ДРЕСС КОД – МӘДЕНИ ФЕНОМЕН

 

Альмуханова Салтанат

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 2 курс магистранты

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы

 

Қазіргі заманның белсенді адамы барлық жағынан жаңа белестерге ұмтылады. Олардың өмір сүру салты, киім киісі, өзін - өзі ұстау әдебі не болмаса өмірлік ұстанымдары да басқаша. Кейінгі кезде өркениетімізде «дресс код» ұғымы пайда болды. Саналы азамат бүгінгі күні сырт келбетіне үлкен мән береді. Олар киім таңдауда бірінші, бұл киіммен қай жерге қандай мақсатпен баратынын, және ауа райы мен жыл мезгіліне қарап, ойша саралап барып таңдайды. Бұл жерде «дресс - код» ұғымын дұрыс түсіну маңызды.  Киім көнеден адам беделінің, оның тума тіршілігінің, материалдық жағдайының хабаршысы болып келеді. Бірақ дресс – код түсінігінің өзі жақында Ұлыбританияда пайда болды, және бүкіл әлемге тез тарады. XIX ғасырдың басында ақсүйектік мәнерлер үстемдік етті, бірақ Алғашқы дүниежүзілік соғыс біткеннен кейін үлгі бірлестігінде ыңғайлық пен қарапайымдылық атты түсініктемелер пайда бола бастады. Тек Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана стиль өзгерді. Адамдар түрлі – түсті, ашық түсті киімдерді кигілері келді.                                                                          Америкада рок–н–ролл атақты болды, онымен қоса соған сай киім үлгісі пайда болып, тіпті өмірді де бүтіндей жаулап алды. Жұмыскерлер мен жұмыс берушілер арасында сыртқы киімге байланысты үлкен дау – дамай көтерілді. Жұмыс берушілер мұндай соқтығысты тек 70–ж қойдыра алды. Оның шешімі қатал, қатаң, бірлестік дресс – кодының пайда болуы еді. Нәтижесінде ол осы күнге дейін дамып келеді. Қазіргі әлемде дресс – код күнделікті құбылыс болып, ресмилік статусқа ие болды. Әдемі және дұрыс киіну де өнер. Туылғанда барлығына бірдей стильді сезу мүмкіндігі берілмеген, дегенмен ықылас білдіргенге дресс – код шеберлігін үйреніп алуға болады[1].                                                                                                             Дресс код (ағылшын сөзі dress code - киім кодексі) - арнайы іс - шара мен мекемеге арнап киілетін киім формасы, яғни, белгілі бір іс - шараларға бару кезіндегі қажетті киім үлгілері. Бастапқыда адамның киіміне қарап, белгілі бір ортаға бағынышты екенін білдіру үшін осындай киімдер тігілген. Арнайы компанияға тән дресс код, сол бірлескен ұйымның жалғасы іспеттес: лауазымы мен қызметіне қарай киінген қызметкер жұмыс орнының немен айналысатынын, сондай - ақ мәдениеті мен тазалығын, ұйымшылдығын бір киіммен көрсетуге септігін тигізеді. Мұндай ұйымдар дресс код тәртібін бұзған жағдайда арнайы жаза қолдануға дейін барады. Дресс кодты басқаша формальды стиль деп те айтуға болады.                                                                      Формальды стиль - тұтынушылар немесе тапсырыс берушілермен жұмыс істейтін қызметкерлерге міндетті стиль. Ол сырттан келген адамдармен байланыс орнату барысында, ұйымның ішкі жағдайын көрсете алады. Әйелдер үшін формальды стильге жылтырақ пен кестелері жоқ қарапайым костюм, жабысқан етек (юбка), ішінен жіңішке кофта немесе жеңсіз топ киіледі. Образға әшекей енгізуге болады, бірақ оның үйлесімі мен мөлшерін қадағалау қажет. Аяқ киімнің міндетті түрде басы жабық, аласа өкшелі болуы шарт. Ал ер азаматтың формальды стилі былай сипатталады: түсі қараға жақын костюм, галстук, жиде (рубашка). Белдік пен аяқ киім де сондай қара түстен болғаны дұрыс. Шұлықтың да түсі костюм түсімен бірдей болғаны жөн. Себебі, ер адам отырып тұрғанда, шұлық міндетті түрде көрінеді. Ер азаматтыңбұлобразынақарабылғары портфель кереметқосымшаболады.                                                                                                   Кешкі шараға свитер мен джинсы киген жағдайда, ыңғайсыз жағдайда қалуыңыз әбден мүмкін. Керекті жағдайда киіп, орынсыз жағдайда кимеу керектігін анықтайтын -дресс - код. Ұйымдарда, маңызды шешімдерді қабылдауға байланысты болатын жиындарда,киім үлгісіне ерекше мән беріледі (мысалы, істік келіс сөздерде), қызметкерлердің жетістікке қолжеткізулеріне сыртқы кейіптері әсере теді. Көбіне офис қызметкерлеріне белгілі-бір киім стилі мен рұқсат берілмеген киім үлгісінің тізімі (мысалы: шорттар, «топиктер», жағасыз көйлектер, шлёпанцы, кроссовки ) регламенттеледі. Ең қатал дресс - код бірлестігін банкттер мен мейрамханаларда көруге болады. Киім бизнесті дамыту құралы болып, өзінің сипаттамасын «дресс - кодта» табады. Дресс - код мәдениет бірлестігі мен компанияның имидж бірлестігінің құрамасының бірі болып саналады[2, 25].     Үлкен ұйымдар бүгінгі күні қызметкерлердің сыртқы образын қатаң қадағалайды. Әсіресе, маңызды кездесулер мен жиналыстарда оған қатысушылардың сыртқы түрі өте маңызды. Тіпті іскерлік сұхбатқа келген адамның, бірінші кезекте, сыртқы келбетіне қарайды.Кейбір беделді ұйымдар ұйым жарлығына немесе еңбек келісім - шартына дресс кодты арнайы бөлім ретінде енгізеді.                                                                   

Адамдардың сөйлесу барысында байланыс 60тан  80%-ке дейін сөз арқылы жетеді және ақпараттың тек 20–40% ауызша болатынын психологтар дәлелдеген. Алғашқы әсерді қалыптастыру үшін 30 секундтай кетеді, және басым бөлігі киген киімге назар аударады.                                                                 Егер сіз тұтұнушымен алғаш кездесетін немесе сухбаттасуға баратын болсаңыз, ең маңыздысы – сіздің сыртқы әлпетіңіз. Өйткені сіздің кәсіптілігіңіздің және өзіңіз көрсететін компанияның байыптылығы, сіздің сыртқы кейпіңізбен бағаланады. Сыртқы кейіп сенімділікті туғызып, жетістікке күәлік береді. Қарап отырсаң, өте оңай шешім - бар болғаны дұрыс киіну. Бірақ шындығында дұрыс киіну, барлық ерекшеліктерді сақтау - оңай істерден емес.                                                                                                       Дресс – кодтың арқасында алдымызда мешіт имамы, әскер қызметкері немесе бас аспазшы тұрғанын біле аламыз. Басқа да күрделі «кодтаулар» бар. Мысалы, дәстүрлі шотландық кілт арнайы тартан суретін әшекелейді, Ұлыбританияның осы бөлігіндегі  60 қауымының әр қайсысына бірегейлі. Шотландықтар тартандарды жатқа біледі, және кездесу барысында сөйлесушінің қандай қауымнан екенін дереу анықтайды. Шотландықтар отбасылық салтанатты кештерге және ресми қабылдауларға киеді. Тек соларға және әуескерлеріне, ирландықтарға ғана ағылшын әйел патшасының қабылдауында жалтыраған тіземен баруға рұқсат берілген [ 3].                                       Дресс – код көп бұрышты, сондықтан әр адам өмірінде бір рет болса да онымен соқтығысады. Көбінесе дресс – кодқа сәйкес келу қажеттілігі мегаполис тұрғындарын тығырыққа тірейді. Біз де оны белсенді түрде тек бірнеше жыл бұрын айтып бастадық, компаниялардың басым бөлігі өз қызметкерлеріне киім үлгісін таңдау кезінде, шараларды ұйымдастырушылар таңдамалы нұсқауларды көрсету барысында, қатысушылардан талап етілгені белгілі түрдегі салтанатты киім таңдауда еді. Дресс – код ұстану бизнес қоғамында болғандай, ойын – сауық шараларда да жақсы үндестік болды.            7 секунд! Осы уақыт ішінде адамның сыртқы бейнесіне қарап, оның мансап жолындағы тағдырын шешуге болады екен. Бар болғаны 7 секундтың ішінде сіз туралы пікір қалыптасады: білікті немесе надан, жинақы немесе салақ, өзіне сенімді немесе сенімсіз, тәрбиелі немесе көргенсіз. Тек жақсы жағынан көріну үшін, әрине, сыртқы келбетіңізге мән беру қажет. Егер шашыңызды жайып, тым қысқа қызылды – жасылды көйлек киіп, ерінді қызылға бояп барсаңыз, қызметтен құр алақан қалуыңыз мүмкін. Өйткені, іскерлік сұхбатты ер адам өткізсе, сіздің бейнеңіз оған ыңғайсыздық туғызуы ықтимал. Ал кездесуді әйел адам жүргізсе, ол абыржып, сізді жұмысқа қабылдаудан бірден – ақ бас тартуы мүмкін.                                                            Ендеше барлық нәрсе сыртқы келбеттен бастау алады. Олай болса, бір көргеннен өзіңіз туралы жақсы пікір қалдыру үшін, баратын ұйым жайында ақпарат жинап алыңыз. Мүмкіндігіңізше, ондағы қызметкерлердің әдетте киетін киімі туралы анықтаңыз. Соған орай, киіміңізді ыңғайластырыңыз. Киген киіміңіздің қарапайымдылығына мән берген дұрыс. Ол денеңізге қонымды, әрі шақ болсын. Басты қағида осы.                                                    Киім мәдениетінде шектеулерді енгізу қызметкердің өзін тәртіптілікке, жұмысқа бейімделтіп, адамның статусын анықтап, ұжымның бір команда екенін сездіртеді, әртүрлі түсінік негізінде шығатын қайшылықтардың алдын алады. Киім адам өзін қалай сезінсе, солай әсер етеді, және бұл оның жұмыс нәтижесінен байқалады. Киім үлгісі көбінесе адамның мінез – құлқын анықтайды. Егер дресс – код –бірлескен имидж бөлігі болса, онда имидждың өзі компания философиясында құрылады: оның міндетті тапсырмасы, құндылықтары, және олар жетуге тырысқан мақсаттары.                                        Дресс - код - іскерлік имидждың құрылу жолы, өз орнында серіктестер қосуға, тәртіптілікті орнатуға және нәтижесінде қызметкердің айлығын көтеруге себеп болады.                                                                                    Дресс - код - дегеніміз қызметкердің қай саладағы маман екенін көрсетіп, хабарлайтын белгілік жүйесі. Сондықтан, дресс кодтың семиотикалық аспектісі киім үлгісіндегі имидж болып табылады. Дресс - код корпоративтік имидждің ғана емес, корпоративтік мәдениеттің де маңызды атрибуты болып табылады. Осыған орай, ол кез-келген ұйымның деңгейі мен кәсіби имиджына ғана емес, сонымен қоса тәртіп пен біртұтас, ұйымшыл топтың құрылуына әсер етеді.                  

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. http://massaget.kz/bastangy/sn/156

2. Туркенич Н., Кодекс стиля. Справочник делового дресс-кода. Изд-во: Этерна, 2010. 184 стр.

3. http://dress-code.org.ru/dress-code/