Сарыбекова Ж.Т., Асылхан
Б.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,
Қазақстан
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТЫ
Қарым-
қатынас мәселесі ересек адамға ғана тән
қасиет емес, ол жасөспірімдер мен ұстаздар арасындағы
өзара қарым- қатынас жасау мәселесі педагогика
және психология ғылымында тәлім- тәрбие ісіндегі
әрі маңызды, әрі күрделі мәселелердің
қатарына жатады. Бұл салада жүргізілген зерттеу мен осы
бағытта жинақталған тәжірибелердің
нәтижелері оқушылар мен ересектер арасындағы
қарым-қатынас орнатуда айтарлықтай ерекшеліктер мен сипаттар,
түрліше түсініктер бар екенін көрсетті. Мұндай
мәселедегі елеулі жәйттің бірі-ересек пен оқушылар
арасындағы қарым - қатынас жасауда әр қилы
қиыншылықтардың үнемі кездесіп отыратындығы егер
бастауыш сынып оқушылары үшін мұғалім барлық
бейнесі мен ерекше із қалдырып, оларға күшті әсер
ететін тұлға болып саналатын болса, ал ересек балаларға
мұғалімнің әрбір қимыл қозғалысына,
іс- әрекеті мен сөйлеген сөзіне оның ақыл
кеңесіне, өзге адамдармен қарым- қатынасына, оқушыларға
қоятын түрлі талаптарына өздерінше іштен сын көзбен
қарайды. Бұдан келіп шығады, бастауыш сынып оқушыларына
мұғалім өзінің құдайы санаса, ал жоғарғы
сынып оқушылары ересектер қатарына қосып отыр. Осы
мәселеде қарастырған ғалымдар С.М. Елеусізова,
Қ.Ж. Қарақұлов, С.И. Қалиева, Д.Ж. Намазбаева,
В.К. Шабальников, Н.Д. Хмель. Олар ересектер мен оқушылардың
қарым- қатынасын, олардың психикасының жан- жақты
дамып, қалыптасуында үлкен маңызы бар фактор екендігі
анықтаған. Ұстаз бен оқушылардың қарым-
қатынасы оқу – тәрбие үрдісінде ұйымдастыру
жөнінде көптеген маңызды зерттеулер бар. В.А.
Кан-Калик, А.В. Мудрик, А.В. Запорожец, М.И. Лисина, А.В. Петровский т.б.
қарастырған [6,7,34]. Сонымен қатар қарым-
қатынас мәселесімен бірге отбасы ішілік қарым- қатынастар
ерекшеліктерін А.И.Захаров, А.С.Спиваковская, А.Я.Варга, Э.Г. Эйдемиллер,
Ю.Гипнрейтер, М.Буянов, З.Матейчек, Г.Холкентаускас, А. Фромм, Р.Снайдер
және басқалар зерттеген. Балалар мен ата- аналар арасындағы
қарым- қатынастарды зерттеуге А.С. Макаренко көп үлес
қосты. «Ата- аналарға» деген кітабында Макаренко отбасының
алғашқы ұжым екенін көрсетеді,
мұндағылардың барлығы толық
құқықты мүшелер болып келген, олардың
әрқайсысының өзіндік жұмыстары бар, оларға
баланың да кіретінін көрсеткен. Э.Арутунянның еңбектері
де қызықтырады, мұнда тәрбие мен бала ата- аналар
арасындағы қарым- қатынастар отбасының
құрылымның талдауымен байланыстырады. Ол отбасының 3
түрін бөліп көрсетті: дәстүрлік, ерлі-
зайыптылық және достық. А.Е.Личко отбасы ішілік
қатынастардың мәселелерін зерттей келе, отбасындағы
жайсыз жағдайларды бөліп көрсетті (қатты
қоластына алу, бақылаусыздық, отбасында «кумирдің»
пайда болуы, және т.б. келтіретін жағдайлар). Жалпы балалар мен ата
– аналар арасындағы қарым- қатынастар бала жеке басының
дамуына әсер ететіндігін көптеген ғалымдар зерттеп, оны
жан-жақты қарастырады. Бұл мәселе оқушылар мен
ересектер арасындағы өзара қарым- қатынас
психологиясына теориялық және практикалық тұрғыда
зерттелінген жұмыстар өте көп. Олардың
әрқайсысы іс- әрекет барысында тиімді әрі жүйелі
түрде қолданылуда. Біздің елімізде ойға олақ,
сөзге шорқақ және қарым- қатынаста белсенді
азаматтарды тәрбиелеу болып табылады. Біздің талқыланып
жатқан тақырыбымыз осы мәселеге терең әрі
өзекті жауап қайтарады және осы тұрғыда
қарастырған ғалымдар (Н.Ф.Талызина, А.С. Макаренко,
В.В.Давыдов, К.М.Личко, В.А. Кан-Калик, А.В. Мудрик, Х.Т Шерьязданова, А.В.
Запорожец, М.И. Лисина, А.В. Петровский, С.М. Елеусізова,
Қ.Ж.Қарақұлов, С.И. Қалиева, Д.Ж. Намазбаева,
В.К. Шабальников, Н.Д. Хмель т.б.) болды.
Психология ғылымындағы негізгі
ұғымдардың біреуі - қарым-қатынас.
Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну, оның
дамып-жетілуін талдау мүмкін емес. Қарым-қатынас
адамның тіршілік әрекетінің маңызды негізі бола отырып,
ертеден барлық ғалымдар үшін қызықты
тақырыптардың бірі екені анық. Біздің назарымызды
оқушылардың қарым-қатынасындағы ерекшеліктер
толғандырып отыр. Себебі қарым-қатынас болашақ маман
тұлғасының қалыптастырудың бір факторы екені
белгілі. Ол оқушылардың топтық іс-әрекеттерін
реттеуші және адамгершілік, эстетикалық
құндылықтарды, мінез-қүлықтың
топтық нормаларын қалыптастыру құралы болып табылады.
Сондықтан жан-жақтан келіп, жаңа әлеуметтік
ортаға бейімделудегі оқушылардың оқыту-тәрбиелеу
процесін тиімді ұйымдастыру үшін, олардың қарым-қатынас
жасауындағы ерекшеліктерді анықтау өзекті
мәселелердің бірі.
Қарым-қатынас айналадағылармен
контактқа түсудің рухани қажеттілігі сияқты
ілгері басады, сондай-ақ адамдар арасындағы
қарым-қатынастың басқа адамдарға қоғамдық
маңызын айқын көрсетеді.
Қазіргі таңда оқушылардың
коммуникативтік икемділігін, бір-бірімен қатынаста тез әрі
шапшаң тіл табысу қабілетін қальштастыру үшін
педагогикалық теория және тәжірибе, диалогтік және
пікір таластық әдістемелердің топтамасы қолданылып
келеді. Бұндай әдістемелер жастардың
қарым-қатынас барысында икемділігін көрсете білуін және
өз көзқарастарын дәлелдеп, сұрақтарды
нақты жеткізе білу қабілеттерін қалыптастырады. Қарым-қатынастың
шынайы тұрғыдан әр түрлі жолдары бар. Шартты
түрде қарым-қатынастағы қажеттіліктің негізгі
екі формасын беруге болады:
1) қарым-қатынас іс-әрекетті
ұйымдастырудың тәсілі ретінде;
2) қарым-қатынас
адамның басқа адамның
рухани қажеттілігіне қанағаттануы ретінде;
Ол жастық аспектте де әр түрлі
кезеңдерден өтеді және ол жүйелік тәсіл
аймағында да өте қажет. Жастық аспектіні
қарастыруда қарым-қатынас қажеттілігінің дамуы
әсіресе тәсіл мен «көлем» оның тұлғаны
қалыптастыруда қанағаттануы да
маңызды.Өзін-өзі ашу, американдық психолог
С.Джурардтың ойына сәйкес, бұл басқа адамдарға
өзің жайлы мәлімет, ақпарат беру, айту. Ол
адамдардың осы өзін-өзі ашудың көмегімен
өздерін тануға мүмкіндік беретініне тоқталған.
Өзін-өзі көрсету - бұл
өзіңді басқаларға таныту актісі десе де болады.
Педагогтер, психологтер үшін жасөспірімдік
кезеңдерде адамның өзіндік сана сезімі қалыптасатын
кезде, өзіңді түсінетін, ашық сөйлесіп,
мұңыңды шерте алатын дос құрбыны
қажет ететіні белгілі, Сонымен бірге беделді ересек адамдармен де сенімді
қатынастар құнды болып табылады. Басқа адамдардың
қарым-қатынастағы ашықтығы, шынайылығы
оларды дұрыс түсініп, тануға, оған адекватты
қатынасуға мүмкіндік береді. Жоғарыда аталғандай,
келесі ұғым - «өзін-өзі көрсету». Бұған
адамның қоршағандарға белгілі бір әсер
қалдыру үшін қолданылатын тактикалар, стратегиялар жатады.
Жалпы қарым-қатынаста тұлғаның
өзін-өзі ашу мен өзін-өзі көрсетуін зерттегенде,
тұлға ең алдымен коммуникация арқылы
қарастырылады. Адамның коммуникативті қасиеті де
тұлғалық бейімделу потенциялын құрайтын
негізгілердің бірі болып табылады. Адам үнемі әлеуметтік
ортада болады, оның іс-әрекеті басқа адамдармен
қарым-қатынасқа жетуіне және тәжірибесінен,
сондай-ақ қақтығыс деңгейінің болуымен
анықталады. Әлеуметтік бейімделу процесінің негізі
-әлеуметтік ортаның оған ұсьнатын талаптарына
тұлғаның мінез-құлық, жүріс-тұрысы
және іс-әрекетінің сәйкестеуі, яғни
әлеуметтік күтілімдер жүйесіне
мінез-құлықтың сай болуы. Тұлғаның
әлеуметтік бейімделуі ортаға әлеуметтік - психологиялық
бейімделуіне негіз болады. Егер әлеуметтену процесінде индивид ең
алдымен қоғамның әсер ету объектісі болса,
тұлғаның әлеуметтік бейімделу барысында
қарым-қатынас және іс-әрекеттің субъектісі болып
табылады».
Әлеуметтену
тұлғаны қоғамдық қарым-қатынас
жүйесіне енгізу, онымен бірге қоғамдық
қалыптасқан іс-әрекет тәсілдерін меңгеру.
Әлеуметтенудің негізгі функциясы индивидтің
қоғамда қалыпты функциялануын қамтамасыз етеді.
Сәйкесінше әлеуметтік - психологиялық бейімделу процесіне
темперамент ерекшелігімен, қүндылық бағдарымен,
қызығушылығымен, түлғаның ішкі
құрылымдық іс-әрекетімен және
қоғамдық белгіленген мінез-құлықпен жетеді.
Біз
оқушылардың қарьм-қатынастағы
бағыттығымен бірге олардың өзін-өзі ашу
деңгейімен өзін-өзі көрсетуін қарастырып,
қарым-қатынастағы ерекшеліктерін ашудың бір жолы деп
ойлаймыз. Біздің ойымызша жаңа мекемеге, әлеуметтік ортаға,
бейімделудегі оқушылардың қарым-қатынас
ерекшеліктері осылармен анықталады деуге болады. Сондықтанда
қарым-қатынастың оқушылардың
өмірінің барлық сферасында, олардың кәсіби
қалыптасуы, тұлғалық қасиеттерінің дамуы,
топта және оқушылардың ұжымның қалыптасуындағы
тұлғааралық қатынастың қалыптылығы,
әлеуметтік-психологиялық бейімділігі жағынан алатын орны
өте үлкен.
Қазақстан
Республикасының дамып келе жатқан елдердің
қатарына қосылу мақсатында, қазіргі
жасөспірімдердің саналы азамат болып, тұлға ретінде
дамуына барлық жағдайды жасайды. Өркениетті
қоғам ұшін қымбат қазына – жеке
тұлға, оның даму, қалыптасуы мен
өмірі десек, бүгінгі жас ұрпақтың осы
қымбат қазынаны бағалай білуі аса маңызды.
Сол себептен жасөспірімдердің тұлғааралық
қатынастардың маңыздылығы да осыдан басталады.
«Жасөспірім» - сөзінің мағынасы ішкі
дүниенің негізгі теңденциясының дамуын көрсетеді.
Жасөспірім шаққа аяқ басқан баланың
қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана-
сезімнің дамуындағы сапалық
өзгеріспен анықталады, осының
арқасында бала мен ортаның арасындағы
қатынас бұзылады. Жасөспірімнің жеке
басындағы басты және діни тән жаңа
құрылымын оның өзі туралы енді бала емеспін
дейтін түсініктің пайда болуы орын алады. Ол өзін ересекпін деп сезіне бастайды, ересек
болуға және өзіне жұрттың
осылай деп қарауына ұмтылады.