Право/9.Гражданское право
Абиев Е., Ю-31к тобының студенті
Ғылыми жетекшісі: заңтану магистрі, аға оқытушы
Адильбекова К.К.
Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық
Университеті, Қазақстан
ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ БАҒЫТЫНДА
ҚҰҚЫҚТЫҚ
ҚАЙНАРЛАР МЕН БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ
ҚОҒАМДАҒЫ БЕЙНЕСІ
Конституция жеке
тұлғалардың қоғам мен мемлекет арасындағы
ең жоғарғы әлеуметтік мәнге ие болатын,
құқықтар мен бостандықтарды, сонымен қатар
қоғам өміріндегі теңдікті айқындайтын заң
нормасы. Заңдылықтың қоғам үшін
қажеттілігі, азаматтарға жалпы қоғамдағы
атқаратын қызметтері мен басымдылықтарын білуге және
басқаруға, дамытуға атсалысу үшін маңызы зор.
Конституцияда жазылған нормалар адамдардың материалдық
және рухани құндылықтарын қалыптастыру жолында
экономикалық-әлеуметтік аспектілерді қарастырады,
жетілдіреді, дамытады.
Конституция -
қоғам қатынасында мемлекеттің
құқықтық жүйесінде ең
жоғарғы нормативтік күші бар, референдум (жалпы
халықтық талқылау) арқылы немесе заң
шығарушы орган, яғни парламентпен қабылданатын
құрылтайлық дәрежеге ие болатын заң нормасы болып
табылады. Конституциялық заң нормасындағы әлеуметтік -
құқықтық нормалардың жиынтығын
мазмұны негізінде теориялық және тәжірбиелік
тұрғыдағы өзіне тән ерекшеліктерін келесідей сипаттауға
болады:
- Конституция тікелей
қолданылатын заңды құжат. Барша мемлекет
аумағындағы органдар мен азаматтар Конституциялық нормаларды
қоғам өмірінде құқығы мен міндетін
жүзеге асыру үшін қолданады;
-
Конституцияның ең жоғарғы нормативтік -
құқықтық күші бар, яғни мемлекетте
қабылданған басқада нормативтік заңдар мен
заңға бағынышты актілер Конституциялық
нормалардың негізінде сілтеме жасалып, қалыптасуы тиіс. Бұл
тұста, өзара қайшылықтар бейнесін тапқан
жағдайда ата заңымыз Конституция іс жүзінде өзіндік
күшін жоғалтып алмауы тиіс;
- Конституция
мемлекеттегі конституциялық құрылым, адам
құқықтары мен бостандықтары, биліктің
қалыптасқан тармақ жүйесі секілді, ең
бастапқы әлеуметтік, экономикалық, саяси және
құқықтық қатынастарды реттейді[1].
Мемлекет өз
тарапынан, қоғам үшін Конституциялық нормативтік
заң арқылы, бекітілген құқықтардың
маңыздылығы, мемлекеттің демократияалық,
құқықтық және әлеуметтік
нормалық құндылықтарын ашуға және
жүзеге асыруды қамтамасыз етуге негізделген. Азаматтардың
жалпы заңдық құқықтары мен
бостандықтары Конституциямыздың «Адам және азамат»
бөлімінде кепілдік берілген. Азаматтардың әлеуметтік
құндылықтарын жетілдіру жолында Конституцияның «Адам
және азамат» бөліміндегі баптар мен тармақтар
жоғарғы мәнге ие. Конституцияның 1-бабының 2 тармағында белгіленгендей, мемлекет
қызметінің түбегейлі қағидаларының бірі аса
маңызды мәселелерді референдум арқылы, яғни демократиялық
әдіспен және парламентте дауыс беру арқылы шешу болып
табылады[2].
Еліміздің ата
заңы - орнықты әлеуметтік даму мәселелерін табысты
шешудің жарқын үлгісін тауып келеді. Еліміздің
экономикалық қуаттылығы толысып, қанатының
қатаюы, халықтың әлеуметтік жағдайының күн
өткен сайын жақсарумен бірге өз елімізде және
әлем кеңістігінде болып жатқан өзгерістерді дұрыс
бағалап, өмір сүру өлшемінің артуы
әлеуметтік тұрғыда жаңа белеске өтуімізді
бейнелейді. Менің ойымша,
әлеуметтік саясаттың
ең бастысы және бірегей бастамасының әсерлі
қағидасы ретінде
адамдардың теңдігі, заңдылықпен кепілдендіріліп
және айқындалған, ұлттық қатынасындағы
бағытында болсын, діни көзқарас қатынасындағы
бағытында болсын, сонмен қатар, басқада қатынастар
жиынтығында да бейнесін табу керек. Қоғам кез келген мемлекеттің басты
құндылығы болады, себебі, мемлекет қоғамсыз еш
қалыптаспайды және тіпті экономикалық
және саяси тұрғыдағы түрлі әрекеттерді
жүзеге асыра алмайды. Қоғам өмірінде адам үшін
ең басты құндылық болып денсаулық, білім,
еңбек ету жағдайы болып табылады, сондықтан мемлекет өз
тарапында адам қажеттілігін қанағаттандыратын жағдай
үрдісін қалыптастыру қажет. Бұл мемлекеттің
әлеуметтік саясатының тұрақты және жақсы
дамуға негіздейтін кілт көзі десек, бұл ретте
азаматтардың қажеттілігінің басымдықтары: 
Тәуелсіздік
алған жылдардан бастап Қазақстан Республикасы, басқа
жүздеген жылдар бойы мемлекеттігін қалыптастырып келе жатқан
елдер деңгейінде салыстырғанда, әлеуметтік
қызметтің байыпты өрлеуінің жоғарғы
белесіне жете білді және өрлеу жолында аса жоғарғы
мәнге ие болып, дамудың жаңа бағытында тырысып келеді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев, әдеттегі жыл сайынғы
стратегиялық жолдаулар үрдісінде, әлеуметтік
бағытындағы мәселелер жиынтығының
басымдылығына, халықтың тұрмыс деңгейінің
өлшемі басты көрсеткіш болатындығын және сол
арқылы бейнесін табатындығын бірнеше мәрте айтқан
болатын. 2012 жылдың «Стратегия - 2050» қорытындысы негізінде
қарайтын болсақ, қазақстандықтардың
кірістері он алты есеге
жоғарлаған, орта айлық есеп көрсеткіштегі
еңбекақы мөлшері тоғыз есе артқанын көрсек,
жұмыссыздардың саны екі есеге қысқарғандығын
байқаймыз, орта зейнетақы есеп көрсеткіш мөлшері он
есеге көтерілген десек, ең төменгі жалақы
көрсеткішіндегі еңбекақы алатын азаматтардың жеті есеге
кемігендігін байқаймыз. Сонымен қатар, он бес жыл аралығында
білім беру жүйесіндегі жаңғырту бағдарламасы
жүзеге асып келеді. Аталған жылдар ішінде, оның
шығыны тоғыз жарым есені
құрап отыр. «Балапан» бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі
білім беру жүйесінде бүлдіршіндерді қамту 65,4%, міндетті
мектеп алды даярлық негізіне балаларды қамту 94,7%, 942 мектеп салынып,
Қазақстан аумағында жоғарғы қарқынмен
зияткерлік мектептер желісі, Астана қаласында ғылыми-зерттеу
университеті, халықаралық стандарт
негізінде жүзеге асатын «Болашақ»
бағдарламасының арқасында сегіз мың жас
қазақстандықтар шет мемлекеттерден жоғарғы білім
алды. Дені сау ұрпақ бастамасының шарықтауы: он бес жыл
ішінде, өмір сүру ұзақтығы 70 жасқа дейін,
758 аурухана және ауруханалық басқада нысандар
қалыптасып, соңғы бес жылда туу көрсеткіші біржарым есе
көтерілді және үш есеге ана өлімінің
көрсеткіші төмендеуі, мемлекетіміздің халықының
өсуіне өз септігін тигізуде [3]. Жоғарыда айтылып өткен
негіздерге көз сала отырып, әлеуметтік қызмет
Қазақстан Республикасында жоғарғы қарқынмен
жаһандануда екендігін мәлімдей аламыз, дегенмен әлі де
түзетулер мен толықтыруларды қажет ететіндігіне көз
жеткізудеміз.
«Бүгін біз – қарқынды
экономикалық өсуші және халықтың орта
деңгейдегі кірістілікке ие динамикалық ел» екендігімізді
айқындайды [4]. Жиырма үш жыл ішінде әлеуметтік
саясаттың бүгінгі келбеті қалыптасты, ол өз кезегінде
әрбір қазақстандықтың жағдайын жасау
және мүдделерін қалыптастыруды білдіреді. Осы уақыт
аралығында кейбір қиындықтардан өтуге тура келді,
бұл мемлекетіміздің әлеуметтік қалыпты жағдайды
сақтауды нығайтты. Елбасымыз «Мақсат-жетістіктің
желкені» деген халық даналығымен нық әрекет жасады,
бұл дегеніміз дұрыс қойылған мақсат,
қалаған жетістікке апаратындығын бейнелейді [4].
Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдаған алдын - ала
стратегиясы мен жолдауының арқасында, қоғамда
көтеріліп отырған мәселелердің бірнеше шешілу жолдарын
ұсынуымен және жаһандану мен дамуға деген
бағыттылығы мен дайындығын айта аламыз. Осылайша,
бүгінгі таңда халықтың жағдайын жақсарту
үшін түрлі бағдарламалар жоғарғы
қарқынмен жүзеге асырылуда және Қазақстанның
әлеуметтік саясатының деңгейін көтеруде.
Индивидтердің өмірлік қажеттіліктерін
қанағаттандыру жолында қол жетімді баспана, білікті
медициналық және әлеуметтік көмек көрсете білу,
еңбекке орналастыруға демеу көрсету және кәсіби
біліммен қамтамасыздандыру жолында бірқатар тер төгулерді
қажет етеді.
Қазақстан
Республикасының азаматтарына жеке мүдделері бағытында
бүгінгі таңда мемлекеттік әлеуметтік қызметтің
шынайы барлық мүмкіндіктері көзделген және жасалуда. Жаңғырту
мәселелерінің шешілу жолдары түрлі бағыттарда, өзектілігі
мен ауырлығына, мәңділігіне сәйкес жүзеге
асырылып отыр. Президенттің халыққа жолдаған
ағымдағы жылғы жолдауында және «Стратегия -2050» басым
бағыттарымызбен жеткен мақсаттарымыз айқындалып, оны арттыру
жолындағы нұсқамалар мен жаңа мақсаттар
алға қойылды. Қазақстанның Жаңа
Экономикалық Саясаты немесе «Нұрлы жол» кең ауқымды
көлемдегі даму бағдарламасы президенттің
нұсқауымен аяқталған болатын. Оның басты
бағыты, мемлекеттің қаржылық
тұрақтылығын қиын кезде ұстап тұру,
тұрақты уақытта бюджеттік кеңейтуді үнемі
резервтеу. Дағдарыс жағдайында көптеген мемлекеттер өз
азаматтарын қамтамасыздандыру жолында көптеген
жағдайлардың тұспауында қалады, дегенімен 2007-2009
жылдары Қазақстан тек дағдарысқа қарсы тұру
ғана емес, сонымен қатар өз азаматтарының жағдайын
жақсарту жолында, еңбекақы мөлшерін және
зейнетақы мөлшерін жоғарғы пайыздық
деңгейде көтерді [4].
«Нұрлы жол»
бағдарламасы- президенттің ұстанған
бағытының даму жолындағы ұзақ
уақыттындағы: «Алдымен-экономика, сосын-саясат» ұстанымын
айғақтайды, бұл мемлекеттің тұрақты
экономикалық деңгейі әлеуметтік саясаттың
қарқынды даму кілтінде көрінеді [4]. Елбасымыздың
жоспарын жүзеге асыру жолында Ұлттық қордан қор
бөлінді: біріншісі, жұмыспен қамту 500 миллиард теңгені
құрайтын 2014-2015 жылдарға арналған бағыты:
екіншіден, 180 миллиард теңгені құрайтын, 2015-2016
жылдарға арналған, тұрғын үй
инфроқұрылымын қалыптастыруға арналған «Баспана-2020» бағдарламасы,
құрылыстық жалға алу негізінде жүзеге асып,
кейіннен сатып алу негізі бойынша бағыты; үшіншіден, 70 миллиард
теңгені құрайтын,төтенше жағдайда
тұрған мектептер мен үш аусымдық оқытудың
алдын-алу бағыты; төртінші, 20 миллиард теңгені
құрайтын, ағымдағы үш жылда мектепке дейінгі
білім беру мекемелердің саның арттыру бойынша бағыты;
бесінші,білім беру жүйесін жаңғырту, әр түрлі
бағдарламалар мен ұйымдардың негізінде жүзеге асыру.
Назарбаев атындағы зияткерлік мектептер оқушының
өзін-өзі дамыту, жетілдіру тұлға ретіне
қалыптастыру мақсаты тұр. Бүгінгі күні «Назарбаев
зияткерлік» мектептерінің саны Қазақстан аумағы бойынша
17 құрап отыр. Оның басты мақсаты, білімі жоғары
оқушылардың деңгейін арттыру жолындағы
тәжірбиелік және инграциялық оқу бағдарламасын
қалыптастыру. Жаңа бағытты қалыптастыруда кейбір
өзекті мәселелердің туындауы, мемлекетімізде жалпы білім беретін мекемелерінің
заманауи талаптарға уақыт талабына сәйкестендіру
мақсатында, зияткерлік мектептердің дамуына негіз болып
отырғандығын айтамыз. Білім жүйесінде толық, яғни
түбегейлі заманауи инновациялық үлгісін қалыптастыру
үшін, жоғарғы білім беретін мекемелерді дамыту, соның
бастамасы бүгінгі күні «Назарбаев Университеті». Бұл
оқу ордасы, халықаралық дәрежеге сәйкес,
интеграциялық, өзгермелі экономикалық үрдісіне жауап
бере алатын мемлекетіміздегі бірегей мекеме. Назарбаев Университеті
бүгінгі мезеде ғылыми, білікті мамандарды даярлаудың
инженерлік - техникалық мамандыққа аса назар аударуда,
оның себебі, мемлекетімізде бұл мамандықтар бойынша білікті
кадрлардың тапшылығы байқалады, бұндай
мамандардың жетіспеушілігі ел экономикасының толық дамуына кедергісін
келтіреді. Астанадағы бұл университеттен басқа,
ұлттық, кәсіптік, мемлекеттік негіздегі университеттер
тең деңгейде білім беруде. «Болашақ» бағдарламасы,
еліміздің жастарының білім деңгейін арттыру бағытында
жасалған бағыт. Бағдарлама өз жұмысын 1993 жылан
бастап атқарып келе жатыр, сонымен қатар жастардың білім алу
жүйесінде шет елде кәсіби білікті маман болып даярлануы үшін
барлық жағдайлар көзделген, оның басты
құндылығы мемлекеттермен тәжірбие алмасу. Бұл
бағдарлама Қазақстан Республикасының Президентінің
шәкіртақылық бағытта жүргізіледі және
кәсіби бағыттағы қызметтік өсу кепілдігі,
сондай-ақ бұл бағдарлама тұлектерінің өзін
қалыптастыру болып табылады. Бұл бағдарламаның
жүзеге асырылуынан бастап, оған қатысып білім алу
мүмкіндігіне ие болған жастар да шет мемлекеттерінің
оқу ордалары да саны күн өткен сайын арта түсті.
Төрт мемлекетпен тәжірбие алмасу бағытында бастау алған
бағдарлама, кейіннен оның саны ұлғая түсті,
халықаралық стипендия мыңдаған
қазақстандықтарға берілді. Бұл бағдарламаны
жүзеге асыру барысында, қаржылық және материалдық
шығындар ауқымдылығы артты, бұл тұрғыда
басты мақсат, қазақ жастарының шет мемлекеттердің
біліктілік деңгейін арта отырып, жоғарғы маман атану мен
қоса елдің өркендеп, дамуына үлес қосу болып
табылады және сол негізде әрекет жасайды.Бүгінде бұл
функцияның негізгі көзін елімізде Назарбаев университеті алуда,
бұл дегеніміз мемлекеттік тұрғыда ұтымды бағыт.
Себебі, бұл университет халықаралық стандартқа
сәйкес жүргізіледі және сыртқа алыстамайды.
Бүгінгі ел басының жастардың саясатындағы
ұстанған бағыты кәсіби білім алуға барлық
мүмкіндіктердің жолын ашу. Сол себепті, жастардың алған
білімін тәжірбиеде шындау үшін 2009 жылдан бастап
«Дипломмен-ауылға» бағдарламасы іске асырылды. Бұл
бағдарламаның өзектілігі, білім алған, жаңа
бағытта маман иесі атанған жастардың
әлеуметтік-экономикалық және
құқықтық жағынан қорғай отырып,
азаматтық қоғам қалыптастыру және
Қазақстаннаң кез-келген аймағында қызмет жасау
мүмкіндігін туғызу. Мемлекетіміздің барлық
аймағында, соның ішінде ауылдық өңірлердің
сауаттылығын жетілдіру, білімін дамыту және әлеуметтік-экономикалық
жаңғырту жолында жағдайын жақсарту үшін, жұмыспен
қамту, білікті мамандардан медициналық қызметті пайдалану,
өзінің дара кәсібін ашу бағытындағы Республика
көлеміндега ауқымды бағдарлама желісі ретінде
танылды.Бұл тұста, жастар әлеуметтік көмек ретінде
қаржылық төлемдер, несиенің жеңілдетілген
түрі арқылы баспана алу және басқада
артықшылықтар берілді. Бұндай негіздегі іс-шаралар, ауыл тұрғындарының
әлеуметтік қызметтік жағдайын жақсартады және
өнірлерді дамытады. Аталған бағыттардың жоғары
деңгейде әрекет жасауы үшін ұлт денсаулығы басты
назардан тыс қалмағаны жөн. Бүгінгі күнде
медицина қызметін пайдалану, әлдеқайда
жоғарлаған, бірақ әлі күнге дейін
реформалық және кәсібилік толық мақсатына жету
жолында әрекет жасау керектігін назарға салады. Денсаулық
сақтау бағыты - жаңа
бағыттар мен ойларды талап ететін жүйе.Ел басы бұл
бағыттар бойынша, медициналық жобалар мен медициналық білім
беру және жоғары білікті
мамандардың сапалы қызмет көрсетуінің деңгейін
мемлекеттің бүкіл аймағын қамтуда және саралауда.
Әлеуметтік
саясаттың маңызды белгісі болып, интеграциялық
әртүрлі бағыттағы үлгінің негізінде жүзеге асырылатын,
қоғамдағы дара тұлғалар мен топтардың жалпы
тәуелсіздігі мен қажеттілігінен тұрады. Зерттеу негізінде,
әлем тәжірбиесіне көз салар болсақ, адамдардың
өмір сүру деңгейі, яғни жұмыспен қамтылуы,
жұмыссыздық, тұлғалық қажеттіліктер, медициналық көмек, кедейшілік,
зейнеткерлікпен қамтамасыздандырылу
және басқада белгілер, өмір сүру сапасының
деңгейін, сондай-ақ мемлекеттердің әлеуметтік
саясатының салыстырмалы түрде даму бағытын саралайтын
ауқымды белгісі болып табылады. Қоғам саясатының
бастамасында, әлеуметтік дамудағы бағыттардың
мақсаттары, тапсырмалары, басымдықтары және жалпы
халықтық оған жету жолдарын көрсетілу бойынша:
мемлекеттегі әлеуметтік қағидаларды бағдарлау
үшін, нормативті-құқықтық актілермен бекіту,
ең төменгі әлеуметтік еңбекақы төлеу кепілдемесін жетілдіру, зейнетақымен
қамтамасыздандыру, жастардың шәкіртақысы,
медициналық қызмет көрсету, білім беру және
мәдениет негізінде, мақсатты әлеуметтік бағдарламалар
құрастырылады.
Ағымдағы жыл айтулы
оқиғаларға толы, атап өтер болсақ,
Қазақстан Республикасының Конституциясының 20
жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы,
Қазақстан Ұлттар Ассамблеясының 20 жылдығының тұспа - тұс келуі, татулық пен бірліктің
нұрлы бағытын көрсетеді. Еліміз ұшқан құстың қанаты талатын
кең де, байтақ аумақтағы көп ұлтты
мемлекет. Биылғы жылдың тарихи белесінде атаулы оқиғалардың
негізінде, халықтың тұрақтылығын
қалыптастыру жолында әлеуметтік саясаттың басым
бағыттарында дейтін болсақ, халықтың
әлауқатын көтеретін жаңа бағыттардың жолын
ашу басты мақсат болуы тиіс.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.
Өзбекұлы С.,Қопабаев Ө. Мемлекет
және құқық теориясы: оқулық. Алматы:
«Жеті жарғы»,
2006. 111- б.
2.
30.05.1995. Қазақстан Республикасының
Конституциясы(соңғы өзгертулер мен толықтырулар)
3.
«Қазақстан-2050» стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты:
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
14.12.2012.
4.
ҚР Президенті Н. Назарбаевтың
Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа
бастар жол» Жолдауы 11.11.2014.