Бижанова Мейрамгүл Сейлхановна

№8 дарынды балалар мектебі

            Ташаева Гүлмира Казгуловна 

№35 мектеп-лицейі

Критериалды бағалау – оқушының білім сапасын арттырудың тиімді жолы

Критериалды бағалау оқушы білімін нақты бағалау деп айтуға болады. оқушы білімін нақты бағалау қазіргі таңда өзекті мәселенің біріне айналып отыр. Бірнеше жылдар бойы оқушы көрсеткіші басқа оқушының көрсеткішімен салыстырмалы түрде бағаланды. Бағалаудың бәріміз үшін  мына түрі таныс: 2 («қанағаттанарлықсыз»), 3(«қанағаттанарлық»),4 («жақсы») 5 («өте жақсы»). 1 бағасы өте сирек қолданылуда. Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. [МАН, 107 бет]

Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:

• Мектепте оқыту сапасын жоғарылату;

• Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру. Критериалды бағалаудың міндеттері:

• Сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтау;
• Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;

• Жеке оқушының даму жетістігін бақылау;

• Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындау;
• Әр түрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзін жеткізу;

• Оқу бағдарламасының тиімділігін саралау;

• Сабақ үдерісі мен білім меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету.

Критериалды бағалаудың маңызы:

Мұғалімдер үшін:

• Сапалы нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыру;

• Сабақ берудің сапасын арттыру;

• Оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлау;

• Бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалану;

• Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізу.

Оқушылар үшін:

• Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалану;

• Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсіну;

• Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсу;

• Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсету.
Ата-аналар үшін:

• Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға;

• Оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады.
Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:

• Мұғалімге оқушының оқу жетістіктерін объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді;

• Оқушыларға оқу үдерісі барысында туындаған қиындықтарды түсінуге, бағалауға мүмкіндік береді;

• Ата-аналар оқушының оқу жетістіктер бойынша объективті дәлелдемелермен қамтамасыз етіледі;

Критерийдің мазмұны:

Бағалау критерийлері – оқытудың мақсатын және ара қатысын белгілеуге сәйкес белгі (сипаттама).

Дескриптор – жетістік деңгейінің сипаттамасы. Негізгі бағалауда барлық критерийлер   барынша қолданылуы керек.

·      Критерий оқушының жас ерекшелігіне,  бағдарламаға сай алынады.

·      Әрбір жетістік  балмен және дескриптор арқылы белгіленеді.

·        Тоқсан соңында әр  критерий бойынша  негізгі бақылаудан алынған  орташа балл есептелінеді.

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында критериалды бағалауды үнемі қолданып отыру оқушылардың білім сапасын арттыруға әсер етеді. Критериалды бағалауды сабақтың кез келген бөлімінде қолдануға болады. Шығарманы жазуда критерийді қолдану. Ол А, В, С деңгейінде беріледі. А (түсіну); В (талдау); С (стиль және тілді қолдану).

Шығарманы критериалды бағалау

А (ең жоғары ұпай -6)

Түсіне білуі

0

Тапсырма бойынша берілген критерийлерді орындай алмады

1

Шығарма жазған, бірақ тақырыпты аша алмады.

2

Шығарма жазған, бірақ жоспардан ауытқу бар.

3

Шығарма  тақырыбына сай, көптеген фактілер бұрмаланған.

4

Тақырыпқа сай келеді,бірақ  ойын баяндауда қателіктер кездеседі.

5

Жұмыс тақырыпқа сай, бірақ қажетті қорытындылар жасай алмады.

6

Жазба жұмысы өте жақсы, тақырып ашылған, өзіндік ой- пікірін орынды қолданған.

Шығарманы критериалды бағалау

В (ең жоғары ұпай -6)

Талдау, мәтінмен

жұмыс

0

Тапсырма бойынша берілген критерийлерді орындай алмады.

1

Оқушының сөздік қоры өте жұтаң , сөздердің орын тәртібі сақталмаған.

2

Сөйлемдері қысқа, сөйлемдер арасындағы байланыс сақталмаған.

3

Абзац тәртібі сақталмаған.

4

Сөздік қоры дамыған, бірақ сөз  қайталаулар  кездеседі, қосымша мәлімет аз.

5

Тіл  байлығы әдеби тіл нормасына сай, бірақ ой жүйесінде ауытқулар бар, қосымша мәліметтерді әлі қажет етеді.

6

Оқушының  сөздік  қорының кең екендігі байқалады.Сөз қайталаулар, орынсыз қолданылған сөздер кездеспейді.Ойы жүйелі.

Шығарманы критериалды бағалау

 

С

(ең жоғары ұпай -8)

СТИЛЬ және тілді қолдану

 

0

Тапсырмада  берілген  критерийлерді орындай  алмады.

1

10 орфографиялық, 6 пунктуациялық қате. Стилдік  біркелкілік  сақталмаған, сөйлем  құрылысы бір  үлгіде.

2

8-9 орфографиялық, 5 пунктуациялық қате. Стилдік  біркелкілік  сақталмаған.

3

7 орфографиялық, 4 пунктуациялық қате кездеседі.

Стильдік ауытқулар бар.

4

5  орфографиялық, 3 пунктуациялық  қате кездеседі. Стильдік ауытқулар бар.

5

4 орфографиялық, 2 пунктуациялық  қате кездеседі.  Стильдік ауытқулар бар.

6

3  орфографиялық, 1 пунктуациялық қате кездеседі.   Стильге сай жазылған.

7

2 орфографиялық, 1 пунктуациялық. Стильге сай жазылған.

8

 1 пунктуациялық қате кездеседі. Стиль бірлігі сақталған.

Бағалау шкаласы:

«5»  -  17 - 20  балл (100%-89%)

«4»  -  14 - 16  балл (75%-88%)

«3»  -  12 - 13  балл (61%-74%)

«2»   -  0 - 11  балл  (60%-дан төмен )

Бүгінгі таңда оқушы білімін критериалды жүйе бойынша бағалаудың өміршеңдігі мен ұтымдылығы дәлелденіп отыр.

Жеке тұлға тәрбиелеуде тіл құзыреттілігінің маңызы ерекше екені белгілі. Әлеуметтік топтарда, қоғамдық түрлі әлеуметтік орындарда тұлғалармен қарым-қатынас жасауды және әрекет етуді қамтамасыз ететін ана тілін және басқа тілдерді меңгеру – заман талабы.

Олай болса, білім алушының тіл құзыреттілігін жетілдіруге критериалды бағалау жүйесінің ықпалы өте зор.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.     Красноборова А.А. Критериальное оценивание в школе. Учебное пособие

2.     Мұғалімге арналған нұсқаулық «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» , 55-бет, 107-бет

Конец формы