкіндігі шектеулі балаларға тән кемшіліктерді түзету
мақсатымен, арнайы оқытуды тиісті әдістермен, сәйкес
мазмұнымен қамтамасыз ету қажет. Қол еңбегіне
үйрету үрдісі негізінен баршаға бірдей болу керек. Сонымен қатар
балалардың ақыл-ой дамуындағы ерекшеліктері, өз бетімен
еңбек ете білулерінің әр түрлі деңгейі олармен
жеке жұмыс жүргізуді талап етеді.
Бұл
талап қол еңбегі бағдарламасының мазмұнында
ашылып көрсетілген. Бағдарламада берілген тапсырмаларды
орындаудың күрделілігінің әртүрлі деңгейі
ескеріледі. Сонымен бірге төменгі сынып оқушыларын еңбекке
баулу жолында әрбір оқушымен жүргізілетін жеке жұмыс
түрлері ескеріліп, оқушының табысын бақылай отырып
оның талабы мен мүмкіншілігін анықтау. Даму мүмкіндігі
шектеулі балалар көп тапсырмаларды өз бетімен орындай
алмайтындықтан бастапқы кезде мұғалімнің
көмегі өте қажет. Бірақ мұғалімнің
көмегін оқытудың әр түрлі кезінде өзгерте
отырып, біртіндеп азайту керек.
Еңбекке
баулу сабағының тәрбиелік мәні де зор; бір-біріне
көмектесу, бірлесіп жұмыс істеу, жұмысты тез, әрі
әдемі, сапалы орындау.
Берілген
үлгілерді жасай отырып, балалардың істелген жұмыстарын
толық және анық түсінуіне жағдай жасалады,
қарапайым ұғымдарды меңгереді.
Демек, егер білім алу қажеттіліктері ерекше оқушылардың
білім іскерліктері мен қол икемділіктерін дамытуда еңбек
сабақтарында қолөнер элементтерін молынан пайдаланса дамыту
түзету-дамыту жұмысының нәтижесі арта түседі,
әрі ұлттық өнерді меңгереді.
Әдебиетттер:
1. Қазақстан Республикасы Президенті
Н.Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауы, 2003 жыл.
2. Бейнелеу өнері және сызу\Респ.
ғылыми - әдістемелік журнал, № 2006, Б.8-9 .
3. Өмірбекова М.Ш. Қазақ
халқының дәстүрлі өнері. А., - 2003.-200 б.
4. Төленбаев С., Өмірбекова М.
Қазақтың ою-өрнектерінің жасалу жолдары.-
А.:Қағанат ЛТД.- 2003.- 98 б.