Педагогические
науки/
5.Современные методы преподавания
Уахитова А.А.
МҚМ Қарағанды обл. балаларға
арналған психоневрологиялық дәрігерлік-әлеуметтік
мекеме Қарағанды қаласы, Қазақстан
Мүгедек балаларға дәрігерлік – әлеуметтік
қолдау көрсету мәселесі
Кез келген
мемлекетте мүгедек балаларға әлеуметтік-дәрігерлік
қолдау көрсету, денсаулықтарын нығайту жұмыстары
қарастырылған. Мүгедек балалардың мүдделерін
қорғайтын халықаралық деңгейдегі және
Қазақстан Республикасы аясында қабылданған
бірқатар заңды құжаттар олардың тең құқықтылығына
дәлел. Мысалы, «Балалардың
өмір сүруі, қорғанысы мен дамуын қамтамасыз ету
туралы дүниежүзілік декларациясында» (Нью-Йоркте 1990 жылы 30 қыркүйекте
қабылданды) келесі міндеттер қарастырылады:
1.
Балалардың тамақтануы мен
денсаулығын жақсарту шешімін тапқан, бірінші кезектегі
міндеттеме болып тапбылады. Күн
сайын ондаған мың ұлдар мен қыздардың өмірі
сақталуы мүмкін, себебі олардың қаза болу себептерін
жоюға болады.
2. Мүгедек балалар, сондай-ақ аса ауыр
жағдайлардағы балаларға ерекше назар аударып,
қамқорлық, қолдау көрсету керек.
3.
Негізгі білім
беру мен сауаттылықты қамтамасыз ету әлем балаларының
даму мүддесінде жасалған маңызды үлес болып табылады.
4. Барлық балаларға қауіпсіз әрі жағымды жағдайларда, олардың игіліктерін қамтамасыз етуші отбасы немесе қамқоршы ортада өздерін тұлға ретінде анықтау мен өз мүмкіндіктерін дамытуға мүмкіндік туғызылу керек. Олар еркін қоғамда жауапкершілік өмірге дайын болу керек [1].
Ал «Дене
шынықтыру
және
спорт
туралы» Қазақстан
Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы
№490 Заңының 12-бабы мүгедектерге арналған дене шынықтыру мен спорт туралы шараларды қарастырады.
Мысалы,
1. Дене шынықтыру
мен спорт мүгедектердi дене бiтiмi
және әлеуметтiк жағынан
оңалту құралдары болып табылады.
2. Жергiлiктi
атқарушы органдар мүгедектер үшiн арнайы дене
шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын,
сондай-ақ жалпы пайдаланудағы ғимараттарда дене
шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн
жағдайлар жасауды қамтамасыз етедi.
3. Ақыл-есi
кем және дене кемiстiгi
бар мүгедектердi үздiксiз
оңалту жүйесiндегi
дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануды
ұйымдастыру, кадрлар даярлау, әдiстемелiк,
медициналық жағынан қамтамасыз ету, мүгедектердiң
дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануына дәрiгерлiк
бақылау жасау, бiлiм
беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтiк
қорғау, дене шынықтыру және спорт органдарына
жүктеледi [2].
Қазақстан
Республикасы балалар құқықтары туралы Заңда (2002
ж., 8 тамыз, №345-ІІ) мүгедек баланың қоғам
өміріне белсене қатысуына ықпал ететін өз
қадір-қасиетін қамтамасыз ету жағдайындағы
толымды өмірге дені сау балалармен бірдей құқығы
бар; мүгедек балалар мамандандырылған балалар ұйымдарында
медициналық-әлеуметтік көмек алуға
құқылы делінген [3].
Әлеуметтік-медициналық
жұмыс – бұл денсаулықты қайта қалпына келтіру,
сақтау және нығайтуға бағытталған,
көптеген пәндердің негізінде қалыптасқан медициналық,
психологиялық және
әлеуметтік-құқықтық кәсіби
іс-әрекет түрі.
Әлеуметтік-медициналық жұмыстың мақсаты –
денсаулық деңгейінің максималды мүмкіндігіне қол
жеткізу, физикалық және психикалық ауытқушылығы
бар және әлеуметтік жағдайы нашар адамдармен жұмыс істеу
және оларды бейімдеу.
Кәсіби
әлеуметтік-медициналық жұмыс әлеуметтік қызмет
көрсетудің келесі мекемелерінде тиімді жүзеге асады, олар:
отбасы мен балаларға әлеуметтік көмек көрсетудің
аймақтық орталықтары; кәмелет жасына
толмағандарды әлеуметтік сауықтыру орталықтары; балалар
мен жасөспірімдерге арналған әлеуметтік жетімхана;
геронтологиялық орталықтар; әлеуметтік қызмет
көрсетудің стационарлық мекемелері (қарт адамдар мен мүгедектерге
арналған интернат-үйлері, психоневрологиялық интернаттар,
жетімдер үйі, физикалық жетіспеушілігі бар балаларға
арналған интернат-үйлері). Әлеуметтік-медициналық
жұмыскердің кәсіби іс-әрекетінің келесідей
негізгі бағыттары көрсетіледі:
1) жұмысқа қабілетті жастағы, бірақ
жарақат алған және мүгедек болып қалған,
қайта қалпына келтіру емін, шектеулі мүмкіндігіне орай
тұрмыстық ортаға бейімделуді, отбасы мүшелері мен
қоршаған адамдардың психологиялық қолдауын,
жаңа кәсіп пен жұмысқа орналастыру сияқты
әлеумметік көмекке мұқтаж адамдар;
2) созылмалы ауруы бар және жүріп-тұру мүмкіндігі
шектеулі егде жастағы адамдар;
3) құрамында созылмалы, инкурабельді (емделмейтін) ауруы немесе
мүгедек жандары бар отбасылар;
4) толық емес (әкесіз немесе анасыз), көп балалы,
қамқорлық, жас, аса мұқтаж, асыраушысын
жоғалтуына байланысты зейнетақы алатын және басқа да аз
қамтылған отбасылар;
5) ахуалы нашар, бейәлеуметтік
отбасыларындағы балаларды дер кезінде анықтау, туылған
күнінен бастап диспансерлік бақылауға алу, қиын немесе
психикалық дамуы артта қалған балаларды қажеттілігіне
қарай балабақшаға, шипажайға бағыттау аномальді
құбылыстардың (темекі шегу, алкоголизм, наркомания) алдын
алуға және әлеуметтік өмір процесіне салауатты
өмір салтының элементтерін ендіруге мүмкіндік береді [4].
Әлеуметтік-медициналық
іс-әрекеттің маңызды бағыты ретінде уақытша экономикалық
немесе әлеуметтік сипаттағы қиын жағдайға
ұшыраған адамдардың денсаулығын қолдауға
нақты мүмкіндіктер және қолайлы жағдай жасау
есептеледі.
Мүгедектердің
денсаулығын сақтау және әлеуметтік көмек
көрсету салаларында жүзеге асырыла отырып, әлеуметтік-медициналық
жұмыс қалыптасқан әдістерді қолданады.
Айталық, әлеуметтік қорғау жүйесінде –
әлеуметтік кеңес беру, әлеуметтік жәрдемақылар,
үйге әлеуметтік қызмет көрсету, стационарлық
мекемеде әлеуметтік қызмет көрсету, әлеуметтік
қызмет көрсету мекемелеріне күндізгі уақытта келуді
ұйымдастыру, уақытша баспана ұсыну және т.б
Денсаулық
сақтау жүйесінде – алдын алатын, сауықтыратын,
психотерапевтік және т.б. жұмыс түрлері жүзеге
асырылады.
Әлеуметтік -
медициналық жұмысқа жататындар:
-
әлеуметтік-медициналық көмекті
ұйымдастыру іс-шаралары;
-
әлеуметтік-медициналық сараптама
жүргізу;
-
мүгедектерді медициналық, әлеуметтік
және кәсіби сауықтыруды жүзеге асыру;
-
науқастың психикалық статусын
түзету;
-
әлеуметтік-тұрмыстық сауықтыру
жүйелерін жасау;
-
бір-бірімен байланысты мамандықтардың
мамандарының өзара іс-әрекетінде
жалғастырушылықты немесе орнын басуды қамтамасыз ету
және т.б. [4].
Қазіргі
қазақстандық қоғамда денсаулық сақтау
мен жалпы әлеуметтік жағдай салалары қиындықтарды
басынан өткеруде. Қоғамдағы өзгерістер
нәтижесінде мүгедек балалар ғана емес, жалпы
халықтың денсаулығының бұзылу қаупі бар.
Көп жағдайда төмен табыс денсаулықты
қолдауға, сақтауға мүмкіндік қалдырмайды.
Аталған
мәселе бойынша әлеуметтік-медициналық жұмыс
тәжірибесін денсаулық сақтау мен ғылыми зерттеулерде
кеңейте түсу қажеттілігі туындайды.
Әдебиеттер:
1. adilet.zan.kz/kaz/docs/Z020000343
2. law.delovoimir.kz/laws/view/
3.
http://kz.luchik.kz/konvencija_o_pravah_rebenka
4.
Денсаулық
әлеуметтік
құндылық
ретінде. Әлеуметтік
жұмыс: негізгі
түсініктер, категориялар, бағыттар. http//
studopedia.info/2-15292.html