Педагогика и психология

Р.Т.Игенбаева

 педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

А.С.Рахметов

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (Қызылорда қаласы)

 

ЖЫРАУЛАРДЫҢ ЖҮЙРІГІ - БАЛҚЫ БАЗАР ЖЫРЛАРЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК СИПАТЫ

 

ХІХ ғасырдағы ақын-жыраулар шоғырындағы көрнекті тұлға Балқы Базар Оңдасұлының шығармашылық мұрасы – қазақтың тамылжыған сөз өнерінің, сол сөз өнері арқылы жастарға адами тәрбие берудің қымбат қазынасы.

  Базар жыраудың шығармашылығы жайында кезінде халқымыздың қайталанбас ақыны Мағжан: «Асса елдің қамын ойлаған, қалса өзінің ойына терең бойлаған» деп жазған Мағжан ақын Ақжол» газетінде (№374) жарық көрген «Базар жырау» атты мақаласында: «Қолымда Базардың 4-5-ақ өлеңі бар... Бірақ осы төрт-бес өлеңде-ақ Базардың сөзге жүйрік, ойлы ақын екендігі сезілетін сықылды»[1,2].

Базар жыраудың қазақ әдебиетіндегі орны жайлы танымал филолог-ғалым, профессор Б.Кәрбозұлы: «Сыр бойында жасаған Дүр Оңғар, Қарасақал Ерімбет, Ешнияз, Кете Жүсіп, Шораяқтың Омары, Тұрмағамбет сияқты ақын-жыраулар Базарды  ұстаз тұтқан. «Жүзден озған өрен жүйрек, жыраулардың жүйрігі» деп бағалаған. Мұның өзі жазира Жетісу ақындарының ұлы Жамбылды, көгілдір Көкше өнерпаздарының сал Біржанды мектеп тұтуы секілді құбылыс. Шынында да Балқы Базардың өз төңірегіндегі басқа барша сүлейлерге сырсандық, шеберхана болғаны анық.

Белгілі  Құлназар  ақын  ...Таласып онан ешкім аса алмайды,

Тең келмес бүгінгі  адам  Базекеңе,

Болмаса  Жиренше  мен  Асан Қайғы, - десе, Тұрмағамбет  ..      

Балқы  Базар  білгенге,

Атақты, әйдік  астана.

Жұмыла  жанды жиып ап,

Жырласа бітпес  күн-түні, - деп жыраулардың жырлауын өлең сөздің  сарқылмас қорына балайды. Ақ жаңбырдай ақтарылған ақпа жыраудың телегей-теңіздей бұрқанған талантына өз замандастары да, кейінгі ақын-жыраулар да бас иген, - деп жазады »[2].

Балқы базар өзі жайлы «Өзімдей-ақ ұл туар» толғауында:

«Он екі ата – Байұлы, 

Әлім менен Шөменнің, 

Мен едім даңқты шайыры,

Өзімдей-ақ ұл туар,

Бір адамның зайыбы

Жырау боп атқа мінгелі,

Әлім, Шөмен баласы,

Әңгімеме байыды…

Қабыл алмай, алдымнан, 

Қазақ халқы кеткен жоқ, 

Сөзімнің келсе қайымы» , - деп жырлайды [3]. 

Белгілі филолог, профессор Т.Тебегенов ақын шығармашылығының зерттелу жай-күйі туралы: «Базар жырау мұрасын тану, бағалау туралы пікірлер С. Сейфуллиннің «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» (1931), 1959 жылы қазақ әдебиетінің тарихы мен фольклоры зерттеу мәселелеріне арналып өткен республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдарының жинағы «Әдеби мұра және оны зерттеу» (1961), профессор Х.Сүйінішәлиевтің «Қазақ әдебиетінің қадлыптасу кезедері» (1967), «Қазақ совет энциклопедиясы» (1973) кітаптарында, профессор Ә.Қоңыратбаевтың  (Жұлдыз, 1984 №1), зерттеушілер Ж.Алдашевтың (Жұлдыз 1981 №5; 1985 №1; Қазақ әдебиеті №17, 27.04.90). М.Жұмабаевтың «кітапта ХІХ ғасырдағы қазақ ақындары. – Алматы: Ғылым, 1988.- 221-332- бб.» мақалаларында  жазылды», - деп көрсетеді [4,12].

Жырау шығарамаларын зерттеушілердің ішінде ғалым Әбубәкір Диваев пен Әлқуат Қайнарбаевтың еңбектерін ата өткен жөн.
Балқы Базардың шығармашылығын «Базар жырау Оңдасұлының әдеби мұрасы» атты тақырыпта ғылыми диссертация жазып, өлең-жырларын, көпке белгісіз архивтік нұсқаларын «Жәмиғы қазақ бір туған» деген атаумен толық жинақ қып алғаш шығарған Серікбай Қосанов.

  Тағы да Мағжан Жұмабаевша айтсақ «сөзге жүйрік, ойлы», «терең», «шерлі елдің шын баласы», «өз шерін толғап отырып, елдің шеріне түсіп кететін» ақын  Базар Жырау Оңдасұлының жастар тәрбиесінде шамшырақтай жарқыратып қолданатын жырлары көптеп саналады.

Базар Сыр өңіріндегі жыраулар мектебінің көшбасшысы саналады. Жыраулық өнер жайлы, олардың қоғамдағы орны жайлы М.Әуезов: «Жырау демек, ақын деу емес. Жыраудың ақын атаулыдан, жыршыдан бөлек өз жанры бар. Жыраудың мақсаты, міндеті — не болса сол, көңіл ашар, әлде не дерлік сөзді айту емес. Ол — заман сынын, мезгіл, дәуір болжалын, тарихи оқиғаның мазмұнын, бағасын сөз қылады», - деп сипаттайды [5,45].

 «Базар қазақ әдебиетінің тарихында жырау атымен белігілі. Оның шығармашылық мұрасы қазақ әдебиеті дамуына ықпалды орын алды. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүріп, қарақалпақ, қазақ, өзбек халықтарына есімі мәлім болған Бұдабай, Мансұр, Дүр Оңғар, Қарасақал Ерімбет, Ешнияз сал, Кете  Жүсіп, Қаңлы Жүсіп, Шораяқтың Омары, Ізтілеуұлы Тұрмағамбет, Рахмет Мәзқожаұлы және т.б. көрнекті ақын-жазушылардың бәрі оны ұстаз тұтады. Балқы Базардың жыраулық, шығармашылық өнерінің тәлімдік-ұстаздық, дәстүрлі өнер мектебіне айналу мәнісі терме-толғауларының арнауларының, дастарының көркем бояулы, ойлы сезімді тереңдіктермен жырланғандығынан. Оны ұлы суреткер ақын Мағжанның айрықша бағалауының сыры да осында жатса керек», - деп жазады ғалым Т.Тебегенов [4,2 ]. М.Әуезовтың сөзімен айтсақ жыраулар: «...не айтса да, көптің мұңы мен қамы, көптің жайы туралы, не көпке арналған ақыл, өсиет есебінде айтылады» [5, 423].  Базар жырау адамгершілік өлшемдерінің бірі — жамандық пен жақсылық — жөнінде айта келіп, «көтергенмен кеудесін, жақсыға жаман тең келмес» деп, адам бойынан үлкен адамгершілік, игілік, тереңдік, рухтылық іздейді.

 «Базар шығармаларынан тақырыптық-идеялық жақтарының халықтық педагогикалық тәлім-тәрбиелік мазмұнға құралғанын танимыз, - деп жазады Т.Тебегенов, -  жыраулық поэзияның толық келбетіне жауап берерліктей оның шығармаларында да халқының басынан кешкен тарихындағы, қазіргі қалпындағы, болашақ күндеріндегі әлеуемттік, тұрмыстық өзекті мәселелерді толғайды. Жыраулық поэзияға тән белгі жауынгерлік, қаһармандық  сарындардың керектігі десек, Базардың ел қорғау, батырлық хақындағы жырлары да мәнді. Ежелегі жыраулар секілді ол да балуан тұлғалы қалпын айбындандыра түсетін қару-жарағын да асынып жүрген. Қару жарақ пен домбыраны қатар ұстау қазақ хандығы тұсындағы жыраулардан кейін Махамбет, Базар, Кенен, Балуан Шолақ, Мәдилерген жасалған дәстүрлі қалып болатын» [4,3].

Өмір шындығына сүйенетін қазақ жырауларының  шығармашылығына  тән басты қасиет — оның идеологияға тәуелсіздігі. Осы фактордан жыраулар шығармашылығының шыншылдығы, тазалығы, өміршеңдігі  туындайды. Балқы Базар да осы қатардан ойып орын алған жырау. Жалтақсыз, қарапайым халықтың жүрегінен шыққан нәрсе ғана өмір шындығын көрсете алады. Сонысымен де, олар халық арасында әлі күнге дейін сақталған. Жыраулар өз бағыт-бағдарларын үкіметтің қаулы-нұсқауларының бұйрығымен жүргізген емес, өйткені, олар қазақтың өмір салтының ажырамас бөлігі.

Базардың шығармашылығынан «байлыққа ұмтыл», «мал жина» деген үгітті кездестіру қиын, керісінше, адам адамшылық қасиеттерімен ғана артында із қалдыра алатынын тынбай уағыздайды. Ең бастысы, оның жырларында таным-тағылымдық, тәрбиелік мазмұн басым.

 

 

 

 

Ақылды әйел ерінің атын шығарады.

 

Әйел, ана туралы

 

 

 

 

Жақсы

мен

жаман туралы

 

 

Жақсы мен жаманның арасы - жер мен көктей.

Өмірде адам не көрмес: көтергенмен кеудесін - жақсыға жаман тең келмес.

Кей жаманның сөзі бар - ызғары қатты ащы удай,

Кей жақсының сөзі бар - лебі кәусар бал судай.

Тереңдігі - теңіздей, қайраты - қара өгіздей.

Пайдасыздық, керексіздік туралы

 

Жетімнің қамын ойласаң - жесірдің көңілі жұбанар,

Өнбейтін даудың ізінен - өспейтін жігіт қуалар.

 

Байлық,

кедейлік туралы

 

Ділмәр боп жүр бұл күнде,

Дым білместің талайы.

Жоқтықтан қолы байланып,

Кеңеске басы кірмей жүр,

Жігіттің не бір сығайы.

Тіл туралы

 

Тіріде - жанға тыным жоқ, қызыл тілде - буын жоқ.

Ақылды әйел ерінің атын шығарады.

 

Батырлық, ерлік туралы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Байлық-кедейлік туралы

 

Ұмсынған жерге жетпесе,

Қайтады ердің райы.

Мінер ат, киер киімге,

Мұқтаж болған жігіттің,

Шықпайды ешбір шырайы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


1-Кесте Базар жыраудың нақыл сөздерінің жіктемесі

  Қай заманда болмасын адамзат атаулының алдында тұрған басты міндеттердің бірі – келешек өмірді жалғастыратын саналы, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсете білетін тәрбиелі ұрпақ қалыптастыру. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам, халық қамын ойлау екені даусыз. Педагогика ғылымында тәрбие заңдылықтарын тәрбие үрдісінде берік қайталанатын және маңызды байланыстар деп түсінсек, ендеше оларды іс жүзінде қолдану, жүзеге асыру тағылымдық ой-пайымдарға тікелей байланысты. Базар жырау да өзінің шығармаларында  ақылдың қасиеттері жақсылық және жамандық, адамгершілік, адам бойындағы ізгі асыл құндылықтар туралы мәселелер қозғайды. Жаны ізгі жақсылар жайлы «Тереңдігі - теңіздей, қайраты - қара өгіздей» десе, «Кей жаманның сөзі бар - ызғары қатты ащы удай, Кей жақсының сөзі бар - лебі кәусар бал судай» , - деп жақсы мен жаманнның ара жігін айырады. Бұл толғамды жыраудың «Жақсы мен жаманның арасы - жер мен көктей» немесе «Өмірде адам не көрмес: көтергенмен кеудесін - жақсыға жаман тең келмес» деген нақыл сөздерінен де байқаймыз.

Сонымен қатар ақынның:

Қарғадан қарға туар қарқылдаған,

Жақсыдан жақсы туар жарқылдаған.

Дегендер: «Мен жақсымын» толып жатыр,

Пайдасы өз басынан артылмаған!

Алаштың адамының бәрі мәлім-

Кім қалды таразыға тартылмаған.

Тақылдап, пысықсынып сөйлейтін көп

Екпіндеп ұшқыр аттай қарқындаған, -  деген  жыр жолдары  тұлға болмысының, адами қадір-қасиеттің түрлі қырларын жақсы сипатпен бере білуі, жастарға ой тастап, тағылымын астарлы жеткізе білгендігінің  айқын сипаты. Осы ой-пайымның жалғасын:

Табылар талай жамандар

Бір жерге басы қосылған,

Екі жақсы елде жоқ.

Тұлғасын көріп көз тойған,

Туымына жұрт ден қойған

Төресін бұрмай тура айтқан,

Төбедей билер төрде жоқ, - деген өлең жолдарынан жақсы мен жаманның ара жігін  салыстыра отырып жаңаша сипатпен ажыратып көрсете білгендігін байқаймыз.

Тағы да:

«Жолдас болсаң жақсымен,

Жетеді қолың мақсатқа.

Жолдас болсаң нәмәртпен,

Аунатар бір күн батпаққа».

Тағы біреуін келтіре кетейік.

«Жақсының сөзі сүйкімді,

Әбі гәусар бал судан.

Жаманның сөзі жағдайсыз.

Ызғары қатты ащы удан», - деп келтіруі сөзімізді  одан ары  пайымдай түседі [3,196].

Ақылды кісіні халқымыз ежелден ерекше қастерлеген. Мәселен,  бұдан мың жыл бұрын қазақ жерінің ұлы ойшылы Жүсіп Баласағүн: Ақылды қанша қараңғы болса да алысты көреді. Ақылды адамға екі дүниеде де жол ашық деген нақыл сөз қалдырған. Базар жырау да:

«Аз ғана оттап, көп жусар

Жүйріктің шықпас шарасы.

Аз ғана сөйлеп, көп тыңдар,

Адамның дегдар данасы», - деп адамның асыл қасиетін дәріптейді.

Қазақ ақын, жырауларының шығармашылығынан ислам дінімен келген тағылымдық ой-пікірлердің ықпалының жарқын көрінісі байқаймыз.   Өзінің өмірінің ақырғы сағатында айтылған «Әлеуметтер, құлақ сал» — деген толғауында: «Бұл дүние шолақ, өткінші. Одан әлемді басқарғандар да, хандар да, әулиелер де, бай да, би де, батыр да, шайыр да өткен, ендеше біз де өтеміз» — дейді. Тірілерді сабырға, қанағатқа, рахымшылыққа шақырады. Өйткені:

«Алладан ахуал келгенде, батырлар тұрмас бағында,

Жаһанды жалғыз тағында.

…Дүниені дос көріп, жиғаныңмен тірнектеп,

Өлгеніңде үстіңе киері – үш  қат бөз болар»…, - деген жыр жолдарынан философиялық ой-толғамы мол діндар адамның бейнесін елестету қиын емес. Осы ислам діні тәрбиесінің басты талабы «жетім көрсең жебей жүр», «жетімнің босағасы алтыннан болса да дүниесі арам» деп жетім, жесірлерге қолдау көрсету болса, Базар жырау да  «Жетімнің қамын ойласаң - жесірдің көңілі жұбанар, Өнбейтін даудың ізінен - өспейтін жігіт қуалар» , - деп жырлайды.

  Алайда осы ислам дінінің «көрпесін қымталанып», ал өз әрекетінде теріс пиғыл танытатын өкілдерін ойсырата сынайды, көпшілікті арамза дүмшелердің теріс пиғылынан қашырады.  Оған төмендегі жырдан үзінді дәлел.

Білгірсіп жұртқа жөн сілтер

Дін бұзған кейбір дүмшелер.

Келгендеи кеулі ғаршыдан.

Аңқау елге арамза,

Молда боп жүрген сұмдар көп

Бейхабар шама-шарқынан

Барлығын білем дейтұғын,

Аз емес әуре-сарсаңда,

Құр босқа кеулі талпынған.

Ғалымдар айтқан нұсқа бар,

Асылына тартар ар нәрсе,

Өзгермейді деген қалпынан..

Базар жыраудың шығармашылығының ең басты ерекшелігі тәрбиелік тағылымы мол асыл мұрасы өзі өмір сүрген замандағы қоғамдық өмір салтын, ой-санасын айшықты бейнелеуінде. Бұл туралы профессор А.Тайжанов былайша сипаттайды: «Балқы Базардың қай өлең-толғауларын  алмайық, бәрінен жырау өмір сүрген кезеңнің тыныс-лебі еседі.  Сол кездегі қоғамдық ортаның түсінік-танымы, мінез-құлқы диалектикалық тұрғыдан  ашылады. Өмір мен заман жайлы терең ой қозғаған  жырау шығармаларының тақырыбы да әр алуан. Ол елдің жай – күйін, адам басындағы мұң-зарды, халықтың өткені мен болашағын  шебер жырлаған:

«Мыңдап жылқы айдаған, жүздеп нарды байлаған,…

Ертелі кеш қазаны оттан түспей қайнаған,

Сол секілді байлардың, дәулеті қолдан кетер деп,

Кедейлік мұнда жетер деп, кімдер, сірә, ойлаған…

…Әр кемелге – бір зауал, осыларды ойламай,

Ақылсыз кейбір ақымақтар, алдағанға мәз болар…» [6].

 Өз халқының тағдырын, ұлттық мінез- құлқын тарихи тұрғыдан кең арнада алып, қоғам көшінің жеткен жерін ғана емес, өткен жолын да танытарлықтай етіп көрсете білді. Ал қоғам өміріндегі көптеген адамгершілік, моральдық проблемалардың, мысалы, әділдік, бірлік, достық, білімділік, еңбек сүйгіштік, талаптылық, адалдық, солармен қатар озбырлыққа жауыздыққа, екіжүзділікке төзбеушілік секілді сан түрлі мінез-құлық мәселелері қай заманда да мәні жоймайтындығын және қанша заман ауысып, уақыт, жағдай өзгерді дегенмен, халықтың ұлттық ерекшеліктері, адамгершілік қасиеттері жаңғырып, жаңаша сипат ала отырып, жалғастық тауып өрістеп, дами беретінін ескерсек, Балқы Базардың жырлары кейінгі дәуірлердің, соның ішінде бүгінгі замандағы өмір шындығын танып-білуге үлкен себін тигізе алатыны анық.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.   Жұмабаев М.  Шығармалары: өлеңдер, поэмалар, қара сөздер. – Алматы: Жазушы, 1989. – 448  б.

2.   Кәрбозұлы Б. Саңлақ сүлей – Базар жырау // Ақтөбе. Ақтөбе облыстық қоғамдық-саяси газеті. – 12 маусым , 2014 ж.

3.   Базар жырау Жәмиғы қазақ бір туған.

4.   Тебегенов Т.Базар Оңдасұлы өлеңдері: дәстүр және көркемдік жалғастық // Базар жырау.Рес публикалық ғылыми-танымдық журнал. №4 2012.

5.   Әуезов М. Әдебиет тарихы. -  Алматы: Ана тілі, 1991. – 240  б.

6.     Тайжанов А. Жыраулық-жыршылық  дәстүр және Балқы Базар (әлеуметтік-философиялық сараптама) http://kazakia.kz