Сарыбекова Ж.Т., Баймуратова Т.Т.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекттік университеті, Қазақстан

 

КОЛЛЕДЖ БІЛІМГЕРЛЕРІНІҢ ДАРЫНДЫЛЫҚ ДЕҢГЕЙІН ПСИХОДИАГНОСТИКАЛАУ

 

Қазіргі таңда ерекше жүйелеуден өтіп жатқан дарындылық мәселесі  туралы педагогтар мен психологтардың алдына қойып отырған мақсаты – тұлғаның жалпы қабілеттерін дамыта отырып, белгілі бір саладағы ерекшелігін танытуына жан-жақты әдістемелік және психологиялық қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Оның басты ерекшелігі: әрбір шәкірттің жеке дара қабілеттерін ілгері дамыту, дарындылығын анықтау арқылы қабілетіне сай шығармашылықпен ойлай алатын азамат етіп тәрбиелеу мен қалыптастыруға жағдайлар жасау, дарынды балалармен жұмыс жасау аясында ғалымдар мен өнер қайраткерлерін, ізденімпаз ұстаздар ұжымын топтастыру.

Дарынды білім алушылармен жұмыс жүргізудің әлемдік тәжірибелері, ғылыми бағыттары ескеріле отырып, оның негізгі және маңызды есепке алатын жақтары айқындалған, олар:

-  дарынды білім алушылар әлеуметтік және құқықтық қорғаудың ізгілігі мен бұқаралығы;

-  дарынды білім алушыларды іріктеу және олармен жұмыс істеуде биологиялық   және әлеуметтік факторларды ескеру;

-  дарындылармен үздіксіз, жүйелі жұмыс жүргізу;

-  дарынды білім алушыларды іріктеу үшін диагностикалық әдістердің жиынтығын қолдану;

-  жеке тұлғаның дарындылық деңгейінің қалыптасуына орай оқу мен оларды одан әрі жетілдіруде арнайы жасақталған бағдарламалардың сәйкестігі;

-  дарынды білім алушылар мен оларды оқытатын кәсби педагогтарды арнайы дайындау;

-   жаңа инновациялық технологиялар мен тиімді әдістерді пайдалану арқылы білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамыту;

-  дарынды балалармен жұмыс істейтін жеке бағдарламалар дайындау.

Дарынды тұлғаның білімге деген ынтасы мен талпынысы құрбыларынан өзгеше болып келеді. Дарындылар білім мазмұнын терең түсініп, оған өз бетінше талдау жасай біледі. Олармен жұмысты ұйымдастыру үшін педагогтар мен психологтар, топ жетекшілері, тәрбиешілер арнайы дайындықтан өтуі қажет. Олармен ұйымдастырылатын зерттеу бағдарламада қысқа және ұзақ мерзімді мақсаттардың болуы, құрастырылған бағдарламаның жүйелілігі мен бірізділігі (кезеңдері мен даралық ерекшеліктері) есепке алыну қажеттігі ұсынылып отыр. Мұнда сонымен қатар педагогтар мен ата-аналардың педагогикалық-психологиялық білімін жетілдіру жөнінде теориялық, практикалық семинарлар жүйелі түрде өткізілу жоспарлары да болуы тиіс.

Колледж білімгерінің дарындылығын анықтауда төмендегідей әдіс-тәсілдерді қолдандық:

- білімгердің жалпы әлеуметтік жағдайын зерттеу;

- шығармашылық қабілетін анықтау;

- саулнамалар, психодиагностикалық тренингтерді өткізу;

-  интеллектуалды дамуын анықтау;

- пәндік олимпиадаларға, ғылыми жоба жарыстарына, пікір сайыс ойындарына қатыстыру;

Осы айтылған тұжырымдарды біз дарынды білімгерлердің қабілетін дамытудың келесі жолдарын іріктеп алуға болады:

1. Сабақтар, ОҚҒ-ның жұмысы;

2. Пәндік үйірмелер;

3. Тіл мерекесі;

4. Әдеби оқулары;

5. Олимпиадалар;

6. Интеллектуалдық ойындар, дебат (пікір сайыс) клубы;

7. Ғылыми-практикалық конференция (ізденімпаздық жұмыс, зерттеу жұмысы, рефераттар қорғау, жоба қорғау);

Жас ерекшеліктік кезең көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Бұл - әр балаға оның өмірінің осы кезеңде қойылатын талаптар жүйесі, айналасындағылармен қарым-қатынастарының мәнісі, ол игеретін білім мен іс-әрекеттер типі. Адамның сыртқы дүниемен үйлесімді қарым-қатынас жасау процесінде қажеттілік туындап отырады. Адамға алдына мақсат қойып, оны шешуге ұмтылдыратын – оның қажеттіліктері. Кез келген адамның бойында ішкі түрткі, қызығу сезімдері болады. Соның негізінде өзіндік бағалау пайда болады. Бұл «Мен  концепциясы» негізінде орындалады.

Зерттеу жұмысымыздың нысаны ретіндегі білімгердің дарындылық бейнесін зерттеуде үш жақты көрсеткіштері негізінде сипатталды:

17-20 жастағы білімгердің дарындылық ерекшеліктері - Кесте1

 


 

 

 

Осы үш жақты зерттеу оның жас және тұлғалық ерекшеліктерінің сапасы мен қабілеттерін ашуға мүмкіндік береді. Басқа да жас ерекшеліктерімен салыстырғанда аталған осы кезеңде оперативті есте сақтау, зейіннің ауысу және вербалды логикалық тапсырмаларды шешу жоғары жылдамдықта болатындығы анықталған.

Дарындылықты дамытуда оның бойындағы шығармашылық, зерттеушілік, танымдылық, адамгершілік тұрғыдан өсуге деген қабілеттерін толық деңгейде жетілдіруде жеке тұлғаға бағыттылған іс-әрекеттерді пайдалану тиімді болады. Олай бола бүгінгі таңда психологияда ең өзекті болып отырған мәселелердің бірі – дарынды кім екенін анықтау. Жалпы дарынды балалардың ортақ сипаттамасына сүйенгеніміз болмаса, жекелей, нақтылай жағдайда баланың дарындылығын дәл басып айту қиын.

Біздің зерттеу жұмысымыздың эксперименттік бөлімінде колледж білімгерлерінің дарындылық деңгейін анықтау. Біз нақты іс-тәжірибеде көтерілген мәселелерді айқындау және бағалау  мақсатында эксперименттік жоспар құрастырдық.

Эксперимент тәжірибе жүргізу болып табылады. Ал «эксперимент» терминін ``experimentum``латын тілінен аударғанда сынау, тәжірибе деген мағынамен сипатталып, ежелден қалыптасқан ғылыми зерттеу әдістерінің бірі болып саналады. Эксперименттің бақылаудан айырмашылығы зерттеліп отырған нысанмен тығыз байланыста болады. Эксперимент - зерттеуші мен сыналушы арасындағы арнайы эксперименттік ұйымдастырылған  іс-әрекет түрі. Ол теориялық болжамды тәжірибе арқылы тексеруге бағытталады. Алғашқы  адамдар табиғат құбылыстарын бақылап, кейін жинаған бақылау фактілерінен белгілі бір білім тәжірибесін жинақтайды. Ал психикалық құбылыстарды зерттеу мен тану барысында қоршаған ортаны танып білу процесі арқылы оның әлеуметтік обьективті жақтарын меңгерді. Жалпы ғылыми эксперимент болжамның нақтылығын тексеру мақсатында ұйымдастырылады.

Осы мақсатта профессор О.С.Cанғылбаевтың тұжырымдамасы бойынша кез-келген әлеуметтік-психологиялық зерттеу жұмысы басқада ғылымдарда сияқты ең алғаш зерттеу обьектісінің, зерттеу бағдарламасы құрылады. Оның ішіне барлық теориялық және практикалық тапсырмалар кіреді. Сонымен қатар, әр түрлі процедураларды қолдану мүмкіндігін болжау қажет. Бағдарлама барысында зерттеу болжамы, әдіснама және әдістемелер таңдалады, репрезентативті таңдау қалыптасады. 

  Олай болса колледж білімгерлерінің дарындылық деңгейін анықтауға бағытталған эксперименттік ғылыми зерттеу жұмысының барысын төмендегі кезеңдер бойынша топтастырдық:

1.    Зерттеу мақсаты мен міндеттерін анықтап, алынатын нәтижелер айқындалып, эксперименттік зерттеулер бағдарламасы мен жүргізілу бағыттарын ұсыну - болжамдық бөлім;

2.    зерттеу мәселесі бойынша  (тест, сауалнама, анкета) әдістерді қолдану арқылы қарама-қайшылықты анықтап, зерттелінетін мәселенінің өзектілігін анықтау – диагностикалық бөлім;

3.    Зерттеу жұмысының бағдарламасын жүзеге асыру үшін сыналушыларды іріктеу, анықтау - ұйымдастырушылық бөлім  ;

4.    Жоспарланған психологиялық түзету мен дамыту іс-шараларды жүргізу, бағдарлама мазмұнында сипатталған кезеңдер бойынша нәтижелер алу, құрылған әдістемелік кезеңнің тиімділігін анықтау -  эксперименттік бөлім;

5.    Алынған мәліметтер сәйкестігін байқау және сарапталған нәтижелерді ғылыми зерттеу жұмысының мазмұнында бейнелеу - қорытындылау бөлімі.

Іріктелген психологиялық диагностикалық әдістемелер зерттеу және көрсеткіштерді анықтау талаптарына сай келеді. Өйткені, практикалық психологиялық белсенді дамуы диагностикалық жұмыстарға үнемі жаңа талаптар қойып отырады, соның көмегі арқылы психолог жалпы немесе жеке зерттеушілік міндеттерді шешіп отырады. Сұраныстар тізімінде ерекше орын алатын психологиялық диагностикалық әдістемелер қатарына субьект дамуы туралы барынша толығырақ ақпарат беретін әдістемелер жатады. Олар:

-       Біріншіден, өлшеуіш құралдардың стандарттарына сәйкестігі, яғни оның негізінде бір әдістеменің нәтижесі екінші әдістеменің нәтиже көрсеткіштерімен байланыста болатындығын сипаттайды;

-       Екіншіден, сенімділігі, яғни таңдап алынған әдістемелердің барлығы психологиялық өлшеулердің нақтылығын көрсете алады. Сонымен қатар, әдістемелердің нәтиже көрсеткіштерінің кездейсоқ сыртқы факторлар әсеріне тұрақтылығы болып табылады.

-       Үшіншіден, алынған әдістемелердің валидтілігі, мұнда  зерттелініп отырған мәселе туралы мәліметтердің кешенді сипаттамасын көрсете алады және диагностикалық мазмұнды мәліметтер жинақталады.

  Біздің зерттеу эксперитментімізге колледж білімгерлері алынды. Сынаққа барлығы колледждің 43 білімгері қатысты. Оның ішінде 23 білімгерді тәжірибе, ал 20 білімгерді бақылау тобына іріктелді.

Зерттеудің болжамын дәйектеу мен ұйымдастыру барысында зерттеу мәселесіне байланысты айқындалған эмпирикалық міндеттері мыналар болды:

                         зерттеудің негізгі әдістерін іріктеу, талдау;

  негізгі зерттеу әдістерінің өлшемдерін өңдеу, айқындау;

                         дарындылықтың даму деңгейін анықтау.