Болашақ
педагог-психологтың интеллектуалдық құзырлығын
жетілдіру мәселесінің әдіснамалық ұстанымдары
ТИГУ
– магистранты Іркітбай Ғалым Бұлұтұлы
Ғылыми
жетекші п.ғ.к., Сарыбекова Қ.Н.
ХХI ғасыр
өркениеттің алға басуымен сипатталатын болса, ол әр
адамның жаратушылық болмысының нәтижесі.
ұлттың интеллектуалдық құзырлығы де
әр жеке тұлғаның интеллектуалдық деңгейімен
анықталады. Көптеген зерттеушілердің өркениеттің
өзін әр адамдағы интеллектуалдықтың болуымен байланыстыруы
осыдан. Белгілінің шекарасынан тыс ойлай алатын, мәселені
шешудің өзіндік, соны жолын таба білетін, заман талаптарына орай
өзін саналы түрде өзгерте алатын интеллектуалды адамдар
қазіргі білімнің идеалы, мұраты. Бұл жағдай білім
беру саласының алдына іргелі міндеттер жүктеп, білім сапасын
дамытудың жаңа қосымша көздерін іздеуге ынталандыруда.
Біздің зерттеу
ұғымдарымыз
«құзырлық», «интеллектуалды» одан туындайтын «интеллектуалды
құзырлық» түсініктерінің мәнін ашу мақсатында осы бағыттағы әлемдік, шығыс,
қазақ философиясындағы өрелi ойларға талдау
жасалды.
«Құзырлық» категориясы
педагогика үшін аса маңызды жалпығылыми
әдіснамалық ұғым болып табылады. Адамға
қатысты айтылатын бұл ұғымның философиялық
сөздіктегі түсіндірмесі адамның бойындағы «күш-жігер»,
«қайрат» деген сөздерімен мағыналас екендігін
көрсетеді. Басқаша айтсақ, адамның белгілі бір
мәселені шешу, нәтижеге жету үшін жұмсайтын қор,
ішкі мүмкіндіктер көзі. Ұғымды ең алғаш
тұрмыста қол жеткен нәтижелер мен болашақты екі бөліп қарастыру үшін
қолданысқа Аристотель енгізгені белгілі.
Құзырлығы жоғары мамандар - елестің,
интуицияның күшті қалыптасуымен, қалыптан тыс
өнімді ойлай алуымен, ойды интеллектуалдықпен іске асыра алуымен,
интеллектуалдық әрекет барысында ішкі күштерін жылдам
жұмылдыра алушылығымен
сипатталатын адамдарды айтуға болады.
«Интеллектуалдық» деген сөздiң мәніне үңілсек,
ол адамның мақсатты iсiне жету жолындағы талаптануы мен талпынысынан, жiгерi мен сабырынан,
сұранысы мен iзденiсiнен түзіліп, ақыл ойы
мен сезiмiнiң, қиялының ерекше бiтiмiнен
көрiнедi. Интеллектуалдық – адамның ойлауының және өз
бетiнше әрекетiнiң жоғарғы формасы. Дегенмен
интеллектуалдықтың объективтi және субъективтi
болатындығы белгiлi. Оның алғашқысы ғылымда,
зерттеулерде бұрын болмаған жаңалық деп танылса,
соңғысы субъектiнiң өзi үшiн жаңалық болып, оны әрі қарай
жаңа бастамаларға шабыттандыратынымен сипатталатыны мәлім.
«Интеллектуалдық проблемалық сипаты
бар, барлық ішкі байланыстарды біріктіретін, нәтижеде жаңа
материалдық және идеалдық құндылықтар
алынатын адамның мақсатты әрекеті» – деп философиялық сөздiкте түсiндiрiледi [1].
Қазіргі кезде интеллектуалдылық -
қоғамның өрлеуі мен тоқырауының индикаторы болып саналады. Бұл мәселені зерттеуде де
өрлеулер мен құлдыраулар болғаны белгілі. өйткені
интеллектуалдылық адам догмалар мен стереотиптерден арылған, өзгеше ойлаудың, кез келген мәселені
өзінше шешудің сипаты болғанымен, ондай адамның қалыптасу барысында
жұртшылық тарапынан әрқалай
көзқарастардың
болғаны, әлі де орын алып отырғаны
жасырын құбылыс емес әрине.
Философтар
шығыс аймақтардың философиялық жүйелерiнде
шығыс адамының белсендiлiгi оның тiкелей адамға
бағытталғандығымен ерекшеленетіндігіне ерекше назар аударады.
Адам өзiн және өз қабiлеттерiн дамыта отырып,
табиғи жүйенiң жетiлген формасына дейiн көтерiледi
және адам мен әлем, табиғат заңдылығы мен
табиғи ортаның болмысы арасындағы үйлесiмдiлiктi
сақтай отырып, табиғаттың қалыптасуына өз
ықпалын тигiзетiндiгi айтылады. Осы ойларды тарқата кетуді
қажет еттік.
Шығыстың
ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби тұлғаның
өз әрекеті мен оның қалыптасуы жөнінде сындарлы
тұжырым қалдырған - шығыстың ұлы ойшылы.
Оның сана (ойлау) туралы iлiмiнде
сана сарқылмайтындығымен сипатталып, ол
құзырлықтене отырып, бардың мәнiн түсiнуге
әкеледi деген ой айтылады. Оның «Бақытқа жол сiлтеу»
атты трактатында адамның өмiрден кеткеннен кейiнгi баянсыз
бақыты туралы емес, тiрi адамның бақыты туралы сөз
етiледi. Оған жету үшiн адам өзiн-өзi жетiлдiруi,
қиын жолдардан өтуi тиiс екенi көрсетіледі. Сондықтан бақытқа барар
жолдардың бiрi - адамның интеллектуалдық жағынан
қалыптасуы екенiне тоқталады. Бұл еңбектегi бiз
үшiн маңызы бар мәселе - ойдың, интеллектiнiң
қалыптасуы логикалық жаттығулар мен сабақтар
нәтижесiнде жүзеге асады, тек солар арқылы адам айналадағы
ақиқатты танып бiледі, жетiледi, адамның
интеллектуалдық құзырлығы де жоғарғы ойлау
әрекетінде және оны ұдайы жаттықтыру барысында іске
қосылып, өз өнiмiн беретiндігі турасындағы
тұжырымы дәлел [2].
Өз заманында
сан алуан ғылым салаларын меңгерген ғұлама ақын
Жүсіп Баласағұн өзінің «Құтты білік»
атты дастанында жан-жақты дамыған адамды сипаттауда «толық
пішімді» ұғымын қолданып, оған жетудің бірден-бір
жолы ғылым мен білім екенін атап көрсеткен. Адамның
ақыл парасаты барлық нәрсенің мән-мағынасын
түсінуге қабілетті деген пікірі айтылған [3].
Қазақ
халқының бүкiл ұлағатты мәдениетi тарихында үлкен орын алатын ұлы
ақын Абай Құнанбаевтың бiздiң зерттеуiмiз
үшiн зор мәні бар ойларының бірі – адамдардың
әртүрлiлiгi және кісілік жайлы пікірлер. Оның «Адам бол» деген шығармасындағы
негiзгi философиялық ойда адамның өз орнын табуының
маңыздылығын айта отырып, әр адам ішкі мүмкiндiгiн iске
қосып, өзiн жетiлдiре алады және жетiлдiруi тиiс екендігі
аталып өтіледі. Сонда ғана жаратылысынан өзiне берiлген
орынға сай келетіндігіне ерекше назар аударылады. Бұл үшiн оған жол сiлтеу,
бағыт беру қажеттiлiгi оның барлық
шығармаларының негізгі лейтмотиві деуге тұрарлық [4].
Мысалы ақынның терең философиялық шығармаларының бірі - 43 қара сөзінде келтіреді: онда адам баласының екі нәрсемен:
тән және жан қуатымен адам екенін, оның ішінде жан
қуатын ерекше бөліп
атап, әуелде оның кішкене ғана болатынын, ескеріп
баққан адам оны үлкейтіп, ұлғайтып, зорайтатынын,
ал ескерусіз қалса, ол қуаттың қайсысы болса да
жоғалады делінген [4]. Біздің
зерттеп отырған интеллектуалды құзырлық та жан қуатына жататын құбылыс,
оның өсіп сол
адамның өз қажетіне жарауы тек кісінің сол асылды аршып ала білуі, қаншалықты іске қоса
алуына байланысты деген тұжырымға келдік.
Халқымыз аққан жұлдызға
балаған ғалым, этнограф, саяхатшы Ш.Уәлиханов адамды
табиғаттың өзгеруiне байланысты өзгеретiн
биологиялық тiршiлiк деп қарайтын антропологиялық
материализмге қосылмайтындығын атап өтеді. Адам
табиғаттың бiр бөлiгi болғанымен одан
айырмашылығы онда (адамда) бiлiм бар. «Бiлiм – миға, жүйкеге
әсер ете отырып, адамды өзгертедi. Сондықтан адам бiлiм ала
отырып, табиғаттан тәуелсiз бола алады», – деген пікірі дәлел
[5].
Қазақ ағартушыларының
көрнектi өкiлi Ыбырай Алтынсарин арнайы философиялық
тақырыпта еңбек жазбаған, дегенмен оның
ағартушылық шығармаларында дүниетанымдық ерекше
пiкiрлер болғаны белгілі. Ол уағыздаған «Өнер, бiлiм
бар жұрттар» атты өлеңінің басты идеясы халықтың
өркендеуi, оның өркениетке ұмтылуы деген насихат едi. Мұндай үндеу
егемендiктi ендi алып жатқан елiмiздiң қазiргi күнгi де
басты ұрандарының бiрi болуы тиiс екендiгi бiлiмге қатысты
барлық мемлекеттiк құжаттарда көтерiлiп келедi.
Интеллектуалдық - бiлiмдi адамдар жететiн биiктiк. Демек бұл
ойлардың өзектiлiгi жойылған жоқ [6].
Осы философиялық ойдың заңды
жалғасы С. Торайғыровтың мына бір өлеңінде
байқалады десек қате болмас:
Шығамын тірі болсам адам болып,
Жүрмеймін бұл дүниеде жаман болып.
Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе?
Жүргенше өмір сүріп надан болып [7].
Дәл осы шығарманы бүгінгі
күннің адамға деген сұраныстары тұрғысынан
қарастырар болсақ, «адам болу» бұл жерде көптің
бірі болып қалмау, артында із қалдыру деген философиялық
тұжырымға сәйкес келеді деген болар едік.
Интеллектуалдылық болу да ақын көксеген
«адамдықты» аша түсетін сипаттаманың бірі екендігіне
көз жеткізуге болады.
Белгілі философ Кiшiбеков Д. – интеллектуалдыққа, оның
негізі болатын құзырлыққа байланысты шығыс
философиясындағы ойларды шығыстық менталитетке қатысты
пікірмен аяқтау дұрыс секілді. «Менталитет» деген ұғым
бiзге Батыс елдерiнен келгенiмен оның негізгі түбiрi латын тiлiнен алынып, жеке адамдардың,
не топтардың «ақылының» сапасы мен саналық
қабiлетiн, күшiн, ақылдың бастауын, мазмұнын,
құрылымын, ойлау түрiн, бағытын, сондай-ақ
мүмкiндiгiн бейнелейдi деген ойды айта келе, қазақ
менталитетi көшпендi елдiң ерекшелiгiне сай
қалыптасқандығына тоқталады. Дегенмен әлемде өзгермейтiн ешнәрсе жоқ.
Менталитет те сол заңдылықтан тысқары тұрған
құбылыс емес болғандықтан, тегінде талантты
ұлтымыздың қазiргi өкiлдерiнде нарықтық
қоғам талап етіп отырған iскерлiк, әрекет ете білушілік,
тапқырлық яғни интеллектуалдық деңгейлерi дамып
келе жатқандығын атап өткен [8]. Интеллектуалдық
әрекеттің мәні мен оның жан қуаттарымен
байланыстылығы ертедегі
философтардың еңбектерінен бастау алады. Бұл жайлы адамның интеллектуалдықпен өзін-өзі жетілдіру идеясын ең
алғашқылардың бірі болып ұсынған Гераклит
өз оқушыларына интеллектуалды тапсырма ретінде өздерін
зерттеуді тапсырған.
Ал Сократ әр
адамның тұлға ретінде жетілуіне ерекше мән бере отырып,
«интеллектіні» жетілдіру, қабілеттерді жетілдіру оқытушының
басты міндеттерінің бірі деп есептей отырып, оқушыларға дайын
ұсыныстар бермей, «ақиқатқа жетуді» өздеріне
тапсырып отырған. Бұл «сократтық әдістің»
қазіргі уақытта да құндылығы жоғары
екендігін білеміз. «Өз рухын өзіне қарату» идеясын әрі қарай белсенді
түрде дамытқан ойшылдардың
бірі - Платон. Оның философиялық идеяларындағы
педагогикалық ойдың түйiнi – адам өзi белгiлеген
биiктiктерге жетуi үшiн алдымен өзiнiң интеллектуалдық
идеяларымен үйлесiмдiлiк табуы қажет екендiгi жайлы пікірі
дәлел [9].
ХIХ ғасырда интеллектуалдық мәселесі немістің
классикалық философиясында әрi қарай дами түседi. Оның көрнекті
өкілдерінің еңбектерінде адам интеллектуалдықтың
субъектісі деген тұжырымдаманың негізі қаланып,
танымдық әрекеттің интеллектуалдық сипатын
түсінудің жаңа кезеңі басталады (И.Кант,т.б.);
интеллектуалдықтың мәдени-тарихи детерминациясы негізделді
(Г.Гегель, И.Г.Фихте, И.В.Шеллинг т.б.); интеллектуалдықтың
адамның өмірлік әрекеті мен әлеуметке
қатыстылығының байланысы ашылды (Л.Фейербах). Өзіне
дейінгі көзқарасқа қарағанда И.Кант
интеллектуалды адамды сипаттауда, оның белсенділігіне көңіл
бөліп, танымдық белсенділігі жоғары субъект деген пікір
айтады [10].
Канттың осы айтқан пікірін дамыта
отырып И.Г.Фихте философия тарихында алғаш рет интеллектуалдық
теориясын әрекет теориясы ретінде қарастыруды ұсынды.
Интеллектуалдық үрдістің
тетіктерін терең зерттей отырып, ол
интеллектуалдылық субъект өзінің әрекетінің
өнімі деген ереже қалыптастырады [11]. И.Г.Фихтеден
кейін Ф.В.Шеллинг интеллектуалдықты тірі
организмнің диалектикасы деп санап, саналы
және санадан тыс
интеллектуалдық бастамаларды зерттеп, интеллектуалдық жаңалық
ашады дегенмен оның белгіліден бастау алатынын алға
тартады [12]. Интеллектуалдық мәселесінің
қалыптасуына ерекше үлес қосқан философтардың
бірі Л.Фейербах болды. Ол интеллектуалдыққа антропологиялық
тұрғыдан қарап, оны адамның жеке қасиеттерімен
байланыстырды. Ойшыл интеллектуалдықты тек қана адамның
өз белсенділігі, күші мен ерік-жігері және еркіндігі деп
қарастыратын идеяға негізделген тұжырымдаманы ұстана
отырып, адамның ішкі қуаттары мен құзырлығы
туралы мәселе көтереді [13]. Бұл идея қазіргі
уақытқа дейін интеллектуалдыққа қатысты
зерттеулердің негізі болып отырғаны белгiлi. Біздің
зерттеуімізде де осы идея
басшылыққа алынады.
XIX-XX
ғасырларда ойшылдар арсында әр адамның бойында
интеллектуалдыққа бастайтын негіз болатындығы жайлы
көзқарастар айтыла бастайды. Сондай ойдың иесі
интеллектуалдық жайлы өзіндік пікір қалдырған
А.Шопенгауэрдің тұжырымдамасында адам ерік пен интеллектінің
иесі ретiнде қарастырылады. Оның назарына адамның
субъектілігінің сезімдік астарларынан гөрі ерік күші
көбірек ілігеді. Философтың ойынша интеллектуалдық
әрекет ететін адамдар – дарынды адамдар. Ал дарындылықтың
ең жоғарғы көрінісін ол даналық деп есептейді.
Бұл қасиеттің сақталуы
және дамытылуы қажеттілігіне баса назар аударады [14]. Осы оймен сабақтаса
айтылған Ф.Ницщенің пікірінше, интеллектуалдық
қабілеттілік ешкімге ұқсамайтын, ерекше адамдарға
тән сапа. Ол өз философиясында интеллектуалдылық адамдар
айрықша жаратылғандар екенін атап өте отырып, дегенмен
«интеллектуалдық біздің құзырымызда: біздің биік
мақсаттар мен құндылықтарымызды құра
алуымызда», - дейді. Ф.Ницщенің адамның өз мақсатын,
өмірінің мәнін анықтауы оның
интеллектуалдылығын туындатады деген ойы сол уақыт үшін аса
құнды пікір еді [15]. Бұдан адамның барлық
өмірі интеллектуалдық әрекеттен тұрады деген
қорытынды жасауға болады. Осылайша XIX ғасырдың аяғына қарай
интеллектуалдық мәселесі қоғамдық санада берік
орын алып, адамның даралығы, оның ақыл-ойын
интеллектуалдық қабілеттерін жетілдіру, интеллектуалдық
құзырлығын іске қосу мәселесі көкейтесті
мәселелер қатарынан орын алғаны белгілі болды. Қорыта
келе философиядағы адамның қалыптасуы жайлы идеялар мен
ғылыми еңбектерді талдай отырып, олардың өзін-өзі тану, өз бетінше
білім алу және өзін-өзі тәрбиелеуден бастап, өз
интеллектуалдық құзырлығын жетілдіруге дайын болуы жайлы зерттеулердің бағыты
«Мендік» философияға негізделгендiгiне
көз жеткiзуге болады. Ол еңбектердiң өз кезiнде
келелi мәселелердi көтергендiгiн және олардың қазіргі уақытта да
маңызының зор екенін көрсетедi. Мұндай
позицияда адамға айналаны белсенді өзгертушінің ғана
емес, өзін-өзі өзгертушілік роль беріледi
деген қорытынды жасауға негіз болды.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1 Философиялық сөздік
«Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы. -1993. -356 б.
2 Әл-Фараби Философиялық
трактаттар. Алматы. – Ғылым. 1973 .
3
Баласағұн Ж. Құтты білік. (аударған
А.Егеубаев) Алматы. –1986. -87 б.
4 Абай. Шығармаларының 2 томдық
жинағы. А: Жазушы. -1995. – 335 б.
5 Сегізбаев О.А Қазақ
философиясының тарихы. – А: Ғылым.-1999 –200 б
6 Алтынсарин Ы. Таңдамалы
педагогикалық мұралары. 1991. -185 б.
7 Торайғыров С.
Таңдамалы шығармалар. А: Жазушы - 1985 . – 241 б.
8 Кішібеков Д. Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең. -
А: -1999. -200 б.
9 Аристотель.
Сочинения. М.: Изд. –Мысль, -1976. Т.1. -550 с.
10 Кант И. О педагогике // Кант И. Трактаты и письма. М.: -1980. – 210 с.
11 Фихте И.Г. Избранные сочинения М.: -1961.
–Т.1. -369 с.
12
Шиллинг Ф.В.Система трансцендентального идеализма.М:-1907.-457 с.
13 Избранные философские произведения.Т.2.М.:
-1996. -546 с.
14 Шопенгауер А. Свобода воли и нравственность. –М.: 1992. -448 б
15 Ницше Ф. Мысли о моральных
предрассудках-Свердловск,-1991.-303 с.