Сарыбекова Ж.Т.,
Дербісәлиева А.
М.Х.Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік университеті, Қазақстан
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
ДИАГНОСТИКА – АҚЫЛ-ОЙ ДАМУЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ
ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
Ақыл-ойы кешеуілдеген
балалардың психологиялық диагностикасы психология ғылымында
жаңа сала болып табылады. Ол оқыту барысындағы
жүйенің дамуынан, осы
саладағы проблемаларды шешуден туындайды. Дамудағы бұзылыстарды
анықтау және арнайы мектептерді таңдау процесінде
психологиялық әдістемелерді – психологиялық диагностиканы пайдалану маңызды рол
атқарады. Сонымен қатар таңдаудың дәл осы
звеносында аса маңызды
кемшіліктер анықталады. Психодиагностика - психологиялық диагноз
қоюдың ғылыми практикасы болып табылады.
Психологиялық-педагогикалық диагностика келесі принциптерге
негізделеді:
-
диагностикалау кешенділігі, баланы зерттеуге
түрлі мамандардың қатысуы;
-
диагностика тұтастығы:
баланың жеке жақтарының өзара байланысы мен өзара
шарттастығы (ақыл-ой, эмоционалды-еріктік, мотивациялық,
мінез-құлықтық).
Құзырлық нобайы
негізіндегі диагностика. Диагностика деп диагноз және тексеруді
түсінеміз. Диагноз-әңгіме, бақылау, арнайы зерттеу
негізінде жасалған, бала мәселесіне қатысты ұсыныс.
Диагноз негізінде қажеттілікке сәйкес келетін көмек
түрі арнатылады.
Құзырлық нобайы
негізіндегі диагностика, мәліметтерді жинау мен талдау және
мақсат қою құзырлық моделін анықтайтын 6
элементтерге шоғырланған (дағдылар мен іскерліктер, қорғаныс
факторлары, патология).
Патология, мәселелі
мінез-құлықты талдау. Бұл талдау үшін түрлі
мүмкіндіктер бар. Диагностика бойынша жетекшілік нұсқаулармен
және шағымдар тізбегін басшылыққа алуға болады.
Кейде материалдар қолда болады және балаға мінез, байсалдылық
пен шағымдар, оның мәселелері, уақыты, мәселе
қашан басталғаны туралы сұрақтар қойылады.
Жағымсыз мінез-құлық қалыптасуына негіз
болған. Қоршаған орта факторлары туралы түсінік алу
маңызды.
Стресстік ситуацияларды талдау.
Бұл жерде объективті түрде стресстік және субъективті
түрде стрестік ретінде қабылданатын ситуацияларды ерекшелеу
маңызды, өйткені олар күшті мазасыздануларға
әкеліп соғады және адам ағзасы мен психикасында елеулі
салдар қалдырады.
Міндеттер мен дағдыларды
талдау. Міндеттер мен дағдыларды талдау барысында пайда болатын
сұрақтар:
1.
Адам
қазіргі уақыттағы сәйкес жас кезеңіне тән
міндеттерді өз мойына ала алады ма;
2.
Міндеттер ол
үшін шектен тыс күрделі емес пе;
3.
Міндетті орындау
үшін бұл адам дағдылары жеткілікті ме.
Тәжірибе
көрсеткендей, әңгіме, жеткілікті құрылымды
және қосымша
бақылаулар көмегімен баланың
мәселесі неде екенін жақсы түсінуге болады. Сонымен
қатар, қолданылуы бала ситуациясы мен мәселесін
қоюға негіз болатын түрлі қосымша әдістемелер де
бар.
Міндеттер
мен дағдылар талдауын келесі көрсеткіштермен
толықтыруға болады: тапсырманы орындаудан ауытқуды немесе
керісінше оның орындауын жеңілдетуін анықтайтын айналасы
факторлары.
Иілгіштігі
мен қорғаныс факторларын талдау. Жоғарыда сипатталған
әлеуметтік құзырлық моделі қорғану
факторларына қатысты көптеген материалдар ұсынады.
Бұған себеп, адамның көмек сұрауы, басқа
категориялар туралы ойлануы. Оған кейде қай жері ауырып
тұрғанын, түйсіну мен сезімдерін түсіндіру, онымен
болып жатқандарды вербали-зациялауға қарағанда жеңіл.
Құзырлық
моделі үшін өмір жолы перспективасын енгізу өте
маңызды. Бүгінгі күнге дейін маңызды болып белгіленген
генограммалар, өмір сызығы, сол сияқты қосымша
құралдар ретінде пайдаланылуы мүмкін. Өмір жолымен
танысқанда міндеттер мен дағдылар туралы ғана ақпарат
емес, сонымен қатар стресстік жағдайларға жағымды
ықпал ететін фактілер, қорғану факторлары да танылады.
Құзырлықты
талдау – балаларға көмек көрсету барысындағы өте
маңызды қосымша құрал. Ол олардың күшті
жақтарын қолдану мүмкіндігін береді. Төменде талдау
жүргізу тізбегі келтіріледі (ыңғайлы болу үшін
жеткіншек туралы сөйлесейік).
1)
Қабылдау
уақытында жеткіншектен оның өмірі (мектеп, спорт, бос
уақыты, отбасы), нені жақсы орындай алады, қай жағынан
мықты, мақтанышы туралы сұраңыз;
2)
Мүмкіндігінше
баланы, оның дағдылары туралы түсінік алу үшін
көптеген түрлі жағдайларда бақылаңыз:
жағымды және жағымсыз мінез-құлық жасалуда
және олардан бас тартуда қоршаған ортаның қандай
факторлары маңызды рөл атқарады;
3)
Ең алдымен
өзіңіз үшін құзырлықты талдаңыз, ол
үшін парақты тігіне екі бөлімге бөліңіз: сол
жағына мүмкіндігінше жеткіншектің көбірек күшті
жақтарын жазыңыз (дағдалар, иілгіштік, әлеуметтік
қолдау, мүмкіндіктері), оң жағына жеткіншектің
басынан кешіретін мәселелері (күрделі міндеттер, патология, стресс
факторлары);
4)
Құзырлық
талдауын орындалу барысында байқалатын немесе жұмыс істеу керек
мәселелер бойынша, бірнеше міндеттерге шоғырланыңыз (тренинг
мақсатына байланысты).
Осыдан сол сәтте жеткіншек
қандай міндеттемелермен кезігетініне назар аудару керек, осы
уақытта келесі сұрақтар пайдаланыңыз: жаңа
тұрмыстық – оқу жағдайларында оларға қандай
міндеттер қосылады, осы міндеттерге қатысты жеткіншек қандай
дағдылар көрсетті, оның күшті жақтары, осы
міндеттерге қатысты қандай дағдыларын көрсетпеді, осыдан
әрекетке қандай ұсыныстар шығуы мүмкін.
Нақты
міндеттерді орындау барысында міндеттер мен дағдылар арасындағы
балансты бөлшектеп талдау жасай отырып, әрқашанда
жеткіншектің күшті жақтарына шолу жасап отырыңыз.
Талдау
құзырлығы патология, иілгіштік, стресс және
қорғану факторларына қатысты сұрақтармен
толықтырылуы мүмкін:
-
жеткіншек
қазіргі уақытты қандай стресс немесе патологияда;
-
бұның
жалпы жүктемемен жеке міндеттерге ықпалы қандай?;
-
мұның
барлығын жеңуге көмектесетін факторлар бар ма? Қандай?;
-
қандай
қорғану факторларын немесе иілгіштік аспектілерін белсендендіруге
болады; қандай міндеттердің орындалуы үшін бұл
маңызды.
«Қатерлі топ» балаларына
арналған мекеме психологы ең алдымен білікті
түрде
баланың тұлғалық дамуына диагностика
жүргізіп және баланың психикалық дамуы немесе
психикалық процестер тежеушісін анықтауы қажет, өйткені
психика әрекетін тежейтін себептерді шешпестен, практикалық
көп нәрсе жасай алмаймыз.
Тәжірибе
көрсетіп отырғандай, психолог баланың
тұлғалық дамуына кешенді түрде диагностика жасай білуі
қажет. Мұндай диагностика жеткілікті ұзақ уақыт,
кейде үш айға дейін жүргізіледі. Бірақ психика
іс-әрекетін қиындататын себептер анықталмайынша, балалармен
түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану сәтсіз болып
есептеледі.
Мұның
барлығы психолог жұмысының бағытын өзгертеді.
Алғашында психолог басқа мамандармен бірге (дәрігер,
педагогтар, әлеуметтік қызметкерлер) балаға кешенді
диагностика жүргізеді. Консилиумнан кейін мамандардың
қорытынды диагнозы қойылады.
Әдебиет:
1.
Основы
специальной психологий. Под. ред Л.В. Кузнецова. Москва.: «Академия», 2002г.
2.
Дефектология.
Научно-методический журнал. Издательство «Школа – Пресс». № 1. 2001г.
3.
Детская патопсихология: Хрестоматия / Сост. Н. Л. Белопольская, 2-е изд., испр.- Москва.,
«Когнито-центр». 2001г.
4.
«Психология диагностики с задержкой развития» Белопольская Н.Л. Москва, 1998 г.
5.
Обучение
детей с нарушениями интеллектуального развития. (Олигофренопедагогика) Под.
ред. Б.П.Пузанова: - Москва.: «Академия» 2003г.
6.
Петрова
В.Г., Белякова И.В. Кто они – дети с отклонениями в развитии? Москва.: Флита: Московский психолого
– социальный институт., 1998г.
7.
Алдамұратов
Ә.Ж. « Баланың жас ерекшеліктері
және кемтар бала психологиясы туралы таңдамалы еңбектер» (Л.С.Выготскийден аударма) Алматы, 1999 ж.
8.
Ермекбаева
Л.К . Психолого – педагогическая помощь в устранений неуспеваемости обучения
младшего школьника. (Учебно – методическое
пособие) Алматы, 2003 г.