Имамбекова
Г.С., Бисмакова А.
М.Х.Дулати
атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан
МОТИВАЦИЯ ЖӘНЕ БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ - ТАНЫМДЫҚ
ІС-ӘРЕКЕТ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗІ
Оқу іс-әрекеті
келесі компоненттерден тұратын сыртқы құрылымға ие, мотивация; кейбір
жағдайларда тапсырмалардың түрлі формаларындағы
оқу міндеттері; оқу әрекеттері; өзін-өзі
бақылауға ауысатын бақылау; өзін-өзі
бағалауға ауысатын бағалау. Осы іс-әрекеттің
әр компонентінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Сонымен
бірге, табиғаты бойынша интеллектуалдық іс-әрекет бола
отырып, оқу іс-әрекеті кез-келген интеллектуалдық акт
сипатталатын құрылыспен сипатталады, дәлірек айтқанда:
мотив, жоспардың болуы (пиғыл, бағдарлама), орындау
(жүзеге асыру) және бақылау (К. Прибрам, Ю. Галантер, Дж.
Миллер, А.А. Леонтьев).
Мотивация - оқу іс-әрекеті құрылымының
бірінші компоненті. Мотивация, ары қарай көрсетілетіндей, тек
оқу іс-әрекетінің құрылымдық
ұйымдасуының негізгі
компоненттерінің бірі ғана емес, сонымен қоса, осы
іс-әрекет субъектінің өзінің маңызды сипаттамасы
болып табылады. Мотивация оқу
іс-әрекетінің құрылымына бірінші міндетті компонент
ретінде енеді. Ол іс-әрекетке қатысты ішкі немесе сыртқы
болуы мүмкін, бірақ осы іс-әрекет субъекті ретіндегі
тұлғаның әрқашанда ішкі сипаттамасы болады.
Оқу міндетінің
жалпы сипаттамасы. Оқу міндеті кез келген басқа
міндеттер сияқты қазіргі кезде жүйелік білім беру ретінде
қарастырылады да, онда екі компонент міндетті болып табылады;
бастапқы қалыптағы міндет пәні және міндет
пәні күйін талап ететін модель. Міндет құрамы
«берілген деректер және
іздестіру», «белгілі және белгісіз», «шарт және талап» ретінде бір
мезгілде бастапкы күй формасында және осы құрам
компонентері арасындағы қатынастардың шешілу нәтижесі
ретіндегі (Н.А. Бернштейн, П.К. Анохин) «қажетті болашақ моделі»
формасында көрсетілген. Міндетті осылайша түсіндіру -
нәтижені болжау мен оның үлгісін елестетуді қамтиды.
Міндетте қандай да бір құбылыс, объект, процесс жайлы
мәліметтердің тек бір бөлігі ғана
анықталған, ал қалған белгісіз ақпараттың
күрделі жүйесі ретінде қарастырылады. Басқаша мән беруі мүмкін.
Е.И. Машбиц айтуы бойынша, «оқу міндетін толықтырып анықтау»
деп атаған бұл құбылыс түрлі себептерге
байланысты болады: міндет шарттарының анық-қанығына
жете алмаудан, түрлі қатынастардың ығысуынан. Кей кезде
ол субъектінің мотивациясына байланысты.
Оқу міндетінің үшінші ерекшелігі
мынада: қандай да бір мақсатқа жету үшін бір емес
бірнеше міндеттерді орындау қажет, ал бір міндеттің орындалуы -
оқудың түрлі мақсаттарына жетуге үлес қосуы
мүмкін. Сондықтан, қандай да бір оқу мақсатына
жету үшін біршама міндеттер жинағы қажет, мұнда
әр міндет өзіне берілген орынды алады. Басқаша мән
беруі мүмкін. Е.И. Машбиц айтуы бойынша, «оқу міндетін
толықтырып анықтау» деп атаған бұл құбылыс
түрлі себептерге байланысты болады: міндет шарттарының
анық-қанығына жете алмаудан, түрлі
қатынастардың ығысуынан. Кей кезде ол субъектінің
мотивациясына байланысты. Оқу міндетінің үшінші ерекшелігі
мынада: қандай да бір мақсатқа жету үшін бір емес
бірнеше міндеттерді орындау қажет, ал бір міндеттің орындалуы -
оқудың түрлі мақсаттарына жетуге үлес қосуы
мүмкін. Сондықтан, қандай да бір оқу мақсатына
жету үшін біршама міндеттер жинағы қажет, мұнда
әр міндет өзіне берілген орынды алады.
Мотивация - психология ғылымындағы өте
бір күрделі ұғым болып табылады.С.Л. Рубинштейн
өзінің "Жалпы психология негіздері" атты еңбегін
іс-әрекеттің міндеттері, мотивтеріне, арнады. Оның айтуынша
іс-әрекеттің өзінде бағытталуына орай мақсаты нақты
көрінеді және әрекет орындалуына қарай мотивтері
белгілі болып отырады. Әрекет мотивтері өте күрделі, олар
түрлі қажеттіліктер мен қызығушылықтар негізінде
өрбіп дамиды. Сондай-ақ мотивтер адамның
қоғамдық өмірінде де қалыптасады. Адамзатқа
мотивтер арқылы қоғамның әсері көп
жағдайларда бағалау әрекеті көмегімен беріліп,
жүзеге асып отырады.
Оқу мотивтерінің даму мәселесі
үнемі психолог-ғалымдарды қатты толғандырып келген
жайт. А.Н. Леонтьев, М.И. Божович, Н.Г. Морозова, Л.С. Славиналар өз
еңбектерінде оқу мотивтерінің дамуы туралы зерттеді.
Мектеп оқушылары үшін мотив жәй ғана
оку, үшінші, төртінші сынып оқушылары үшін
бағаның рөлі жоғарылайды. Алтыншы, жетінші сыныптарда
окушылар үшін басты мотив - болашақққа дайындық
болады. Мотивтердің дамуы жайлы қарастырар болсақ,
төмендегідей кезеңдерге бөліп қарауымыз керек. Бірініші
кезең- оқу әрекеті кезінде таныс болған мотивтер,
яғни баланың әрекетінің алғаш
бағаланған және қоғам арқылы пайдалы,
құнды деп табылған кезеңдегі мотивтер жүйесі.
ІІ-кезең мектеп өмірінде сынып ұжымында болатын өзара
қарым-қатынастар негізінде туындайтын мотивтер.
Ш-кезең-қоршаған өмірде алдағы мамандықпен,
өмірлік мақсат-міндеттермен тығыз байланысты болатын мотивтер
жүйесінің кезеңі.
Оқыту мотивациясы ағарту ісінде:
ұйымдастырушы, дамытушы, ынталандырушы, бағыттаушы қызмет
атқарады. М. Лорф, Г. Розенфельд /Германия/ мына пікірді ұсынады:
яғни білімді игеру тек қана қабілетті ғана дамытып
қоймай, сонымен бірге мотивацияның да өсуіне әкеліп
соғады. Мұндағы ескертетін жайт: оқушы меңгеретін
оқу материалы олар үшін маңызды, қажетті,
ұғынымды деп табылуы керек.
Әдебиет:
1.
Назарбаев Н.А. Қазақстан-2030; Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. Послание
Президенте страны народу
Казахстана, Алматы, Білімі; 1997 , 12 б.
2.
Назарбаев Н.А. Қазақстан-2030; Процветание, безопасность и улучшение
благосостояния всех казахстанцев. Послание Президенте страны народу Казахстана,
Алматы, Білімі; 1997 , 32 б.
3.
Батурина Г.И. К вопросу о сущности критериев эффективности обучения, Новые
исследования в педагогических науках, 1973, 27 б.